Серия философия серия культурология


КӨНЕ ТҮРКІ МƏДЕНИ ЖƏДІГЕРЛЕРІНДЕГІ АДАМ КОНЦЕПТІСІНІҢ



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата04.02.2017
өлшемі2,63 Mb.
#3364
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31

 
КӨНЕ ТҮРКІ МƏДЕНИ ЖƏДІГЕРЛЕРІНДЕГІ АДАМ КОНЦЕПТІСІНІҢ  
МƏДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ 
 
Түркі  адамының  болмыс  бітіміне  тоқталмас 
бұрын, баршаға белгілі, Түрік қағанаты тарихы-
ның  негізгі  дерек  көздері  Орхон-Енисей  жазба 
ескерткіштері,  Қытай  жылнамалары  (Жоу,  Шу, 
Суи  Шу,  Вей  Шу,  Вей  Шу,  Жию  Таң  Шу,  Шиң 
Таң  Шу,  Сы  Фу  Юан  Гун  т.б.)  жəне  Византия 
деректері  болып  үш  топқа [1] бөлінетіндігін 
атап  өткен  жөн.  Осы  деректерді  толыққанды 
зерттеу  нəтижесінде  ғана  көне  түркі  мəдени 
жəдігерлеріндегі  адам  концептісінің  мəдени 
антропологиялық 
мазмұнын 
ашуға 
зор 
мүмкіндік аламыз.  
Адамзат белгілі бір кеңістік аумағында жəне 
белгілі  бір  уақыт  өлшемінде  өмір  сүретіндіктен 
Адам,  Кеңістік  жəне  Уақыт  концептілері  өзара 
сабақтастықты сақтай отырып, бірін-бірі ашуға, 
бірін-бірі  тереңірек  танытуға  да  жағдай  жасай-
ды.  Көне  түркiлердiң  табиғи  болмыс-бiтiмiнде 
қалыптасқан  даралық  қасиеттерiн:  жаратылыс-
пен бiте қайнасқан табиғатпен үндестiгiн; туған 
жер – ата  мекендi  пiр  тұтатын  жершiлдiгiн; 
халқын,  жұртын  сүйетiн  елдiк  позициясының 
берiктiгiн;  азаттық  пен  тəуелсiздi  бəрiнен 
жоғары  қоятын  асқақ  рухын  сипаттайды.  Көне 
замандардан  бері  дербес  тайпалық  одақтар  мен 
хандықтарға  бөлінсе  де,  өзара  ұласып-сабақ-
тасып  жататын  түркі  халықтарының  суперэт-
ностық  тұтастығының,  жалпытүркілік  дүниета-
нымы  мен  жалпытүркілік  санасының  негізі – 
этномəдени жəне этнофилософиялық ақпаратты 
молынан  сақтаған  көне  түркі  жазба  ескерткіш-
терінің  мазмұны – қазіргі  түркі  халықтары 
дүниетанымының  мəдени  антропологиялық 
өзегін құрайды. 
Түркі халықтарының ортақ мұрасы – Орхон, 
Енисей,  Талас  ескерткіштері  тілінің  зерттелуі 
жүз  жылдан  аса  уақытты  қамтитын  тарихы, 
өзіндік  дəстүрі  бар,  ғылыми  ұстанымдары  мен 
əдіс-тəсілдері қалыптасқан сала болғанымен көне 
түркі  мəдени  ескерткіштерін  мəдени  антропо-
логиялық  парадигма  аясында  зерттеу  енді-енді 
қолға алына бастады. Сондықтан қазіргі түркілер-
дің  дүниетанымдық  стереотиптерінің  арқауы 
болып  табылатын  ҮІІ-ІХ  ғасыр  түркілерінің  дара 
болмысын  олардың  өздері  қалдырған  жазба 
мұраларды  семиотикалық  тұрғыдан  зерделеу, 
дүниетанымын, 
болмысын 
жəне 
рухани-
ақпараттық  əлеуетін  мəдени  антропологияның 
мазмұндық-семантикалық  аясы  негізінде  саралау, 
сол  арқылы  көне  түркі  мəдени  жəдігерлеріндегі 
адам  концептісінің  мəдени  антропологиялық 
мазмұнын  жан-жақты  талдау  этномəдениет-
танудың өзекті мəселесі болып табылады.  
Көне  түркілердің  Тəңірлік  дүниетанымы 
аясына  кіретін  Ұмай-Ана  ұғымы  халықтың  сан 
ғасырлық тəжірибесі мен таным-түсінігі арқылы 
қалыптасып,  қазіргі  түркілерге  дейін  жеткен 
алғы  мифологиялық  дүниетанымдық  əмбебап 
ретінде  сипатталады.  Түркі  халықтары  дүние-
танымының  архисаналық  кезеңінен  бастау  ала-
тын  Ұмай-Ана  киесі  жалпы  түркілік  сана 
арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жат-
қан,  белгілі  бір  дəрежеде  халықты  адамгерші-
лікке,  тазалыққа,  əдептілікке  тəрбиелеу  құра-
лына 
айналған 
архаикалық 
құндылықтар 
жүйесіне  жатады.  Түркі  адамының  мəдени 
антропологиялық  мазмұнын  жан-жақты  талқы-
лағанда,  оның  дүниетанымдық  болмысында 
көрініс  тапқан  құндылықтар  сатысы  барлығы 
мəлім. Бір мақала аймағында олардың барлығын 
тізіп  беру,  əрқайсысына  тоқталу  тым  үстірттік 
танытатын  болғандықтан,  көне  түркі  мəдени 
жəдігерлеріндегі  адам  концептісінің  мəдени 
антропологиялық  мазмұнын  ашатын  өмірлік 
əлеуметтік  құндылықтардың  негізгілері,  атап 
айтқанда,  қайырымдылық,  парыз  құндылық-
тарымен  шектелеміз.  Ежелгі  түркі  дүниетаны-
мындағы  адамның  мифологиялық  ғаламын 
немесе аңыздағы дүние келбетін көрсетеміз. 
Адамгершілік  идеясы  Адам  болудың  басты 
талаптарының  бірі  рухани  құндылықтарды 
сақтап,  оны  ұрпақтан  ұрпаққа  сабақтастық 
арқылы  жеткізуге  негізделеді.  Адамның  рухани 
құндылықтары  оның  адамгершілік  жəне  қайы-
рымдылық  деңгейімен  сипатталатындықтан 
көне  түркілер  дүниетанамындағы  адам  концеп-
тісі  жалпыадамзаттық  тұлғаның  бөлінбес  ерек-
ше белгілеріне толыққанды сəйкес келетін жеке 
адамдар арқылы бейнеленеді.  
Көне  түркі  мəдени  жəдігерлерінде  көрініс 
тапқан  адамгершілік  құндылықтарының  бірі – 
қайырымдылық: «Əкеміз  иелік  еткен  халықтың 
атақ-даңқы  өшпесін  деп  түркі  халқы  үшін  түн 
ұйықтамадым.  Күндіз  отырмадым.  Інім  Күл-
тегінмен  бірге  екі  шадпен  бірге  өліп-талып 
иелік  еттім.  Осылайша  иелік  етіп,  күрендегі 
халықты  өрт  пен  суға  салмадым.  Мен  өзім 
Қаған  боп  отырғанда  жер-жерден  босқан  халық 
жаяу,  жалаңаш  өліп-жітіп  қайтадан  келді. 
Халықты көтерейін деп терістікте оғыз халқына, 
ілгері  қытай,  татабы  халқына  түстікте  табғачқа 
қарсы  екі  рет  соғыстым.  Одан  соң  тəңірі 
жарылқап,  құтым-бағым  бар  болғандықтан, 
нəпəқам  бар  болғандықтан  өлімші  халықты 
тірілттім» [2], - деген  Білге  қағанның  қазақша 
аудармасындағы  мəтін  қарапайым  халыққа 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                
155
 
деген  қаған  қайырымдылығының  көрсеткіші. 
Бұл мəтіннен Адам концептісінің семиотикалық 
репрезентациясы айқын көрініс тапқан.  
Парыз  құндылығын  түрік  қағанатындағы 
əлеуметтік  құрылым  Түркі  қағандары  мен 
олардың  кеңесшілерінің,  қолбасшылардың  ел 
алдындағы,  ұрпақ алдындағы  мемлекет басқару 
ісін  парыз  ретінде  терең  ұғынғанын  ескерткіш 
мəтіндерінен  айқын  аңғарамыз: «Бір  кісі 
жаңылса,  руы,  халқы  тұқымына  дейін  қалмас 
еді» [3]. «Түн ұйықтамадым, күндiз отырмадым, 
қызыл  қанымды  төктiм,  қара  терiмдi  ағыздым, 
күш-қуатымды да бердiм» [4]. Бар болмысымен 
ел  алдындағы,  ұрпақ  алдындағы  жауапкер-
шілікті  терең  түсінген  көне  түркілер  дүние-
танымы  бейнеленген  бұл  тұрақты  тіркес  Адам 
концептісінің  этномəдени  ментальды  ерекше-
лігін  танытатын  рухани  категориялар  қатарына 
жатады [5]. 
«Алып  ерлерін  өлтіріп  балбал  қыла 
бердім..»(БҚ)  деген  сөйлемнің  мазмұны  көне 
түркілер  жауына  да  құрметпен  қарағанын, 
жеңіліске  ұшыраған  жақтың  ерлік  көрсеткен 
батырларының  басына  ескерткіш-балбалдар 
орнатып  отырғаны  айтылады.  Мұндай  іс-əрекет 
кез-келген  этностың  қолынан  келе  бермейтін, 
түркілердің  этноболмысына  ғана  тəн  айрықша 
адамгершілік қасиетті көрсететін мəрттік, кеңдік 
[6]. Ескерткіштер мəтініндегі адам концептісінің 
адамгершілікке қатысты рухани ұстындары көне 
түркілер  танымында  Адам  туралы,  оның 
адамгершілік  құндылықтары  туралы  шынайы 
білім қоры жинақталғаннын көрсетеді. 
Адам  өзге  тіршілік  иелерінен  саналық 
деңгей 
қабілетімен 
ғана 
ерекшеленбейді, 
сондай-ақ,  басқа  тіршілік  иелеріне,  заттарға, 
кеңістік  пен  уақыт  аралығына  əсер  ете  алатын 
интеллектуалды əлеует иесі ретінде дараланады. 
Бұл сипат адам баласының белсенді ұстанымын 
айқындаумен  қатар,  олардың  жер  бетіндегі 
үстемдігінің  сапалық  деңгейін  көрсетеді.  Түркі 
халықтарының 
этномəдени 
ерекшеліктері 
белгіленген 
адам 
туралы 
концептуалдық 
түсініктер  көне  түркі  мəдени  жəдігерлеріндегі 
адам  концептісінің  мифологиялық  модельдері 
арқылы  көрініс  тапқан.  Ежелгі  түркілер 
дүниетанымының  мифологиялық  космогония-
сының 
мəдени 
антропологиялық 
негізін 
қарастырар  болсақ,  түркі  адамының  жараты-
лысы  жайлы  көне  түркі  мəдени  жəдігерлерінде 
діни-мифологиялық  дүниетаным  орын  алған. 
Атап  айтар  болсақ, «Жоғарыда  көк  Тəңірі, 
төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында 
адам  баласы  жаралған» [7] деген  мəтіндегі 
адамның  пайда  болуы  жайлы  пікірлер  түркі 
адамын  Көк  Тəңірі  асқан  сүйіспеншілікпен 
жаратқанын жəне оның бүкіл ұлы істерінде Көк 
Тəңірі  əрдайым  қолдау  көрсететіндігі  көрініс 
тапқан.  Жалпы,  түркі  адамының  жан  дүниесі 
Универсуммен  жəне  Космоспен  бірге,  бөлінбес 
біртұтастықта.  Түркі  адамының  табиғатпен 
бірлігі  əлеуметтік,  жеке,  объективті  жəне 
субъективті  деңгейде  ажырамас  тұтастықта 
сипатталған.  Ежелгі  түркілердің  мифологиялық 
санасы  табиғаттың  бөлшегі  ретінде  Тəңірден 
яғни Құдайдан жаратылған тіршілік иесі ретінде 
өзіне  сенімділік,  үстемдік  сыйлады.  Көк  Тəңірі 
табиғаттың  жанды  кейпі  ретінде  бейнеленеді 
жəне  ол  аспанмен  суреттеледі.  Түркі  адамы 
универсумның  принциптерімен  пайда  болған 
тіршілік  иесі,  əрі  универсумның  кішігірім 
синтезі  болып  табылады.  Бұл  түркі  Адамының 
пайда  болуы  жайлы  мифологиялық  дүниета-
нымының негізгі сипатын көрсетеді. Бұл орайда 
қаған 
мемлекеттің 
тұрақтылығы 
мен 
гүлденуінің символы болып табылған. 
Түркітанушы белгілі ғалым Ахмет Ташағыл, 
түркі  адамының  мəдени  болмысын  ашу  үшін, 
түркі  мемлекетіндегі  əлеуметтік  құрылымның 
қызметіне  үңілуге  шақырады.  Ғалым  пікірінше, 
түркілерде  ең  үлкен  саяси  құрылым  ел,  яғни 
мемлекет  болған [8]. Бұл  жайт  Қытай  жылна-
малары  мен  Орхон  ескерткіштерінде  анық 
көрсетілген.  Түркі  тарихының  бастапқы  кезеңі 
мен  мемлекеттің  құрылуы  баяндалатын  Қытай 
деректерінде  (Жоу  Шоу 50-бөлім)  мемлекеттің 
қағаны  Бұмынның  жуан-жуандарды  қырғынға 
ұшыратқаннан  кейін,  мемлекет  мағынасындағы 
«ел»  мен  ел  басшысы  «қаған»  сөзін  бірге 
қолданғаны  айтылады.  Бұл  мемлекеттілікті 
білдіретін  сөз.  Мемлекеттің  əлеуметтік  құры-
лымының  негізін  əулет  құрайтын  болған. 
Əулиеттер  бірлігі  ру,  ал  тайпа – əулиеттер  мен 
рудың одағы болған. Оларды өз кезегінде билер 
басқарған. Бір саяси одаққа кіретін руларды оқ, 
рулар одағын бодун деп атаған, оларды жерінің 
көлеміне  қарай  жабғы,  шад  жəне  елтебер 
басқаратын болған.  
Ескерткіштер  тілінде  Түркі  будыны  туралы 
жиі  қолданылатын  мəтін  мазмұны  тұтас 
қауымның  мүддесі – елдің  береке-бірлігі  мен 
ынтымағы,  ұрпақ  болашағы,  түркі  халқының 
абыройы 
мен 
намысы, 
басқа 
халықтар 
алдындағы  беделі  түркілер  үшін  жеке  адам – 
қауым,  əлеумет  опозициясының  тірек  моделі 
«Мен – Біз»  дуализмінің  көпшілдік  позициясы 
түркі халқының басты өмірлік ұстанымы екенін 
көрсетеді.  Көне  түркілер  дүниетанымындағы 
бүкіл  қауымды  суреттейтін  позициясы  елдік 
идеясына  арқау  болып,  Көне  түркі  Адам 
концептісінің  этномəдени  мазмұнын  айқындай-
ды.  Көне  түркілер  дүниетанымында  этноцент-
ризмнің  де,  түркілік  патриотизмнің  де  орын 
алғанын  байқауға  болады.  Мысалы,  Күлтегiн 
ескерткiшi  тiлiндегi «Тəңiрi  күш  бергенi  үшiн 
əкем  қаған  əскерi  бөрiдей  едi,  жаулары  қойдай 

156
                          
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
едi» [9] деген  сөйлем  түркі  жауынгерлерінің 
ержүрек,  батырлығын,  олардың  жауларын 
өздерінен  кем  санағанын,  жауласушы  тайпа 
əскерлерін  өздеріне  қарағанда  əлсiз  деп  баға-
лағанын  бейнелейді.  Өздерін  Тəңірдің  сүйікті 
перзенті  санаған  көк  түріктердің  амбициялық 
көзқарастары  «Төрт  тараптағы  (бұрыштағы) 
халықты 
бейбіт 
қылдым. 
Басы 
барды 
жүгіндіріп, тізеліні бүктірдім (шөктірдім) » [10] 
деген сөйлемдерден де айқын аңғарылады. 
Жалпы,  түркі  патриотизмі  қазіргі  таңдағы 
түркі  халықтарының  ұлттық  идеологиясымен 
пара-пар,  елдің  тұтастығын,  түркілердің  дара 
болмысын, этномəдени  кеңістігін сақтап, дамы-
туды  қамтамасыз  ететін  патриоттық  рухтағы 
феномендік құбылысы болып табылады. 
Көне түркі жазба ескерткіштерінің мазмұны 
сол  дəуірде  өмір  сүрген  көне  тайпалардың 
қалыпқа  түскен  құрылымдық  жүйесін,  жалпы 
санасының материалдануының нақ көрінісі. 
Орхон 
мұраларына 
жататын 
көлемді 
ескерткіштердің құрылымы, белгілі бір сюжетке 
құрылған  жүйелі  мазмұны,  түркі  патриотизмін 
сыйлайтын  рухы  түркі  адамы  концептісінің 
толыққанды  ашуға  мүмкіндік  береді.  Түркілер 
дүниетанымын  көрсететін  бұл  жазба  деректе-
рінде  идеяның,  этнотанымдық  ұстанымның 
түркілер үшін зор маңызды екендігі тұтас мəтін 
мазмұны арқылы анықталады.  
Ескерткіш  тілінің  көркемдігі,  түркі  халық-
тарының  дүниетанымдық  тұжырымдары  мен 
талғам-парасатын көрсететін мəтін мазмұнының 
тереңдігі  Иоллығ  Тегіннің  өз  заманындағы 
тілдік тұлға екенін айқындайды [11].  
Көне түркі жазба ескерткіштері қазіргі түркі 
халықтарының  болашағын  баянды  ету  үшін 
берер тағлымы мол құжат болуымен қатар тұтас 
суперэтностың  да,  жекелеген  түркі  халықтары-
ның  да  ұстанар  рухани  ақпараттық  бағдары,  ел 
болудағы  негізге  алар  ұлттық  қағидасы  болып 
қала  бермек.  Түркі  адамының  биік  болмысын 
ұлағаттап,  оның  мəдени  антропологиялық 
мазмұнын  ашып,  құндылықтық  қорын  санаға 
сіңіргенде  ғана  көшбасшы  түркі  дүниесін 
ұлттық идея ретінде пайдалануға сенім берік. 
Жалпы,  көне  түркі  мəдени  жəдігерлерінде 
Адам  концептісінің  мəдени  антропологиялық 
мазмұны адамгершілікке қатысты құндылықтық 
аппараты  көне  түркілер  танымында  Адам 
туралы,  оның  адамгершілік  құндылықтары 
туралы  шынайы  білім  қоры  жинақталғанын 
көрсетеді. 
 
 
 
 
___________ 
 
1.  Ташағыл  А.  Түркі  қағанатындағы  адами 
құндылықтар  мен  адам  құқықтары // Түркі  халық-
тарының  тарихи  ойы.  Тарих-адамзат  ақыл-ойының 
қазынасы: Он томдық.-Астана, 2006. Т.10-369 б. 
2.  Сартқожа  Қ.  Орхон  мұралары. – Астана: 
Күлтегін, 2003. – 392 б.  
3.  Бұл да сонда; 
4.  Бұл да сонда; 
5.  Р.Қ.  Байымбетова  Түркілер  дүниетанымының 
тілдік  репрезентациясы  (ҮIІ-ІХ  ғасырлардағы  түркі 
ескерткіштерінің 
тілі 
негізінде) // Филология 
ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін 
дайындаған диссертациясының авторефераты. 
6.  Бұл да сонда; 
7.  Сартқожа  Қ.  Орхон  мұралары. – Астана: 
Күлтегін, 2003. – 392 б.  
8.  Ахмет  Ташағыл.  Түрік  қағанатындағы  адами 
құндылықтар//  Тарих – Адамзат  ақыл-ойының 
қазынасы:  Он  томдық. – Астана: «Фолиант», 2006, 
Т.10: Түркі халықтарының тарихи ойы. – 369 б.  
9.  Сартқожа  Қ.  Байырғы  түрік  жазуының 
генезисі. – Алматы: Арыс, 2007. – 304 б. 
10. Аманжолов  А.  Түркі  филологиясы  жəне  жазу 
тарихы. – Алматы: Санат,1996. – 128 б. 
11. Ескеева М.Қ. Көне түркі жəне қазіргі қыпшақ 
тілдерінің  моносиллабтық  негізі. – Алматы:  Арыс, 
2007. – 360 б. 
 
* * * 
В  статье  автор  анализирует  этнокультурное,  этно-
философское  содержание  мировосприятие  древних 
тюрков  на  основе  семиотической  репрезентации  этно-
концепта  «Человек»  в  контексте  общечеловеческих 
ценностей.  
 
* * * 
 In the article the author analyzes ethnical cultural, 
ethnical philosophical content of the world conception of 
the ancient Turks on the basis of semiotic representation of 
the ethnical concept of ‘Human being’ in the context of 
common humanity values. 
 
 
 
 
 
М. К. Рахимшикова 
 
ГАРМОНИЯ КАК ОСНОВА МУЗЫКАЛЬНОГО ИСКУССТВА 
 
Эта 
статья 
посвящена 
исследованию 
главного музыкально- теоретического труда аль-
Фараби  «Большой  книге  о  музыке» [Китаб  ал 
мусика ал-кабйр]. Значимость этого источника в 
сфере эстетики на  современном этапе поистине 
уникальна.  В  «Большой  книге  о  музыке» 
глубоко  исследованы  вопросы  музыкальной 
науки,  представлены  отдельные  темы – лада  и 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                
157
 
ритм, 
техника 
музыкальной 
композиции, 
детально  и  широко  описаны  восточные  и 
среднеазиатские инструменты. В своем трактате 
аль-Фараби  систематически  и  последовательно 
освещает  вопросы  теории  и  практики  музы-
кального  искусства.  Опираясь  на  традиции 
античной  теории  музыки  и  на  представления  о 
музыке  в  средневековье,  ученый  сопоставляет, 
анализирует  и  создает  оригинальную  музы-
кальную концепцию.  
В 
эстетическом 
наследии 
аль-Фараби 
гармония  выступает  критерием  существования 
не  только  мироздания,  но  она  выступает 
основой  поэзии  и  музыки.  Гармония  является 
основой 
музыкального 
искусства. 
Даже 
онтологическая  картина  ступеней  бытия,  и 
иерархическое  развитие  мира  в  трудах  аль-
Фараби  основываются  на  принципах  гармонии. 
Изучая и анализируя музыкальное наследие аль-
Фараби, можно отметить обширную и сложную 
теоретическую  основу  музыкальной  науки.  Ряд 
теоретических  концепций  аль-Фараби  о  музыке 
и 
музыкальной 
гармонии 
действительно 
отражает  связь  между  музыкой  и  универсумом. 
Эта  проблема  освещается  такими  категориями, 
как  гармоничность,  соразмерность  и  пропор-
циональность.  Все  вышеперечисленное  прису-
ще как вселенной, так и музыкальной науке.  
В  своих  трудах  Аль-Фараби  рассматривает 
музыку 
как 
искусство, 
основанное 
на 
математических  законах: «как  полагают,  что 
геометрия  и  арифметика  имеют  цели  и 
действующие  причины,  точно  так  же,  как 
подразумевают,  в  музыкальной  теории  также 
имеются цели и действующие причины». 
Мыслитель  рассматривает  музыку  как 
составную часть математики. Правила музыки и 
геометрии  одни  и  те  же, - считает  ученый.  К 
числу 
математических 
наук 
аль-Фараби 
включает  следующие  дисциплины:  арифметику, 
геометрию,  оптику,  астрономию,  статику,  науку 
о  тяжести,  музыку  и  механику.  В  этом  ряду 
наука  о  музыке  занимает  особое  место,  она 
исследует 
закономерности 
музыкального 
искусства. Основанием для включения музыки в 
раздел  математических  наук  является  исполь-
зование в ней числовых способов музыкальных 
элементов – звуков,  ритмических  единиц.  По 
этому  поводу  аль-Фараби  пишет: «Некоторые 
основы  искусства  музыкальной  теории  мы 
берем  из  общепринятых  наук,  некоторые – из 
естествознания,  некоторые – из  геометрии, 
некоторые – из  арифметики,  а  некоторые – из 
искусства  музыкальной  практики.  Мы  объяс-
няли так же, что музыка связана с математикой, 
поскольку  целью  её  является  изучение  тонов  и 
всего,  что  с  ними  связано,  как  величин  и 
количеств». 
В «Большой книге о музыке» Абу Наср аль-
Фараби  рассматривает  музыкальное  наследие 
предков,  генезис  и  теоретические  основы 
музыкальной  науки.  Эта  книга  состоит  из  двух 
частей.  В  первой  части  книги  исследуются 
принципы  музыкального  искусства,  основные 
термины  и  предмет  музыки.  Вторая  часть 
посвящена  музыкальным  инструментам,  компо-
зициям 
различных 
мелодий, 
категориям 
мелодий  и  другим  аспектам  музыкального 
искусства.  Термин  «музыка»  определяется  со 
стороны  мыслителя  как  мелодия.  Характеризуя 
музыкальное  искусство  как  мелодию,  мысли-
тель  дает  следующее  определение: «музыкаль-
ное  искусство – это  то,  что  занимается 
мелодиями  (песней)  и  тем,  что  делает  их 
гармонично  слагаемыми,  благодаря  чему  они 
становятся  более  совершенными  и  более 
приятными».  Подобное  определение  отражает 
изначальное 
единство 
философских 
и 
эстетических  начал  в  научном  подходе  аль-
Фараби  к  музыкальному  искусству.  Для  него 
ценностный  аспект  мелодий – гармоничность, 
результатом которой является – совершенство и 
прекрасное  в  музыке.  Подобная  слитность 
философских, 
этических 
и 
эстетических 
взглядов  аль-Фараби  сказывается  и  на  его 
учении о музыке, которое объединяет в себе все 
аспекты  музыкальной  эстетики: – философию, 
этику, эстетику и социологию. 
Основные  категории  философии,  этики  и 
эстетики  представлены  как  самые  необходимые 
компоненты музыкального искусства: например, 
естественное  и  искусственное,  совершенное  и 
несовершенное, гармоничное и дисгармоничное 
и  другие.  Использование  этих  терминов  в 
музыкальном  искусстве  делает  музыку  полно-
ценной  и  разнообразной.  Содержание  противо-
положных  понятий  и  их  весомость  в  качестве 
ценностных  критериев  музыкального  искусства 
символизирует  некую  «золотую  середину», 
превосходное бытие предмета, отождествляемое 
с  философскими  абсолютами  совершенства, 
красоты и блага.  
Совершенство – одна  из  центральных 
категорий  философии  аль-Фараби,  которая 
символизирует  «полноту»  бытия  человека  и 
абсолютное 
совершенство 
божественного 
бытия.  Совершенство  музыкального  искусства 
рассматривается в двух смыслах:  
– 
во-первых, 
исследование 
вопроса 
закономерности  восприятия – совершенство 
мелодии,  полнота  ощущений  при  прослуши-
вании  музыки,  восхищение  и  наслаждение 
слушателя; 
– 
во-вторых, 
гармоничность 
и 
естественность  музыкальной  композиции  по 
определенным 
параметрам, 
например – 

158
                          
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
ритмические  и  мелодические  украшения, 
последовательность  звуков  и  интервалов, 
качество инструментов, исполнение и сочинение 
мелодий на  основе музыкальной композиции, и 
самое  главное,  структурное  соответствие  трех 
компонентов  композиции – мелодии,  ритма  и 
поэтической речи. 
 По  мнению  аль-Фараби,  если  темп 
модуляции  совпадает  с  темпом  ритма,  тогда 
сочинение  мелодии  можно  считать  завершен-
ным.  Совершенство  музыки  определяется  еще 
такими обстоятельствами, как соответствующий 
интервал,  ритм  тонов  и  пропорция  в  музыке. 
«Самое  главное,  совершенство  музыки  зависит 
от  профессионала», – считает  аль-Фараби. 
Человек,  который  занимается  музыкой,  должен 
быть,  прежде  всего,  теоретиком.  Он  должен 
внимательно  исследовать  генезис  и  развития 
мелодий,  внимательно  изучать  естественные  и 
неестественные  мелодии,  и  в  том  числе 
совершенствовать  свое  мастерство.  Конечно, 
теория  без  практики  теряет  свою  сущность. 
Исходя  из  этого,  аль-Фараби  рассматривает 
теоретические  и  практические  основы  музы-
кального  искусства  в  единстве.  Далее  аль-
Фараби  анализирует  совершенность  и  естест-
венность  тонов.  По  его  мнению,  тоны  могут 
сочетаться  в  определенном  порядке.  Это  соче-
тание  подразумевается  со  стороны  ученого  как 
соединение  или  же  комбинирование  тонов 
одновременно  в  гармонии.  Такое  совершенное 
соединение тонов ученый называет аккордом, то 
есть  созвучным  гармонии.  А  обратное  соеди-
нение тонов, или же неестественное соединение 
аль-Фараби называет диссонансом, несозвучием 
тонов. 
Также 
аль-Фараби 
рассматривает 
интервал  в  музыке,  так  как  при  совершенстве 
музыки интервал звуков занимает особое место. 
В  музыке расстояние  между тонами называется 
звуковым  интервалом.  Как  утверждает  аль-
Фараби: «Это  расстояние  послужит  мерой 
избыточной  высоты  первого  тона  относительно 
второй  или  же  избыточной  низкости  второго 
тона  по  сравнению  с  первой».  Действительно, 
интервал  это  разница  между  звуковысотностью 
и  низкостью  какого-либо  тона  по  сравнению 
другим  тоном.  Ученый  анализирует  октаву, 
квинту  и  кварту  интервалов  для  совершенства 
музыки.  
В своих трудах, посвященных музыкальному 
искусству, аль-Фараби формирует практические 
основы  музыки.  Он  насчитывает  десять 
совершенств, которых он называет гармониями: 
Первая  гармония  добавляется  к  композиции, 
предназначением 
являются 
насыщения 
и 
увеличения  мелодий  или  же  при  помощи  этой  
 
 
гармонии 
мелодии 
получают 
блеск 
и 
окрашенность;  вторая  гармония – это  гармония 
времени, то есть это промежуток между тонами, 
отделяющими последующий тон с предыдущим 
тоном.  Как  утверждает  аль-Фараби,  гармония 
времени  содержится  в  интервалах  между 
мелодиями  и  временем;  третья  гармония – это 
гармония  соединения  различных  тонов,  состав-
ляющих одну и ту же мелодию. Она служит для 
совершенствования  музыки.  Аль-Фараби  этот 
вид  гармонии  называет  «гомогенной» (виды 
музыкальных  тонов);  четвертая  гармония – это 
гармония  особой  группировки  ступеней  тонов, 
составляющих  мелодию.  Аль-Фараби  этот  вид 
гармонии  называет  категорией  октавы  (гамма, 
строй),  она  также  служит  для  совершенст-
вования  одной  и  той  же  мелодии;  пятая 
гармония – это  гармония  комбинаций,  особое 
соединение  музыкальных  тонов,  чтобы  можно 
было  составить  мелодию  (строй,  эволюция  её). 
Она служит распределением предшествующих и 
последующих  тонов  в  их  соединении  и  также 
служит  для  совершенствования  одной  мелодии; 
шестая  гармония – это  гармония  соединения 
однородных  тонов,  ангармоничных  или  же 
диатонических  тонов.  Сочетания  однородных 
тонов  аль-Фараби  называет  «созвучием»; 
седьмая  гармония – это  гармония  ступеней 
музыкальных 
ритмов, 
которые 
ученый 
рассматривает как основную деталь, из которых 
потом  будет  построена  мелодия  от  ступени  к 
ступени  (эволюция).  По  утверждению  аль-
Фараби, она служит подготовкой для содействия 
первых  по  очереди  тонов  в  мелодиях;  восьмая 
гармония – это  гармония  интервалов,  отде-
ляющая  ступени  согласованных  тонов.  Аль-
Фараби  этот  вид  гармонии  называет  модули-
рующим интервалом, который находится в строе 
согласно  шкале  по  порядку.  Этот  вид  гармонии 
служит  для  подготовки  основы  высотности  и 
низкости  звучания, – считает  ученый;  девятая 
гармония – это  гармония  одинаковых  видов 
музыкальных  тонов,  взятых  в  различных 
тональностях  (перемещениях,  преставлениях). 
Она  содержится  в  согласованных  тонах  и 
служит  для  подготовки  тонов  в  различных 
музыкальных  рядах.  Аль-Фараби  ее  называет 
«регистровой»  гармонией;  и,  наконец,  десятая 
гармония – это  гармония  звуков,  в  смысле 
высоты  или  низкости  звучания.  Ведь,  высот-
ность  или  низкость  звуков  придает  мелодии 
совершенcтво и гармонию, – считает аль-Фараби. 
Перечисляя  и  анализируя  десять  видов 
совершенств  в  музыкальном  наследии  аль-
Фараби,  мы  получаем  достоверные  основы 
музыкальной гармонии. 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                
159
 
______________ 
 
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. – 
Алма-Ата: Наука, 1993. – С. 135. 
2. Там же, – С. 222. 
3. Там же, – С. 81. 
4. Там же, – С. 166-167.  
 
 
 
* * * 
Осы  мақалада  Əбу  Насыр  əл-Фараби  іліміндегі 
музыкалық эстетика туралы ой-пікірлері баяндалады.  
 
* * * 
In this article the musical aesthetics of Abu Nasra al-
Faraby is considered.  
 
 
 
 
Мионг Сун Ок 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет