Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет194/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   542
Нəжіс бөлу (дефекация). Ас қорыту жолында қорытылмаған 

азық қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, 

тығыздалып, нəжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Осы нəжіс 

массасын сыртқа шығаруды қамтамасыз ететін күрделі рефлекс ті 



нəжіс бөлу - дефекация (латын тілінде fаесіs – тұнба, қою қал дық 

деген мағына береді) деп атайды. Бұл актіде екі кезең байқала ды. 

Афференттік - дефекацияға мұқтаждық тудыру жəне эфферент тік - 

нəжіс шығару.

Дефекация тік ішектің кілегейлі қабығын жиналған нəжіс 

массасының тітіркендіруінің нəтижесінде басталады. Бұл про-

цесс тік ішек қуысындағы қысым сынап бағанасымен 50-60 мм 

көтерілгенде басталады. Тік ішектен қозу импульстері вегетативтік 

жүйке тармақтарымен жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасқан 

дефекация орталығына беріледі. Одан орталықтан тепкіш жол-

дармен қозу импульсі ішкі (бірыңғай салалы етті) жəне сыртқы 

(көлденең жолақ етті) қысқыштарға бағытталады. Ішкі қысқышқа 

қозу импульсі жамбас жүйкесі, ал сыртқы қысқышқа – тұлғалық 

(жыныс) жүйкесінің қозғағыш талшықтарымен беріледі. Аталған 

қысқыштар дефекация аралығыда тонуста болады. Орталықтан 

келген қозу импульстерінің əсерінен қысқыштар босаңсып, тік 

ішектің толқынды жиырылуы күшейеді. Дефекация кезінде 

құрсақ еттері мен көк ет жиырылып, мал күшенеді де, құрсақтағы 

қысым жоғарылайды. Бұл баяндалған рефлекс еріксіз жүреді. 

Сонымен қатар гипоталамус пен үлкен ми жарты шарларының 

əсерімен дефекация ерікті түрде де реттеледі. Оның себебі 

сыртқы қысқыш ерікті түрде жиырылып, босаңси алады. Осыған 

байланысты симпатикалық жүйке арқылы ауырсыну түйсігі, үрей 

нəжіс бөлуді тежейді. Қарын қатты керілсе, тік ішектің жиыры-

луы күшейеді.

Үй жануарлары (ит пен мысықтан басқалары) нəжісті қимыл 

үстінде, түрегеп тұрып не жатып та бөле береді. Нəжіс бөлу 

жиілігі, бөлінген қидың мөлшері, оның қоюлығы малдың түріне 

байланысты (24-кесте).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет