Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


V. Жеке жұмыс                      Ашық  тест              (5 минут)



Pdf көрінісі
бет21/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45

V. Жеке жұмыс                      Ашық  тест              (5 минут)
Оқушыларға он сұрақтан тұратын тест жұмысы  беріледі және де оқушыларға тест бланкісі 
таратылады. Оқушылар тест бланкісіндегі әрбір сұрақтың тұсына канатша (V) белгісін қояды. Әр 
топтың көшбашыларына дұрыс жауабы ойылып алынған тест бланкісі таратылады және де сол 
жауап арқылы оқушылардың қаншалықты дұрыс жауап берілгендігі тексеріледі.  Бұл жерде де әр 
топтың көшбашысы өз тобындағы жұптардың ұпайын айтып, бағалау парағына тапсырманың 
қаншалықты орындалғанын жазып отырады.    
                                                              
-
Microsoft Word редакторын іске қосу жолы қандай?
а) Пуск-Программы- Microsoft Word
б) Пуск-Басты меню-Стандартные- Microsoft Word
в) Пуск-Все Программы- Стандартные- Microsoft Word
г) Пуск-Программы- Microsoft Office
-
Терезенің негізгі батырмалары қайда орналасқан?
а) Меню қатарында
б) Тақырып жолағында
в) Құрал-саймандар тақтасында
г) Қалып-күй жолағында
-
Мына құралдың 
 не деп аталады?
а) Текст
б) WordArt
в) Текст түсін бояу
г) астын сызу
-
 Құралдың аты не деп аталады?
а) сол жақ бойынша туралау
б) оң жақ бойынша туралау
в) сол және оң жақ бойынша туралау
г) Беттің ортасы бойынша туралау
-
 Құралдың аты не деп аталады?
а) құжатты ашу
б) Құжатты сақтау
в) белгілеу 
г) Принтерге шығару
-
Құралдың аты не деп аталады?
а) гиперссылка
б) таблица
в) сурет
г) тік төртбұрыш
-
Кестені қалай қояды?
а) Вид-добавить - таблицу
б) Файл- добавить - таблицу
в) Вставка- добавить - таблицу
г) Таблица- добавить - таблицу
-
Кестенің қатарларын өшіру үшін...
а) Таблица- добавить - таблицу
б) Таблица- удалить- таблицу
в) Таблица- удалить-  строки
г) Таблица- удалить-  столбцы
-
Қатар мен бағандарды біріктіру үшін?
а) Таблица- объединить строки
б) Таблица- объединить строки и столбцы 
в) Таблица- объединить ячейки
г) Таблица- объединить таблицу
 V. Қорытынды. Сабаққа рефлексия жасалады.       Кері байланыс     (4 минут)
                           
Мен білдім
143

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Мен түсіндім
Мені таңқалдырғаны
Мені қызықтырғаны
Маған ұнамағаны
Маған ұнағаны
            Оқушының аты-жөні: _______________________________
VІ. Бағалау. Топтық, жұптық жұмыстардың формативті бағалауына тоқталу.      (2 минут) 
Оқушылардың  жұмыстарын  жинап алып   «бағалау парағы» арқылы  бағалаймын.

Оқушының аты
Мәтінге сай 
жасалған
Аздап қателері
бар
Мүлде дұрыс 
емес
Қорытынды 
бағасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
                                              
Кейінгі тапсырмалар  
3-жаттығу №2        55-бет
Кейінгі оқу
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты 
баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. 
Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                    Алиева Акжан Абилдаевна
                     №132 Т.Айтбаев атындағы орта  мектептің 
                     биология пәні мұғалімі
Қызылорда облысы. Сырдария ауданы
2013жыл
Сынып: 6 «Б»
Сабақ: Биология
Сабақтың тақырыбы:
Тамыр бөлімдері
Сілтеме:
Жоспар 
Жалпы мақсаты: 
Тамыр бөлімдері туралы білетін  болады. Тамыр 
бөлімдері аймағының ерекшеліктерін ажырата  
алатын болады. Жұптасып, жеке жұмыс жасай 
алатын  болады.,
Күтілетін нәтиже:
Тамыр бөлімдері туралы біледі. Тамыр бөлімдері
аймағының ерекшеліктерін ажырата  алады. 
Жұптасып, жеке жұмыс жасай алады.
144

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Негізгі идеясы: 
Тамыр бөлімдері немесе тамыр атқаратын 
қызметіне қарай :бөліну, созылу,сору, өткізгіш 
болып бөлінеді.
Тапсырмалар:
Топтық  жұмыс  АКТ 1. «Жигсо»   (10-мин)
2.«6-ойлау шляпасы»(5 -мин) 
Жұптық жұмыс : Жасырын хат (Пилот-штурман 
10-мин) 
Жеке жұмыс :1. «Биологиялық диктант» (7-мин)
2.Қорытынды рефлексия 
 (7-мин)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:  (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)
І .Ұйымдастыру  кезеңі 
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
 2. Назарларын  сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ойлан тап» (Жұмбақ жасыру 3-мин)
1). Топырақтан  табылады  қорегі, 
Су  да,  тұз да оның  басты  қорегі.
Бойындағы  жинап алған  бар нәрін,
Сабағы  мен  жапырағына  береді.                                  (Тамыр)
2). Тамырлар  бар  біркелкі де  салалы,
Бір-біріне тимейді анық  залалы.
Топырақта  тарамданып  таралып,
Бәрі бірдей  өз  қорегін  алады.                                        (Шашақ тамыр)
3). Негізгі тамыр  жуан  болып  өседі,
Топырақты  оймақшамен  теседі.
Оған  қарсы  тұра алмайды ешқашан,
Топрырақтың  ірілі – ұсақ  кесегі.                                  (Кіндік  тамыр)
4). Негізгі  тамыр-бәрінің  де анасы,
Одан  өскен  тамырларға қарашы.
Жан-жағына жібектей  боп  таралған,
Қаншама көп бауырында баласы.                               (Жанама тамыр)
ІІІ. Топпен  жұмыс:  Тамыр бөлімдері (Мәтінмен танысу 5-мин). 
Тоты 5 рольді: Баяндамашы, көшбасшы, уақыт сақшысы, бақылаушы, хатшы анықтау. Жұмыс мына 
жоспармен жүреді.
1-топ:  Тамыр оймақшасы, бөліну
2-топ:  Сору , өткізу бөлімі
3-топ:  Тамырдың өсуі
Бағалау парағы

Бағалау өлшемі     ( Топтар)
Түсіндірмелері
1
2
3
Ортақ балл:
ІY. Жеке жұмыс:  . Оқушылардың білімін тексеру мақсатында «биологиялық диктант» алынады .    
     1..............- өсімдектердің жер асты мүшесі. ( тамыр)
2. Өсімдіктің өсімді мүшесі.............. (вегетативті)
3.Өсімді мүшелер........... жүйе құрайды. (екі түрлі)
4.Шашақ тамыр жүйесінде.............. тамыр болмайды. (негізгі)
5...........................бөлімі- өсу бөлімінен кейін орналасқан. (сору)
145

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
6. Тамыр түктерінің ұзындығы...................... түрлі.(әр)
                                                    Кері байланыс: сұрақ арқылы бағалау:
                                                        1. Не үйрендім?
                                                        2.Маған не қиын болды? 
Y. Жұптық  жұмыс:  «Жасырын хат» Пилот-штураман. Бағалау: АКТ-ға дұрыс жауабын шығарамын,
бағдаршам арқылы бағалау.
Тамыр бөліміне  кірмейтін 2 сөзден  тұратын  сөйлем  шығады....
10
14
8
12
2
1
3
13
5
11
4
7
9
6
1-о; 2-р; 3-й; 4-ш; 5-а; 6-ы; 7-а; 8-м; 9-с; 10-т;  11-қ; 12-ы; 13-м; 14-а;
Тамыр өсуіне  байланысты  3 сөзден  тұратын  сөйлем  шығады....
4
16
8
11
1
10
2
14
6
12
7
3
13
5
15
9
1-р; 2-ш; 3-ө; 4-т; 5-е; 6-н; 7-н; 8-м; 9-і; 10-ұ;  11-ы; 12-а; 13-с; 14-ы; 15-д;   16-а;
Тамырдың өсуі аяқталғанда  болатын  процесс (3 сөзден  тұратын сөйлем)....
5
11
14
2
18
12
7
1
8
13
19
3
15
9
17
10
20
4
16
21
6
1-ң; 2-ы; 3-а; 4-а; 5-т; 6-ы; 7-ы; 8-б; 9-ы; 10-у;  11-а; 12д-; 13-і; 14-м; 15-з;   16-й;  17- қ;   18-р ;   19-р;   
20-р ;   21- д;
YІ.Жекелеген тапсырма: Эссе жазу . Фигурамен бағалау.
Сергіту сәті: (Аяқталмаған  тезис, фотогалерияға саяхат)
YІ. Жұптық  жұмыс:  Топтар арасында өтілген сабақты , Де Бононың «6 ойлау шляпасымен»  еске  
түсіреді. Саусақпен бағалау жүзеге асырылады..
     YІІ. Жек баламен  жұмыс: Қорытынды  рефлексия жасатамын.
                         
  
  Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылы
№ 44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Шалбаева Ақтолқын Боданқызы
Мерзімі: 
Сыныбы: 9
146

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сабақтың аты
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа, қыстырма
сөздерге байланысты қойылатын үтір
Сілтеме 
Жоспар 
Жалпы мақсаты
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа, қыстырма
сөздерге қойылатын үтір жайлы түсінік
қалыптастыру, білімдерін толықтыру; топта
өзгенің пікірімен санаса білуге,
ұйымшылдықпен бірлесіп жұмыс жасауға
үйрету
Күтілетін нәтиже
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа, қыстырма
сөздерге үтір қандай жағдайларда
қойылатындығы жайлы білетін болады, топта
өзгенің пікірімен санаса білуге,
ұйымшылдықпен бірлесіп жұмыс жасауға
үйренеді.
Негізгі идеялар
Іздену, мағлұмат жинау,  шығармашылық
жұмыспен айналысу, тапсырма орындау
Тапсырмалар 
Топтық жұмыс 
Шағын 
жұмыс 
тобыны
ң 
тәжіриб
есі
Тапсырмалар 
Жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу, топ басшысын 
сайлау (5- минут)
«Бағалау парағы» таратылып беріледі
Бағалау 5 пен 10 баллдық жүйе арқылы бағаланады.
Топтың номері Үй 
тапсырмасы 
Тақырыптың 
ашылуы 
(постер қорғау)
Мәтінмен 
жұмыс 
«Өзіңді      
тексер» 
тапсырмасы
Жалпы ұпай 
саны 
І топ 
ІІІ топ 
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Жазуда тыныс белгілер неше ұстаным бойынша қойылады?
2. Тыныс белгілердің қойылатын орындарын ата?
3. Сөйлем соңына қойылатын тыныс  белгілерді ата?
4. Екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылатын тыныс белгі?
5. – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе, - ша, -ше сұраулық  шылаулар қатысса  қандай сөйлем  құралады?
6. - ай, - ау демеулік  шылауының тіркесуі арқылы құралатын сөйлем түрі?
7. Лепті  сөйлем мағыналары нешеге бөлінеді және оларды ата?
8. Айтылуға тиісті  ойдың  аяқталмай қалғанын білдіретін тыныс белгі
Тақырып таңдау
Әр топтан топ басшылары келіп жасырылып тұрған тақырыптарды таңдап алады.
І топ - Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
ІІ топ - Қаратпа сөздерге байланысты  қойылатын үтір
ІІІ топ - Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір
Осы тақырыптар бойынша топтар постер қорғайды
Жеке жұмыс
Тақырыпқа қатысты тыныс белгісі қойылмаған сөйлемдер беріледі, сол сөйлемдерге тыныс белгісін
147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
қойып шығу керек.
Сергіту сәті
Қаратпа болатын сөздердің орнын тауып, тыныс белгісін қойыңдар.

Иә                       мал – жан аман ба?

Сіздің өмір жолыңыз қалай болып еді         

                   дегенмен  осы  әңгіменізді  тыңдағым келеді.

Уәде Құдай сөзі                тосамын.

Оларды  қайтесіз                 онан да өзіміз бастаңғы жасайық.

Е                  біз  не көрмедік.

Әй               сендер  жұмыстарыңды жалғастыра  беріңдер.
                      8.                көктем де туды – ау!
Қаратпа сөздер:  Орынбай, аға,  апа, балалар,  Күміс – ай, аға, ата,           жарықтық
Шынжыр әдісі. Түрлі-түсті қағаз қиындылары беріледі, сол қиындыларға бүгінгі өтілген сабаққа 
қорытындыларын жазып шығады. Соңынан топ басшылары шығып үш топтың шынжырларын 
біріктіріп, бір шынжыр жасайды.
Сабақ соңында «бағалау парағының» ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
Кейінгі тапсырмалар
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Кейінгі оқу
Эссе жазу
 Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылы № 44 орта мектеп
Құлымбетова Гулназ қазақ тілі әдебиеті
       
Мерзімі:
Сабақтың аты
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың дұрыс 
сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Жалпы мақсаты
Диалогтік оқыту арқылы баланы 
тапқырлылыққа, психологиялық орнықтылыққа,
өзара әрекеттестікке, ойлануға баулу.
Күтілетін нәтиже
Диалогтік оқыту арқылы балалар 
тапқырлылыққа, психологиялық орнықтылыққа,
өзара әрекеттестікке, ойлануға үйренеді
Тапсырмалар 
Топтық жұмыс
Шағын жұмыс 
тобының 
тәжірибесі
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:
Топқа бөлу «Ән арқылы»
Тақтада мына сурет көрсетіледі
Берілген суреттер бойынша өз ойларыңызды жазыңыздар
Қашықтықтан  басқару
Мақсаты: Кінәмшіл, эмоционалды немесе қайшы  келетін сұрақтармен жұмыс жасау.
Ұйымдастыру: Арнайы  еш  нәрсе  жоқ 
Жаттығудың сипаттамасы: Оқушыларды  кінәмшіл, эмоционалды немесе қайшы  келетін  
тақырыптардан  қашықтықта ұстау  үшін әңгіме, драма, рольдік  ойынды және  т.б. қолданыңыз. 
Мысалы, жоғалту, айрылу кезіндегі  сезімдерін  ашық талқылауды  сұрағанның  орнына , одан да  
бағалысын жоғалтқан  жас  жігіт  атынан  айтылған  әңгімені  қолдануға  болады. Сосын 
оқушылардан  оның  қандай сезімде болғанын  сұрайсыз. 
Тапсырма: Әр топ бірлесе отырып «бағалысын жоғалтқан  жас  жігіт  атынан» әңгіме құрайды.
Сергіту сәті «Тілек шамы»
Постер қорғау. Диалогтік оқытудағы кедергілерді жеңу жолдары
   Алмағанбетова Қарлығаш Кәрімқызы
148

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Сырдария ауданы  Тереңөзек кенті
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 
                                                                                       қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
                                       БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Еліміздің  білім беру жүйесін сапалы деңгейге көтеру,бәсекелестікке қабілетті тұлға дайындау
алдыңғы кезектегі мәселелер қатарында тұр.Ал бүгінгі бәсекенің ұстанымдарына икемді түлектердің
тұлға болып қалыптасуы мектептен бастау алады. Сондықтан да мектеп ұстаздарының алдына бүгінгі
өзгермелі   жағдайларда   еркін   бағдарлана   алатын   құзіретті,   шығармашылық   мәдениеті   жоғары
шәкірттер  дайындау   міндеті   қойылып  отыр.   Ақпараттық   технологиялардың  оқу   үрдісінен  кеңінен
орын алуы заман талабы болып отырғандықтан ұстаздардың білімді,сапалы ұрпақтар дайындауында
осы технологияға ерекше мән бере отырып қолдану қажеттілігі туындауда. 
Оқытудың технологиялық құралдарын қолдану мазмұнды меңгеру үрдісін қарқындандырып, білім
алушылардың оқу ынтасын арттыруға,  дербестік және саралай оқыту ұстанымдарын жүзеге асыруға
мүмкіндік туғызады. Ұстаздың қазіргі талаптарға сай ғылыми ізденісте еңбек етуі нәтижелі оқытудың
алғы шарты болып табылады. Ал бұл ғылыми ізденістердің басты мақсаты сапалы білім беру екендігі
белгілі.
Қай   мемлекеттің   де   негізгі   тірегі-білімді   де   білікті,   іскер   де   белсенді   адамдар.   Сондықтан   қоғам
талабына сай ол қоғамды көркейтетін,дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр
баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты
өзекті мәселелер орынды енгізілген.
Келешек жас ұрпаққа білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан
қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса,екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек
өзінің интелектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Бала бойындағы ерекше қабілетті,дарындылықты тани білу, дамыту, бағыт-бағдар бере білу жауапты,
әрі қажетті іс. Баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре
білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие процесі арқылы оқушыларға терең білім берумен
қатар ойлау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсаты көзделеді.Жас ұрпаққа жан-жақты білім
және   тәрбие   беру   мұғалімнің   басты   міндеті.Қазіргі   жаңа   педагогикалық   технологияның   өзі   бізге
дәстүрлі емес бағытта жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттайды.
Танымдық   ойындар   ұйымдастыру   арқылы,нәтижесінде   баланың,мұғалімнің   назарынан   тыс   қалып
қою,зерігу   дегендері   болмайды.Күнделікті   сабаққа   қарағанда   бұл   сабақтардан   оқушы   тиімді
ақпараттар   алады.Оқушыларды   шығармашылыққа   итермелеп,   дамыта   білім   береміз.Сабақтағы
ақпараттар   сыныптан   тыс   жұмыстарда   да,бағдарлы   курстарда   да   тиімді   ақпарат   болады.Сабақта
оқушы өз бетінше ізденеді,тұлғаға бағытталған іс-әрекет жасайды.  
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол
жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен.өз күшімен ұмтылуы тиіс».
Ұстаз   еңбегінің   ең   бастысы   оқушылармен   жұмыс   істеуге   бағытталады.Олар   әр   баланың   жас
ерекшелігімен   жеке   қабілеттерін   ескере   отырып,   танымдық   қызығушылығын   қалыптастыруға
міндетті.Сондықтан   оқуға   қызығушылығын   қамтамасыз   ететіндей,   бала   әр   кезде   өзі   жаңа   нәрсе
ашқандай қылып оқытуды ұйымдастыру қажет. 
Өзімнің тәжірибелік жұмысымда, пәнге қызығушылығының қалыптасуына, оқушыларды өз бетінше
жұмыс   жасау   қабілетінің   дамуына,   логикалық   ойлауына,   үлкен   мән   беремін.   Сондықтан
сабақтарымның   көп   уақыты   оқушылардың   оқулық,   арнайы   және   анықтамалық   әдебиет
материалдарын   өз   бетінше   оқып   зерттеуіне,   соңғы   жетістіктер   жайлы   баяндамалар   мен
хабарламаларға бөлемін. Басқаша айтқанда, оқушы сабақта бос отырмайтындай, яғни  К.Д.Ушинский
айтқандай  « басты ойсыз,қолды іссіз » болмайтындай жағдай туғызуға тырысамын.
Оқушылардың   топ,   ұжым   болып   жұмыс   жасағанда   ізденіске   ұмтылысы   күшейеді.   Сондықтан
семинар-жобалар,   дөңгелек   үстел,   қоғамдық   бақылау,сабақтан   тыс   жұмыстарды   өткізуге   ынталы,
өйткені сабақта енжар болып отырған оқушыларда ізденіп, жаңа нәрсе тапқанына қуанады, пәнге
сүйіспеншілігін   одан   әрі   арттыру   үшін,   олардың   жұмысы   да   дұрыс   бағалануы   керек.   Үйірме
149

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
сабақтарында   оқушыларды   шығармашылық   жұмыстарға   жетелеу,   ізденіске   түсіру   арқылы
дарындылық қабілетін ашуға ықпал жасалады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы білім берудің ұлттық моделін дамыту бағытындағы
мақсаттарды   көздейді.   Осы   тұрғыда   білім   беруді   жаңашаландырып,   оның   жаңа   жүйесін   жасап,
дәстүрлі жүйеден ерекше болуын қамтамасыз ету басты парыз. Жалпы білім берудің қазақстандық
моделі   берік,   негізді   болу   үшін   оқушылар   санасына   өз   халқының  тарихи  тамырын,   рухани   және
адамгершілік   қағидаларын,   азаматтық   және   отансүйгіштік   идеяларын   басқа   халықтарға   деген   ізгі
көзқарастарын тәрбиелеу керек.
Әрбір   мемлекеттің   болашағы   мектебінде   шыңдалады.   Осы   елге   ертең   ие   болып,   тізгінін   ұстар
азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық мектептерге үлгі болуға тиісті оқу
орындарының бүгінгі жайы,даму бағыттары бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Бүгінгі мектептің, мұғалімнің ең басты қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды
тұлға   қалыптастыру.   Рухани   байлық   ең   алдымен   әр   халықтың   ұлттық   әдет   –   ғұрпы,   әдебиеті,
мәдениеті, өнері шыққан түп тамырында екендігі. Сол ұлттық байлықты бүкіл азаматтың өз ұрпағын
тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың жол ашуына
түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті. Әр мұғалімнің сәулелі мұраты- өз
пәнінен   білім   беріп   қана   қоймай,   әр   баланың     «   менін   »   ашу   «   мендік   »     тұлғаға   жетелеу.
Шығармашылық   дегеніміздің   өзі   ізденімпаздықтан   туады.   Ұлы   дана   Абайдың   «өзіңе   сен,   өзіңді
сүйреп шығар, ақылың мен еңбегің »    деген сөзі еріксіз ойға оралады.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту
арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.Демек, ескі сүрлеуден арылып,
жаңа   жолдан   іс   бастайтын   сәт   ұстаздар   қауымына   туған   тәрізді.   Мұғалімдер   алдында   оқыту   мен
тәрбиелеудің   жаңа   технологияларын   қолдана   отырып,   жеке   тұлғаның   дамуына   жағдай   туғызу
қажеттілігі   тұр.   Қортындылай   келе,   сабақта   тиімді   жұмыс   түрлерінің   жан-жақты   орындалуы,
ойластырылуы мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Ұстаз   үшін   ең   басты   мәселе   –   оқыту   әдісін   дұрыс   таңдай   білу.Технология   –   бұл   қандай   да   бір
жұмысты, өнерді, шеберлікті іске асыру жиынтығы.Осындай сабақ үлгілері арқылы оқушылардың
білімді   меңгеру   деңгейі,   іздену,   проблеманы   шешу,   жаңа   хабар   алу,   жемісті   әдістер,   іс-әрекеттер
арқылы жүзеге асатыны көрсетілген.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылы
№ 114 орта мектептің  тарих және құқық
пәнінің мұғалімі Алимова Гүлзира  Мұратбайқызы
«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ»
ҚР Президенті Н.Назарбаев биылғы жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында өмірдің барлық саласына, әрбір
азаматқа   қатысы   бар   негізгі   экономикалық   және   әлеуметтік   бағдарды   атап   көрсетті. Мемлекет
басшысы еңбекақыны, шәкіртақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны көтеру қажеттілігіне ерекше
көңіл бөлді. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2050 жылға қарай қазақстандықтар әлемдегі ең білімді
халықтардың біріне айналуы тиіс.
        Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің жарқын болашағының негізі, ұзақ 
мерзімге арналған «жол нұсқаушы» шамшырағы. Жолдауда еліміздің жарқын болашағы мен оның 
әлемдік аренадан ойып орын алу бағдарламасы айқын көрсетілген. «Қазақстан-2050» Стратегиясы 
барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол елдігіміз бен 
бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз саналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет