Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет17/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
10 дәріс: Хордалылар типі.
Жоспар.

  1. Хордалылар типі. Типтің жалпы сипаттамасы.

  2. Личинкахордалылыар немесе қабықшалылар тип тармағы

  3. Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі.

  4. Бас сүйексіздердің тектері.

  5. Дөңгелек ауыздылар класы. Дене құрылысы.

  6. Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы. Миногалар. Миксиналар.


  1. Хордалылар типі. Типтің жалпы сипаттамасы.

Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар (ми­нога, миксин), балықтар, кос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілср жатады) А.О. Ковалевскийдің зерттеуі бойынша, хордалыларға теңіздерде, көпшілігінде отырып тіршілік ететін асцидиялар, сальпылар, аппендикулярияларды да жатқызуға болады. Кейбір хордалыларға аздаған ұқсас белгілері бар, ішек тыныстыларды да хордалыларга жатқызады.
Хордалылардың алуан түрлі болуына карамастан, олардың кұрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің (chorda dorsalis) болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын, серпімді, бунақталмаған, иілгіш, денесінің ұзын бойына созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды. Ол ішінде вакуолы көп ерекше тканьнан кұралады. Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады, сондықтан хорданы энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда (асци­диялар мен сальпылардан баска) өмір бойы сақталса, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.


Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл түтіктің ішкі куысын — невроцель (neurocoel) деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігі эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады (1-сурет). Асқорыту түтігінің алдынғы бөлімі, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы қатысады, оларды — желбезек саңылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда да өмір бойы сақталады, басқа хордалы­ларда ұрықтық даму кезінде болады.
Хордалылардың өзіне тән ерекшеліктері. Хордалылар да тікентерілілер сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене куысы екінші куыс (целом). Бұның өзі оларды тікен терілілер мен буылтық құрттарға тегі жагынан жақын екенін көрсетеді. Көптеген органдарының метамерлі орналасуы төменгі сатыдағы хордалыларда және ұрықтарда айкын байкалады. Құрылысының күрделенуіне байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалыларда метамерия айкын байқалмайды. Хордалылардын денесі бунақталмаған, екі жакты симметриялы болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет