Прогнозирование и моделирование общественно-политических процессов



бет1/16
Дата22.06.2023
өлшемі140,08 Kb.
#103003
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Т-5. Конституциялық құрылым негіздері мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар


Султанов С.И.
Еуразиялық Технологиялық Университет
Евразийский Технологический Университет

Дәріс жоспары:

  • 1. Конституциялық құрылым негіздері мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы.
  • 2. Жекелеген түрлері.

Конституциялық құрылым негіздері мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы сипаттамасы

  • Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен конституциялық құрылымының қалыпты қызметін, оның егемендігін, мемлекеттің сыртқы әрі ішкі қауіпсіздігін реттейтін қатынастар – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің «Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталатын 5-тарауындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы объектісі болып табылады.
  • Бірқатар құрамдарда қылмыстық құқықбұзушылық пәні ретіндегі белгінің өз алдына жеке маңызы болады, мысалы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтер немесе құжаттар (ҚР ҚК 185, 186 баптары)
  • Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбінің объективтік жағы әрекетті құрайды (адам қайраткершілігінің белсенді түрі), сондай-ақ тек кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар әрекетсіздік арқылы жасалуы мүмкін (адам қайраткершілігінің белсенсіз түрі), мысалы мемлекеттiк құпияларды жария ету немесе мемлекеттiк құпиялары бар мәліметтер жеткізгіштерді жоғалту (ҚР ҚК 185, 186 баптары) әрекетсіздік нәтижесінде де орын алуы мүмкін.

Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар cубъекті мен субъективтік жағы

  • Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъекті – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға.
  • Кейбір құрамдар бойынша арнайы субъекті қарастырған – Қазақстан Республикасының азаматы (ҚР ҚК 175-бабы), шетелдік азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға (ҚР 176-бабы) және басқа да жағдайларда арнайы субъект көзделген баптар кездеседі. Мәселен, ҚР ҚК 182-бабымен көзделген экстремистік топ құру, оған басшылық етуді немесе оның әрекетіне қатысуды өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған адам немесе оны жасаған қоғамдық бiрлестiк лидері (ҚР ҚК 182-бабы 3-бөлігі). Сондай-ақ ҚР ҚК 183-бабы бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру құқығы бар тұлға және т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет