Сыныбы: Күні: Тақырыбы: Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері



бет1/13
Дата31.10.2022
өлшемі242,78 Kb.
#46442
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Пәні: Экологиялық проблемалар
Сыныбы:
Күні:
Тақырыбы: Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : экология ғылымының қалыптасуының 3 кезеңін түсіндіру,табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылық : оқушылардың танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға, оны сақтап, көркейту үшін үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: кестелер, экологиялық суреттер.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу. Олардың назарын аудару.

  1. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.

  2. Жаңа сабақты түсіндіру.

Экология ғылымының калыптасуы тарихи дәуірлердегі коғамның және ондағы өндіргіш күштердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.
Бірінші кезеңде — экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезеңадамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар ментұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз — суда, құлан— қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал"Жылқының жауы — бөгелек, жыланның жауы — дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.
Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника жәнезоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.
Екінші кезеңде — экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К.Ф.Рулье (1814—1858 жж.), Н.А.Северцов(1827—1885 жж.) және В.В.Докучаев (1846—1903 жж.) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.
К.Ф.Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.
Н.А.Северцов 1855жылы "Воронеж губерниясындағы аңдардың,құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардыңтіршілігіндегі маусымдық құбылыстар" деген еңбегін жариялады. Бұл еңбек сол кездегі зоология ғылымындағы жан-жақты жүргізілген теңдесі жоқ экологиялық зерттеу деп бағаланды.Топырақтану ғылымының негізін салғанВ.В.Докучаевтың табиғат белдемдері жайлы ілімі экология ғылымының дамуына зор ықпал етті. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен топырақ арасында болатын өзара қарым-қатынастарға жан-жақты талдау жасады.
Экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин (1809—1882 жж.) болды. Оның "тіршілік үшін күрес" және "табиғи сұрыпталу" туралы түйінді тұжырымдары тікелей тірі организмдердің өзара және олардың орта жағдайларымен байланыстарына негізделді.Неміс ғалымы Эрнст Геккель алғаш рет экологияны өз алдына жеке ғылым саласы деп, оған ғылыми анықтама берді. Сондықтан да Э.Геккель экология ғылымының негізін салған ғалым деп өте орынды аталады.XX ғасырдың 30—40-жылдарында табиғат жүйелерінде болатын өзара байланыстарды зерттеу жоғары сатыға көтерілді. Ағылшын ғалымы Артур Тенсли (1871—1955 жж.) 1935 жылы "экожүйе" ал орыс ғалымы В.Н.Сукачев (1880—1967 жж.) 1940 жылы "биогеоценоз" туралы ұғымдарға ғылыми нақты түсініктемелер берді.Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.
Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экология жаратылыстану жәнеқоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.
Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет