Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары
Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы. Педагогикалық психология ғылыми білімнің пәнаралық саласы Педагогикалық психологияның принциптері және негізгі категориялары
Психология ғылымының эксперименттік тұрғыда қарастырылуы XIX ғасырдың екінші жартысында ғылымда үлкен өзгеріс әкелді. Экспериментпен бірге психологияда нақты ғылым үшін, дәлірек айқын оқыту мақсатында обьекті пайда болды. Бұдан теориялық білім заңдарын практика жүзінде қалай болатындығына көз жеткізу нысанға алынды.
П.П.Блонскийдің пікірін ескерер болсақ, «Педагогикалық психология-психологияның бір тармағы, яғни бұл, теориялық психология тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған». «Психология-ғылым, ал оқыту өнер, ешқашан тура өзінен өнер туындатпайды. Логика әлі ешкімді дұрыс ойлауға үйреткен жоқ, ғылымда тура сол сияқты ғылыми мәдениетке ешкімді үйретпейді», «Педагогика және психология үнемі бірге және бір-бірінен еш алшақтамайды. Дәл осылай болғандықтан екі ғылымда әрдайым бір-бірімен келісімде болуы қажет, бірақ бұл үйретудің жалғыз тәсілі,- деп қарастырудың қажеттігін көрсетпейді. Педагогика мен психологияның байланысы өзге қолданбалы ғылымдардың бір-бірімен теориялық тәртіптегі байланысын еске түсіреді» «педагогикалық психология бір жағынан мұғалім үшін қызықты теориялық психологияның басы, ал екіншіден, педагогикалық қажеттілікті рухани өмір заңынан қабылдайтын дерек көзі болады. Педагогика биологиядан жануар танудың бөлектенгені сияқты бөлек болуы қажет. Бұл педагогиканың экспериментті психотехника екендігі, педагогикалық психологияның нүкте көзі және психология ғана биоәлеуметтік ғылым ретінде педагогикаға пайдалы. Педагогикалық психология кез келген тәрбие жүйесіне бірге бағытталады. Осы себептен педагогикалық психологияны әркім педагогикалық жүйеде, тәрбиеде қолдана білуі қажет».
Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау т.б.) және адамның жеке қасиеттерін (темперамент, мінез, қабілет), яғни, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап аша түседі.
Педагогика мен психология ғылымдарының зерттейтін объектісі – адам. Бірақ, зерттеу екі бағытта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді. Мысалы, психология адамның мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің механизмін ашуды қарастырса, ал педагогика адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғылымы басты мәселелерді психологияның көмегімен шешеді. Мысалы, педагогика ұжым жайындағы теориялық мәселелерді шешуде әлеуметтік психологияға, балалардың жас ерекшелігіне сәйкес психикалық даму заңдылықтарына байланысты мәселелерді – жас ерекшелік және педагогикалық психологияға сүйенеді.
Мюнстерберг былай дейді: «Жақында бізде қолданбалы психология болатындығын бәрі көрсетіп тұр, және сол кезде қолданбалы психологияда қарапайым үзіндінің мұндай қабаттасуы болмайды. Қолданбалы психологияда инженерліктің физикаға бағынғаны сияқты кәдімгі психологиямен қарым-қатынаста болады. Сонымен педагогикалық психология –жаңа өнім. Қолданбалы психологияның бір тармағы. Педагогикалық психология енді ғана өзінің алғы қадамын жасауда.Тек дайын құралдарды жалпы психологиядан алу, ол үшін қауіпсіз, әрі жеңіл болар еді. Дегенмен, алғашқы жағдайда күмәнсіз өзге әл-әбжауынды нышандардан шынайы, әрі тезірек педагогикалық психология туындайды».
Бұл ғылым таза тарихи түсініктерімен және психологиялық ерекше дамуымен түсіндіріледі. Бұрынғы психология қолданбалы ғылымда психиканы қарайтын және мінез-құлықтан ажырататын, нағыз жолды таба алмады. Дегенмен, ғылым практикалық қажеттіліктен туындайды және оны практикаға алып барады. Енді психология мінез-құлықты оқыта бастағанда, әрине мынадай сұрақ туындайды: Мінез-құлықты қалай өзгертуге болады? Педагогикалық психологияның өзі де адами мінез-құлықты өзгерту жайлы ғылым. Ең дұрысы төмендегідей ажырата білу: а).Экспериментальды педагогика-педагогикалық дидактикалық тапсырмаларды эксперименталды жолмен шешуші. б).Педагогикалық психотехника аналогиялық өзге бөлімдер психотехникалық және психологиялық зерттеумен айналысуды тәрбиеде қабылдау. в).Психологиялық мәдениет- істі шынайы педагогикалық психологиямен бейнелеу.
Педагогикалық психология- тұлға құрылымының заңдылықтарын, деректерін , танымның үдерістерін білім аясында зерттейтін ғылым саласы. Қазіргі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық психология пәнінің түрлі түсініктемесі бар. Бір жағынан, педагогикалық психологияны білімнің шекаралық кешенді саласымен ұсынады, психология мен педагогика арасынан өзіндік орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиеленуді, оқытуды және дамуды үйретеді.
Бұл пән барлық психологиялық пәндермен қатар, педагогика, балалар психологиясы, дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты және ол үш бөлімді: тәрбие психологиясы, оқыту психологиясы, мұғалім психологиясын құрайды. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі - педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қарым-қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де оның ғылым ретінде қарастыратын мәселелерінің бірі.
Педагогикалық психологияжалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді. Педагогикалық қызметтің негізгі объектісі -оқу процесі мен тәрбие болып табылады. Педагогикалық психологияның аумақтық бөлігіне психологиялық тәрбие және мұғалімнің психологиялық еңбегі ең маңызды орында. Өз кезегінде, психология да күрделі ықпалдасқан білім болып табылады, оның құрылымдық көрінісінің негізінде, А.В. Петровский «Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді» деген. Оның көзқарасы бойынша, педагогикалық психология тәрбиенің оқыту үдерісін, нақты іс-әрекеттің дамуын, оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Білім алу үдерісінде педагогикалық психологияның қиындықтары да кездеседі, баланың білім ала отырып, тәрбиеленуі ақыл-ойының тез арада күрт жоғарылап немесе күрт төмендеуі, тұлғаның дамуындағы оқу қызметінің субъектісі педагогпен басқарылып отыруы тиіс.
Педагогикалық психология – бұл кәсіби психологиялық білімнің көкейкесті мәселелерін шешудегі дамытушылық шеңбері болып табылады. Білімдегі психологиялық қызметтің белгілі нысанға келуі Қазақстанда 1990 жылдардан басталды. Педагогикалық психологияның қазіргі жетістіктерін пайдалана отырып, тәлім-тәрбиенің үдерісінің тиімділігі арттырылады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты білімнің өмір бейнесіндегі алатын орны , білімге деген позитивті құлшынысты арттыру, сонымен қатар жеке және әлеуметтік дамудың психологиялық бұзылу себебін анықтау.
Педагогикалық психологиядан ғылым ретінде білімдегі болып жатқан феномендердің суреттеуін, түсініктемесін, байқауларын күтеді. Сол уақытта практикалық білім ісімен айналысатын педагогтар мен психологтар кейбір сұрақтың жауабын таппайды: педагогтың, психологтың қазіргі кездегі мақсаты, мәні кәсіби жағдайлардағы әр түрлі ситуациялар. Академиялық психологияның өкілдері және практиктердің кәсіби қызметтері , мақсаттары және оның жүзеге асуының жолдары, кәсіби тілдері әртүрлі болып келеді. Ғылымның және тәжірибенің әрекеттестігі айрықша күрделі.
Білім алушы мен тәрбиеленуші, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырушылар, яғни педагог, қандай жағдайда да оқыту мен тәрбиелеу субъектінің (оқушы мен мұғалім) нақты әрекетінің ерекше түрлері болып саналады. Бірақ олар біріккен әрекет, яғни ұйымдастырылған қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Біріншісі оқушының немесе тәрбиеленушінің оқу әрекеті немесе оқыту. Екіншісі, мұғалімнің (тәрбиешінің) педагогикалық әрекеті, оның қызметті ұйымдастырып орындауы, оқушының оқу әрекетін басқару және оқытуға ынталандыру. Үшіншіден, оқыту және тәрбиелеу процесі туралы.
Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі «бала» деп ұсынған ғалым А.С. Макаренконың пікіріне ғалымдар қосымша педагогикалық зерттеулер обьектісі – «педагогикалық құбылыс немесе дерек» деп пікір қосты. Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылым болғандықтан, педагогикалық психология аталған обьектілердің тұлғалық дамуымен қалыптасуына мақсатты бағытталған саналы іс-әрекеттер аймағын зерттейді. Ол өз нысаны ретінде индивидтің психикасын қарастырып, оның дамуына байланысты педагогикалық оқу– тәрбие жүйесін қалыптастырады. Олай болса, педагогикалық психология – білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді.
Л.С.Выготский оқыту процесінің маңызды қағидаларын «Оқыту дамудың соңында жүрмейді, керісінше, оны жетелейді, ол жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше, дамыту мүмкін емес», деп атап өтті. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен таныстырады.
Оқытуда негізгі тәжірибелік бағытталу міндеті – біртұтас педагогикалық үдерісті қалыптастыру және басқару. Оқыту мен тәрбиелеудің ұжымдық және жеке түрін саналы үйлестіру, білім беру мекемелерінде барлық субъектілердің бір-бірімен қарым-қатынасын (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) құптайтын жәйлі психологиялық ахуал орнату.
Кеңес педагогы әрі психологы, философы В.В. Зеньковский педагогикалық психологияны зерттеу барысында әлеуметтік қарым-қатынастың ерекше түрін байқап, оны әлеуметтік психологиямен байланыстырды. Осыған сәйкес, педагогикалық психология жүйесіне алғашқы болып, педагогикалық үдерістің әлеуметтік-психикалық алғысөзі ретінде «педагогикалық орта» деген талдау енгізілді.
Негізінен «педагогикалық психология» термині орыс педагогі П.Ф. Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология» оқулығын шығаруымен байланысты. Оның қалыптасуына XIXғ сараптау психологиясы тікелей ықпал етті.
Оқыту мен тәрбиелеудің тәжірибесін дамыту барысында оның құралдары, ұйымдастыру түрлері және ғылыми пәндер тізбегі өзгерді. Жалпыға бірдей міндетті білім беру жағдайында жеке өзгешелік мәселесі, оның шығу табиғатын анықтау, қажет жағдайда есепке алу және оны түзету т.б. мәселелер ерекше маңызға ие болды. Педагогикалық психология пәні оқытуға бағытталған міндеттерді қалай, қандай жағдайда шешілуіне байланысты өзгеріп отырады. Оқыту мен тәрбиелеу жағдайы орта мектепте,гимназияда, колледжде, ЖОО әрқилы.
Пәннің негізгі міндеттеріне: оқу – тәрбие процесінде білім алушылардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеп,анықтайды; білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы үрдістердің интеллектуалдық, жеке тұлғалық дамуы мен іс-әрекеттің психологиялық негізін зерттеу мәселесі; сабақ құрылымын,типтерін анықтау, сабақ беру тәсілдерін үйрету.