Оқу-әдістемелік құралы) Семей 016 (075. 8) Ббк 54. Ж 43


сурет. Нәрестелердегі атопиялық дерматит



бет21/42
Дата14.09.2022
өлшемі1 Mb.
#39141
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
2 сурет. Нәрестелердегі атопиялық дерматит





3 сурет. Ересектердегі атопиялық дерматит


Зертханалық тексерулер: -ЖҚА (эозинофилия болуы мүмкін)
-ЖЗА
-Қанның биохимиялық анализі (АсАТ, АлАТ, жалпы билирубин, глюкоза, жалпы белок);
-Жалпы сарысулық IgE жоғарлауы немесе фадиотоп анализі;
-Қан сарысуында Ig кластары Е, А, М, G.
-Терілік тест (прик – тесттер) атопиялық дерматиттің өршуінің көрсеткіштері болмаған жағдайда ғана жасалатын тест.
-АИК.
-Зақымдалған ошақтан флораға себінді алып, антибиотиктерге сезімталдықты анықтау қажет, саңырауқұлақтарға тексеру.
-Нәжісті тексеру: жалпы нәжіс анализі (копрограмма); құрттарға және қарапайымдарға нәжісті тексеру, дисбактериозға нәжісті тексеру.
-СD3+/СD4+/СD8+/СD16+/СD20+/СD22+/СD25+/СD71+/СD72+
/СD95+.
- Фагоцитоз.
Инструментальды зерттеулер: Іш қуысының УДЗ, ФГДС, дуоденальды зондтау.
Емдік нұсқаулар:
Медикаментозды емес ем: Тағамдық диета рационнан аллерген тағамдарды шектеу. Аллергияға әкелетін факторларды жою (үй шаңы, жануарлардың терісі және т.б.).
Медикаментозды ем: антигистаминді препараттар 2-3-ші қатардағы (лоратадин 10 мг, эбастин 10 мг, зиртек 10мг).
Жасуша мембранасының стабилизаторы кетотифен 1 мг/кг ұзақ мерзімге. ГКС ауыр жағдайларда (преднизалон, гидрокортизон майы 1% , бетаметазон дипропенад 15-30 мг). Энтеросорбенттер тағайындау. Теріге: экссудация кезінде - 1% танин ерітіндісіне дәкені сулап теріге басу, сосын метилен көгімен 3-6 күн сүрту, сосын теріге глюкокортикостероидті крем, гель, мазь жағу (созылмалы процестер кезінде), пиодермиямен асқынғанда антигистаминді препараттармен қатар антибактериальды ем жүргізу қажет. Басқада комбинирленген препараттар тағайындауға болады (тридерм 1%-10,0; целестодерм Г 0,5%-10,0; адвантан крем 0,1; элоком 15 мг, мазь 0,1).
Десенсибилизация мақсатында тиосульфат натрий (көктамырға тамшылатып физ. ерітіндіде). Атопиялық дерматиттің асқынуында ішектердің микробиоценозын жақсарту мақсатында сүт-қышқыл тағам өнімдерін қолдану. Гепатобилиарлы жүйені, асқазан-ішек жолдарының патологиясын анықтау мақсатында бауыр сынамаларын және дисбактериозға нәжіс анықтап, гепатопротекторлар жәнеде ферментті препараттар тағайындалады. Витаминер тағайындау қажет. Кейбір науқастарда ОЖЖ өзгерістер болғандықтан ұйқының бұзылысы жағдайында қосымша электросон тағайындалады жәнеде қажет болған жағдайда седативті әсері бар психотропты препараттар -оксазепам немесе феназепам кешкі уақытқа тағайындалады [2,22].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет