Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет26/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   146
Қаралатын мәселе немесе сұрақтар

Жауап нұсқалары

Жасыл

Сары

Қызыл

Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса

Мен бұл






немесе қоғам тарапынан мойныдалмаса, онда

пікірді толық




оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә

түсіндім және




болғаны, мұндай бұйым тауарлық формаға ие

келісемін




емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтанда әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде

көрiнедi











Латынның сөзi ”пекуние” (ақша) ”пекус”




«Ежелгi




(мал)сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi

Русьтарда

үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы ”рупия”

да ақша

негiзiнде жатыр. Ежелгi Русьтарда да ақша

металл

металл ақшаларға ауысқаннан кейiн де ”мал”

ақшаларға

деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018

ауысқаннан

былай деген: “бiздiң жинаған малдарымыз:

кейiн де

ерлерден 4 кун, старостылардан-10 гривен және

”мал” деген

боярлардан 18 гривеннен тұрады

атауға ие




болды»




Осы фраза




бойынша




маған әлде




де ойлану




керек.

Бiртiндеп жалпы құндық эквивалент ролiн







Мен осы

белгiлi бiл тауарлар көптеп атқара бастады және

абзацты

осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның

мүлде

жалпы құндық формасы ақша формасына

түсінген

айналды. Тауар айналысының тарихи

жоқпын.

эволюциялық даму процесiнде жалпы құндық

Неге ақша

эквивалент немесе рәсiмделiнбеген ақша

эквивален

формасын әртүрлi тауарлар қабылдады.

ті




әртүрлі




тауарлар




болуы




керек?




Немесе бұл кестені түрлендіріп былай қолдануға да болады:


Жауап нұсқалары

Жасыл

Сары

Қызыл

Мен бұл пікірді толық

Латынның сөзi ”пекуние”

Бiртiндеп жалпы құндық

түсіндім және келісемінЕгер

(ақша) ”пекус” (мал)сөзiнен

эквивалент ролiн белгiлi бiл

тұтыну құны өз сатып

шыққан. “Рупа” (мал) сөзi

тауарлар көптеп атқара

алушысын таппаса немесе

үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң

бастады және осы тауарлар

қоғам тарапынан

атауы ”рупия” негiзiнде

ақша деп аталынды.

мойныдалмаса, онда оны

жатыр. Ежелгi Русьтарда да

Құнның жалпы құндық

дайындауға кеткен уақыттың

ақша металл ақшаларға

формасы ақша формасына

рәсуә болғаны, мұндай

ауысқаннан кейiн де ”мал”

айналды. Тауар

бұйым тауарлық формаға ие

деген атауға ие болды.

айналысының тарихи

емес, өйткенi оның қоғамға

Ярослав Мудрый 1018 былай

эволюциялық даму

қажетi шамалы.

деген: “бiздiң жинаған

процесiнде жалпы құндық

Сондықтанда әрбiр тауар

малдарымыз: ерлерден 4 кун,

эквивалент немесе

қажеттi тұтыну құнын алу

старостылардан-10 гривен

рәсiмделiнбеген ақша

құралы бола отырып, өзiнiң

және боярлардан 18 гривеннен

формасын әртүрлi тауарлар

өндiрушiсiне қатынасы

тұрады

қабылдады.

бойынша айырбас құны







ретiнде көрiнедi







Әрі қарай «ИНСЕРТ» тәсіліндегідей жалғастыруға болады, яғни мәтін тағы қайталанып оқылады. Бағандағы пікірлер толығуы, ауысуы ықтимал. Сосын талдау жұмысы басталады: әрбір бағандағы пікірді неге сол позицияға жазылғанына түсінік беріледі. Қатысушылар құрбылары, оқытушы тарапынан түсініктеме алады немесе ойлана отырып, ақиқатты өзі анықтайды.

Бұл әдісті сабақ мақсатын, тақырыбын ашу кезінде де пайдалануға болады. Ол үшін оқытушы сабақ тақырыбын хабарлап, бірге мақсат қойылған соң жасыл, сары, қызыл қызыл түсті стикер немесе параққа үш түрлі пікір жазуларын ұсынады. Жасыл – күтілетін нәтиже, сабақ соңында нені толық меңгеріп шығуы мүмкін. Сары – нәтижеге жетуі ықтимал, бірақ әлде де күмән тудыратын мәселе. Қызыл – түсінбей қаламын деп қауіптенетін мәселе. Осы парақтарды апарып белгіленген жерге жабыстыруға немесе өздерінде құпия ұстауға болады. Сабақ соңында жеткен нәтижемен салыстырылады.



Сонымен қатар рефлексия түрінде пайдалануға да болады. Мысалы, топтық жұмыс кезінде өзін немесе басқа топты, басқа қатысушы әрекетін бағалау үшін: жасыл- топтың жемісті жұмыс істеуі үшін барлық мүмкіндігімді пайдаландым; сары бұдан да жақсы жұмыс жасауға болатын еді; қызыл қанағаттанбаймын, барлығын жасап үлгермедім (немесе басқа топқа баға берсе, «үлгермеді»).

Тезис-коdоs)нспект

Жалпы тезис - ғылыми жұмыстың немесе баяндаманың, т.б. не туралы екендігі бірден айқын болатын қысқаша түсініктеме. Ойды білдіруге негіз

болатын тұжырымдар, негіздер.

Тезис – грек тілінен аударғанда «ереже», «пайым», «тұжырым» дегенді білдіретін екінші кезектегі құжат. Себебі ол бірінші кезекте жазылған мақала, кітап т.б. жазылады. Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.

Тезис-конспект әдісі бойынша әрбір студент алдымен мәтінді оқып танысады. Оған арнайы уақыт белгіленеді. Басты ұғымдар, ережелер, негізгі идеялар бөліп алынып, тезис-конспект жасалады. Бұл жердегі мақсат – студенттің тақырыпты меңгергенін бақылау. Сонымен қатар, түйінді ой, ұғымдарды бөліп қарастыра отырып, есте сақтау жолын жеңілдету. Шағын топта бірлесе орындап, топ ішінде талқылау арқылы да есте ұзақ сақтауға ықпал етуге болады.

Тезистердің бірнеше түрі бар, мәтін ерекшелігіне байланысты соның кез келгенін жаздыруға болады.



Негізгі тезистер- дереккөзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады.

Қарапайым тезистер бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі. Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан, оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.

Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Өйткені мұнда негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны күрделі тезистер деп атайды.

Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.

Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Онда негіз болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.

Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар шынайы білім алу үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.

Дәйексөз тезистері.Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікірлеме, аннотация жазғанда қолданады. Сондай-ақ, жасалатын қорытындыларға қатысты аса сақтық қажет болған жағдайда пайдаланылады. Алайда дәйексөз тезистері кейбір жағдайда өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оларға жоспар бөлімшелерін жасау керек.

Мысалы, «Абылай хан» атты 2 беттік мәтін тезисін былай беруге болады:

Абылай ханды қазақ елі тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танимыз. Оның аты қалмақтың бас батыры – Шарышты жеңгенен кейін алты алашқа мәлім болады да, орта жүздің сұлтаны атанады. Кейіннен үш жүздің басын біріктіреді және ұрыстағы барлық өкім соның қолына өтіп, бас қолбасшы ретінде халықтың сүйікті тұлғасына айналады. Сөйтіп, Қазақ мемлекетінің іргетасы нығайып, өркендеуі жолында қажырлы еңбек етеді.

Бұл жерде негізгі мәтінде берілген басты ой, бірізділік сақталған, бірақ, қысқа да нұсқа беріліп тұр.



Тезис жазу да асқан шеберлікті талап етеді. Ол үшін негізгі ойды, жанама пікірлерден айыра білу талап етіледі. Шығармашылық қабілетті, сыни ойлауды шыңдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет