Республики казахстан


АЙТЫСТЫ БӨЛУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38

 
АЙТЫСТЫ БӨЛУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ 
ТАЛАПТАР  
 
Аннотация.  Мақалада  тілдегі  ерекшеліктерге,  қызықты  проблемаларды 
қисынды  талдауға,  көпшілікті  иландыру  тәсілдеріне,  айтысқа  басты  назар 
аударылады. Көпшілікті иландыруға ықпал ету тәсілдері, дәйектеменің дұрыс-бұрыс 
тәсілдері,  соларды  айтысу  кезінде  жұмсай  білу  нақты  талданады.  Мысалдардың 
басым  көпшілігі  көркем  әдебиеттен  алынған.  Бұл  қисын  (логика)  –  абстрактілі 
теорияның ғана емес, күнделікті тәжірибенің көрсеткіші де бола алатынының айғағы.   
Кілт сөздер: айтыс, ақиқат, дұрыс және бұрыс тәсілдер, пікірталас, полемика, 
эклектика, софистика.   
 
Тіл мен сөйлеу – сол адам болмысының, оның жалпы табиғатының көрсеткіші. 
Бұл  тұжырым  адамның  коммуникативтік  дағдыларын  жеке  тұлға  мәдениеті 
тұрғысынан қарастыруды қажет етеді.Тілдік мәдениеті, білігі бар адам қай ортада да 
өзіне  сенімді  бола  алады  және  айналасындағылармен  өзара  тіл  табыса  білуге, 
пікірталаста  өз  ойын  дәл  жеткізуге  қабілетті  болады.  Тіл  пікірталас  кезіндегі  адам 
санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болғандықтан, ол адамдардың 
интеллектуалдық әрекетінің де ерекше түрі болып саналады.  
Айтысты бөлу негіздері мынаған сүйенеді:  
Ең  алдымен  айтыс  оны  жүргізудің  дұрыс  және  бұрыс  тәсілдері  бойынша 
бөлінеді.  
Одан  әрі  мақсатына  қарай  ақиқатқа  жетуді  мансұқ  ететін  және  жеңіске 
жетуді көздейтін деп бөлеміз.  
Әрбір  айтыстың  мақсаты  ақиқат  немесе  айтыстың  тақырыбы  болған 
шешілмеген  мәселе  бойынша  жалпы  келісімге  келу.  «Адам  –  тек  ойлы  не  танушы 
ғана  емес,  ол  әрекет  етуші  де.  Әрекет  қашанда  табысқа  не  сәтсіздікке  әкеледі. 
Ақиқатқа  сүйенгендер  ғана  табысқа  жетеді  деп  ойламау  керек  немесе  кім  сәтсіздік 
туралы ойламаса, сол содан қашып құтыла алмайды деп ойлау  да қате. Адам кейде 
табысқа әділ емес жолдармен де, бұрыс құралдармен де жетеді» [1, 35 б.].  
Әрекет бағалаусыз болмайды: мақсат, норма, үлгі, идеал нақтыланады. Ақиқат 
сипаттаманың  бір  қасиеті  болып  табылады.  Ол  туралы  айтыс  сипаттаманың  істің 
нақты  ережесімен  сәйкестігі  туралы  айтыс  болып  саналады.  Бағаға  қатысты  айтыс 
ақиқатқа  негізделген  айтыстың  қатарына  жатпайды,  өйткені  не  ақиқат  болып,  не 
жалған болып табылмайды.  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
212 
Осы  айтылғандармен  байланысты  сипаттама  туралы  айтыс  және  баға 
туралы  айтыс  түрлері  бар.  Алғашқысының  түпкі  мақсаты  –  ақиқат,  яғни, 
нақтылыққа  жауап  беруші  сипаттамаға  жету.  Баға  туралы  айтыстың  мақсаты  – 
қандай да бір бағаны нақтылау. Ақиқат туралы айтыста «жеңіске жеткен жақ» туралы 
шын  мәнінде  ауыспалы  мағынада  ғана  айтылады.  Өйткені  айтыстың  нәтижесінде 
ақиқат  сыры ашылады, ол айтысқа түсуші екі  жақтың да жетістігі  болып саналады, 
екеуінің бірінің «жеңісі» психологиялық сипатта ғана болады.  
Мақсатына  қарай  ақиқатқа  жетуді  көздеген  және  жеңіске  жетуді  көздеген 
айтыстар  болады.  Ал  құралдарына  қарай  дұрыс  тәсілдерді  қолданушы  және  бұрыс 
тәсілдерді  қолданушы  айтыс  түрлері  болып  келеді.  Айтыстың  осы  екі  түрін 
біріктіріп,  оның  төрт  түрін  анықтаймыз:  пікірталас,  полемика,  эклектика  және 
софистика.  
Дискуссия  (пікірталас)  ақиқатқа  қарай  бастайды  және  айтысудың  дұрыс 
тәсілдеріне сүйенеді.  
Полемика  қарсыласты  жеңуге  бағытталған,  бұрыс  тәсілдерге  арқа  сүйейтін 
айтыс түрі.  
Эклектика  ақиқатқа  ұмтылатын,  алайда  ол  үшін  бұрыс  тәсілдерден  де  бас 
тартпайтын айтыс түрі.  
Софистика бұрыс тәсілдерді де, дұрыс тәсілдерді де қолданып, қандай жолмен 
болса да жеңіске жетуді көздейтін айтыс түрі.                
 Дискуссия, полемика, эклектика 
Дискуссия  – коммуникацияның маңызды формаларының бірі,  даулы мәселені 
шешу  әдісі,  танымның  өзіндік  бір  тәсілі.  Ол  анық  емес,  сенімді  негізін  таппай 
келгенді тануға мүмкіндік береді. Тіпті дискуссияға қатысушылар соңында келісімге 
келмеген күннің өзінде ең болмағанда дискуссия барысында бірін-бірі өзара түсінуге 
тырысып, бетбұрыс жасайды.  
 Дискуссияның  тағы  бір  пайдасы  –  ол  субъективтілік  сәтін  көмескілендіреді. 
Ол  белгілі  бір  тұлғаның  немесе  шағын  топтың  иландыруын  қолдамайды,  ортақ  бір 
көзқарасты қолдауға күш салады. Яғни объективтік сипатқа ие болады. 
Дискуссияның тікелей міндеті – белгілі бір дәрежеде талқыланатын тақырыпқа 
қатысты қатысушылардың келісіміне қол жеткізу.  
Дискуссияда  қолданылатын  құралдар  дұрыс  бағытта  болып,  оған 
қатысушылардың  бәрі  оны  мойындайтындай  болуы  қажет.  Басқа  құралдарды 
қолдану дискуссия жүйесін бұзуы мүмкін.  
Полемика дискуссияға ұқсас, алайда одан мақсаты мен қолданатын құралдары 
жағынан ерекшеленеді.  
Полемиканың  мақсаты  –  келісімге  келу  емес,  қарсыласын  қайткен  күнде  де 
жеңу,  өз  көзқарасын  таңу  болып  табылады.  Полемикада  қолданылатын  құралдар 
дұрыс  болу  керек.  Әрқайсысы  жеңіске  жету  үшін  қажет  деп  тапқан  тәсілдерін 
қолданады, қарсыласының ондай тәсілден қаншалықты хабардар екенін  ескермейді. 
Оны өздеріне міндет деп санамайды. 
«Дискуссия 
мен 
полемиканың 
мақсаты 
мен 
құралдары 
жағынан 
айырмашылықтары  мынау:  қарсы  жақ  дискуссияда  «оппонент»  деп  аталса, 
полемикада  «қарсылас»  деп  аталады.  Полемика  әскери  әрекеттерге  ұқсайды, 
қарсылас оның шабуылына келісе ме, жоқ па – оны болжап жатпайды. Ал дискуссия 
«әскери ойынға» ұқсайды, онда құралдарға сүйенеді, құралдар қарсы жаққа түсінікті 
әрі мойындалған болып келеді» [2, 72 б.].  
Полемика қанша жерден өз ұстанымын үстемдірек етуге бағытталғанмен, әлсіз 
жақты сүріндіре отырып қате көзқарастың жеңіске жетуі жағынан ғұмыры ұзақ емес, 
оған қоса моральдік ләззат та сыйлай алмайды. 
Эклектика  –  әр  текті,  іштей  байланысы  жоқ,  үйлеспейтін  идеялардың, 
тұжырымдамалардың  және  стильдердің 
біріккен 
түрі. 
Әдіснамалық 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
213 
ұстанымы тұрғысынан эклектика алғаш рет ежелгі философияда пайда болды. Ол әр 
текті,  іштей  байланысы  жоқ,  тәжірибеден  анағұрлым  қашық  пайымдауларға 
негізделген ортағасырлық схоластикада кеңінен қолданылды.  
Бұрыс  тәсілдерге  де  сүйене  беретін,  ақиқат  туралы  айтысты  «эклектика»  деп 
атауға  болады.  Алайда  бір  кемшілігі:  бұндай  тәсілдер  ақиқаттың  өз  табиғатымен 
үйлесе бермейді.  
Ақиқат  нәтижесінде  өзіне  мүлдем  жат  құралдармен  дәлелденсе  де,  соған 
қарамастан  эклектикалық  айтыс  түрлері  бар  әрі  жиі  ұшырасады.  Ол  әсіресе  жаңа 
ғылыми  теориялардың  қалыптасу  кезеңінде  ғылымда  да  кездеседі.  Әр  түрлі 
деректердің, көзқарастар мен болжамдардың синтезіне әлі қол жеткізе қоймаған жаңа 
бір проблематиканы меңгергенде де ұшырасады.  
 
Айтыстан  ақиқат  туады,  ол  соңында  дұрыс  құралдармен  бекітіледі.  Бірақ 
ғылымды тірі адам жасайды, оған бұрыс тәсілдер де әсер ете алады.  
Софистикаға  келер  болсақ,  бұл  –  қарсыласты  жеңу  үшін  кез-келген  құрал-
тәсіл, тіпті бұрысы да қолданыла беретін айтыс түрі. Айтыста қолданатын тәсілдерге 
жіті мән бермесе болмайды. Жалғыз-ақ жеңу мақсатымен айтысқа түсу дұрыс емес, 
өйткені  оның  негізінде  кез-келген  жолмен  жеңу,  ештеңемен,  тіпті  ақиқатпен  де, 
жақсылықпен де санаспау жатады.  
  Софизм  –  жалған  қорытындыны  шынайы  көрсетуге  қызмет  етіп,  астарлы 
түрде  логикалық  қателік  болып  табылатын,  алайда  сырт  көзге  дұрыс  көрінетін 
талқылау.  
Софизм жалғанды ақиқат деп танып, нәтижесінде көпті адастыруға бастайтын 
интеллектуалдық алаяқтықтың ерекше тәсілі. Осыдан «софисті» кез-келген тәсілмен 
оның  ақиқат-жалғандығына  қарамастан,  өзінің  пікірін  құптатуға  даяр  тұратын  адам 
деп түсінуге болады.  
Софизмдер антикалық дәуірден белгілі. Олар көпшілік қабылдап, мойындаған 
түсінік,  қабылдауларға  қайшылық  тудыратын  ережелерді,  бұлыңғыр  ойларды 
негіздеу мақсатында туған.  
Софизмдер  тілдегі  сөздердің  көпмағыналығына  сүйенеді.  Көбіне  ол  дәлелдеу 
тезисін  ауыстыру,  логикалық  тұжырым  жасау  ережелерін  сақтамау,  жалғанды 
ақиқатқа  айырбастау  секілді  логикалық  қателіктерге  сүйенеді.  «Софизмге  қатысты 
күмәнды  ойын  ежелгі  рим  философы  Сенека  оны  сиқыршылық  өнерімен 
салыстырған: «Мы не можем сказать, как совершаются их манипуляции, хотя твердо 
знаем,  что  все  делается  совсем  не  так,  как  нам  кажется».  Ф.  Бэкон  софизмге 
сүйенетіндерді  орағытып  әкеткен  түлкіге,  ал  оны  шешкісі  келетіндерді  тазыға 
балайды» [3, 115 б.].    
Біреуді  адастыруға  бағытталып,  саналы  түрде  жіберілген  қателік  ретіндегі 
софизмнің  қарама-қарсылығы  –  паралогизм.  Паралогизм  –  талқылауда  жіберілетін 
қателік, логика заңдары мен ережелерін бұзумен шарттастырылады, алайда ол алдын-
ала  ойластырылмайды.  Шын  мәнінде  паралогизм  алдаушылық  болып  саналмайды, 
өйткені ақиқатты жалғанға айырбастауға негізделмейді.  
Софизмдер  мәселесі  алғашқы  қабылданғандағыдай  тым  қарапайым  емес. 
Софизмдер  жазғырып,  сөгуге  тұрарлықтай  интеллектуалдық  алаяқтық.  Ол  әзірше 
анық  болмағанмен,  бара-бара  өзекті  мәселе  туғызуға  дейін  жеткізеді.  «Софизмы 
всего  лишь  хитрости  и  словесные  уловки,  выведенные  на  чистую  воду  еще 
Аристотелем».  Ежелгі  Грекияда  кең  таралған  софизмдерді  өз  заманының  рухын 
танытып, антикалық ойлау стиліндегі ерекшеліктердің бірі деп болжауға болады. 
Софизмдердің  көпшілігі  тілдік  құралдардың  көпмағыналығына,  толық 
аяқталмаған,  тек  контекске  ғана  сүйенетін,    мәні  мен  мақсаты  жоқ  сөзбен  ойын. 
Мәселен,  көз  көру  үшін  қажет  емес,  оның  біреуін  жапсаң,  бәрібір  көруге  болады, 
т.с.с.  Немесе:  «Тот,  кто  лжет,  говорит  о 
деле,  о  котором  идет  речь,  или  не 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
214 
говорит о нем; если он говорит о деле, он не лжет; если он не говорит о деле, он 
говорит о чем-то несуществующем, а о нем невозможно ни мыслить, ни говорить».   
Егер софистер болмаса, логиканың негізін қалауға ғылыми қадам жасалмас еді. 
Софистер  бірінші  болып  адамзаттың  сөзіне  айрықша  мән  берді.  Софист  Горгийдің 
айтқанына  сүйенсек:  «Сөз  болмашы  ғана  формаға  ие,  алайда  таңғажайып  істер 
тудырады.  Ол  үрейді  үркіте  алады,  қайғыны  өшіре  алады,  қуаныш  сыйлай  алады, 
аяушылық туғыза да алады... Сөздің құдіреті дәрінің тәнді емдегені секілді, жанның 
да көңілін көтере алады. Дәрі біреудің тәніне шырын болып сіңсе, біреулерді ауруға 
шалдықтырады, ал біреулердің тіпті өмірін тоқтатуға себеп болады, дәл сол сияқты 
сөзге  біреу  қайғырады,  біреу  қуанады,  біреулер  қорықса,  біреулер  сергиді,  ал  бәз-
біреулер жаныңды улап, сиқырлайды».  
 
Софистерге дейін тіл тек әлемді көруге қажет әйнек болса, олардың заманынан 
кейін  сипаты  өзгерді.  Тілдің  сипатын  осылай  өзгертіп,  одан  соң  оны  зерттеу 
нысанына айналдыру үшін, алдымен тілді қолданудың қабылданған ережесін бұзып, 
оны  дөрекі  мақсатта  жұмсай  білудің  қажеттігі  болды.  Осылайша  тілді  талдаудың 
салмақты  нысанына,  бірте-бірте  жүйелі  зерттеудің  нысанына  айналдыру  логика 
ғылымын қалыптастырудың алғашқы қадамы болды.  
Софизмнің ерекшелігі оның екіжақтылығында, сыртынан бөлек белгілі бір ішкі 
мазмұнының болуында.  
Ертегілерде  анық  емес,  белгісіз  тапсырмалар  софизм  легімен  берілетінін 
байқауға  болады.  Мысалы:  «Жолмен  де  барма,  жолсызбен  де  барма».  Немесе: 
«Пойди  туда,  не  знаю  куда,  принеси  то,  не знаю  что».  Бірақ  таң  қалдыратыны  сол: 
кейіпкер  «белгісіз  жаққа»  аттанып,  керек  затты  тауып  аман-есен  оралады.  
Софизмнің міндеті де осыған ұқсас, алайда сәл анығырақ.  
Софизм  ілгеріде  айтылғандардан  бөлек  мазмұн  да  бере  алады.  Теориялық 
ойлау дамуының белгілі бір кезеңінде проблема қою формасын сипаттауға да әлеуеті 
жетеді. Софист сөзінің өзі «интеллектуалдық алаяқ» дегенді ғана емес, тіл мен логика 
проблемалары туралы алғаш рет ойланған философ дегенді де білдіреді.  
«Все в истории повторяется, появляясь в первый раз как трагедия, а во второй 
– как фарс». Осы афоризмге сүйеніп былай деуге болар еді: софизм бір жағынан, кей 
сұрақты алғаш рет қозғай отырып, шын мәнінде жеткілікті есеймеген шала ақылдың 
трагедиясы  болса,  екінші  жағынан,  белгілі,  тіпті  әлдеқашан  шешімін  тапқан 
проблеманы бүркемелей отырып, өтіп кеткенді қайталайтын фарс бола алады.       
Софистика ешқандай ережеге бағынбайды. Софистикалық айтыста жалпы кез-
келген талап бұзылады.  
Ал  айтыстың  қалған  үш  түріне  жалпы  талаптар  қоюға  болады.  Осы 
талаптардың көмегімен ақиқат немесе мейірім салтанат құрады деп саналады. 
Бұл талаптардың қатарына мыналар жатады: 
 1  Қажеттілік  тумаса,  айтысып  қажеті  жоқ.  Айтыссыз-ақ  келісімге  жету 
мүмкін болса, ол жағдайды да пайдалана білу керек. 
Айтысуға  дайын  тұратын,  себепсіз  де  айтыса  беретін,  тіпті  соны  мақтаныш 
тұтатын адамдар болады. Бұндай ақиқат үшін емес, айтыстың өзі үшін айтысатындар 
көбіне  істің  анық-қанығына  тек  кедергі  келтіреді.  Айтыс  өздігінен  құнды  емес, 
белгілі бір мақсатқа жету құралдарымен құнды екенін есте сақтау қажет. Егер анық, 
маңызды мақсат болмаса не оған айтыссыз-ақ жетсе, онда айтыстың қажеті шамалы. 
Үнемі  айтысуға  бейім  тұру,  оппозицияның  орнын  басу,  ұсақ  айтысты  өрбіту  т.б. 
қасиеттер адамды жақсы жағынан көрсетпейді. 
Сонымен қатар айтыстан қорыққан да, одан қашқан да дұрыс емес. Дискуссия 
мен полемикасыз шешуге болмайтын жағдайларда айтысқа шыққан дұрыс.  
Әсіресе  ғылыми  зерттеуде  айтыстан  тыс  бола  алмайсыз.  Сыни  ойлау  – 
ғылымның ажырамас бір бөлігі. Ғалымның 
өзгелердің идеялары мен өз идеясына 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
215 
да сынсыз қарауы болмаған жерде ғылыми білімнің өсуі мен дамуы мүмкін емес.  
Айтыс  адам  қарым-қатынасының  ерешелігі  ретінде  объективті  және  қажет. 
Адамдардың бірін-бірі түсінуін қамтамасыз ететін құрал ғана емес. Айтыстың басты 
міндеті – қарсы жақты жеңу ғана емес, әлдебір нақты проблеманы шешу.  
Айтыс – күрделі құбылыс. «Бір ғана контексте өрби отырып, адам бойындағы 
намыс,  мақтаныш,  өзін  шектен  тыс  жақсы  көру  секілді  ерекшеліктерді  қозғайды. 
Айтыс  мәнері,  өткірлігі,  айтысушы  жақтардың  кішіреюі  –  барлығы  нақты 
проблеманы  шешуге  бағытталуы  керек.  Айтыста  жалған жеңіске  жетуге  болады,  өз 
ұстанымының дұрыстығын берік ұстануға болады, сөйте тұра өзге бір аса  маңызды 
емес  тұста  жеңіле  салуға  болады»  [4,  132  б.].  Сіз  айтыста  оппоненттің  ұстанымын 
өзгерте алмадыңыз, оған түсіндіре білмедіңіз, оны ренжіттіңіз, айтысқа итермелеген 
мәселені  шешуде  өзара  түсінісуден  бас  тарттыңыз  –  айтыстың  бұндай  жағымсыз 
салдары жеңістің нәтижесін мүлде жоққа шығарады.  
2  Кез-келген  айтыстың  өз  тақырыбы,  өз  нысаны  болу  керек.  Бұл  –  айтысқа 
қойылатын қатаң талап, алайда ол кейде сақталмай жатады.  
Айтыс  нысаны  мүмкіндігінше  анық  болғаны  жөн.  Нысаны  белгісіз  айтыстар, 
айтысушы  тараптарға  түсініксіз  проблема  бойынша  айтыстар  өзінің    әлсіздігінің 
салдарынан  ауыр  із  қалдырады.  Бұндай  айтыстар  қарсыласының  өз  білімі  мен 
қабілетін  көрсетуге  мүмкіндік  бермейді.  Кромвель  айтқандай:  «Дальше  всех  зайдет 
тот, кто не знает, куда идти».  
3 Айтыстың жемісті болуы үшін қажет тағы бір шарт: айтыс барысында оның 
тақырыбы өзгеріп не өңі айналып кетпеу керек. 
Айтыстың  басында  тақырып  онша  анық  болмайтыны  белгілі.  Бұл  тек  айтыс 
үстінде  ғана  белгілі  болады.  Қатысушылар  өз  ұстанымын  үнемі  нақтылап  отыруға 
мәжбүр болады. 
Айтысушылар  ұстанымын  нақтылау  –  оның  маңызды  сәті.  Алайда  айтыстың 
тақырыбын үнемі назарда ұстап, одан алыстамау қажет. Айтыстың нысаны өзгерген 
жағдайда  оны  қалт  жібермей,  оған  жол  бермей,  нысанды  қайта  еске  салып  өткен 
абзал.  
Айтыстың  көбі  қатысушылардың  өз  дұрыстығын  дәлелдеуімен  аяқталып 
жатады.  Олардың  ұстанымдары  өзгермегенмен,  олар,  сөз  жоқ,  айтыс  басталғанға 
дейінгі  сәтпен  салыстырғанда,  әлдеқайда  анықтала  түседі.  Әрине,  барлық  полемика 
екі  жақтың  да  «бір  түйінге»  келуімен  аяқталып  жатпайды.  Бірақ  әрбір  полемика 
тараптарға  өз  ұстанымдарын  нақтылап  алуға,  қорғауға  қажет  дәйектер  табуға 
мүмкіндік  береді.  Аяқталған  айтысқа  қатысушылардың  өз  дұрыстығына  илануы 
осымен түсіндіріледі. 
4 Айтыс тек бір нысан не құбылысқа қатысты келіспеушілік туған жағдайда 
ғана  мүмкін.  Мысалы:  Алмагүл.  Бірақ  мақала  авторының  айтуынша,  бәрібір  адам 
атаулының  Сальерисіз  күні  жоқ  болса,  оның  күншіл  күйбең  тірлігіне  де,  бейбақ 
халіне де, шегер азабына да адамгершілік аянышпен қарау керек дейді.  
Гүлжан.  Ғажап  екен.  Түсінсем  бұйырмасын.  Сонда  немене  «қызғаныш  пен 
күншілдіктің құлы жасасын» дейміз бе? 
Иосиф Татаевич. Бұған таңданатын не бар? Өмірде әркім өзі үшін күреседі. 
Адам  дүниеге  екі  қайтара  келмейді,  бір  келді  ме,  білгенін  істейді,  өзгеден  кем 
болмауға  тырысады.  Немене,  данышпан  атақ-абыройдың  ұшар  шыңына  шырқап 
бара жатқанда, ол етекте мәз болып қарап тұра беруі керек пе? Жоқ, кешіріңіздер, 
ол  өзі  үшін  күреске  шығады,  қозы  жауырын  жебемен  шың  басындағы 
данышпаныңызды  тартып  жіберіп,  төңкеріп  түсіреді.  Сальеридің  өзін  танытар 
өмірдегі орны – осы (Қ. Мұхамеджанов).   
Егер  осындай  келіспеушілік  болмаса,  онда  айтысушылар  бір  ғана  нысан  не 
құбылыстың  әр  түрлі  болғанмен,  бірін-бірі  толықтырып  отыратын  аспектілерін  сөз 
еткен болып шығады. Әрі қарай айтысудың 
жөні жоқ.  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
216 
5  Айтыс  осы  айтылғандарға  қарамастан,  тараптар  ұстанымының  ортақ 
біртұтас  базисін  болжайды.  Әрбір  айтыста  базистің  ортақтығы  айтысушылардың 
өзара  түсінісуінен  басталады.  Бірін-бірі  мүлде  түсінбейтіндер  ортақ  түсінікке  келе 
алмайтыны секілді, айтысуға да  қабілетті емес. Өйткені екеуі де ортақ бір ақиқатты 
іздейді. Табуды ойламаған адам іздеп те әуре болмайды. Мысалы: «Білдім! – мылтық 
олардың  көпті  қорқытатын  қаруы. Атбасарда  қолма-қол  төбелессем,  қолға  түсер 
ме едім мен? Халық та сондай. Ол да мылтықтан қорқып отыр. Ұлықтың қолынан 
мылтығын  алшы,  қорлық  көріп  отырған  халық  не  істер  екен?..  Әлегін  аспаннан 
келтірер еді, күлін көкке ұшырар еді!..» (С. Мұқанов).  
 
 
 
 6 Айтысты сәтті жүргізу белгілі бір логикалық білімді қажет етеді. Өзінің 
және  өзгелердің  пайымдауынан  салдар  шығара  білу,  қайшылықтарды  пайымдаулар 
арасындағы  логикалық  байланыстардың  жоқтығын  байқау  қажет.  Бұл  мақсат  үшін 
интуитивті  логика,    дұрыс  пайымдаудың  стихиялы  астасуы  жеткілікті.  Мысалы:  - 
Жаман Баймырзаның мына қимылын қарай гөр жасаған! – деді  Әлжан,  - бұған да 
намыс бітіп, тұтқындағы кісіні іздейтін болған соң, өзгеге не жорық!.. 
-
 
Түсінбей  айтасың,  -  деді  Сыдық,  -  кешегі  жаман  Баймырза  бүгін  жақсы 
бола қалды деймісің? Оны жақсы ғып отырған кім екенін білемісің?  
-
 
Кім? 
-
 
Қатыны  Қалампыр. Баймырза  соның  айдауымен  келе  жатыр.  Ол  қолының 
қысқалығымен ғана қотанға сыйып жүрген қатын. Егер ауқатты адамның қатыны 
болды бар ғой, ел билеген бәйбішенің біреуі болар еді (С. Мұқанов).    
Дискуссия  мен  полемика  барысында  әзілдеу  де,  шегіне  білу  де,  қысқасы,  
ойлауды дамыту логикасынан басқасы орынды. Айтысқа түсетіндер қабылданғаннан 
салдар шығарып отыратын дамылсыз «логикалық машиналар» емес, тірі адамдар. 
Белгілі грек шешені Демосфен бір күрделі істі шешу үстінде өзін қазылардың 
салғырт тыңдап отырғанын сезіп, дереу сөзін доғарады да, басқа әңгімеге көшеді. Бір 
адам есекті айдаушысымен қоса жалдапты. Күн ыстық болса керек. Әлгі адам саялап 
отыратын жер таппай, есектен түскен көлеңкеге отыра кетіпті. Сонда айдаушы: «Мен 
жалға  есекті  бердім,  ал  көлеңкесін  жалға  берген  жоқпын»,  -  деп  ашу  шақырыпты. 
Сөйтіп  айтыстың  соңы  соттасуға  ұласыпты.  Осы  тұсқа  келгенде  Демосфен  кілт 
тоқтайды.  Қазылар одан  әңгімені  жалғастыруын  өтініп,  шу  ете  қалғанда,  Демосфен 
былай  депті:  «Есектің  көлеңкесі  туралы  мысалды  тыңдауға  әзірсіңдер,  ал  маңызды 
істі тыңдағыларың келмейді» («Басню о тени осла вы готовы слушать, а важное дело 
выслушать не желаете»).  
Сондықтан  кейде  әзіл,  тақырыптан  бір  сәт  ауытқу  айтыс  үшін  көмекші  тәсіл 
бола алады.    
7 Айтыс сөз болып отырған тақырыпқа қатысты білімді қажет етеді.  
Бұл білім, әлбетте, толық болмағандықтан барып, полемика туындайды. Білім 
барынша  кең  болуы  керек.  Адамдардың  оқығаны  емес,  тек  естігендері  туралы  ғана 
сөз таластыратыны қынжылтады.  
Көбіне  адам  қандай  да  бір  саланың  маманы  бола  тұра,  осы  саладағы  өз 
танымына  сынмен  қарайды.  Ал  шындығында  оны  оқып-үйренуге  бүкіл  өмірін 
арнайды.  
Әдетте кең білімдінің «балағына жармасатындар» - өз білімі үстірт, терең емес 
адамдар. «Медицина профессоры ауру туралы аздап қана білсе, дәрігер көп біледі, ал 
фельдшер  бәрін  біледі»  деп  бір-ақ  ауыз  сөзбен  баға  бере  салу  ең  оңай  нәрсе. 
Анығында барлық сұраққа бірдей анықтама беруді әдетке айналдыру, әрбір сұраққа 
дайын жауапты бере салу – бұл тек негізгі білімнің кемдігінен ғана хабар береді. 
8  Айтыста  ақиқат  пен  мейірімді 
ашып түсіндіруге тырысу керек. Бұл 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
217 
айтысқа қойылатын аса маңызды талаптардың бірі.  
Көбінесе  әлсізді  күштімен,  күштіні  әлсізбен  шатастыратын  софистер  бұл 
талаптың үдесінен шықпайды. 
9 Айтыста жұмсақтық таныта білген жөн. 
Айтыстағы жағдаят үнемі құбылып отырады. Жаңа дәйектер енгізіледі, бұрын 
белгісіз  болып  келген  деректер  анықталады,  қатысушылардың  ұстанымы  өзгереді  - 
осының  бәріне  реакция  таныту  керек  болады.  Алайда  айтыста  жұмсақтық  таныту 
ұстанымды тез арада өзгертіп жіберумен өлшенбейді.  
Айтысқа  түсіп,  талданатын  нысанға  өз  көзқарасын  білдіре  отырып,  өз 
ұстанымыңызды  берік  ұстанған  жөн,  оны  барынша  анық,  түсінікті  жеткізу  керек. 
Біреудің айтқанын алға тарту,  болжамдар, тікелей жауаптың болмауы  –  бұның бәрі 
ұстанымды  көмескілендіреді,  айтыстың  мазмұнын  жұтаң  етіп  көрсетеді.  Сәті 
келгенде иіле білген де теріс емес. Бірақ иілеуді жиілетпеу керек. Ұстаным екіұшты 
емес, қатаң болу керек.  
Айтысты  жүргізудің  екі  тәсілі  қалыптасқан:  кішіпейіл  және  қатаң.  Алайда 
қатаң  да  емес,  кішіпейіл  де  емес  тәсілі  барынша  нәтижелі  болып  келеді.  Себебі 
екеуінің  де  артықшылықтарын  бірдей  иеленіп  отырады.  Үйлесіп  жатса,  ортақ 
көзқарасты қорытып шығару керек те, үйлеспеген жағдайда қарсы жаққа бағынышты 
болмай, өз шешімінде қала білу керек.                 
Сұрақтың мәніне қатысты тұста қаталдық таныта білген дұрыс. Ал жекелеген 
детальдарға,  жеке  басқа,  субъективті  жағымды-жағымсыз  тұстарға  келгенде, 
кішіпейілділік пен төзімділік таныта білген жөн. Сонда «ұсақ-түйектен жоғарылық» 
таныта отырып, мәні зор маңызды мәселені шешуге болады.  
10  Айтыстың  стратегиясы  мен  тактикасында  кемшілік  жібермеуге  тырысу 
керек.   
Айтыстың ірі мәселені шешпесе де, талдайтыны белгілі. Кейде дискуссия мен 
полемика  қарама-қарсылық  тудыратын  жағдайлар  да  кездеседі.  Айтысқа  қатысты 
алғашқы  елестер  процесс  үстінде  бара-бара  алыстай  береді.  Стратегия  мен 
тактикадағы  олқылықтардан,  айтыса  білмеудің  салдарынан  ол  соңында  «тұманға» 
айналып кететін жағдайлар да болады.  
Стратегия – дәйектеменің неғұрлым жалпы қағидаттары. 
Тактика – дәйектер мен желеулердің, түрлі реакциялардың жиынтығы.  
Айтыстың  стратегиялық  міндетін  шешу  жоғарыда  айтылған  талаптарды 
сақтауға  байланысты.  Олар  жалпы  алғанда  қарапайым  көрінгенмен,  нақты 
қолданғанда күрделі болып табылады. 
11 Айтыс үстінде өз қатеңді мойындаудан қорықпау керек. Айтыста бастысы – 
талданатын мәселеге өз үлесін қосу. Өз көзқарасының дұрыс еместігіне көз жеткізген 
адам ол туралы анық әрі ашық айтқаны дұрыс. Бұл айтысты табысты, нәтижелі етеді. 
Сынға шыдай білген жөн, «біреу біздің қатемізді бетімізге басады» деп қорықпаған 
абзал. Айтыста сыни ескертулер бетке айтылса, ол өте маңызды деп түсінген дұрыс.       
Қорыта келгенде, жас ұрпақ болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай 
білу  үшін  оларға  берілетін  білім  өзегінде,  біріншіден,  өзіндік  сана,  көзқарас, 
дүниетаным  мен  сенім  қалыптастыратын,  екіншіден,  қай  ортаға  болсын  тез 
бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез түсіну, қабылдау қабілеттілігін, іскерлік қасиетін 
дамытатын компоненттер қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім әлеуметтік күштен 
адам  әрекетін  дамытудың  тетігіне,  яғни  практикалық  қажеттілікті  ақтайтын 
тегеурінді күшке айналады.    
Әдебиеттер:  
1. Демосфен. Речи. –М., 1954. – 619 с. 
2. Об ораторском искусстве. – М., 1973. – 37 с. 
3.  Виноградов  В.В.  Поэтика  и  риторика  //  Избранные  труды  о  языке 
художественной прозы. – М., 1980. – 258 с. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
218 
4.  Бахтин  М.М. Эстетика словесного творчества.  – М.: Искусство, 1986.  – 
502 с. 
*** 
Алтаева А.К. 
Основание деления споров и общие требования к ним 
В  статье  главное  внимание  уделяется  особенностям  языка,  логическому 
анализу  содержательно  интересных  проблем,  способам  убеждения  аудитории  и 
спору.  Подробно  обсуждаются  способы  воздействия  на  убеждения  аудитории, 
корректные  и  некорректные  приемы  аргументации  и  ее  частного  случая  –  спора. 
Большинство  примеров  взято  из  художественной  литературы.  Это  позволяет 
показать, что логика  –  не только предмет абстрактного теоретизирования, но и 
повседневной практики рассуждения.   
Ключевые  слова:  спор,  истина,  корректные  и  некорректные  приемы  спора, 
дискуссия, полемика, эклектика, софистика.   
*** 
 
Altaeva A.K. 
Basis of division disputes and general requirements to them 
In  article  the  main  attention  is  given  to  language  distinctions,  logical  analysises 
about interesting problems, methods of persuading the audience and to dispute. Methods of 
impact to persuading the audience, correct and incorrect devices of argumentation and its 
special case – dispute are discussed in details. 
Most of examples are taken from imaginative literature. It may show that logic is not 
just subject of abstract theory, it is also daily practice in persuading. 
Keywords:  dispute,  truth,  correct  and  incorrect  devices  of  disputing,  discussion, 
debat, eclecticism, sophistry. 
*** 
 
ӘОЖ 81-255.2  
Солтанаева Е.М. – филология ғылымдарының кандидаты,  
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Е-mail: esoltanaeava@mail.ru  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет