Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



жүктеу 6.56 Mb.
Pdf просмотр
бет41/67
Дата24.03.2017
өлшемі6.56 Mb.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67

Bibliography

1. Collier, V.P. (1995). Directions in language & education. National Clearinghouse for Bilingual 

Education 1(4), 50-58. 

2. Crawford, J. (1998). Bilingual Education. Issues in US Language Policy. Retrieved October 16, 

2005, from http://ourworld.compuserve.com/homepages/JWCRAWFORD/biling.htm. 

3.  ERIC  Clearinghouse  on  Languages  and  Linguistics.  (2000).  Bridging  the  gap  for      English 

language  learners. 

The  ESL  Standards. 

Retrieved  on  October  15,  2005,  from 

http://www.ericdigests.org/2001-3/esl.htm. 

4. Furnham, A. (1993). Communicating in foreign lands: The cause, consequences,     and cures of 

culture shock.  Language, Culture, and Curriculum, 91-109. 

5. Handford, M. (2002). Developing socio-cultural competence in the ESL classroom. Nottingham 

Linguistic Circular, 1-16. 

 

 



ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Аюпов Фархад Идирисович 

Ә.Науаи атындағы №17 жалпы орта мектебінің 

қазақтілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

Кентау қаласы, ОҚО 

 

Қазіргі  таңда  біздің  Республикада  білім  берудің  жаңа  жүйесі  дайындалып,  әлемдік 



білім беру дәрежесіне енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, 

оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру 

деңгейіндегі  озық  технологияларды  пайдаланудың  мақсаты  алған  білімді  өмірде  қолдану. 

Білім  беру  саласында  озық  технологиялардың  енуі  мұғалімнің  ойлану  стилін,  оқыту 

әдістемесін өзгертеді.  Қазақ тілі пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты 

мақсаты - оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. 

Сабақта  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалану  оқушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын арттырады, сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. 

Қазақ  тілін  оқыту-қиын  да  қызық  жұмыс.  Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  оқытатын 

мамандарға қойылатын талап жаңа технологияларды пайдалана отырып, сапалы білім беру. 

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет.  

ХХІ ғасыр мұғалімі нені білу керек? 

1.Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді; 

2. Жаңа технология мәнін,алынатын нәтижелердің теориялық негізін; 

3.Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді; 

4. Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін; 

Инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке 

тұлғаны  жан-жақты  дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа 

педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. 


280


 ~ 

 

Мұғaлiмдep oқушының бiлiмi мeн дaғдысын дaмытуы, oқуын бapыншa дapaлaуы, қaлaй oқу 



кepeктiгiн үйpeнудi қaлыптaстыpуғa мән бepуi жәнe oны тұлғa peтiндe дaмытудa икeмдiлiк 

тaнытуы тиiс. (МAН 1дeңгeй, 57 бeт ).  

Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы-өздігінен білім 

іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  мән  беруіміз  керек.Білім  саласындағы  міндеттерді 

жүзеге  асыру  үшін,  мектеп  ұжымында  әр  мұғалім  күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық 

жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы 

оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан - жақты сауатты маман болу мүмкін 

емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік 

және  көптеген  адами  қабілеттің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді.  Өзін-өзі  дамытып,  оқу-

тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі.  Оқыту  мен  тәрбиелеуге  тың  әдіс-

тәсілдер  енгізілді.  Нәтижесінде  тұтас  педагогикалық  үрдістер  өзгертіліп,  білім  берудің 

тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез - келген оқыту технологиясы 

мұғалімнен  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік  білімді,  үлкен 

педагогикалық  шеберлікті,  шәкірттердің  жан  дүниесіне  терең  үңіліп,  оны  ұғына  білуді 

талап  етеді.  Сондықтан  оқушының  рухани  өсуіне  жағдай  туғыза  алатын,  жаңалықтарды 

қабылдауға  даяр,  өз  әрекетіне  өзгеріс  енгізе  алатын  педагогтар  ғана  бүгінгі  қоғамның 

мүддесі  мен  әр  баланың  үрдісінен  шыға  алады.  Ойы  жүйрік,  ақылы  жетік,  бәсекеге 

қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.  

Кембридж  тәсілінің  теориялық  негіздері  арқылы  жалпы  білім  беретін  мектептері 

педагогтерінің  үш  айлық  біліктілігін  арттыру  курстары  ұстаздар  қауымы  үшін  үлкен 

жаңалық, өзгеріс, жаңару десек қателеспейміз. 

Қазіргі  уақытта  білім  берудің  сапасын  жақсарту,  әдістемелік  негізін  өзгерту  заман 

талабына  сәйкес  туындап  отырған  қажеттіліктердің   бірі.  Себебі,  мектеп  күн  сайын 

көптеген  ғылыми  жаңалықтарға,  терең  әлеуметтік  өзгерістерге  толы.  Бұрын  оқу  үрдісінде 

мұғалім  басты  тұлға  болса,  қазір  оқушының   белсенділік  көрсететін  кезі  туды.  Сабақ 

мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Сабақ барысында оқушының ізденуі 

мен  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыра  отырып,  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру 

мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау 

технологиясы.  Сыни  ойлау  оқушылардың  ойлау  дағдыларын  дамытып,  оларды  оқу  мен  

өмірде   туындайтын   проблемаларды   өздігінен  шешуге  бағыттайды.  Осы  арқылы   сыни 

ойлау  оқушыларды  ақпаратпен жұмыс  жасауға,  жан-жақты  тұрғыдан  кез келген  жайтты 

талдауға,  бағалауға,  таңдау  жасап,  шешім  қабылдауға  баулиды.  Сыни  ойлау  әр  адамды  

табиғатындағы  менмендіктен   және  ортаға  тәуелділіктен   арылтады:  адам  басқалармен 

тиімді  қарым-қатынасқа  түседі,  олардың   артықшылықтары  мен  кемшіліктерін   сараптай  

біледі.  Сыни  тұрғыдан  oйлауды  дамыту  oқу  процесіндегі  күрделі  міндеттердің  бірі.  Осы 

мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі, сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету технологиясын 

тиімді қолданатын сабақ жоспарын жасап, қолайлы стратегияларды қолдана білу. 

Жалпы  «Сын  тұрғысына  ойлау  технологиясының»  тоқсаннан  астам  стратегиялары 

бар.  

Мeн  өз  сaбaқтapымдa  «Сыни  тұpғыдaн  oйлaуды  дaмытудың»  түpлi  стpaтeгиялapын 



қoлдaнып  кeлeмiн.  Бұл  әдiс  oқушының  жeкe  тұлғa  peтiндe  қaлыптaсуынa  өз  ықпaлын 

тигiзудe.  Oқытудa  сыни  тұpғыдa  oйлaуды  дaмытудың  стpaтeгиялapы  өтe  тиiмдi. 

Oқушылapды сыни тұpғыдa oйлaуды үйpeтe oтыpып, сыни тұpғыдa бaғaлaй бiлугe үйpeту. 

Қaзipгi зaмaн тaлaбы - сaндық тexнoлoгияны мeңгepгeн сaуaтты тұлғa дaяpлaу. Oқушының 

сaндық  сaуaттылығын  aшудa  мұғaлiмнiң  дe  сaуaттылығы  мaңызды  дүниe.  Бiлім 

ошақтарында oсы әдiс-тәсiлдepдiң жaқсы нәтижe бepeтiндiгiнe сeнiмдiмiн, сeбeбi жaттaнды 

oқу  eмeс,  өмipдe  қoлдaнуғa  қaжeттiгi  бap  бiлiмдi  игepу  -  қaзipгi  зaмaн  тaлaбы.  Мұғaлiм 

бeдeлi  жoғapы  бoлу  үшiн  үнeмi  iздeнiс  үстiндe  бoлуы  тиiс,  oл  үшiн  бip  тaқыpыптың  өзiн 

бipнeшe  тexнoлoгия  apқылы  түpлeндipiп  өтугe  дe  бoлaтындығы  aйқындaлды.  Мeктeптiң 

тәжipибeлi  ұстaзының  eң  нeгiзгi  aлдынa  қoйғaн  мaқсaты,  aлдындaғы  шәкipттepiнiң 



281


 ~ 

 

қызығушылығын  oятып  қaнa  қoймaй,  apттыpу  бoлaтын  бoлсa,  eндi  oғaн,  aлғaн  бiлiмiн 



өмipдe қoлдaнa бiлу қoсылып oтыp. 

Сыни тұрғыдан ойлау - бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.  

Жоғарыда  айтылғандай,  сыни  тұрғыдан  ойлау  тек  оқушылардың  ғана  емес 

мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын үйрену. Мұғалім сыни тұрғыдан ойлап оқушыға 

берілген тапсырмаларды түрлендіре білсе, сыни ойлайтын тұлға қалыптасады. 

Жалпы  сыни  ойлау  оқушылардың  ойлау  дағдыларын  дамытып,  оларды  оқу  мен 

өмірде  туындайтын   мәселелерді   өздігінен  шешуге  бағыттайды.  Осы  арқылы  сыни  ойлау 

оқушыларды   ақпарaтпен   жұмыс  жасауға,  жан-жақты   тұрғыдан   кез-келген   жайтты  

талдауға,  бағалауғa,  таңдау  жасап,  шешім  қабылдауына  баулиды.  Қорыта  келe  айтарым, 

сын тұрғысынан ойлаудың оқушы үшін, ұстаз үшін рөлі зор. Өйткені, келешекте жаңа білім 

беруде  жақсы  нәтижеге  жету  үшін  әрдайым  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  кері 

байланысты ескере отырып, оқушының ашылуына, өз пікірінің қалыптасуына дұрыс бағдар 

беріп,  жағдай  жасап  отыруымыз  үшін  көп  жұмыс  атқаруымыз  керек.  Мен  сабақтарымда 

көптеп қолданатын стратегияларым: 

 «Джигсо»,  «Ассоцация»,  «Кластер»,  «Бес  жолды  өлең»,  «Әдеби  үйірме»,  «Эссе»,  «ББҮ», 

«Түртіп  алу»,  «Миға  шабуыл»,  «Инсерт»,  «Екі  жақты  түсіндірме-күнделік»,  «Автор 

орындығы»,  «Үш  қадамды  сұхбат»,  «Сөзжұмбақ»,  «Кубизм»,  «Галереяға  саяхат»,  «Бірін-

бірі оқыту», «Дөңгелек үстел», «Сиқырлы қалам», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Пікірталас», 

«Құрылымдалған  шолу»  т.б.  және  әдіс-тәсілдерді  өзіме  қолайлы  етіп  сабақтың  әр 

кезеңдеріне ыңғайлап бөліп қойдым. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарымда 

қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көзім жетті.  

Жалпы  сын  тұрғысынан  ойлау   технологияның  жетістіктері  мынандай  болып  табылады: 

1. Оқушылар өз бетімен дайындалады; 

2. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына  еркіндік беріледі

3. Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді; 

4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді; 

5. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады; 

6. Топпен жұмыс істеуге дағдыланады; 

Тіл сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамыту мен қатар тұлға 

қалыптасытруда  маңызы  зор  екендігі  тәжірибе  негізінде  дәлелденуде.  Сын  тұрғысынан 

ойлау  технологиясы  -  ойлау  мен  ұштастыра  білім  алуды  бағыттайтын  оқыту 

технологиясы. Сабақ  беретін  сыныптарымдағы  оқушылар  бұл  әдіс-тәсілдерге  төселген, 

ережелерін  біледі,  басқарушылық,  көшбасшылыққа  ұмтылып,  өзін-өзі  басқара  алады. 

Сонымен  қатар  оқушылардың  оқуға  деген  ынта-ықыласының  артқандығын,  адами  жақсы 

қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен 

қатар  оқушылардың  басқаны  қабылдау,  түсіну,  сыйлауды  үйренгендігіне  көз  жеткізіп,  әрі 

қарай әдістемемді жетілдіруді мақсат етудемін.  

Әр  мұғалім  оқушыға  көпқырлы  сабақ  беретін  болған  соң,  қазіргі  жаhандану 

саясатына  сәйкес  жаңа  технологияны  өз  ыңғайына,  пәніне  лайықтап  пайдалануы  тиіс. 

Мұғалім  шеберлігі  -  ізденіс  нәтижесі.  Сондықтан,  орыстың   ұлы  педагог-ғалымы 

К.Д.Ушинскийдің  “Мұғалім  –  өзінің  білімін  үздіксіз   көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім, 

оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады”  – деген. Бұл  “Ұстаз” атты 

ұлы  сүрлеуге  соқпағын   салып  жол  тартқан  көкірегі  ояу,  көзі  ашық  әрбір  адамға  берілген 

елеулі  ескерту.   Сабақты  тартымды  өткізіп,  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін 

әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, 

әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану - өмір талабы. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1.

 



Қалиева Г. Жаңа технологиялардың тиімділігі. 

2.

 



Мұғaлiмгe apнaлғaн нұсқaулық. Бipiншi дeңгeй. 

3.

 



«Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» журнал – 2010 №3,5,2011 ж.ж.№5,10  

282


 ~ 

 

БАЛАНЫҢ АГРЕССИЯСЫ МЕН НЕГАТИВТІ СЕЗІМДЕРІН ЖОЮДАҒЫ 



ПСИХОТЕРАПИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Мадмусаева Муяссар Махсудовна 

«Айша - Биби» бөбекжай – балабақша психологы 

Кентау қаласы, ОҚО 



 

Құм  терапиясы  –  сыртқы  әлемнің  әрбір  заты  ессіз  күйдің  тереңінде  қандай  да  бір 

символды білдіретіні туралы айтылған Юнг теориясына құрылған арт-терапияның бір түрі. 

Құмдағы  сурет  ішкі  сезім  күйінің  қандай  да  бір  қырының  үш  өлшемді  бейнесі  ретінде 

түсінікті  болуы  мүмкін.  Санадан  өтпеген  проблема  құм  салғышта  көрсетіледі,  шиеленіс 

ішкі әлемнен сыртқы әлемге ауысады және көзге көрінетін болады.  

Құм  терапиясы–  жағымсыз  эмоцияларды  «құмды  жарып  жоқ  болатындай»  етіп 

жерге  сіңіретін  ерекше  қасиетке  ие,  сол  арқылы  адамның  көңіл  күйін  үйлесімдікке 

келтіреді.  Адам  құмда  өзін  жасаушы  ретінде  көрсетеді:  бір  өмірлік  сюжетті  екіншісі 

ауыстырады, бәрі келеді және кетеді, түзелместей бүлініп қалатындай ештеңе де жоқ, жай 

ғана ескі нәрсе қандай да бір жаңа нәрсеге ауысады. Осы сезімді адам бірнеше мәрте бастан 

өткерген  кезде  көңіл-күй  тепе-теңдігіне  қол  жеткізеді.  Балаларға  арналған  құм 

терапиясының мақсаты баланы қайта өзгертпеу, қайта жасамау, оны қандай да бір арнайы 

мінезқұлық  машығына  үйретпеу,  балаға  өзімен  өзі  болуына  мүмкіндік  беру.  Құм 

терапиясының міндеттері  

 



Өзін-өзі бағалауды дамыту және өзіне деген сенімге ие болу.  

 



Танымдық психикалық үдерістерді дамыту.  

 



Өз іс-әрекеттері мен қылықтарында жауапкершілікті қалыптастыру.  

 



Өзін қабылдау қабілеттерін дамыту.  

 



Өзіне сенім арту.  

 



Бақылау сезіміне ие болу.  

 



Босаңсу өнеріне үйрену.  

Балалармен жұмыс істеу кезінде құм терапиясын қолдану Бала үшін құммен ойнау – 

өзі  және  өз  проблемасы  туралы  айтудың,  эмоциялық  күйзелісті  жеңудің,  өз  эмоциясын 

көрсете және оларды игере білудің ең бір табиғи жолдарының бірі. Құммен ойнау кезінде 

жанасу  арқылы  сезінуге  акцент  жасалады,  сезуге  «мануалдық  зейін»  дамиды.  Дәстүрлі 

оқыту  және  дамыту  жаттығуларын  құм  салғышқа  ауыстыру  қосымша  әсер  береді.  Бір 

жағынан, баланың сабақтарға деген уәжі артады, екіншіден – танымдық үдерістердің дамуы 

неғұрлым  қарқынды  және  үйлесімді  жүретін  болады.  Құммен  жұмыс  істеуді  негізгі  үш 

түрге  бөлуге  болады  –  балалар  өз  дамуының  түрлі  кезеңдерінде  құммен  ойнау  үдерісі 

барысында жасайтын біріктіруші, неғұрлым көп таралған және жиі қайталанатын нысандар: 

–  құм  үстімен  белгілі  бір  манипуляциялар  жасау:  балалар  кішкентай  қалыптарды  құммен 

толтырады, құмның үстімен сызықтар жүргізеді, таңбалар қалдырып, төбешіктер жасайды; 

– құмға терең бойлау:  шұңқырлар мен тоннельдер жасау, сондай-ақ құмға заттарды көму, 

кейіннен оларды қайта қазып алу; – суды қолдана отырып жұмыс істеу: балалар суды құмға 

қалағанынша құюы мүмкін.[1] 

Баланың  белсенді  дамуы  құммен  ойнау  кезінде  жүзеге  асады.  Ең  алдымен  оларды 

құмның  қасиеттерімен  (сусымалы,  құрғақ,  дымқыл,  оған  қолды  немесе  басқалай  затты 

жасыруға болады) таныстыру қажет.  

Ұсынылатын ойындар тізбесі: 

 



«Ертегінің  суретін  сал»  Тәрбиеші  баладан  құмда  қандай  да  бір  заттың  суретін 

салуды  сұрайды  немесе  өзі  салады.  Мысалы  кішкентай  күн.  Содан  соң  балаларға  күн 

туралы тарихты, әңгіме барысы кезінде, кейіпкерлерді  – қызды, жаңбырды, қол шатырды, 

кемпірқосақты т. б. қоса отырып, толықтыра салуды ұсынады.  



283


 ~ 

 



 

«Бір мезгілде» Балаға бір мезгілде екі қолымен сурет салуды ұсыныңыз. Алдымен 

екі  домалақ  жіпті  «орауды»:  біреуін  –  оң  қолымен,  екіншісін  –  сол  қолымен  орауды 

ұсыныңыз.  Қолдардың  қимылы  синхронды  болуы  тиіс,  айырмашылығы  тек  сол  қолмен 

шеңберді сағат тіліне қарама-қарсы, оң қолмен – сағат тілі бойынша сызу қажет. Содан соң 

2 шеңбер, 2 шаршы, 2 үш бұрыш салады.  

 

«Еске  түсіру»  Реттік  санауға  үйрету  үшін  құмнан  бес  шағын  төбешіктер  жасау 



керек. Олардың біреуіне қандай да бір затты жасырып, баладан оны сіздің еске салуыңыз 

арқылы  табуды  ұсыныңыз:  «Сол  жақтағы  екінші  төбешіктен  ізде»  немесе  –  «Оң  жақтағы 

төртіншіден». Реттік есептеуді меңгеруіне қарай төбешіктер саны 10-ға дейін артуы мүмкін. 

 



 «Әріпті емде» Кез келген әріптің бір бөлігін жазыңыз, бірақ ол әріп танитындай 

болуы  тиіс.  Баладан  «науқастанған  әріпті»  оның  жетіспейтін  элементінің  суретін  аяқтап 

салу арқылы емдеуін сұраңыз.  

 



 «Ұсақ  тастардан  жасалған  вензельдер»  Алдынала  дайындалған  құмда  атыздарға 

ұсақ  тастарды  төсеу  арқылы  ірі  әріптер  құралады.  Бір  әріптен  қысқа  сөздерді  тастардан 

төсеп жасауға көшуге болады. 

Арт-терапия  –бұл  өнер  мен  шығармашылыққа  негізделген  психотерапиялық  және 

психологиялық  түзету  түрі.  Сөздің  кіші  мағынасында  арт-терапия  деп  психоэмоциялық 

көңіл-күйге  әсер  ету  мақсатындағы  бейнелеу  өнері  терапиясын  түсінуге  болады.  Арт-

терапия  әдістері  заманауи  сауықтыру  жүйелерінің,  дербес  және  рухани  дамыту  жөніндегі 

авторлық  әдістемелердің  бір  бөлігіне  айналып  отыр.  Олар  түрлі  жастағы  және  әлеуметтік 

санаттағы  адамдармен  жұмыс  кезінде  белсенді  түрде  қолданылады.  Қазіргі  кезде  әдістің 

мынадай пайдалы қасиеттері анықталған: 

 

 Мүсіндеуді,  сурет  (қарындашпен,  бояулармен)  салуды  пайдалану  –  агрессияны 



және жиналып қалған теріс эмоцияны қайтарудың қауіпсіз және әлеуметтік қолайлы тәсілі.  

 



 Ішкі  күйзелістермен  соқыр  сезімніңшиеленісуі  көру  бейнелерінің  көмегімен 

жеңіл және ауыртпашылықсыз білінеді.  

 

 Орасан  зор  ақпарат  саны  терапия  үдерісі  кезінде  барлық  диагностикалау 



жұмысын түсінуге негіз болып табылады.  

 



 Адам өзі аңғара бермейтін ең терең сезімдерді білдіруге мүмкіндік береді, 

өйткені соқыр сезім шығармашылық үдеріске белсене қатысады.  

 

Эмпатияның  топтануына,  дамуына  және  терапиялық  өзара  әсердің 



нығаюына ықпал етеді. 

 Шығармашылық үдеріс кезінде түрді, түсті және текстураны таңдау және пайдалану 

қажеттілігі  белгілі  бір  шоғырлануды  және  ұйымдастырушылықты  талап  етеді  және  ішкі 

бақылауды  қалыптастыруға  көмектеседі.  Осы  уақытқа  дейін  жасырын  болып  келген 

дағдылар мен дамуды анықтау үдерісі кезінде пайда болатын қанағаттанушылық сезімі арт-

терапияның  жанама  тиімділігі  болып  табылады.  Бұл  адамға  өзінің  дербес  құндылығын 

сезіну әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.Балалармен жұмыс кезінде арт-терапияны дұрыс 

қолдану  жақсы  нәтижелер  беруі  мүмкін.  Өйткені,  адам  психикасы,  оның 

ішіндебалаларпсихикасысаналыжәне  санасыз  болып  бөлінеді.  Барлық  күйзелістер,  қатты 

әсер  ететін  оқиғалар,  жайсыз  эмоциялар,  егер  олар  бастан  үйлесімді  түрде  өтпеген  болса, 

біраз  уақыт  өткенненкейін  саналыкүйден  санасыз  күйге  ауысады.  Ол  жақта,  үрей, 

бастығырылу,  шектен  тыс  қыңырлық  немесе  әсерленгіштік  түрінде  пайда  болады. 

Психиканың  жағымсыз  күйзеліс  сезімдерін  үнемі  сезінуден  қорғайтын  сарбаздар  сияқты 

тетіктері  бар.  Алайда  олар  сол  сезімдермен  жұмыс  істеуге  кедергі  де  келтіреді.  Өйткені 

балаға кейде, дәрігерден қорқудың қажет еместігін, ересек монстрлардың шын мәнінде жоқ 

екендігін,  ал  ата-аналардың  ешқайда  кетпейтінін  айтып  түсіндіру  өте  қиын.  Бұндай 

«алынбас» күйзелістермен жұмыс істеу үшін, қорғау механизмін жұмсақ және биязы, ойын 

түрінде жеңіл айналып өтетін, баланың бойында қандай күйзеліс бар екенін түсінуге және 

байқатпастан  оларды  түзетуге  мүмкіндік  беретін  арт-терапия  қажет.  Арт-терапия 

ерекшеліктері 



284


 ~ 

 

-Құм терапиясы  



-Күлкі терапиясы 

 -Анимал терапиясы  

-Ертегі терапиясы  

-Гүл терапиясы 

 -Су-Джок терапия  

-Музыка терапия  

-Ойын терапиясы  

-Қозғалмалы би терапиясы  

-Драма терапиясы  

-Киндер-сюрприз  

-Қуыршақ терапиясы  

-Саз-балшық терапиясы  

-Фото терапиясы т.б  [2] 

Арт  терапияның  іші  тұнып  тұрған  сиқырлы  әлем.  Оның  сиқырлы  ерекшеліктері- 

музыкалық  терапия,  қозғалмалы  би  терапиясы,  драма  терапиясы,  ертегі  терапиясы,  ойын 

терапиясы,  қуыршақ  терапиясы,  анимал  терапия,  гүл  терапиясы,  фото  терапия,  оригами, 

этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска 

терапиясы  т.б.  Осы  айтылғандарға  жекелей  қысқаша  тоқталсақ.  Музыка  терапиясы  –  бұл 

психотерапиялық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, 

дәрілік  зат  ретінде  қолданылады.  Музыка  –  адам  жанының,  оның  ең  сырлы  сезімдерінің, 

ұмтылысы  мен  арманының  негізі.  Ол  адамның  ішкі  дүниесінің  терең  негіздерін 

қозғайды.Музыканың  терапевтикалық  әсері  бұрынғы  заманнан  бері  белгілі.  Музыка 

терапиясы  –  адамның  жүйке  жүйесінің  шаршауы  мен  қажуын,  көңіл–күйін  ретке  келтіру 

мақсатында  қолданатын  психотерапиясының  бір  әдісі.  Балаға  музыка  арқылы  жағымды 

әсер  етудің  өзіндік  әдіс–тәсілдері  бар.  Бұл  әдісті  белгілі  бір  жүйемен  қолдана  білу  аса 

маңызды.  Ол  үшін  баланың  жас  ерекшелігі,  дәл  сол  сәттегі  жағдайы,  психикалық 

өзгерістері,  оның  себептері  туралы  мәліметпен  таныс  болу  шарт,  әйтпесе,  кез  келген 

жағдайда музыка терапиясын қолдану өз нәтижесін бере бермейді. Музыка арқылы балаға 

психологиялық  әсер  етуде  әуенді  үш  түрлі  сипатта  қолдану  керек:  тыныштандыратын 

әуендер, жігерлілік тудыратын әуендер, босаңсытуға арналған әуендер (релаксациялық). Әр 

әуенді  тыңдау  ұзақтығы  3-4  минуттан  аспағанын  қадағалау  керек.  Әуендерді  тыңдап 

болғаннан  кейін  әрқайсысының  көз  алдында  елестеген  бейнелер,  фантазиялар, 

ассоциациялар  туралы  талдаулар  жүргізу  –  адамның  музыканы  тыңдап,  қабылдай  алу 

қабілеті  мен  түйсіне  алу  сезімдерін  сезіне  алуымен  қатар  шығармашылық  қабілеттілікті, 

және  эстетикалық  сана  мен  талғамын  қалыптастыруға  көмектесеі.  Бейнелеу  терапиясын 

қолданудың  негізгі  мақсаты  –  баланың  немесе  ересек  адамның  қандай  да  бір  қимылды 

таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру 

болып табылады.[3] Сурет салу – ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту 

түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. 

Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын 

малып  қағаз  бетіне  із  қалдыруды  жақсы  көреді.  Бала  бояу  түрін  өзінің  жай  күйіне 

байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. Саусақ живописі  – 

ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр 

түске  матыру  арқылы  парақ  бетіне  әртүрлі  сызықтар,  нүктелер,  саусақ  ұшы  таңбасының, 

алақанның  көмегімен  бейнелеу.  Бұл  әдіс  арт-педагогика  мен  арт-терапияда  белсенді 

қолданылады. Бейнелеу өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл кескіндемедегі бояу түстері. 

Ішкі  сезіміңді  сөзбен  ғана  емес,  қолыңа,  бояу,  түрлі-түсті  қарындаш  алып  сурет  салу 

арқылы білдіруге болады. Егер бала бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл-күйі түсіп кетсе, 

дереу  сурет  сала  бастаса  оның  бойындағы  жағымсыз  эмоция  кетіп,  көңілі  бірленеді. 

Анималды  терапия  немесе  зоотерапия.  Ғалымдар  көне  замандағы  ескі  әдістерді 

жаңғыртуды  қолға  алған.  Оның  ішінде,  ұмыт  болған  жануарлармен  емдеу  әдісін 


285


 ~ 

 

қолданысқа  енгізіп  отыр.  Анимал  терапия  –  латын  тілінен  аударғанда  «animal»  –  жануар, 



яғни,  хайуанаттар,  ал  «анимал  терапиясы»  –  хайуанаттардың  және  олардың  бейнелерін 

пайдалану  арқылы  психофизиологиялық,  психотерапевтік  және  бейімделу  көмегін 

көрсететін терапия түрі. Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. 

Оның  ішінде,  ұмыт  болған  жануарлармен  емдеу  әдісін  қолданысқа  енгізіп  отыр.  Бұл 

терапияда хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде, ойыншық түрінде, 

әрине,  араласқанда  қауіпсіздігі  қамтамасыз  етілген  табиғи  кейпінде  де  қолданылады. 

Жүргізілген түрлі  тәжірибелер хайуанаттардың балаларға жағымды  әсер  еткенін дәлелдеп 

отыр.  Қазіргі  таңда  анималды  терапия  дамыған  елдерде  дәлелденген.  Сондай-ақ, 

хайуанаттардың  адамға  әсерін  бақылап,  зерттейтін  арнайы  ғылыми-зерттеу  институттары 

құрылған. Қозғалмалы би терапиясы – бұл баланың әнге ырғақты би билеп, ән әуенін сезіне 

алуына ықпал ету. Баланың жағымсыз көңіл-күйін, яғни мұңаю, жылау, мазасыздану тағы 

да сол сияқты жағдайға душар болудан . Осындай көңіл-күйден шығу үшін би терапиясы 

көмектеседі.  Көтерінкі  музыка  әуенін  есту  арқылы,  балалар  ырғақты  би  билеп  олардың 

көніл-  күйін  емдейміз.  Би  терапиясы  өзінің  даму  тарихын  шығармашылық  биден  алады. 

Ерте  заманда  би  –  сөзбен  айтып  түсіндіре  алмайтын  кейбір  ойлар  мен  сезімдерді  жеткізу 

құралы  болған.  Спонтандық  әрекеттер  мен  дене  қимылы  адам  тілі  шықпай  тұрған  кезде 

қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті. Тіпті бидің көмегімен ауру адамдарды емдеуге 

тырысты.  Биге  еліктеушілер  өздерін  орманның  қаһарлы  жыртқыштарымен  немесе 

мыстанмен, әруақтармен теңестірді. Кез-келген мәдениеттің өздерінің халық билері болады. 

Оларды  бір  жағынан  –  күнделікті  мәселелерден  босау,  екіншіден  –  қарапайым  халықтың 

мінез-құлқықтары  мен  салт-  дәстүрлерін  көрсетеді  деп  қарастыруға  болады.  [4]  Күлкі 

терапиясы  –  көтеріңкі  көңіл-күй  мен  шаттыққа,  ерекше  сезімге  бөлейтін  қуанышты 

терапия.  Бұл  терапияға  балалардың  мерекелік  шараларын,  ұйымдастырылған  оқу  іс- 

әрекеттерін, отбасылық мерекелер, күнделікті тұрмыстық өмір, тағыда сол сияқты көңілге 

шаттық  орнатып,  жүзіне  күлкі  үйілтер  қуанышты  мерекелерді  жатқызуға  болады.  Күлкі 

терапиясының  мақсаты  –  бүлдіршін  жүзіне  күлкі  сыйлау  арқылы  рухани  дүниесін  емдеу 

болып табылады. Қазіргі таңда әлемде гепотология деп аталатын жаңа ғылым пайда болды. 

Басқа атауы – күлкі терапиясы. Бұл ғылымның кеңінен зерттелетін жөні бар. Себебі, күлкі 

адам  ғұмырының  ұзақ  болуына  ықпал  жасап  қана  қоймай,  ағзаға  оң  пайдасын  тигізеді. 

Гепотология ғылымын зерттеп жүрген невролог-дәрігер Уильям Фрайдың айтуы бойынша: 

«Күлкі  –  тыныс  алу  жолдарындағы  қан  тамырларының  жұмысын  жақсартып,  адамды 

сабырлы болуға итермелейді. Жүзінен күлкі кетпейтін жандар басқаларға қарағанда стресс 

пен депрессияға сирек шалдығады. Ертегі терапиясының бала денсаулығына тигізер үлесі 

орасан  зор  екені  сөзсіз  айдан  анық.  Бірақ,  қазақ  үшін  бұл  таңсық  емес.  Бұл  жұрттың 

болашағы  құндақтағы  кезінен  бесік  жырын  естіп,  сөз  түсінетін  жасқа  жеткенде 

фольклордың барлық түрін апа, әжелерінің аузынан тыңдап, адамгершілік нормалары мен 

өмір  сүру  ережелерін  ауыз  әдебиетінен  үйренген.  Ертегі  терапиясы  –  психотерапияның 

құрамдас  бөлігі.  Баланың  ертегі  сюжетіне  әсерленуі,  кейіпкердің  қиыншылықтарына 

алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей 

дайындығын туындатады.[5] 

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет