Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР –ХАЛЫҚ МҰРАСЫ



Pdf көрінісі
бет19/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР –ХАЛЫҚ МҰРАСЫ 
 
ҰЛЫБАЕВАА.О. 
Семей қаласы «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК  
Мамандығы: 0111063 «Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі», 202ә топ білім алушысы  
Ғылыми жетекшіcі:  САРСЕКОВАГ.К. 
  Семей қаласындағы «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК  
 
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы   
 
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала 
бола  ма?»  -  деп  айтқандай  баланың  өмірінде  ойын  ерекше  орын  алады.  Халқымыз 
ойындарды  тек  балаларды  алдандыру,  ойнату  әдісі  деп  қарамай,  олардың  мінез-
құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. 
         Қазақстан  Республиасының  Білім  туралы  Заңында:  білім  алушылар  мен 
тәрбиелеушілер,  педагог  қызметкерлер  мен  ересектер  арасында  әр  түрлі:  спорттық 
жарыстар,  ұлттық  ойындар,  семинарлар,  конференциялар  сондай-ақ,  іс-шаралар 
ұйымдастыру  және  өткізу  көрсетілген.  Демек,  қазақтың  ұлттық  ойындары  сауықтық 
жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие 
құралы. 
           Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар 
атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі шаруашылық, 
мәдени,  өнер  тіршілігінің  жиынтық  бейнесі  әрі  көрінісі  болған.  Қазақтың  ұлттық 
ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза 
ауада  жүру  –  жас  ағзаның  дұрыс  та  сергек  өсуінің  көзі  болған  және  де  балалар  ойын 
ойнаған  кезде  ерлікті,  өжеттікті,  батылдықты,  шапшаңдықты  сонымен  қатар,  мінез-
құлық  ерекшеліктерін,  білек-күшін,  дененің  сомданып  шынығуын  қалыптастырады. 
Сондықтан ұлттық  ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану қоғамымыздың ұлттық 
идеологиясын нығайтудағы  өзекті мәселелердің бірі. 
        Бүгінгі  жас  ұрпаққа  үлгілі,  өнегелі  тәрбие  беру 
–  қазіргі  қоғамның 
басты  міндеттердің  бірі.  Ойын  арқылы  бала  қоршаған  ортаны  өз  бетінше  зерделейді, 
өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. 

143 
 
 «Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай 
дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық 
жырлары  ата-ананың  балаға  қойған  бірінші  сенімі,  тілек-талабы.  Мұның  бәрі  баланы 
ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын 
өнегелі  де  ілтипатты  сөздерді  жас  кезінен  құлақтарына  құя  береді.  Ал  ойындар  болса, 
баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске 
асырудың  құралы  болды.  Айталық,  ойын  үстінде  осы  айтылған  өнеге-өсиет  бастан  аяқ 
қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, 
ойын  әр  түрлі  әрекетке  қозғалысқа,  денешынықтыруға  ғана  төселдіріп  қоймай,  өмірдің 
рухани  азығы  –  үлкеннің  барлық  қасиетін,  яғни  баланың  жан-жүйесіне  әсер  ететін 
этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.  
Ұрпақ  тәрбиесі  жайындағы  озық  ұлттық  мұраны  бүгінгі  оқу-тәрбие  үрдісінде 
пайдалана  отырып,  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  әдет-ғұрыпымызды,  салт-
дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеуді балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн. 
Ұлттық спорт түрлерi  мен  халық  ойындары  жеткiншек  ұрпақты  үйлесiмдi 
тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады.  
Қазiргi  дене  тәрбиесі  сабағында  ғасырлар  бойы  сомдалған  және  сыннан  өткен 
халық  ойындары мен ұлттық  спорт түрлерi  құралдары арқылы балаларды тәрбиелеудiң 
бай  тәжiрибесiн  пайдалану  қажет.  Ойын  баланың  барлық  қабілетінің  дамуына, 
айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі.  
Халқымыз  ойындарды  тек  балаларды  алдандыру,  ойнату  әдісі  деп  қарамай, 
олардың  мінез-құлқының  қалыптасу  құралы  деп  ерекше  бағалаған.  Ойын  балалардың 
негізгі  іс-әрекеті  ретінде  психологиялық,  анатомиялық-физиологиялық,  педагогикалық 
маңызы зор қызметтер атқарады.  
Ойын  баланың  даму  құралы,  таным  көзі,  білімділік,  тәрбиелік,  дамытушылық 
мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  реттінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.     
Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны 
таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді 
бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді.    
Ойынның  дамуына  және  баланың  ойынға  араласуына  әсер  ететін  қызықты 
ойынның  түрлері  өте  көп.  Халық  арасында  «Денсаулық  -зор  байлық»  деп  тегін 
айтылмаған.  Демек,  кезінде  ұлттық  ойындарды  көп  ойнап,  жүгіріп,  далада,  таза  ауада 
жүру  -  жас  организмнің  дұрыс  та  сергек  өсуінің  көзі  болған  және  де  балалар  ойын 
ойнаған  кезде  көпшіл,  Отанның  болашақ  азаматы  болуға,  халқына  адал  қызмет  етуге 
бағытталған.  Сондықтан  білім  берудің  жаңа  технологиясын  пайдаланып,  сабақтарды 
жаңа  технологиялық  әдіспен  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне,  денсаулықтарына 
байланысты,  ұлттық  ойындарды  спорттық  ойын  түрлеріне,  сабақтың  мазмұнына  қарай 
іріктеп алып пайдалануға кез келген пән мұғалімінің мүмкіндігі бар.
 
Сабақ  барысында    ұлттық  ойын  түрлерін  пайдалану  сабақтың  тақырыбы  мен 
мазмұнына  сай  алынады.  Сонда  ғана  оның  танымдық,  тәрбиелік  маңызы  арта  түседі. 
Балаларды жас ерекшелігіне сай әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді  
ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес.  
Оқу  сабақтарын  ұлттық  ойындар  арқылы  сабақтасытырып  түсіндіру  пән 
тақырыптарын  тез,  жылдам  меңгеруге  ықпал  етеді.  Оқушының  сөздік  қорын  байыта 
түседі. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.  
Бабаларымыздың  асыл  қазыналарына  деген  көзқарасын  құрметтеуге,  сөз  әсемдігін 
сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. 
Қазір бізге жеткен ойындарымыз: 
тоғызқұмалық,  қуыршақ,  асық  ойындары.  Қазақтың  көне  жыр-дастандарында  ұлттық 
ойындар  балаларды  тәрбиелеуде  ерекше  орын  алғандығы  айқын  көрінеді.  Мәселен, 
«Қобыланды»,  «Алпамыс»,  «Ер  Тарғын»  сияқты  эпостық  жырларда  елін  сүйген 
батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық 

144 
 
ойындарда  сайысқа  түсіп,  одан  кейін  көп  кісі  қатысқан  ойын-сауықтарда  өздерінің 
мергендік,  палуандық,  шабандоздық  шеберліктерін  көрсеткендері  айтылады. 
«Домбырамен  күй  шерту»,  «Аттың  құлағында  ойнау»,  «Аударыспақ»,  «Күлкі  ойыны», 
«Балалар  ойыны»,  «Ақсүйек»,  «Тоғызқұмалық»,  «Жұмбақ  айтыс»,  «Асық  ойнау»  өте 
ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының 
ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» 
ойыны    байқағыштыққа,  қырағылыққа,  бытылдыққа,  ерлікке,  шапшаңдыққа  баулиды. 
Баланың  ақыл-ойын  дамытатын  тәжірибелік  маңызы  зор  тағы  бір  ойынның  түрі  –  «Он 
бір қара жұмбақ». Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы балаңың ойлау 
қабілетін  дамытады.  Бөбектерді  тәрбиелеуде  де  ұлттық  ойындардың  берері  мол. 
«Санамақ»,  «Жылдам  айт»,  т.б.  тартымды  ойындарды  үйрету,тіл  өнеріне  негіз  салады 
деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына 
қарап  баланың  психологиясын  аңғаруға  болады.  Бес  саусақ  бірдей  емес   дегендей,  әр 
отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес. 
Ойын  баланың  көңілін  өсіріп,  бойын  сергітіп  қана  қоймай,  оның  өмір 
құбылыстары  жайлы  таным-түсінігіне  де  әсер  етеді.  Балалар  ойын  арқылы  тез  тіл 
табысып  жақсы  ұғысады,  бірінен-бірі  ептілікті  үйренеді.  Оның  үстінде  дене  қимылы 
арқылы өзінің денсаулығын нығайтады

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің 
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. 
Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру 
ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса 
керек.
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек ТөтенаевАлматы «Қайнар» 
баспасы 1994 ж. 
2. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.Алматы «Балауса» 
1992 ж. .  
3.«Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж. 
 
СИСТЕМНЫЙ ПОДХОД К ПРЕПОДАВАНИЮ ПРЕДМЕТА 
"ТЕХНОЛОГИЯ" 
 
САРБАСОВ Е.К. 
к.т.н., доцент, Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова 
ШАГАТАЕВА З.Е. 
магистр образования, ст.преп., Жетысуский государственный университет им. 
И.Жансугурова 
ЧУКЕНОВА Б.А. 
магистрант 1 курса специальности «Профессиональное обучение», Жетысуский 
государственный университет им. И.Жансугурова 
 
Чем  объяснить,  что  при  одних  и  тех  не  программных,  учебных  планах  и 
учебниках,  при  наличии  учителей  имеющих  соответствующие  педагогическое 
образование и в подавляющим своем большинстве, безусловно добросовестно относится 
к работе, на различном уровне достигают различных результатов. 
У  преподавателей  одних  и  тех  же  предметов  уровень  и  результативность  их 
работы бывают очень разными? 
Причин  здесь  огромное  множество.  Все  это  характеризует  сложную  социально- 
педагогическую  систему.  Однако  среди  множества  причин  можно  выделить  один 
важнейший,  на  наш  взгляд  системообразующий  фактор,  оказывающий  чрезвычайно 

145 
 
серьезное влияние на качество работы учителя и естественно педагогический процесс в 
целом - систему работы педагога [1, 78 c.]. 
Систему преподавания предмета нельзя смешивать с методикой это разные вещи
Система  преподавания  предмета,  конечно,  основано  на  требованиях  и  законах 
педагогики и частных методик обусловлена программой и учебником. 
В основном, каждый педагог имеет систему работы. Весь вопрос в том, что это за 
система и каков уровень его целостности. Я предлагаю свою систему работы: 

 
постоянное стремление к сотрудничеству с учащимися; 

 
совершенствование диагностического взгляда на процесс обучения; 

 
повышения  психолого-педагогической  и  методической  квалификации 
учителя; 

 
постоянное совершенствование педагогических способностей; 

 
систематическая  деятельность  учителя  по  овладению  педагогической 
техникой; 

 
работа,  учителя  по  ознакомлению  с  опытом  педагогов-  новаторов, 
творческое    использование  своей  педагогической  деятельности,  творческий  подход  к 
перестройке своей собственной системы преподавания; 

 
работа учителя по изучению учащихся; 

 
изучение государственных программ и учебников; 

 
составление календарного плана на год; 

 
подготовка к каждому уроку; 

 
проведение уроков; 

 
Самоанализ урока учителей, критический анализ собственного урока

 
внеурочная работа учителя по собственному предмету; 

 
работа учителя как классного руководителя; 

 
общественная работа педагога. 
Взгляд на урок 
Урок-  это  не  только  и  не  столько  средство  передач  знаний,  сколько  средство 
формирования  и  развитие  личности  ребенка.  Урок  не  должен  быть  только  основной 
формой обучения, он должен быть основной формой жизней детей в школе. А для этого 
надо, чтобы они- дети и урок любили друг друга. Отсюда, урок не должен быть связан с 
принуждением  ребенка,  со  страхам,  с  превалированием  негативных  переживании  с 
эмоциональными  стрессами.  Урок  должен  быть  предан,  прежде  всего,  не  законом 
формальной дидактики, а детям. В центр его должен быть поставлен маленький человек, 
ибо и урок- то проводится ради него, существует для него. 
Содержание учебного материала 
Содержание учебного материала - это тот фактический материал и теоретическое 
положения,  которые  подлежат  усвоению  учащимися.  Оно  выступает  в  качестве 
своеобразной материальной основой урока, на базе который осуществляется вся учебная 
деятельность учеников. 
Из элементов содержания учебного материала формируются взгляды учащимися 
на окружающую их действительность, диалектику- материалистическое понимание ими 
мира. 
Опираясь  на  номенклатуру  компонентов  содержание  учебного  материала, 
охарактеризуем  каждый  компонент  в  отдельности,  определив,  таким  образом,  состав 
понятия "Содержание учебного материала". 
Эти  внутренние  связи  познаются  путем  рациональной  обработки  данных 
эмпирического  знания.  Формы  теоретического  знания  является  система  абстракции, 
объясняющие  объект  обобщение  результата.  Практическое  применение  теоретического 
знания почти безгранично. 

146 
 
Методы обучения 
Классификация методов обучения

 
по источником знаний: словесное, наглядное и практическое; 

 
по  степени  взаимодействия  учителя  и  учащегося:  изложение,  беседа, 
самостоятельная работа; 

 
в  зависимости  от  конкретных  дидактических  задач:  подготовка  к 
восприятию, объяснение, закрепление материала и т. д.; 

 
по характеру  познавательной  деятельности  учащихся и  участие  учителя  в 
учебном  процессе:  объяснительной-  иллюстративный  репродуктивный  проблемный, 
частично- поисковый, исследовательский; 

 
по  принципу  расчленение  или  соединение  знаний:  аналитический, 
систематический, сравнительный, обобщающий, классификационный; 

 
по  характеру  движения  мысли  от  незнании  к  знанию:  индуктивный, 
дедуктивный, традуктивный. 
Формы  организации  познавательной  учащихся  групповая  форма  организации 
познавательной деятельности. 
Групповой  формой  познавательной  деятельности  является  организация  таких 
учебных  занятий,  при  которых  единая  познавательная  задача  ставится  перед 
определенной  группой  девочек.  Величина  группы  различно  в  зависимости  от 
содержания  работы  она  колеблется  от  2  до  6  человек,  но  не  более,  ибо  в  более 
многочисленных группах невозможно обеспечить активную работу всех членов группы. 
Наличие у всех участников общей цели; 
Между  ее  участниками  имеет  место  разделение  труда,  функции  и  обязанностей. 
Работа строится на сотрудничестве и товарищеской взаимопомощи; 
Участники работы привлекаются к учету и контролю за ее выполнение; 
Работа каждого участника процесса приобретает общественную значимость; 
Это форма познавательной деятельности основывается на равенстве объективных 
условий для каждого; 
Деятельность  каждого  участника  занятии  является  общественно  полезной.  На 
лицо  совпадение,  полное  единство  коллективных  и  личных  интересов:  чем  больше  и 
лучше я обучаю других, тем больше и лучше я знаю сам; 
Всей работой руководит педагог, а социальная активность учащихся проявляется 
непосредственно  в  учебных  занятиях,  что  является  одним  из  важнейших  условий 
формирования активной жизненной позиции каждого ученика. 
Работа в парах здесь задание делится между членами группы каждый опрашивает 
каждого  каждый  отвечает  каждому.  Возникает  система  коллективного  взаимодействия 
всех членов группы. 
Использование  новых  средств  обучения  и  технологии  в  преподавания  предмета 
"Технология". 
Изучение  новой  интерактивной  образовательной  области  "Технология", 
включающей  разделы,  охватывающие  базовые  наиболее  распространенные  и 
перспективные  технологии  и  методику,  предусматривающую  творческое  развитие 
учащихся  в  рамках  системы  проектов  под  руководством  специально  подготовленных 
педагогов-  наставников.  При  наличии  адекватной  учебно-материальной  базы,  позволит 
учащимся приобрести общетрудовые и частично социальные знания и умение, обеспечит 
им  интеллектуальное,  физическое,  эстетическое  развитие,  профессиональное 
самоопределение и адаптацию к современным социально- экономическим условием. 
Для  достижения  этих  цели  уделяю  внимание  на  уроке  труда  экономическому  и 
экологическому  аспектам  деятельности,  знакомлю  учащихся  с  информационными  и 
высокими технологиями. Учу качественному выполнению работ и формирую готовность 
учащихся  к  самообразованию.  Главной  целью  является  содействие  в  подготовке 

147 
 
учащихся к самостоятельной трудовой жизни, к овладению массовыми профессиями [2, 
151 c.]. 
При выполнении образовательной области "Технология" реализуются следующие 
задачи: 

 
прививаем  первоначальные  необходимые  знания  и  умения  вести  домашнее 
хозяйство и бюджет семьи; 

 
ознакамливаем  учащихся  с  основами  современного  производства  и  сферы 
услуг; 

 
развиваем  самостоятельность  и  способность  учащихся  решать  творческие 
задачи проектирования и конструирования. 

 
обеспечиваем  осуществление  учащимися  самопознания,  изучение  мира 
профессии,  выполнения  профессиональных  проб  с  целью  адекватного 
профессионального определения; 

 
осуществляем  воспитание  трудолюбия,  предприимчивости,  коллективизма, 
человечности и милосердия, честности, ответственности и порядочности; 

 
даем  возможность  овладеть  основными  понятиями  рыночной  экономики, 
менеджмента  и  маркетинга  и  умениями  применять  их  при  реализации 
собственной продукции и услуг; 

 
учим  использовать  в  качестве  объектов  труда  потребительские  изделия, 
оформлять  их  с  учетом  требовании  дизайна  и  декоративно-  прикладного 
искусства; 
Итак,  учить  ребят,  непрерывно  повышая  свое  мастерство  -  таково  требование 
современной  школы  каждому  учителю,  каждому  наставнику  юных.  Однако  путь  к 
педагогическому  мастерству  лежит  не  только  через  образование.  Требуется  нечто 
большее - преданность и увлеченность учителя своей работой. Без этих качеств учителя 
учебный труд не вызовет у школьника подлинной радости. 
Убеждена:  обслуживающий  труд  в  школе  не  только  наиболее  приемлемый  вид 
практической  деятельности  для  девочек,  но  и  весьма  необходимое  условие  для  их 
гармоничного обследования. 
В  своей  работе  придаю  значение  созданию  в  учебном  кабинете  оптимальных 
условии для занятии. 
Учитель  создает  условие,  помогает  учащимся  проявлять  творчество  и  искусство 
открывать их для себя в работе. А ведь вместе с этим и происходит то, что мы называем 
устойчивым интересом к профессии. 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ 
МАҢЫЗЫ 
 
ШАЙХОВА Ж. 
Алматы қаласы Алматы университеті,   педагогика және психология 
мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі:  ТУРАЛБАЕВА А.Т. 
Алматы қаласы Алматы университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м. 
 
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым. 
Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық 
қызметтi  атқара  жүрiп,  тұңғыш  педагогикалық  оқулықтар  жазып  қалдырды.  Ол  жазған 
“Бастауыш  мектепте  ана  тiлi”  (1925),  “Сауатты  бол”  (1926),   “Педагогика”  (1922)  атты 
оқулықтары педагогика және әдiстеме   ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. 
М.Жұмабаев  орыс,  батыс  педагог-психолог  ғалымдар  еңбектерiн  оқи  отырып,  сонымен 
бiрге  тәрбиенiң  ұлттық  ерекшелiктерiн  ескере  өзiнiң  “Педагогика”  атты  оқулығын 

148 
 
жазудағы  ұстанымын  былайша  сипаттайды:  “Тәрбие  ғалымдарының  пiкiрлерiн  (орыс, 
батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ 
жанына  қабыстыруға  тырыстым…  Бiзде  бұрын  пән  тiлi  болмағандықтан  түрлi 
терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған 
мұғалiмдердiң  жәрдемiмен  таза  орыс  сөздерi  қазақшаға  айналдырылды.  Ал  ендi  жиһан 
тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп 
азаптануды тиiс таппадым”. 
Шынында  да  ол  кезде  қазақша  педагогикалық  терминдар  жоқтың  қасы  едi. 
М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген. 
Оқу  құралының  бiрiншi  бөлiмiнде  педагогиканың  жалпы  мәселесiне   арналған. 
Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық 
пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт 
тәрбиеге  баса  көңiл  бөлуi  сол  заманның  талабынан  туған  көзқараспен  астасып  жатыр. 
Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша 
актуальды мәселе болмаса керек. 
Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де 
адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi  түгел болғаны.  Бала берiк 
денелi  болса,  түзiк  ойлайтын,  дұрыс  шешетiн,  дәл  табатын  ақылды  болса,  сұлу  сөз, 
сиқырлы  әуен,  әдемi  түрден  ләззат  алып,  жан  толқындырарлық  болса,  жамандықтан 
жаны  жиренiп,  жақсылықты  жаны  тiлеп  тұратын  құлықты  болса  ғана  адам  баласының 
дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт 
тәрбиенi  дұрыс  орындасын…”  Баланы  келешек  заманына  лайық  қылып  шығару”  –  деу 
арқылы  М.Жұмабаев  тәрбие  мақсатын  айқындап  бередi.  Автордың  туған  халқының 
тәлiм-тәрбиелiк  бай  мұрасын  игеру  жөнiндегi  бағыт-бағдары  да  құптарлық.  “Ұлт 
тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, 
әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесiмен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие 
қылуға мiндеттi”. 
Мағжан  сонымен  бiрге  ұлт  тәрбиесiне  сын  көзiмен  қарап,  тозығынан  озығын 
айыра  бiлуге  шақырады.  “Киiз  үйдiң  зиянды  жағы  болғаны  сияқты,  –  деп  жазды  ол,  – 
пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа 
сол  киiз  үйде  болмағанда  қайда  болады?  Ал  балаға  таза  ауа  аса  қажет…  Малмен  бiрге 
жүрiп,  бiрге  өскен  қазақ  баласын  аса  нәзiк  қылып,  үлбiретiп  тәрбие  қылмағаны  дұрыс 
болмас…  Қазақ  баласының  тәрбиесi  қазақ  тұрмысына  қабысуы  мақұл”  дегендi  айтады. 
Яғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады. 
Автор  “Қазақ  бесiгi  –  аса  ұқыптылықпен  жасалған  нәрсе.  Жөргегi,  тартпалары, 
астындағы  тесiгi,  шүмегi,  түбегiмен  баланың  таза,  жинақы  жатуына  көп  себепшi”  дей 
келе, қазақ бесiгiнiң құрылымын  жетiлдiрудi  (қол,  аяқ бауларды жалпақ жасамау және 
қатты  тартып  байламау)  ұсынады  М.Жұмабаев  сол  кездегі  педагогика  ғылымын  оқу-
білім  беруден  гөрі  тәрбиелеуді  басымдықта  алып  көрсеткені  байқалды.  Тәрбиеге 
мұқтаждықтан  педагогика  пәні  туындады  дегенді  айта  отырып,  М.Жұмабаев  – 
педагогиканың  бала  өміріндегі  болашағын  өз  заманына  лайықтап  шығару  деген 
тұжырым жасаған. 1) «Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет» деген 
әзірет  сөзін  бірінші  жол  деп  есептеген.  2)  Әр  тәрбиешінің  қолданатын  жолы  –  ұлт 
тәрбиесі деп екінші жолды көрсеткен. 
Қазақ мектептерін құру үдерісіне қажетті педагогика екеніне айрықша мән берген 
М.Жұмабаев  ойлау  іс-әрекетінен  кейін  екінші  орында  тіл  нысанын  алған.  Егер  біздер 
М.Жұмабаевтың педагогикасындағы алгоритмге назар аударсақ, бірінші – ойлау, екінші 
тіл екендігін байыптаймыз. Сол себепті бір-бірімізге: «Сен қай тілде ойлайсың» дегенде 
ешбір  тілде  адамның  ойламайтыны  белгілі  болады.  М.Жұмабаев  жанның  жайын  жоққа 
шығару жолы – тіл деп қарастырған. Тілсіз, жүректен жарып шығар сезімдерді жеткізу 
мүмкін  емес  деп  қараған.  «Тілі  кем  адам  қор  болады  деп  ой  түйген.  Тіл  әрбір  адамға 

149 
 
осындай қымбат болса, ұлт үшін де қымбат, тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт, дүниеде ұлт 
болып жүре алмайды, ондай ұлт құрымақ» - деген ойларына бағаммен қарасақ, кеңестік 
дәуірдің басында қазақ халқының тіліне қауіптің төніп тұрғанын М.Жұмабаев сезгендей 
болжам жасағаны байқалады. Мұнымен бірге тілмен бірге құритын нысандары – ұлттың 
жері,  тарихы,  тұрмысы,  мінезі  –  деп  көрсеткені  бүгінгі  Ел  Президентінің  «Мәдени 
мұраны»  халқымен  табыстыруындағы  ұлт  мүддесін  рухани  құндылықтар  негізінде 
шешуі деп қабылдаймыз.  
Мағжанның  “Педагогикасы”  он  төрт  тараудан  тұрады.  Соның  он  тарауы  ұлттық 
психологияны  сөз  етедi.  Ол  жан  көрiнiстерiн  ол  “бiлу,  яки  ақыл,  сезiм  яки  көңiл,  һәм 
қайрат  деп  үшке  бөлiп  қарастырады.  Олардың  өзара  табиғи  үйлесiмiн  Абай 
тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, 
 Сонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру 
деп қарайды. 
Ол сыртқы сезiмдердi: көру,  есту, иiскеу, тату,  сипау  (ет  сезiмi) деп беске бөлiп 
қарастырып,  олардың  атқаратын  қызметiне,  ерекшелiктерiне  сипаттама  бередi.  Оларды 
дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi. 
Бұларды  жетiлдiруде  ұлттық  дәстүрге  сүйене  отырып  жүргiзудi,  мәселен 
құлынның  кiсiнеуiн,  қойдың  маңырауын,  түйенiң  боздауын  ажырата  бiлу  арқылы 
тәрбиелеудi  ұсынады.  М.Жұмабаев:  “Адамның  әдемiлiктi  сүю  сезiмiн  тереңдететiн  де 
осы есту сезiмi”, – дей келiп өз  пiкiрiн гректiң Орфейi, қазақтың Қорқыт күйлерi туралы 
ойларымен тиянақтайды. 
М.Жұмабаев адам өмiрiндегi қиялдың (фантазияның) рөлiне тоқтала келiп “Қиялы 
дамымаған  адам  мылқау  адам…  Қиял  адам  ойын  дамытады…  Ол  үшiн  балаларға 
жастайынан қиял-ғажайып ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi. 
Мағжан ой-қиялдың өрiстеудегi тiлдiң рөлiне тоқтала келе “Бiр ұлттың тiлiнде сол 
ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi көрiнiп тұрады… Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы  – 
ұлттың  құри  бастауы…  дегендi  айтады.Қорыта  келе  айтарымыз,  Мағжан  орыс 
педагогикасының  атасы  К.Д.Ушинскийше,  педагогиканың  жан  сырын  терең  зерттейтiн 
психология  ғылымы  мен  байланыстыра  қарастырады.  Сөйтiп,  ол  қазақтың  халық 
педагогикасы  ғылыми  тұрғыда  қарастырып,  тұңғыш  этнопедагогика  ғылымының 
теориясын жасаушы  болды. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Ғаббас Қабышұлы. «Қазақ әдебиеті» 2003 ж. 30 мамыр 
2.
 
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992 
3.
 
«Мағжанның педагогикалық мұрасы жайында». 
4.
 
Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004 
5.
 
Қоянбаев.Педагогика. Алматы. 
6.
 
С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында 
7.
 
С.Сеңкібаев. Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел 
8.
 
Б.Байменова. М.Жұмабайұлының педагогикалық мұрасы // Ұлт тағылымы. 
9.
 
М.Бағыбаева. М.Жұмабаевтың психологиялық мұрасы // Ұлағат. 2003. 
10.
 
Б.Бекматова. Мағжанның «педагогикасы // Ұлағат. 2003. №5 
11.
 
М.Бағыбаева. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие //Ұлағат. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет