Психокоррекция на каз



Pdf көрінісі
бет1/59
Дата18.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#84040
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59


ТРЕНИНГТІК БАҒДАРЛАМАЛАР 
Тренинг - оқу қызметінде жəне өмірдің түрлі салаларында практикалық 
дағдылар мен қабілеттіліктерге үйрететін эффективті оқу формасы болып 
табылады. Тренинг өзіңді жəне қоршаған əлемді өзгертуге мүмкіндік береді. 
Қатысушылар ойлау мен əрекетерінде жаңа стратегиялар калыптастыруына, 
оны ойланбастан қолдануына көмектеседі - бұл тренингтің ең басты 
құндылығы. 
Біз көп білеміз, алайда оны қолданбаймыз, ал біздің ы шешудің 
жолдарын талкылауға мүмкіндік береді. 
Тренинг əрбір қатысуға əсер ететін энергетикаға толы, біріккен топта 
өтеді. Ал бүкіл топ тек бір ғана адамға жұмыс істегенде - ол жағдайды тиімді 
жəне тез арада шешуге көмектеседі. 
Берілген тапсырмалар кіші сынып оқушыларына, жасөспірімдерге
студенттер мен еңбек ұжымына да қолдануға болатын бағдарламалардан 
тұрады. Тренингтің эффективтілігі оның мақсаты, заңдылықтары мен 
тындаушылардың сұраныстарына ғана емес, сонымен қатар, жүргізілу 
сатыларына байланысты болады. Бірінші сатыда - тыңдаушылардың 
танымдық процесстеріне екпінін қою керек. 
Екінші сатыда тренинг қатысушыларының шығармашылық ойлауының 
негізі-дивергентті ойлауын дамытуымыз өте маңызды. 
Үшінші саты - тыңдаушылардың жетістікке жетудегі жəне оны 
қалыптастырудағы адекватты өзіндік бағалауына арналады. Тренингтік 
жаттығуларда сіз өзіндік бағалауды көтеруге мүмкіндік беретін 
тапсырмалармен танысасыз, ал топтың ұйымдастығы жаттықтырушыға 
тренингті сəтті аяқтауға көмектеседі. 
Берілген тренингтік жаттығуларды құрылысшының, жазушының немесе 
мүсіншінің құрал-саймандарымен салыстыруға болады. Бұл тапсырмаларды 
тізбектілік, түсіндірулер қоса отырып, талкылай отырып, топта жəне жеке 
индвидуалды жұмыста қолдануға болады. Мұндай өзара əрекеттесу мəселелік 
аймақтарды жəне адамның жеке сферасын таразыдан өткізеді. 
Тренингтің негізгі функциясы-кең көлемдегі даму. Тренинг-бұл өзгеру
мазмұны жөнінен адам мүмкіндіктерін кеңейтетін позитивті өзгерту. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет