2. Пән туралы мәліметтер«Түркі халықтары әдебиеті» пәні – жоғары оқу орындарында филология мамандықтьарына оқытылып жүрген пән. Бұл курста түркі халықтары әдебиеті тарихының кезеңдері, қалыптасуы, әлем әдебиетіндегі алатын орны, ақын-жазушылардың шығармалары жөнінде мәселелер кеңінен қарастырылады.
Мақсаты:Түркі халықтары әдебиетінен - өзіміздің туысқан халықтар арсындағы тамырластықты зерделеу, еліміздің руханиятына ұқсас жағы, тарихи байланыс, көрнекі ойлау жүйесі, мақсат-мүддеміз.
Курстың міндеті:Түркі халықтары әдебиетінің ақын-жазушыларымен танысу; Түркі халықтары әдебиеті шығармашылығының қыр-сырымен танысу; Түркі халықтары әдебиетін ұлттық әдебиетімізбен салыстыру;
Пререквизиттері:түркітану, әдебиеттануға кіріспе, ежелгі дәуір әдебиеті, хандық дәуір әдебиеті.
Постреквизиттері: түркі әдебиетінің жалпылама курсы, әдебиет теориясы.
3. Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп: Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар. Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы. Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.