Синтаксистік парадигмалар


 Болымды жəне болымсыз сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет120/374
Дата07.01.2022
өлшемі2,27 Mb.
#17280
түріМонография
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   374
2.4.6 Болымды жəне болымсыз сөйлемдер
Сөйлемді болымды жəне болымсыз түрге ажырату қазақ тіл білімі та-
рихындағы грамматикалардың бəрінде орын алып келеді (қараңыз – қо-
сымша əдебиеттер: [18, 296 б.], [12, 164 б.], [8, 16-18 бб.], [19, 26-29 бб.]).
Бұл мəселе бойынша арнайы зерттеу жұмысын жүргізген О.Төлегенов 
орыс ғалымдары (А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздев, А.Б.Шапиро, Г.А.Золо-
това, А.Г.Руднев т.б.) мен түркітанушылардың (А.П.Дыренкова, А.Н.Ко-
нонов, А.Г.Гулямов, М.З.Закиев, Х.Исматуллаев т.б.) еңбектеріне талдау 
жасай отырып, «сөйлемнің болымды жəне болымсыз болып құрылуы ба-
яндаудың (сөйлем предикативтілігінің) модальділікпен тығыз байланысы 
арқылы жүзеге асады» деген тұжырым жасайды. Зерттеушінің ойынша: 
«Сөйлем модальділігі, біріншіден, жалпы шындыққа деген объективтік 
айтушы  көзқарасына  негізделеді.  Себебі  сөйлемдегі  баяндау,  яғни  пре-
дикативтілік,  жалпы  шындыққа  əрдайым  айтушы  тарапынан  қатысты 
болады  жəне  ақиқат,  ақиқат  емес  іс-сапа  ретінде  не  ерік-талап  ретінде 
беріледі. Айтушының жалпы шындық туралы тікелей білдіретін қатына-
сын логикалық не модальдік қатынас деу, соған орай, сөйлемді болым-
ды, болымсыз мəнде деу осымен байланысты» [18, 23 б.]. Бұл тұжырым 
сол  тұстағы  кей  орыс  ғалымдарының  «сөйлемнің  болымды,  болымсыз 
түрлерін модальділіктің көрінісі» деп түсіндірген идеясын басшылыққа 
алудан туындаған. 
Қазақ  ғалымдарының,  түркітанушылардың,  тіпті  үнді-еуропа  тілін 
зерттеушілердің көбі бұл бөліністі дербес грамматикалық-семантикалық 
дəрежедегі  бөлініс  деп  түсіндіреді.  Осы  бағыттағы  көзқарас  Р.Əмірдің 
еңбегінде  кездеседі.  Ол  сөйлемдердің  мағынасына,  формасына  қарап 
өзара болымды, болымсыз болып сараланатыны жəне бұлай бөлініс пікір 
білдірудің формасы болатындығын ескерте келіп: «Болымды, болымсыз 
сөйлемдер  өзара  грамматикалық  ерекшеліктері  арқылы  ажырайды.  Бо-
лымсыз сөйлем болымды сөйлемнің формаларының негізінде жасалады. 
Болымдылық,  болымсыздық  форма  баяндауыштардың  тұлғасы  арқылы 
көрінеді...», – деген ойға келеді [12, 87-88 бб.].
 Ал белгілі ғалым Б.Шалабай О.Төлегеновтің ізімен: «Сөйлемдер ба-
яндаудың ақиқат, ақиқат емес модальдік мағыналарда бекітіліп берілуіне 
қарай «болымды сөйлем», «болымсыз сөйлем» түрінде қалыптасады», – 
деп түйіндейді [8, 35 б.].
Болымды сөйлемнің де, болымсыз сөйлемнің де басты құралу жолы 
көбіне  баяндауыш  қызметіндегі  сөздердің  лексика-семантикалық  ерек-
шелігіне  жəне  оларға  грамматикалық  тұлғалардың  ұштаса  тіркесуіне 
байланысты болады да, қалыптасу амалы жағынан бір-біріне ұқсас бо-
лады. Бірақ баяндау барысында олар экспрессивтік, эмоциялық-модаль-
дік  мағыналармен  үстемеленіп  айтылатындықтан,  логикалық  болым-
дылық-болымсыздық  пен  грамматикалық  болымдылық-болымсыздық 
тепе-тең бола бермейді.
Грамматикалық болымсыз сөйлемдер болымды сөйлемдердің баянда-
уыштарына арнаулы болымсыздық мəн тудыратын тұлғалар арқылы түр-
лі тəсіл-жолдармен жасалады. 
І. Лексика-грамматикалық тəсіл арқылы жасалады. 
1) а) «жоқ» модальдік сөзінің баяндауыш не оның негізгі компоненті 
қызметін атқаруы арқылы: ...Ал Бисараның қуанышында шек жоқ (Қ.Жұ-
маділов). Мирас бұлардың екі тобында да жоқ (Ə.Тарази); 
ə) «жоқ»  сөзі  мүшеленбейтін  сөйлем  қызметінде  жұмсалады:  –  Сен 
өзің  Аймауытовты  білесің  бе?  Оқыдың  ба? – деп  сұрады. – Жоқ!..
(Қ.Мырза Əли). 


136
137
Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
І бөлім. Дəстүрлі синтаксистік парадигмалар
2) Бұйрық мəнді болымсыз мағыналы етістіктер (таста, құрт, же-
тер, қой, болды т.б.) арқылы жасалған бір негізді болымсыз сөйлемдер: 
– Таста! Құрт анау қолжазбаңды... (Ə.Тарази). Болды, жетті, тарт 
əрі басалқаңды! (Ғ.Мұстафин). 
3)  Баяндауышы болымсыз  мағыналы  тұрақты тіркестер мен  болым-
сыз мағыналы мақал-мəтелдер: Ол кезде Есен комбайнда еді. Үйге келуге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   374




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет