Отамалы (әңгіме)


Бірақ қойлардың халі бұдан да жаман еді. Еркек қойлардың іші қабысып, саулықтардың іші салбырап кеткен. Көбі аязға қарамастан, ауыздарын ашып алыпты



бет28/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Бірақ қойлардың халі бұдан да жаман еді. Еркек қойлардың іші қабысып, саулықтардың іші салбырап кеткен. Көбі аязға қарамастан, ауыздарын ашып алыпты.

Бесінші күн еді бұл. Отамалы оны еміс-еміс біліп келеді. Бірақ сандардың арасында айырма болмай қалды. Сандардың арасындағы айырмашылық боранда емес, жайшылықта екен ғой. Қазіргі бес күн мен кейбір бес жылдың арасында айырмашылық болмай қалды.

Қазақтың даласына қыс қайта келді. Келгенде де, қаңтардың, ақпанның барлық демін қосып ала келді. Қазақтың көп төбелерінің бауырындағы қойшыға қыс шекпен киген күні келді. Қойлар қоздайтын уақытта келді.

Алғашқы қозыны көргенде, Отамалы өзін ұмытып кетті. Бишара саулық қозысының денесін жалағыштап жатыр екен. Бірақ оның да әлі жоқ. Ең аяғы, тілін әрең жүргізеді. Отамалы оған жетіп келіп, қозыны көтеріп алды да, икемсіз қолда-

рымен шекпенінің ішіне кіргізді. Қозының денесі қата бастаған. Әдемі жүндері сықырлап, арасына мұз тұрып қалыпты. Енді Отамалыға ит пен әлсіз саулық еріп келе жатыр.

Қойлар үлкен бір баурайға жеткенде, Отамалы аяғында әрең тұр еді. Осы жерге дейін бұлғақтап әрең келген. Бірақ мына белден асатын күш қойларда да жоқ сияқты. Бәрі де тырмысып, қарға кептеліп жатыр.

Міне, осы кезде Отамалы көптен күткен үлкен сұмдық басталды: қойлар жаппай қоздай бастады.

Отамалы қалшылдап кетті. Арқасынан мың сан құмырсқа инелерін батыра жүгіріп өткендей, денесін діріл, селкіл билеп жөнелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет