Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


КЕЙІПКЕР АТТАРЫНЫҢ ЭТНОТАНЫМДЫҚ АРНАСЫ



бет72/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   111
3 КЕЙІПКЕР АТТАРЫНЫҢ ЭТНОТАНЫМДЫҚ АРНАСЫ


3.1 Кейіпкер аттарындағы салт-дәстүрдің ұлттық-мәдени бейнесі
Әр халықтың мәдени тұрмысын, әлемдік мәдениеттің, өркениеттің ауқымында сөз ету мәселесі тіл ғылымының тамырын тереңге жайған этнолингвистика саласының жан-жақты зерттелуінен туындап отыр. Қазақ – қалжыңқой халық, сын-сықақ, әзіл-оспақты сүйеді. Демек, сатира қазақ халқының әр кездегі салт-санасының көрінісі, жан сыры.
Этнолингвистика – қазақ тіл білімінде бұдан жиырма жыл бұрын тың да ерекше ғылым саласы болатын. Түбіріне қарап біржақты, яғни этнос тілін зерттейтін макролингвистиканың бір тармағы ретінде ұғынылды. Ал бүгінде этнолингвистиканың қарымы мен ауқымы анықталынып, этнографиялық лексикамызды зерттеудің түрлі жолдары мен бағыты жолға қойылды. Көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды, проф. М.М.Копыленко «Основы этнолингвистики» деген еңбегінде «қазақ этнолингвистикалық мектебі қалыптасты» деп түйеді. Ол мектептің көшбасшысы Ә.Қайдар және бір топ ғалымдар Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, К.Ш.Хұсайын т.б. ғалымдар осы этнолингвистика саласында өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленеді.
Акад. Ә.Қайдардың пайымдауынша «тіл әлемі» дегеніміз – этнос болмысына қатысты мыңдаған, тіпті миллиондаған мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі. Тіл әлеміндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі қолданылатын «үстіңгі қабатындағы» мағыналық бірліктер негізінде ғана емес, сонымен қатар оның төменгі қабатарына, қойнау-қолаттарында тұнып жатқан (бүгінде сирек қолданылатын) сөз маржандары арқылы да жаңғыртуға тырысады. Этностың болмысын, табиғатын, тіл феномені арқылы танып-білуден туындаған жаңа да дербес сала. Бүгінгі этнолингвистика қазақ тілінің лексикалық байлығын жеріне жеткізе қамтып, індете зерттеуді мақсат етеді.
Этнолинвистиканың негізгі зерттеу нысаны – этнолексика. Бұлардың этнографиялық мазмұнын, түсінік-ұғымдарын микрожүйелерге бөліп алып, көненің көзіндей дүниелерді жасалу мотиві мен негізін, логикалық ойды бейнелейтін ұлттық ерекшелігін анықтауға бағытталады. Бүгінгі қазақ этнолингвистикасы қазақ тілінің лексикалық байлығын жеріне жеткізе қамтып, індете зерттеуді мақсат етеді. Этнолингвистикалық зерттеулердің өзіндік бір ерекшелігі – әдеттегі (түсіндірме, екі тілдік, терминдік, этнографиялық т. б.) сөздіктерге ене бермейтін құнарлы да сапалы, бейнелі де көркем, көне де байырғы сөз өрнектерін, тіпті айтуға тыйым салынған «ұят» сөз деректерді де, әзіл-қалжыңдарды да қамтуында.
Көркем шығармалардағы кейіпкер аттарын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу – антропонимияның келелі де қызықты мәселелерінің бірі. Оларды жүйелеу арқылы халықтың қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, этикалық дәстүрі, ұлттық психологиясы, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы мен танымы туралы мағлұмат алуға болады, одан бүкіл этнографиясының пішім - бейнесі толық аңғарылады. Әр халықтың мәдени тұрмысын, әлемдік мәдениеттің, өркениеттің ауқымында сөз ету мәселесі тіл ғылымының тамырын тереңге жайған этнолингвистика саласының жан-жақты зерттелуінен туындап отыр. Зерттеуге алынған поэтонимдердің семантикасын қарастырғанда сол онимдік бірліктердің бойындағы мағына – күнделікті өмірде қолданылатын «үстіңгі қабаттағы» лексикалық мағыналары ғана. Ал олардың екінші деңгейдегі «ауыс» мағыналары түсінікті болғанымен, пайда болу уәжділігін бірден айтып беру оңай емес, өйткені олардың астарында этнолингвистикалық факторлар жатыр. Таным үрдісінде адамзатқа, ең алдымен шындықты көркем түрде бейнелеу қажеттігі туады. Соның әсерімен жасалған көркемдік әлем адам баласының үйлесім мен жарасымдылыққа ұмтылысын қанағаттандырады. Осыдан кейін ғылыми талдау мен қорыту, дерексіз ұғымдар мен түсініктерді белгілуге мүмкіндік беретін таным жолы ашылады.
Ономастикалық бірліктерді зерттеу дәстүрге айналған әр түрлі аспектілерде іске асады. Солардың бірі – этнолингвистикалық аспект, яғни ұлттық қөзқарас, ұлттық ерекшелік, ұлттық болмысты ескере отырып, ұлттық менталитетінен хабар береді. «Қазақ тілінің лексикасы – қат-қабат, сарқылмас мол қазына. Онда мағынасы күңгірттеніп қолданыстан шығып қалған, өткен өмір мен ескірген әдет-ғұрыпты бейнелейтін әртүрлі кәсіпке байланысты ұмыт болған атаулар мен сөз тіркестері көптеп кездеседі. Атап айтқанда, мал бағуға, саятшылыққа, зергерлікке т.б. байланысты атауларда, соларға қатысты туған сөз тіркестер мен фразеологизмдерде халқымыздың басып өткен бүкіл ізі жатыр» [146,53 б].
Көркем шығармалардағы кейіпкер аттарын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу – поэтикалық ономастиканың келелі де қызықты мәселелерінің бірі. Шынайы өмірде кісі есімдері халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі және ырым-жоралғыларына байланысты қойылады. Оларды жүйелеу арқылы халықтың қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, этикалық дәстүрі, ұлттық психологиясы, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы мен танымы туралы мағлұмат алуға болады, одан бүкіл этнографиясының пішім - бейнесі толық аңғарылады.
Этнолингвистиканың негізгі міндеті – тіл байлығы негізінде халықтың рухани өмірін, салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын жан-жақты көрсету. Зерттеуге алынған поэтонимдердің семантикасын қарастырғанда, сол онимдік бірліктердің бойындағы мағына күнделікті өмірде қолданылатын лексикалық мағыналарын ғана қарастырдық. Ал олардың «екінші деңгейдегі ауыс» мағыналары түсінікті болғанымен, олардың пайда болу уәжділігін бірден айтып беру оңай емес, өйткені олардың астарында этнолингвистикалық факторлар жатыр. Соның әсерімен жасалған көркемдік әлем адам баласының үйлесім мен жарасымдылыққа ұмтылысын қанағаттандырады. Осыдан кейін ғылыми талдау мен қорыту, дерексіз ұғымдар мен түсініктерді белгілуге мүмкіндік беретін таным жолы ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет