Сөж тақырыбы: Дархан Бейсенбекұлының «Гиппократ анты» әңгімесі негізінде “ант” сөзіне концептуалдық талдау Орындаған: Балауса Нұрсұлтан Тексерген: Смағұлова Гүлдархан Алматы, 2023 жыл



бет1/6
Дата28.03.2023
өлшемі86,79 Kb.
#76897
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Филология»
Кафедрасы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қазақ ұлттық кафедрасы»

СӨЖ
Тақырыбы: Дархан Бейсенбекұлының «Гиппократ анты»

әңгімесі негізінде “ант” сөзіне концептуалдық талдау
Орындаған:Балауса Нұрсұлтан
Тексерген: Смағұлова Гүлдархан

Алматы, 2023 жыл
Концепт – когнитивтік лингвистиканың басты бірліктерінің бірі болып табылады. Когнитивтік лингвистика тіл біліміндегі жаңа бағыт болғандықтан, тілдік бірліктерге концептілік талдау мәселелері де бір ізге түспеген, жүйеленбеген деуге болады. Зерттеушілер «концепт» ұғымының өзін әр түрлі түсіндіреді. Жалпы алғанда, концепт әлем туралы білімдер жүйесінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі де, адамның айналадағы, ақиқат қоршаған әлемдегі бар заттар мен құбылыстар, алуан түрлі нысандар туралы білетінінің, ойларының, қиялыңдағы көріністерінің бәрін қамтиды. Концепт адам санасының түсініктер, бейнелер, ұғымдар сияқты бірліктерін қамтиды. Олар біріге отырып концептуалды жүйені, яғни ғаламның концептуалды үлгісін құрайды.
Концептіні айқындау және оның адамның қарапайым санасындағы орнын анықтауда семантикалық және концептуалдық талдаулар көмекке келеді, жекелеген сөзге семантикалық талдау жасау барысында концептуалдық талдауды айналып өтуге болмайды. Соған қарамастан, бұл екеуінің түпкі мақсаттары екі түрлі: семантикалық талдау сөздердің семантикалық құрылымын ашуға, оны көрсететін коннотативтік, денотативтік, сигнификативтік мағыналарды нақтылауға бағытталса, концептуалды талдау бір таңбаға ортақ, соған жинақталған, телінген жалпы концептілерді іздестіру ретінде танылады да, белгілі бір когнитивтік таңбаның болмысын белгілейді, алдын-ала анықтайды. Семантикалық талдау сөзді түсіндірумен байланысты жүргізілсе, концептуалды талдау ғалам туралы білімдерге бағытталады.
Концептуалды талдау қазіргі когнитивтік таным тұрғысынан алғанда әлі қалыптасып бітпеген, зерттелу деңгейінде деуге болады. Қазақ тіл білімінде концепт тұрғысынан талдауға бағытталған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Бүгін сол талдау жүйелерін негізге ала отырып, бұл зерттеулерден бөлек Дархан Бейсенбекұлының “Гиппократ анты” шығармасы негізінде қазақ тіліндегі «ант» сөзіне концептілік талдау жасауға тырысамын.
Концепт дегенде белгілі бір лингвомәдени кеңістік өкілдерінің ұлттық менталитетіне тән белгілерді жаңғырту тәсілі түсініледі. Ұлттық санадағы тірек ұғымдар концепт тақырыбына негіз болады және қолданылу жиілігі жоғары болады. Концептілер халықтың ұлттық сипаты мен сөйлеу дағдысына негіз болатын құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ғылыми және көркем әдебиеттерге, паремиологиялық қорға талдау жасау түрлі концептілерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мұндай ұғымдар әлеуметтік және этномәдени ақпараттардың көп мөлшерін қамтиды және мәдени-когнитивтік сипатта болады. Адам мен оны қоршаған шындықты сипаттауда лексикалық бірліктер жиынтығымен ерекшеленеді.
Кез келген тілде негізгі тұғырлы концептер болатыны белгілі. Мұндай тұғырлы концептілер бүтін бір ұлттың дүниетанымын, рухани және заттық мәдениетінің ерекшелігін, салт-дәстүрінің өзгешелігін, сол халықтың тілінің әлеуетін айқындайды. Бұл туралы профессор Г.Н. Смағұлова былай дейді: «Концепт тіл білімінде мәтін талдаудың айрықша үлгісін көрсетеді. Өйткені ол қаламгердің сөз байлығын игеру дәрежесін байқатады. Сондай-ақ, көркем шығарма тіліндегі концепт суреткердің әлем туралы түсінігі мен дүниетанымын, жалпы интеллект мүмкіндігін анықтайды»
Дархан Бейсенбекұлы “Гиппократ анты” шығармасында ант сөзін баса назарға алған. Ол бұрыннан медицина саласында сіңімді тіркеске айналып кеткен анттың мәнін ашып көрсетуге тырысады.
Бұрын ауылдан үлкенді-кішілі кісілер ол қандай ант, онда не туралы айтылған, ол қайдан шыққанын білмесе де әйтеуір дәрігердің өз жұмысына салғырттығын көрсе, “сен Гиппократ антын қабылдамағансың ба?” не “ сен ант қабылдағансыңдар, халыққа көмек көрсетулерің керек” деп жатады. Осы орайда “Шаншар” әзіл-оспақ театрының бір дәрігерге қатысты қойылымы ойға оралады. Бір бас дәрігер келесі дәрігерді қабылдау, тексеру мақсатында сұрақтар қойғанда, осы “Гиппократ деген кім дегенде” келесісі “Г”ден басталатын терминдерді атап шығып, “ой, білемін, бұл сұмдық ауру ғой” деп жауап қайтарып, жиналған көрермендерді күлкіге қарық қылады. Осы “Гиппократ анты” шығармасында антты бірнеше рет қайталау арқылы шығарманың өзектілігін аша түседі. Шығарма “Аппалон дәрігердің, Аклепийдің, Гигиел мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атын атап, оларды куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін” деп Азат Каримович есімді бас дәрігердің ант қабылдаған кезін есіне түсіріп түс көруінен басталады. “Қайдағы адам жанының арашашысы?! Анда бала өлейін деп жатыр, мұнда сендер өздеріңді адам жанының арашашысымын деп бӛсіп отырсыңдар. Ақ халатты абзал жаннан садақа кетіңдер, албасты жан… Еще «Гиппократқа» ант береді. Адал боламыз деп.” деген жолдар осы анттың жалпы халыққа түсінікті тіркес екендігін тағы ұғындырады.Сондай-ақ бұл шығармада анттың киелі екендігін көрсетеді. Кім антты бұзса не орындамаса оның міндетті түрде залалы болатыны айтылады:
«Жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын!». «Ант атсын! Ант атсын! Ант атсын!». Құлағы шулап қоя берген. «Расыменен-ақ мені ант ұрғаны ма?»
Халық өмірінде ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жалғасын тауып отыратын жөн-жоралғылар, әдет-ғұрыптар, наным-сенімдер, түрлі рәсімдер мен қағидалар болады. Мұндай ұғым-түсініктердің жиынтығын ата салты, жөн-жосық десе де болады. Ата салты дегенде халқымыздың санасында сіңіп, қалыптасқан, атадан балаға ауысып, жалғасып жатқан, халық танымында бұлжымас заңдық мәнге ие болып орныққан дәстүрлерді түсінеміз. Оны ғасырлар бойы халық санасында орын алған рухани мұра, өмір сүру салтының ажырамас бір бөлігі деп білеміз.
Қазақ халқының танымындағы осындай ата дәстүрін танытатын жөн-жосықтардың бірі - серт, серттесу, серт беру, ант, анттасу, уәде ету ұғымдарымен байланысты.Бір ауыз сөзге тоқтаған қазақ ешқашан бекер сөйлемеген. Айтылған сөзді атылған оқпен теңестіруі де тегін болмаса керек.
Сөздің семантикалық компоненттерін анықтауда дереккөз ретінде сөздіктерге жүгіну ғалымдар еңбектерінде кең орын алған. Себебі сөздіктегі анықтамаларда сөздің семалары айқындалып, компоненттік талдауға негіз болады. Сөздіктерде бірінші кезекте ядролық семалар келтіріліп, перифериялық және ассоциативті семалары көрсетілмеуі де мүмкін. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінде ант, серт, уәде сөздеріне төмендегідей анықтамалар берілген:
АНТ
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде (10 томдық).
1.Ант (зат). Адалдықты сақтау жөніндегі ерекше және салтанатты уәде, сенім. (ҚТТС, 1-т. А.,1959. 39-б.). Бұдан өзге ант сөзімен байланысты төмендегі тұрақты тіркестер келтірілген:
Ант берді – серт етті.
Ант атқан – оңбаған, тәсілқой.
Ант-су ішті – қарғанып сіленді.(39-б.). Сонымен қатар:
Анттасу – ет. Серттесу, уәделесу, біріне-бірі сенім беру.(40-б.)
Қазақ әдеби тілінің сөздігінде (15 томдық) ант сөзіне екі түрлі түсінктеме берілген:

Ант (зат). 1.Қасиетті нәрсемен сендіру арқылы берілетін салтанатты түрдегі серт, уәде. 2. Адалдыққа, заңға сәйкес әрекет етуге, қандай да бір міндеттемелерді орындауға салтанатты түрде ресми берілетін уәде. (ҚӘТС, 1-т. 510). Антпен байланысты төмендегідей сөздік мақалалар берілген:


Антынан айнымады – уәдесінде тұрды, айтқанында тұрды, сөзіне беріктік танытты.
Ант алды – сертін алды, уәдесін алды.
Ант амансыз – антсыз, уәдесіз, сөз байласпастан.
Ант аралады – уәдесі, серті бұзылды.
Ант атсын (ұрып кетсін) – экспр. Қарғану – сөзіңде тұрмасаң, уәдеңді орындамасаң, сендірген қасиетті нәрсеңмен жаза тап деген мағынада.
Ант аттады – уәдені бұзды, сертте тұрмады.
Ант атты (ұрды, соқты) - құдай оңдырмады, қасиет тұтқан нәрсенің киесі ұрды, жазасын тартты, сазайын алды.
Ант ауды – серттескендердің бір жағы уәдесін орындамады, сертін бұзды.
Ант байлады – уәделесті, серттесті.
Ант берді – серт байлады, сөз байлады, уәде берді.
Ант беруші – серт иесі, уәде беруші жақ.
Ант берісті – сөз байласты, уәделесті, серттесті.
Ант бұзды – серттен тайды, уәдеде тұрмады.
Ант етті – қасиет тұтатын нәрсесі арқылы сендірді, бар ниетімен иландырды.
Ант жасады (қылды) – қандай да бір нәрсені орындауға салтанатты түрде серт берді, уәде берді.
Ант мезгіл – сирек. Өлер шақ
Ант салды – уәдесін, сертін алды.
Ант соқты – оңбады, опық жеді.
Анттан тайды – уәдесінде, сертінде тұрмады.
Антты орындау – берілген серттен таймай, мойнына алған міндеттемені түгел атқару.
Ант шайқады – сертін бұзды.
Ант шықты – оңбағандық, жексұрындық пайда болды.
Антына берік – уәдесін жерге тастамайтын, айтқанында тұра алатын, уәдесіне мықты.
Ант ішті – қарғанып-сіленіп, қасиет тұтқан нәрсесін айтып сендірді.
Антатқан – Құдай оңдамаған, уәдесін бұзған (адам).
Антбұзғыш – сертін, уәдесін орындамайтын, сөзінде тұрайтын (511-512).

ҚӘТС-де ант сөзінің 24 түрлі тіркесі беріліп, түсіндірілген. Ал он томдық түсіндірме сөздікте 3 тұрақты тіркеспен және бір туынды тұлғасымен шектелген.


Көне түркі тілі сөздігінде ант сөзі АND түрінде беріліп, клятва, присяга түрінде түсіндірілген, Махмуд Қашқари сөздігінде кездесетіні көрсетілген. Э.В.Севортянның этимологиялық сөздігінде ант сөзінің түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетіні, барлық дереккөздерде ант (клятва) және ант беру (присяга) мәнінде жұмсалғаны көрсетіледі[12.151].
«Қазақстан Ұлттық энциклопедиясына» ант сөзі енгізіліп, оған мынадай сипаттама берген:
АНТ – жеке тұлғаның ең қастерлі нәрсемен өзге бір адамды не адамдар қауымын өзінің адал ниетіне салтанатты түрде сендіруі, уәде беруі, куәлік етуі. Қазақ дәстүрінде тіршіліктің ең негізгі нәрі нанды, қасиетті Құранды ұстап адалдығына ант беру рәсімі ежелден қалыптасқан. Жаугершілік замандарда сарбаздар елдің бостандығы, намысы үшін жан аямасқа серттесіп, қылыштың жүзін сүйіп ант берген. Ел қорғау міндетін өтерде ант беру салты қазір жаңа мазмұнмен байыды.
Елбасының, өзге де мемлекеттік лауазымды қызметке сайланған не тағайындалған адамдардың мәртебелі қызметтеріне кірісер алдында салтанатты жағдайда халқына, еліне ант беру рәсімі бар. ҚР-ның Тұңғыш Президенті өзінің мәртебелі қызметіне кірісер алдында Конституцияға алақанын тигізіп тұрып, ҚР Конституциясының 42-бабына сәйкес: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР-ның Конституциясы мен Заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, ҚР Президентіне жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға» салтанатты түрде ант етеді».
Академик Әбдуәли Қайдардың этнолингвистикалық сөздігінде ант сөзіне мынадай түсініктеме берілген:
«АНТ –адамдар арасындағы сан қилы қарым-қатынастарда мойыныңа алған ортақ істі уағаласқан шарт бойынша орындап шығу үшін екі жақтың өзара ант-су ішіп, Құран ұстап, ала жіп ұстап, т.б. дәстүрлі жөн-жоралғылар арқылы алған міндеттемесі. Анттасудың басты мақсаты ресми шарт жасап, қол қойысып (ал қазір оны нотариусқа растатып), келісу емес. Ертеректегі анттасу рәсім-қағидасында уағдаласудың рухани-моральдық факторы шешуші рөл атқарғаны белгілі. Ресми хат жазылып, расталмай-ақ, ауызекі түрде тиісті ритуалдарын орындап (төбеге тас қойып, ала жіп ұстап, Құран, нан, т.б. қасиетті заттарды ұстап, т.б.), не Құдай, аруақ, пірлердің, ата-бабалардың, аруана аналардың, жас сәбидің, қара шаңырақтың, т.б. атымен қарғану арқылы да ант беру, анттасу, ант-су ішу рәсімі орындалып келген. Бұл анттардың бұлжытпай орындалуы этнос мүшелерінің табиғатқа, Құдайға, ғажайып құбылыстар мен тылсым күштерге, ата-баба аруағына, т.б. осы сияқты қастерлі де киелі (сакральды) объектілерге сенуге байланысты болып келген.
Сонымен, ант сөзіне сөздіктерде берілген анықтамалар мен түсініктемелердің дені бір арнаға саяды: біріншісі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы хатқа түсіп, тасқа жазылмаса да, бұлжымайтын заңдық күшке ие ереже, жөн-жоралғы болса, екіншісі, қастерлі де киелі сөздің күші мен сақральды нысандарға сеніп, табынумен байланысты.
СЕРТ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет