С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


Аксумның жəне христиандық Нубияның мəдениеті



Pdf көрінісі
бет41/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162
Аксумның жəне христиандық Нубияның мəдениеті. Ерте 
орта ғасырлық Африка қоғамының тарихи дамуында өзіне тəн 
ерекшеліктері де болды. Мысалы, Конго мен Анголадан басқа
Сахараның оңтүстігінде орналасқан облыстар өздерінің табиғи 


100
101
ерекшеліктеріне байланысты темір өңдеуге өте ерте көшті. «Қола 
ғасыры» деген кезең африкандық қоғамға қатысты болмады. 
Солтүстік-Шығыс Африка халықтарының Эллин əлемімен сау-
да жəне саяси байланысы тығыз болды. Сол себепті бұл аймақта 
грек тілі мен мəдениеті тарады. «Эритрей теңізінің периплі» деген 
шығарманың  авторы  III  ғасырдағы  жергілікті  бір  ел  басшысы  ту-
ралы: «Дүниеқоңыздығы болмаса, эллин ғылымынан жақсы хабар-
дар»,— /жақсы біледі/ деп жазды. Аксумның IV ғасырдағы мəдени 
өміріндегі маңызды оқиға – жергілікті жердің жазуына жасалған ре-
форма болды. Сол қайта құрудан кейінгі қабылданған жазу қазіргіге 
дейін қолданылып жүр. Бұл реформа мəдениеттің дамуының жəне 
жазудың қолданылу өрісінің өсу нəтижесі болды. Шет жерден кел-
ген монотеистік /бір құдайға табынушылық/ діннің тарауына бай-
ланысты қасиетті сөздерді аудару қажеттігі жазу реформасын талап 
етті.
III—VI ғасырлардағы монументальды /өте зор, əсерлі, зəулім/ 
құрылыс дамыды. Сарай кешендері, обелискілер мен қабырлар /
гробницы/, ал кейінірек — христиан храмдары мен кесене салуда 
өзіндік архитектуралық стиль қалыптасты. Негізінен монолитті 
тас блоктары пайдаланылды. Олар бір-біріне жапсырылатын. 
Құрылыстар ағаштан да салынатын. Сыртқа шығып тұратын 
ағаш балкалардың ұшы жұмырланатын да, маймылдың басына 
ұқсап, құрылысқа ерекше сəн беріп тұратын. Өкінішке орай, біздің 
заманымызға дейін сақталмаған əдемі колонналар /ағаштан, тастан 
жасалған жұмыр немесе  4 бұрышты/ мен мүсіндер — сарайлар мен 
үйлерді көріктендіріп тұратын. VI ғасырда өмір сүрген Византия 
авторы Козьма Индикоплов аксумиттік патшаның 4 мұнаралық 
сарайын суреттей отырып, онда жалғыз мүйізділердің қола мүсіні 
болғандығын жазған.
Алғаш Аксум қала қабырғалары дегенді білген жоқ. Ең алғашқы 
қорған ретіндегі қабырға V ғасырда пайда болды. Ол қаланың со-
бор орналасқан орталығын қоршап тұрды. Алғашқы аксумдық  
храмдар пұтқа табынушылық храмдары болды. Кейін олардың 
кейбіреулері христиан храмдарына айналды. VII—VIII ғасырларда 
шет аймақтарында христиан шіркеулері мен монастырлары пай-
да болды. Олардың құрылысы көптеген ғасырлардан кейін де 
таңдандыратын. Сондай шіркеулер туралы 1502 жылы португалдық 
Альвареш тамсана жазды.
Аксумиттер мəдениетінің дамуына олардың алыс шетелдер-
ге сапарлары да ықпал етті. Олардың бір-біріне байлап қойылған 
тақтайлардан жасалған қайықтары өте қарапайым болғанымен, 
Цейлонға, Индияға дейін барып келе алатын.
Аксумдық кезде əдебиет те дамыды. Бұл кезде гыэз тіліне 
христиандардың басты кітабы — Библия аударылды. Кейінірек 
христологиялық трактаттар, апокалиптикалық еңбектер, канондық 
құқ жөніндегі шығармалар да сол тілге аударылды.
Нубиялық мəдениеттің дамуына христиан мəдениеті зор ықпал 
етті. Нубидегі шіркеулік архитектура Аксум храмдарының үлгісінде 
дамыды. Сақталған фрескалардың фрагменттері копттық жəне 
византиялық ықпалдың үстем болғанын дəлелдейді. Грек, копт, 
араб тілдері жергілікті тілмен қатар қолданылды. X—XI ғасырларда 
шіркеу тілі — грек тілі болып қала берді. Сонымен қатар, христи-
ан дінінің қағидалары нуби тілінде де уағыздала бастады. Нуби 
əдебиетінде жергілікті тілдің əріптері грек, копт жəне мероит /
Судандағы/ тілі Египет əріптерімен ұласып жатты.
Ə д е б и е т т е р:
1. История Востока. Т. 2: Восток в средние века.— М.: Восточная 
литература РАН, 1995.— 225—238 бб.
2. Васильев Л. С. История Востока: в 2 т. Т. 1.— М.: Высшая шко-
ла, 1998.— 444—476 бб. 
      


102
103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет