Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


Систолалық  қан  көлемі  жəне  жүректің  қан  айдау  қызметі



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

Систолалық  қан  көлемі  жəне  жүректің  қан  айдау  қызметі 

(жүректің минуттық қан көлемі) жас ұлғайған сайын жоғарылайды. 

Систолалық қан көлемі 7 жаста 23 мл, ал 13-16 жаста 50-60 мл бо-

лады. Оның артуы жүректің минуттық қан көлемінің жоғарылауына 

əкеледі. Тыныштық күйде жүректің минуттық қан көлемі 6-9 жаста 

2,6  л/мин, 10-12 жаста 3,2 л/мин, 13-16 жаста 3,8 л/мин-ге  жетеді. 

Дегенмен  дене  масасының 1 кг-на  шаққанда  басқадай  сипатты 

иеленеді:  неғұрлым  жас  артқан  сайын,  соғұрлым  жүректің  қан  ай-

дау қызметі төменірек болады. Сайып келгенде, балаларға жүректің 

неғұрлым қызу қызметі тəн болып келеді. 

Бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  ересектерге  қарағанда  балалар-

да  систолалық  қысым  мен  жүректің  қан  айдауы  азырақ  артады.  

Балалардың өсуі мен дамуы барысында максималды систолалық қан 

көлемі көбірек болады. Мəселен, ол 8-9 жастағы балаларда 70 мл, 14-

15 жаста 100-120 мл, ересектерде 110-130 мл-ге жетеді. 8-9 жастағы 


393

балаларда қызу бұлшық ет əрекеті кезінде жүректің минуттық қан 

көлемі  максималды 13-16 л/мин, 14-15 жастағы  жасөспірімдерде  

20-24 л/мин. дейін жетуі ықтимал. Сəйкесінше, 8-9 жаста тыныштық 

күймен салыстырғанда жүректің қан айдауы 4 есеге, 14-15 жаста 5-6 

есеге, ал ересектерде 6-7 есеге артады. 

Сонымен,  жас  артқан  сайын  жүректің  потенциалдық 

мүмкіндіктері  жоғарылайды.  Бала  жүрегі  адаптациясының 

айтарлықтай  ерекшелігі  салыстырмалы  жоғары  емес  систолалық 

қан көлемінің жоғарылауы кезінде ЖЖЖ артуы есебінен жүректің 

минуттық  қан  көлемінің  өсуі  болып  табылады  (Өткен  тараулар-

дан  біз  жүректің  минуттық  қан  көлемі  систолалық  қан  көлемінің 

(СҚК)  жүректің  жиырылу  жиілігіне  (ЖЖЖ)  көбейтіндісі  ретінде 

анықталатынын білеміз: МҚК=СҚКхЖЖЖ).

Балалардың  қан  айналым  жүйесінің  ерекшеліктері  тыныштық 

күйдегі сияқты бұлшық ет жұмысы кезінде де зат алмасумен тығыз 

байланысты  болып  келеді.  Неғұрлым  жоғары  қарқындылықты 

энергиялық  алмасу,  салыстырмалы  О

2

 (1 кг  дене  массасы-



на)  көп    пайдалану  балалардың  жүрегіне  айтарлықтай  салмақ 

түсіреді.  Сондықтан  ересектерге  қарағанда  балалардың  немесе 

жасөспірімдердің  жүрегі  тыныштық  күйдегі  іспеттес  бұлшық  ет 

əрекеті кезінде де біршама қызу жұмыс атқарады. 



Тамырлар  жүйесі  жəне  артериялық  қысым.  Балалардың 

дамуы  барысында  қан  тамырларының  саңылау  диаметрі  кеңиді. 

Нəтижесінде  қан  айналымдағы  қан  көлемі  артып,  жұмысшы 

мүшелердің  оттегімен,  ұлпалардың  қанмен  толық  жабдықталуына 

жəне ыдырау өнімдерінің жойылуына жағдай жасалады. 

Тамырлар  саңылауларының  кеңеюімен  қатар  жаңа  қан  тамыр-

лар  түзіледі.  Бұл  əсіресе,  дене  шынықтыру  мен  спортпен  белсенді 

шұғылданатын балаларға тəн. Жүйелі бұлшық ет əрекеті нəтижесін-

де жаңа тамырлар мен олардың бүйір (коллатералды) тамырларының 

қалыптасуы  перифериялық  (шеткі)  қанайналымның  күшеюіне 

əкеледі. 

Жас артқан сайын артериялық қан қысымының да жоғарылайты-

ны белгілі.  Мəселен, тыныштық күйде систолалық қысым 11 жас-

та 95, 15 жаста 109 мм  сынап  бағанасы  тең  болса,  минималды 

артериялық қан қысымы 11-13 жаста 83, ал 15-16 жаста 88 мм сынап 

бағанасы тең. 

Жасөспірімдер  мен  бозбалаларда 13-16 жаста  кейде 130-140 


394

мм сынап бағанасы дейін жететін систолалық қысымның уақытша 

жоғарылауы – бозбалалық  гипертония  байқалады.  Бұл  жүрек  пен 

қан  тамырлар  жүйесінің  дамуы  сирек  жағдайларда  ғана  емес  син-

хронды  (ілеспе)  жүрмеуімен  байланысты.  Əрі  жыныстық  жетілу 

кезінде  жүректің  өсуі  қан  тамырларының  өсуінен  озып  кетуі  де 

ықтимал.  Мұның  салдарынан  жүрекке  салыстырмалы  жіңішке  қан 

тамырлары тұстарынан туындайтын үлкен кедергілерді жеңуге тура 

келеді. Бұл жағдайларды спорт сабақтарында ескеру қажет, яғни дене 

жүктемелерін  тыңғылықты  индивидуализациялау  жəне  мөлшерлеу 

(дозасына сай) қажет. 

Ересектерге  қарағанда  балаларда  дене  жаттығулары  кезінде 

систолалық  қысым  айтарлықтай  азырақ  ұлғаяды.  Мəселен,  макси-

малды қуаттылықты жаттығуларды орындау кезінде 11-12 жастағы 

оқушыларда систолалық қысым орта есеппен 32 мм сынап бағанасы, 

ал  15-16 жастағы  жасөспірімдерде 45 мм сынап бағанасы мен 18-

20  жас  аралығындағы    бозбалаларда 50 мм  сынап  бағанасы  дейін 

артады. 


Жүрек-тамыр  жүйесінің  жасқа  байланысты  өзгерістері  өсіп 

келе  жатқан  организм  қанайналымы  реттелуінің  ерекшеліктерін 

айғақтайды.  Өмірдің  алғашқы  жылдарында  симпатикалық  ықпал 

айрықша  басымырақ  келеді.  Организмнің  дамуы  барысында  атал-

мыш  басымдық  кезеген  (вагус)  жүйкесі  ықпалының  күшеюі  ая-

сында  азырақ  көріне  бастайды.  Нəтижесінде,  тыныштық  күймен 

қатар,  əсіресе,  қызу  дене  жаттығулары  кезінде  жүрек-тамыр 

жүйелерінің тиімді қызметін қамтамасыз ететін симпатикалық жəне 

парсимпатикалық  ықпалдардың  өзара  əрекеттестігі  жұмылдырыла 

құрылады. 

Ересектерге  қарағанда  бозбала  спортшыларда  түрлі  эмоция-

лар жүрек-тамыр жүйесіне тезірек жəне күштірек əсер етеді. Ұзақ 

уақыттық  жағымсыз  эмоциялар,  сезімдер  жүрек-тамыр  жүйесі 

реттелуінің  бұзылуына  əкелуі  мүмкін,  əрине,  бұл  факторлардың  

спорттық жетістіктерге жетуде қолайсыз əсер ететіні сөзсіз. 

Тыныс алу жүйесінің жасқа сай ерекшеліктері

Организмнің  өсуі  мен  дамуы  барысында  өкпе  көлемі  ұлғаяды. 

Əсіресе,  өкпенің  қарқынды  өсуі 12 жəне 16 жастарда  байқалады.  


395

Қос өкпенің салмағы 9-10 жаста 395 г, ал ересектерде 1000 г-ға дейін 

жетеді. Өкпенің  өсуі, негізінен альвеолалардың саны емес, олардың 

көлемінің артуы есебінен жүреді. 



Өкпе  көлемі  мен  сыйымдылығының  жасқа  байланысты 

ерекшеліктері. Жас артқан сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығы 

(ӨТС)  мен қалдық көлемнен тұратын өкпенің жалпы сыйымдылығы 

өзгерістерге  ұшырайды.  Мұнда  ӨТС  қарағанда  қалдық  көлем 

азырақ  артып  отырады.  Өкпенің  жалпы  сыйымдылығы 10 жаста 

2,2-3,1  л  болады,  яғни  бұл  ересектердегі  көрсеткіштің  жартысы-

на  тең.  Жас  спортшыларда  жас  ұлғайған  сайын  өкпенің  тіршілік 

сыйымдылығының абсолюттік тəріздес салыстырмалы мөлшерінің 

де  айтарлықтай  артатыны  байқалған.  Əсіресе,  бұл  өзгерістер 

14  пен 16 жас  аралықтарында  айқын  көрінеді.  Өкпенің  жалпы 

сыйымдылығы 15-16 жастағы  спортшыларда  жаттықпаған  ересек 

тұлғалардағымен бірдей болып келеді. 

Өсу жəне даму барысында ӨТС мен оны құрайтын тыныс көлемі, 

тыныс алу мен тыныс шығарудың қосымша көлемдері артып отыра-

ды жəне сонымен қатар олардың арасындағы қатынас та өзгеріске 

ұшырайды (24-кесте).

24-кесте

ӨТС орташа мөлшері (мл)

Жас, жылмен

6

7

8



10

12

15



17

Ұлдар


1200

1400


1440

1630


1975

2600


3520

Қыздар


1100

1200


1360

1460


1905

2530


2760

Жеңіл атлетикамен шұғылданатын, велосипедші мен жүзгіш жас 

спортшыларда спортпен айналыспайтын тұлғалармен салыстырған-

да  ӨТС  жоғары  болады.  ӨТС-ның  неғұрлым  жоғары  мөлшеріне 

жас  жүзгіштер  мен  велосипедшілер  ие,  тіптен,  ол  көрсеткіштің 

5  л-дан  асатын  жағдайларда  да  сирек  емес.  ӨТС  мен  тыныс 

алудың  қосымша  көлемінің  артуы  неғұрлым  айтарлықтай  өкпенің 

желденуіне  (вентиляциясына)  жəне  оттектік  қордың  молаюына 

əкеледі. Жас спортшылар спортпен шұғылданбайтын құрдастарына 

қарағанда  өкпелік  көлемдерінің  үздік  қатынасымен  еркшеленеді. 

Жаттыққан  жасөспірімдер  мен  бозбалаларда  функциялық  қалдық 


396

сыйымдылықтағы қалдық көлемнің үлесі кемиді, өкпе альвеолала-

рында оттегінің қоры артады. 

Организмнің  дамуы  барысында  тыныс  циклінің  ұзақтығы,  ты-

ныс алу мен шығарудың арасындағы уақыттық арақатынас, тыныс 

тереңдігі мен жиілігі көрсеткіштерімен сипатталатын тыныс режимі 

өзгеріп  отырады.  Төменгі  жастағы  балаларға  тыныс  алудың  жиі, 

жеткіліксіз  тұрақты  ырғағы,  аса  терең  емес  тыныс  тереңдігі,  ты-

ныс алу мен шығарудың шамамен, бірдей арақатынасы, қысқа ты-

ныс үзілісі тəн болып келеді. 7-8 жастағы балаларда тыныс жиілігі 

минутына 20-25 тыныс  қозғалысына  тең.  Балалар  есейе  келе,  ол 

минутына 12-16 тынысқа  дейін  төмендейді,  тыныс  ырғағы  барын-

ша  тұрақтана  бастайды.  Тыныс  алу  кезеңі  қысқарады,  ал  тыныс 

шығару мен тыныс үзілісі ұзара түседі. Бір мезгілде тыныс көлемі 

мен тыныс алу кезіндегі ауа ағынының жылдамдығы арта бастайды.  

7-8 жастағы  балаларда тыныс көлемі шамамен, 163-тен 285 мл-ге 

дейін  ауытқып отырады, ал ересектерде ол 2-3 есеге артады.  Жас 

спортшылар өздерінің спортшы емес құрдастарынан салыстырмалы 

тыныштық күйде тыныс тереңдігінің аз болуымен ерекшеленеді. Ба-

лаларда ересектерге қарағанда минуттық тыныс көлемінің абсолютті 

төмен  болуына  қарамастан,  оның  салыстырмалы  мөлшері  жоғары 

болып келеді. Жас артқан сайын өкпе вентиляциясының салыстыр-

малы мөлшері кеміп отырады. Сонымен, минуттық тыныс көлемі 14 

жастағы жасөспірімдерде дене массасының 1 кг мен дене беткейінің 

1 м

2

-іне  сəйкесінше, 125 жəне 3700 мл болса, ал ол ересектерде тек 



80 жəне 2500 мл-ды құрайды. 

О

2



  пайдалануға қатысты алғанда да аналогиялық жасқа байла-

нысты тəуелділік көрініс береді. Ересектермен салыстырғанда бала-

ларда бұл көрсеткіштің абсолютті мөлшері төмен болса, ал салыс-

тырмалы мөлшері жоғары болып келеді. Мысалы, тыныштық күйде 

О

2

  салыстырмалы пайдалану 10 жаста 6,24 мл/кг*мин, ал 20 жаста 



– 4,45 мл/кг*мин. болады. Спорттық жаттықтыру, мысалы, ескек есу 

ықпалынан жас спортшыларда 1-2 жыл барысында тыныштық күйде 

О

2

  пайдалану едəуір төмендеп келеді де 14 жасқа келіп алғанда 20-



30 жастағы жаттықпаған адамдарға тəн деңгейге жетіп алады. 

Тыныс алу қызметін сонымен қатар өкпенің максималды венти-

ляциясы да сипаттайды. Бұл көрсеткіш жаспен тура тəуелділікте бо-

лады, демек, жасқа сай артып отырады. Мұнда тыныс қоры (резерві), 

яғни тыныштық күйде минуттық тыныс көлемі мен өкпенің макси-


397

малды  вентиляциясы  арасындағы  айырмашылық  арта  түседі.  Жас 

спортшыларда  спортпен  шұғылданбайтындарға  қарағанда  өкпенің 

максималды  вентиляциясы  мен  тыныс  қоры  көбірек.  Жəне  де  бұл 

айырмашылық  спортпен  шұғылдану  өтілімен  (стажымен)  тура 

тəуелділікте болады. 

Балалардағы  тыныс  режимі  ересектерге  қарағанда  азырақ 

тиімді.  Мысалы,  балаларда  өкпемен  желденетін  ауаның 29-30 л, 

жасөспірімдерде – 32-34 л, ал ересектерде – 24-25 л-нен 1 л оттегі 

шығарылады. Бір тыныс циклінде жасөспірім 14 мл, ал ересек адам 

21 мл оттегі тұтынады. Сайып келгенде, балалар тыныс аппаратының 

неғұрлым  қызу  қызметі  есебінен  оттегіні  салыстырмалы  көбірек 

пайдаланады. 

Организмнің дамуы барысында оттегі тапшылығына бейімделу 

қабілеті  де  өзгереді.  Балалар  мен  жасөспірімдер  ересектермен 

салыстырғанда  оттегі  жетіспеушілігі  жағдайларында  жұмыс  істеу 

мен  тыныстарын  кідірту  қабілеттеріне  аз  бейім  келеді.  Ересек-

терге  қарағанда  оларда  қанның  оттегімен  қанығуының    төмендеуі 

жылдам  жүреді,  ал  кідірістен  кейінгі  тыныс  алу  қандағы  оттегі 

мөлшері мол болып тұрған кезінде жаңғыртылады. Демек, балалар 

мен жасөспірімдер оттегі тапшылығын жеңу қабілеті жағынан ере-

сек  адамдардан  қалыс  қалады.  Бұл  ересектерге  қарағанда  оларда 

тыныс  қозғалыстарын  тежеу,  сонымен  қатар  қандағы  гипоксиялық 

(қан құрамындағы оттегінің азаюы)  жəне гиперкапниялық (тыныс 

алатын ауадағы көмірқышқыл газының жоғары болуы) ығысуларды 

жеңу қабілеттерінің төмен болып келуімен байланысты. 

Жас  спортшыларда  өздерінің  спортпен  шұғылданбайтын 

құрдастарына қарағанда аталмыш ығысуларға бейімделу үдерісі ба-

рынша жылдам өтеді. Мəселен, 12 жəне 15-16 жастағы спортшыларда 

тыныс алу кідірісі кезінде қанның оттегімен қанығуы орта есеппен, 

сəйкесінше, 4,8 жəне 8,9%-ға болса, ал спортпен шұғылданбайтын 

тұлғаларда тек 3,3 жəне 6,8 %-ға төмендейді, демек жас спортшылар 

айтарлықтай гипоксиялық ығысуларды жеңу мүмкіндігіне ие. 

Жұмыс  кезіндегі  тыныс  алу.  Балаларға  ересектермен  бірдей 

берілген  бұлшық  ет  жүктемесі  сыртқы  тыныс  алу,  О

2

  тұтынудың 



барынша күшеюін тудырады. Спорттық жаттықтыру ықпалы стан-

дартты  жүктеме  кезінде  өкпелік  вентиляция  мен  О

2

  пайдаланудың 



төмендеуімен байқалады. Жаттыққан балаларда жаттықпағандармен 

салыстырғанда дене жүктемесін орындағанда тыныс алудың аз ғана 

күшеюі орын алады. 


398

Жұмыс  кезінде  балаларда  О

2

  пайдалану  мен  сыртқы  тыныс 



алудың аса күшеюі мүмкін болмайды. Мысалы, 8-9 жастағы балалар-

да қызу жұмыс кезінде минуттық тыныс көлемі тыныштық күйдегі 

мəліметтермен  салыстырғанда 10-12 есеге (50-70 л/мин. дейін),  ал 

ересектерде – 15-18 есеге (100-150 л/мин), спортшыларда мұнан да 

жоғары – 20-25 есеге (180-220 л/мин) дейін артуы ықтимал. 

Балаларда  өкпе  вентиляциясы  көбіне,  тыныс  тереңдігінің 

емес  тыныс  жиілігінің  артуы  есебінен  ұлғаяды.  Бұл 8-9 жастағы 

балалардың  жаттықпаған  ересектерге  қарағанда 1 тыныс  циклінде 

оттегіні 3,5 есе жəне жоғары санаттағы спортшыларға қарағанда 6 

есе аз тұтынатындығымен түсіндіріледі.  

Балалардың жұмыс кезінде организмді оттегімен қамтамасыз ету 

қабілетінің төмен, сонымен қатар қанның оттектік сыйымдылығы-

ның  аз  болуымен  де  анықталады.  Қандағы  гемоглобиннің  жалпы 

мөлшері 1 кг  дене  массасына  шаққанда 7-11 жастағы  балаларда                  

7,5  г,  ал  ересектерде 10,4 г    болады.  Дене  жаттығуларын  орындау 

кезінде  балаларда  оттегі  пайдаланудың  аса  күшеймеуінің  тағы  да 

бір себебі жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері 

болып  табылады.  Өйткені  организмнің  оттегімен  қамтамасыз 

етілуінің  жүрек  қызметіне  тікелей  тəуелді  екені  белгілі.  Мысалы, 

тіпті  салыстырмалы  тыныштық  күйдің  өзінде 1 л  оттегіні  тұтыну  

жасөспірімдерде – 21-22 л,  ал  ересектерде – 15-16 л  жүректің  қан 

айдауына (ЖМҚК) сəйкес келеді. 

Бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  балаларға  аз  АВА-О2  тəн.  ОМП-

мен қатар жүретін жүктеме АВА-О

2

 балаларда 8%, ал жаттықпаған 



ересек  адамдарда 14-15%-ға    дейін  артуын  тудырады.  Бұл  жас 

өскен сайын артериялық қаннан оттегіні пайдаланудың артатынын 

көрсетеді.  Мысалы,  ОМП  жағдайында  артериялық  қаннан  ересек-

терде 70% оттегі  пайдаланылатын  болса,  8-11 жастағы  балаларда 

тек 50%-ға  жуық  оттегі,  ал  жоғары  санаттағы  спортшыларда 90% 

тұтынатындылығы анықталған. 



Қозғалыстың дамуы жəне қимыл сапаларының қалыптасуы

«Қозғалыссыз  өмір  болмайды,  ол – барлық  материяның  өмір 

сүру тəсілі» дегендей организм дамуында қозғалыстың орны орасан 

зор.  Олар  адамның  көптеген  қызметтерінің  қалыптасуына  əкеледі. 



399

Эволюция  үдерісінде  қалыптасқан  моторлық  жəне    вегетативтік 

қызметтердің  өзара  байланысы  моторлық-вицералдық  рефлекстер 

механизмі  бойынша  зат  жəне  энергия  алмасудың  онтогенез  бары-

сында жетілдірілуін қамтамасыз етеді. 

Қозғалыс аппараты

Балалардың  дамуы  процесінде  қаңқаның  сүйектенуі,  яғни 

шеміршек  ұлпаларының  сүйек  ұлпаларына  алмасуы  жүреді.  Со-

нымен  бірге  бұл  үдеріс  қаңқаның  түрлі  бөлімдерінде  əртүрлі 

мерзімдерде іске асырылады. Сүйектердің дамуы олардың ұзынынан 

жəне  көлденеңінен  өсуімен,  химиялық  құрамының  өзгерістерімен 

(кальций,  фосфор,  магний  тұздары  мөлшерінің  артуымен)  жəне 

беріктілігінің артуымен сипатталады. Сүйектерде қан түзуші мүше – 

қызыл сүйек кемігі орналасқан. Жас артқан сайын қан түзу қызметі 

де жетіле түседі. 

Сүйек  ұлпаларының  дамуы  айтарлықтай  дəрежеде  бұлшық  ет 

ұлпаларының  өсуімен  байланысты  болып  келеді.  Балалардың  бұл-

шық ет жүйесі ересектердің бұлшық етінен айрықша ерекшеленеді. 

Жас  ұлғайған  сайын  бұлшық  ет  массасы  да  артады.  Алайда,  бұл 

біркелкі жүрмейді, мəселен, алғашқы 15 жылда 9%, ал одан кейінгі  

2-3  жылда 12%-ға  артады.  Əрбір  бұлшық  ет  немесе  бұлшық  ет 

тобы да біркелкі дамымайды. Аяқ бұлшық еттері барынша жоғары, 

ал  қол  бұлшық  еттері  барынша  төмен  қарқынға  ие  болып  келеді. 

Жазғыш  бұлшық еттердің өсу қарқыны бүккіш бұлшық еттердің да-

муынан алда болады. Əсіресе, ертерек жұмыс атқаратын жəне дене 

жүктемесіне көбірек жұмылдырылатын бұлшық еттер салмағы жыл-

дам артады. 



Негізгі қозғалыстардың сипаттамасы

Бала  алғаш  дүниеге  келген  сəттен  бастап  уақытша  байланыс-

тар  механизмі  бойынша  жаңа  қозғалыстар  қалыптаса  бастайды. 

Мұнда  қимыл  жүйесінің    көру,  есту,  тепе-теңдік  сияқты  басқа  да 

талдағыштар жүйесімен өзара əрекеттерінің маңызы зор. 

Жүріс.  Күрделі  қимыл  дағдысы – жүріс  өмірдің 2-жылдарын-

да  меңгеріледі.  Жас  артқан  сайын  жүріс  тұрақтана  бастайды,  яғни 

қадам ұзындығы артады, жүріс кезіндегі дене теңселуі мен қозғалыс 

қарқыны азаяды. 



Жүгіру. Жүгіру элементтері балаларда 2 жастан бастап көріне бас-

тайды. Жүгірудің қимыл дағдысы қарыштау фазасының артуы мен 

аяққа тірек түсіру ұзақтығының азаюы есебінен жетіле түседі. 3-тен 


400

10 жасқа дейін шарықтау фазасы 2 есеге көбірек артады. Қадамның 

ұзақтығы  мен  жүгіру  қарқынының  өзгеруі  жасқа  сай  жүгіру 

жылдамдығының  жоғарылауын,  яғни  максималды  жылдамдықты 

анықтайды.  Сонымен  бірге  қысқа  қашықтыққа  жүгірудің  соңында 

жылдамдықты  төмендету  мөлшері  азаяды.  Жүгірудің  максималды 

жылдамдығы 10-11 жаста 5,37 м/с, 14-15 жаста – 6,07 м/с, 17-18 жас-

та – 8,08 м/с болады. 

Жасөспірімдер мен бозбалаларға қарағанда 7-8 жастағы балалар-

да жүгірудің жоғары жылдамдығын  сақтау қабілеті азырақ дамыған. 



Секіру. Секіру қозғалыстың айтарлықтай күші мен шапшаңды-

ғын талап еттеін күрделі қимыл дағдысы ретінде өмірдің 3-жылда-

рында ғана қалыптаса бастайды. Жас артқан сайын секіру нəтиже-

лері  бұлшық  еттік  координацияның  (үйлесімнің)  артуы,  бұлшық 

ет  күші  мен  шапшаңдықтың  дамуы  арқасында  жоғарылай  береді. 

Жүгіруде  барынша  жоғары  нəтижелер  ұлдарда 13 жасқа  дейін,  ал 

қыздарда 12-13 жасқа дейін байқалады. Одан кейінгі келесі жылдар-

да 17-18 жасқа дейін ол баяулайды. 

Секіру биіктігіне жасқа сай анализ жасау 8-ден 10 жасқа дейін 

нəтижелердің жылдық өсімі орта есеппен, 2 см болатынын көрсет-

кен. Ең үлкен өсім 10-нан 13 жасқа дейін аралықта 4,3 см болған. 

Одан  кейінгі  жылдары  өсім  қарқынының  төмендеуі  орын  алған. 

Спорттық жаттықтыру секіру нəтижелерінің жоғарылауына əкеледі. 

Жас спортшыларда барынша қарқынды өсім 13-14-тен 15-16 жасқа 

дейін  кезеңдерде  анықталған.  Келесі  жас  кезеңдерінде (17-18 жас)  

өсім темпі баяулайтыны байқалған. 



Қимыл сапаларының дамуы

Қимыл  сапаларының    (күш,  жылдамдық,  төзімділік,  ептілік, 

иілгіштік)  дамуы  мен  қимыл  дағдыларының  қалыптасуы  арасын-

да тығыз өзара байланыс бар (6- жəне 7-тарауларда дене сапалары 

жəне  қимыл  дағдылары  толық  баяндалған).  Жаңа  қозғалыстарды 

меңгеру қимыл сапаларының жетілдірілуімен қатар жүреді. Əртүрлі 

қозғалыстар  адамның  қозғалыс  аппаратына  таңдай  əсер  етеді, 

сондықтан жеке бұлшық еттер мен бұлшық ет топтарын бірдей ша-

мада дамытпайды. 

Онтогенез барысында қимыл сапаларының қалыптасуы біркелкі 



401

жүрмейді,  гетерохронды  болады  жəне  организмнің  бірнеше 

жүйелерінің дамуына тəуелді келеді. Мысалы, төзімділіктің жетілуі 

айтарлықтай дəрежеде қан, тыныс алу мен жүрек-тамыр жүйелерінің 

қызметтерімен анықталса, ал бұлшық ет күшінің дамуы сүйек пен 

бұлшық  ет  ұлпаларының  өсуімен,  бұлшық  ет  жұмысын  басқару 

қабілетінің  қалыптасуымен  тығыз  байланысты.  Əрбір  адамның 

жасына  қимыл  сапалары  дамуының  белгілі  бір  деңгейі  тəн.  Күш, 

жылдамдық  жəне  төзімділіктің  ең  жоғары  жетістіктері  əртүрлі 

мерзімдерде жүзеге асырылады. 

Жүйелі  түрде  жаттықтыру  қимыл  сапаларының  дамуын  жыл-

дамдатады, бірақ олардың өсімі түрлі жас кезеңдерінде бірдей бол-

майды. 

Қимыл бірліктерінің жасқа байланысты өзгерістері 7-тараудағы 



39-суретте жəне 73-суреттерде  көрсетілген. Cуреттен қартаю ба-

рысында мотонейрондармен жабдықталған бұлшық ет талшықтары 

санының  кемитіндігін,  яғни  соның  есебінен  моторлық  бірліктер 

санының  азаятындығын  байқауға  болады.  Ал  қимыл  талшықтары 

мөлшерінің артуы орын алады.

73-суретҚимыл бірліктерінің қартаюға байланысты өзгерістері 

(A. Giovanelli мəліметтері бойынша)



402

Күш. Алғаш рет бұлшық еттің максималды ерікті күшін (МЕК) 

изометриялық бұлшық еттік күш салуда 4-5 жаста өлшеуге болады. 

Жазғыш жəне бүккіш бұлшық еттерінің МЕК орта есеппен қол ба-

сында сəйкесінше, 5,22 жəне 4,61 кг, сан 6,0 жəне 7,9 кг, кеуде 8,17 

жəне 14,65 кг болады. 

Жас  артқан  сайын  жеке  бұлшық  еттер  күшінің  дамуы  біркелкі 

жүрмейді  (25-кесте).  Бұлшық  еттің  МЕК    жасқа  сай  тəуелділігі  

көрсетілген  25-кестеден  байқағанымыздай  балтыр  мен  табан  жаз-

ғыш бұлшық еттеріне қарағанда санның жазғыш бұлшық еттерінің 

МЕК өсімі барлық жас кезеңдерінде де жоғары.



25-кесте

Бұлшық еттің МЕК (кг)  жасқа сай тəуелділігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет