Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы


Пайда мен рентабельділік кəсіпорындардың қаржы нəтижелерінің қорытындысы



бет115/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   184
Пайда мен рентабельділік кəсіпорындардың қаржы нəтижелерінің қорытындысы

Кəсіпорындардың өндірістік-шаруашылық жəне қаржылық қызметтерінің негізгі көрсеткіші болып, қаржы нəтижесі, яғни өндірістің тиімділік жүйесі жатады. Бұл жүйеде пайда мен рентабельділік көрсеткіштері сипатталады жəне олардың даму немесе кему процестері анықталады. Демек, кəсіпорындардың қаржы жағдайларын қарастыру болып табылады.

Қазақстанда қаржы статистикасы туралы ақпараттарды жи- нақтау жəне оған талдау жасау 1970 жылдан басталады. Қазіргі кезде сол ақпараттарды жинауды 2 кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең (1970 ж. - 1990 ж.) - Қазақ ССР ОСБ (Орталық статистика басқармасы) Қазақ ССР министрліктері мен ведо- мстволарының бухгалтерлік есептері өткізілетін жəне солардың негізінде статистикалық есептілік əзірленетін.

Екінші кезең (1991 жылдан) – Орталық статистика аппара- тымен тікелей кəсіпорындар үшін мемлекеттік статистикалық есептілік қолданылды.

1997 жылы мемлекеттік қаржылық статистикалық есепті- ліктің 4 формасы негізінде №1–ПФ формасы əзірленді. Мұнда бухгалтерлік баланс баптарының шаруашылық-қаржы нəтиже- лері, дебиторлық жəне кредиторлық қарыздар, кəсіпорынның төлеген салықтары мен алымдары, өзгеде шығындар туралы де- ректер қамтылды.

Мемлекеттік статистиканың қаржы жағдайы бойынша есеп беру формаларын одан əрі жетілдіру барысында №1–ПФ жəне

№5–3 «Өндіріс жəне өнімді (тауар, қызметтерді) өткізу шы- ғындары туралы есеп» формасы негізінде 1999 жылы бірыңғай



№1–ПФ формасының жаңа түрі əзірленді жəне қазіргі кезде барлық кəсіпорындарда қолданылады.

Бұл есеп беру формасының алдына қойған негізгі мақсаты: кəсіпорындардың қаржылық жөніндегі көрсеткіштерін қолдана отырып, қаржы қызметінің өзара есеп айырысу жағдайын талдау, нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында олардың қаржы тұрақтылығын анықтау болып табылады.

Қазіргі нарықтық экономика кезінде кəсіпорындардың эконо- микалық тиімділігін қаржы арқылы көрсететін көрсеткіші болып

пайда саналады жəне ол – өндірісті ұлғайтудың, қоғамдық тұтыну қорын молайтудың, еңбеккерлерді ынталандырудың негізгі көзі. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз – өндірілген өнімді белгілі бір баға бойынша сатудан түскен қаржы мен тауарлы өнімнің толық өзіндік құнының арасындағы айырмашылықты айтады немесе мына формула арқылы анықталады:

П = ∑pq - ∑zq, мұнда, П – алынған жалпы пайда;

∑pq – сатудан түскен түсім;



∑zq – тауарлы өнімнің толық өзіндік құны.

Кəсіпорындардың қаржы нəтижелерінің абсолюттік көрсет- кіштерін есептегенде жəне оған талдау жасағанда, мына белгілері бойынша бөлінеді:

  • сатылған өнімдерден түскен пайда; соның ішінде:

  • сатылған өнеркəсіп өнімінен түскен пайда;

  • сатылған басқа (өнеркəсіп өнімдеріне жатпайтын) өнімдерден түскен пайда;

  • кəсіпорынның барлық шаруашылық əрекеттерінің арқасында табылған пайда.

Кəсіпорынның қаржылық нəтижесінің қорытындысын көрсе- тетін ақырғы көрсеткішке жататыны баланстық пайда болып табылады. Баланстық пайданың құрамына мына бөліктер жата- ды жəне солардың қосындысы арқылы анықталады: сатылған өнімдерден түскен пайда, басқалай сатулардан түскен пайда, кəсіпорындардың барлық шаруашылық іс əрекеттерінің арқасын- да түскен пайда, яғни өткізуден (сатудан) басқа операциялардың табыс пен шығыс қалдықтары. Баланстық пайданы есептеу үшін жоғарыда аталған көрсеткіштердің қосындысы қолданылады жəне ол төмендегідей:

Пбал. = Пө.с. + Пб.с. + По.қ. , мұнда, Пбал. – баланстық пайда;

Пө.с. – өнімдерді сатудан түскен пайда; Пб.с. – басқалай сатулардан түскен пайда;

По.қ. – басқа операциялар табыс пен шығын қалдықтары.



Осы көрсетілген баланстық пайданың бөліктеріне қысқаша

түсініктеме берелік:

  1. Өнімдерді сатудан түскен пайда – бұл баланстық пайданың ең үлкен үлесін құрайтын бөлігі болып саналады. Оны есептеу үшін сатылған (өткізілген) өнімдердің көтерме саудадағы бағасы бойынша түскен түсімінен (қосылған құнды есептемегенде), сол өнімдердің толық өзіндік құнын шегергенге тең болады немесе мына теңдестік арқылы анықталады:

Пө.с. = ∑pq - ∑zq, мұнда Пө.с.. – өнімдерді сатудан түскен пайда;

pq – өнімдерді көтерме сауда бағасында сатудан түскен

түсім;


zq – өнімдердің толық өзіндік құны.

Егер өндірілген өнімдердің толық өзіндік құны көтерме сауда

бағасымен есептелінген құнынан артық болатын болса, онда сол кəсіпорынның зиянға ұшырағандығын сипаттайды.



  1. Басқалай (сатулардан) өткізуден түскен пайда – бұған қосалқы, көмекші жəне қызмет көрсететін өндіріс өнімдерінің қалдық пайдасы жатады, бірақ сатылған тауарлы өнімнің көлемі кірмейді. Бұл жерде артық жəне қолданылмаған материалдық құндылықтардың қаржылық нəтижелері көрсетіледі. Оны есеп- теу үшін заттардың нарықтық (сату) бағасымен бастапқы немесе қалдық құнының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады жəне инфляция индексі арқылы түзетулер енгізіліп отырады.

  2. Басқа операциялар қалдықтары немесе оны сатудан тыс- қауыл операциялар арқылы алынған табыс деп те атайды. Оның құрамына өнімдерді сатудан түскен түсімдерден бөлек əртүрлі түскендері шығын мен ысырап болғандары жатқызылады жəне ол түрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады.

Таза пайда – бұл кəсіпорындардың өз иелігінде қалатын пайданың бір бөлігі болып саналады. Оны өндірісті ұлғайтуға, ондағы жұмыс істейтін қызметкерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, əлеуметтік – мəдени шараларды жүзеге асы- руға, тұрғын үй құрылысын жүргізуге жəне т.б мақсаттарға жұм- салынады. Таза пайданы анықтау үшін баланстық пайдадан са- лынатын салықтар төлемдерін шегереміз немесе мына формула арқылы есептеледі:

Пт. = Пбал. Стөл.,

мұнда, Пт. – таза пайда;



Стөл. – салықтар төлемдері.

Пайданың негізгі бөлігін құрайтын тауарлы өнімдерді сату-



дан түскен түсімдердің мөлшері. Ол бірнеше факторлардың əсер етуіне байланысты өзгереді жəне оған мыналар жатады: көтерме сауда бағасы, өнімнің өзіндік құны, сатылған өнім көлемі мен оның ассортименті. Бұл көрсетілген себептердің əсерін тигізуі əртүрлі болып келеді. Осыған орай, төменде əр себептің əсер етуіне байланысты нақты пайданың өзгеруін анықтау үшін шарт- ты мысал көрсеткіштерін келтіреміз (7.6-кесте):




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет