Сабақ Бөлім: Көбейту және бөлу Мұғалімнің аты-жөні



бет1/10
Дата15.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#123949
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Қысқа мерзімді жоспар Тексерілді: Иманкулова Г
Математика 32-сабақ

Бөлім:

Көбейту және бөлу

Мұғалімнің аты-жөні

Серикбаева Р

Күні:

19 10 2022ж

Сынып: 3 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өткенді бекіту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса» ұғымдарының өзара тәуелділігін қолдана алады.
Көптеген оқушылар: кесте бойынша «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса» ұғымдарын пайдаланып, есеп құрастырып шығара алады.
Кейбір оқушылар: сызбаға қарап кері есептер құрастыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
«Санау» әдісімен төрт топқа бөлу.
Үйге берілген оқу тапсырманы тексеру.
Оқу материалын жариялау «Керме жіп» әдісі арқылы жүреді:
-Мысалдарды есептеп, олардың мәнін өсу ретімен орналастырып, парақша артындағы мақалды оқыңдар.

3*9=27 5*7=35 6*7=42
9*5=45 6*8=48 9*6=54 7*8=56
Жаман жолдасынан көреді,
Жақсы өз басынан көреді.
- Бүгінгі сабағымызда өткенді бекіту тапсырмаларын орындайтын боламыз.
Оқу мақсаты жарияланады.

Ширату жаттығуларын жасайды.
Топқа бірігеді.

-Сұрақтарға жауап береді.


-Тақырыпты ашады.

2 балл


Керме жіп, қысқыш, тапсыр-малар жазылған парақша-лар





Сабақтың ортасы
18 мин

2 мин
15 мин



(Д) 1- тапсырма «Өзіндік жұмыс» әдісі арқылы орындалады.
2) Есептерді шығар.
Оқушылар сатушыға көгөніс пен жемістің массасын өлшеуге көмектесті. Керекті формуланы жаз. Есепті шығар.

Ш: 28кг:4=7кг
Ж: бір жәшіктің массасы 7кг.
Ш: 54кг:6кг=9
Ж: 9 жәшік.
Ш: 8кг*7=56кг
Ж: жалпы массасы 56 кг.
3) Есепті шығар.
Ш: 24кг:4*3=18кг
Ж: мандариннің жалпы массасы 18 кг.
5) Кесте бойынша есеп құрастырып шығар.
Дүкенге жалпы массасы 42 кг болатын 6 жәшік өрік пен 9 жәшік жүзім әкелінді. Жәшіктердің массасы бірдей болса, жүзімнің жалпы массасы неше кг?
Ш: 42кг:6*9=63кг
Ж: жүзімнің жалпы массасы 63 кг.
Дескриптор:
- Көгөніс пен жемістің массасын табуға берілген есепті шығарады.
- Керекті формуланы жазады.
- Кесте бойынша есеп құрастырып шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет