ӘОЖ 615.82
КБЖ 53.54
С 12
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
биология және биотехнология факультетінің
Ғылыми кеңесі және
Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған
Пікір жазғандар:
биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Р.Б. Лесбекова
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Д.Т. Оңғарбаева
педагогика
ғылымдарының докторы, профессор
О.Ю. Фадеева
Сабырбек Ж. Б.
С 12 Массаж және оның әдіс-тәсілдері: оқу құралы. – Стер. бас. –
Алматы: Қазақ университеті, 2020. – 122 б.
ISBN 978–601–04–0122–8
Оқу құралында автор массаждың шығу тарихына тоқталып, оны
жасаудың әдіс-тәсілдері мен ағзасына тигізетін пайдасы, физиологиялық
әсерлері туралы толық сипаттама берген.
Ұсынылып отырған жұмыс
жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттерге, емдік сауықтыру
орындарының массаж жаcап қызмет етушілерге көп септігін тигізетіні
анық.
ӘОЖ 615.82
КБЖ 53.54
ISBN 978–601–04–0122–8
© Сабырбек Ж.Б., 2020
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2020
3
КІРІСПЕ
Массаж туралы ұғым
Массаж – француз тілінен шыққан, ысқылау деген мағынаны
білдіреді, оның өзі түпкі тамырын араб тілінен алған (арабша
«mass» – жақындау, сипалау).
Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу істері басталған,
оның ішінде массаж да болған. Бұған айғақ 1841 жылы Египет
қолбасшысы табытының ішінен папирус жапырағына жазылған
массаждың тәсілдері табылған.
Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған.
Көз тартарлық дүниенің ішінде екі
адамның бірін-бірі сипалап
отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия
патшасы Санхирибаның (біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж.)
дүниесі еді.
Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әртүрлі майларды
уқалап жағуды египеттіктерден үйренген екен...
Ежелгі Греция халқының спортшылары сайыстың алдында
және соңынан денелерін майлатып, артынан Ніл өзенінің жаға-
сы нан әкелген ұсақ құммен ысқылатқан екен.
Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің
атақты дәрігері Геродикос. Оның оқушысы Гиппократ аурулар ға
массажың илеу-жұмсарту-мыжу тәсілін кеңінен қолданады.
Массаж ертедегі Грециядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Ак-
слепиад (біздің дәуірге дейінгі 156- 128 жж.) массажды құрғақ
және майлы, күшті
және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге
бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың
4
қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «Медицина туралы»
кітабының бір тарауын массажға арнаған. Массаждың өрлеуіне
үлкен көмегін тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірге
дейінгі 131-120 жж.)
Массаждың етек алып дамуына дүниежүзіне әйгілі ғалым,
жазушы, астроном, орта ғасырдағы үлкен тұлға – Әбу Әли – Ибн
Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әр түрін
талдап берді. Мәселен, күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз
– босатады, ұзақ –
адамды арықтатады, орташа – құлпыртады,
даярлық – дене тәрбиесіне икемдейді. Ғалымның берген осындай
анықтамалары – емдік, спорттық массаждың негізін құрады.
Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі.
Өйткені ол тек қолмен емес, аяқпен де жасалады.
Массаждың шыққан тегі өткен ғасырларда екенін білдік.
Оның кең тараған, алғаш ашылған жері біздің көршіміз Қытай елі
болатын. «Най-цзин» (ішкі құрылыс кітап атты қолжазбада осы-
дан 3000 жыл бұрын жазылған) және көп ескі әдеби еңбектерде
массаждың қандай ауруларға қолданылғаны туралы жазылған.
Массаждың техникасы, методикасы, әдісі, тәсілі осыдан 100 жыл
бұрын реттеліп, баспа бетінде берілген.
Ежелгі Үндістанда «Аюр Веды» («Ғылыми өмір») атты
3 кітаптың біздің дәуірімізге дейін 1800 жыл бұрын шыққан
бөлімінде массаж туралы толық жазылып,
оны қандай ауруға
қолдану керектігі атап көрсетілген.
Славян елдерінде массажды моншада бейнек (сыпырғыш)
арқылы сабалап жасаған.
Массаж туралы туындылар көп болғанымен, бізге жеткені
шамалы, қазірдің өзінде біреуі білсе, екіншісі білмейді. Тек
XIX ғасырдың екінші жартысында массаждың физиологиялық
қасиетін ашпақ болған. Оның әсерін ғылыми тұрғыда, тек
И.П. Павловтың жоғары жүйке жүйесінің теориясы жарық көрген
кезде ғана айта алатын халге жетті.
Массаж – халықтық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық
жер шарына кеңінен тараған. Сондықтан
емдеу әдістерінің ең
негізгі тарауы болып құрамына кіреді.
Қазіргі кезде Шығыс және Батыс массажы деп екіге бөлінеді.
Батыс массажына классикалық және сегментарлық, ал Шығыс
массажына нүктелі (бір нүктеге қарап) және жүйелі (дененің
бөлігіне жасау) массаждар жатады.
Кейінгі кезде өскелең өмірдің талабына байланысты мас-
саждың тәсілдері мен әдістері де толықтырылып келеді. Оның
жаңа қолайлы түрлерін ойлап шығаруға ұмтылуда. Дегенмен
қазақ тілінде шыққан туындылар жоқтың қасы. Ол қазақ тілінде
массаж болмады деген сөз емес,
соны жеткізіп, халық арасына
тарататын мамандардың жеткіліксіздігі. Мәселен, омыртқа тұта-
сып ауырғанда балалардың аяғы мен нығарлап бастыру немесе
бір қолмен теріні тартып, екінші қолмен үзу, іскен жерді сипау,
сынған сүйектерді қолмен сылап – сипай отырып орнына түсіру.
Осының бәрі біздің елде массажды ғасырлар бойы емдік мақсатта
шеберлікпен қолданылғанның айғағы.
Массаждың осындай қарапайым түрлерінен адамдар жеңілдік
алады: құрысқан жері жазылып, ауырған жері басылып, көңіл-
күйі көтеріледі, сергиді.
Медицинаның дамуына байланысты соңғы жылдары барлық
емдеу-профилактикалық орындарында массаж бөлмелері ашыла
бастады. Білікті мамандар да жыл өткен сайын көбеюде. Массаж
халықтық медицинадан ресми түрде ғылыми медицинаға ауысты.