|
Тахипноэ, тахикардия
|
Дата | 08.04.2023 | өлшемі | 350,08 Kb. | | #80543 |
| Байланысты: ТЕСТ для ГАК каз пров (1)
711 тест
Жергілікті дәрігер 1 жастағы баланы анасының шақыруымен қарауға келді. Анасының шағымдары: 38,80С дейін дене қызуына, тымау мен жөтелгеніне 4 күн болды. Карау кезінде ентігу, периоралды цианоз, ұйқышылдық, адинамия, емшек тамақтан және судан бас тартады, бір рет фонтан тәрізді құсу болды. Өкпеде майда көпіршікті сырылдар, негізінен оң жақ өкпесінде. ТЖ 62 минутына. Жүрек тондары әлсіреген, кереңделген, минутына 138 . SO2 92 %. Ауруханаға жатқызу себебі:
Ұйқышылдық, судан және тамақтан бас тарту, құсу
тахипноэ, тахикардия
дене қызуының көтерілуі, ұйқысының бұзылуы
майда көпіршікті сырылдар
оттегінің сатурация көрсеткіші
3 айлық бала табиғи тамақтануда. Салмағын жақсы қосқан. Ұйқысы тыныш. Әр 3-3,5 сағат сайын емеді. Үлкен дәреті 2-3 күнде 1 рет, күшенеді. Анда-санда газ шығарушы түтікті қолданады. Нәжісі көбінесе қалыптасқан. Сіздің іс-әрекетіңіз:
емізуді жалғастыру, лактулозаны тағайындау
емшектен баланы шығару, емдік қоспаға көшу
емшек емуді қышқылсүтті қоспамен кезектендіріп беру
емізуді жалғастыру, көкөніс пюресін еңгізу
емізуді жалғастыру, анасына лактулоза тағайындау
Қыз бала 4 айлық. Шала туған, салмағы - 2100 грамм, бойы - 44см. Жасына сай өсіп, дамуда. «Перинатальная энцефалопатия» диагнозымен невропатологта диспансерлік есепте тұрады. Егулерді мерзімінде алады. Осы жастағы балаға аса ықтимал вакцинация қандай?
АбКДС3 + ИПВ3+ Hib3+ВГВ
АбКДС3 + ИПВ3+ Hib3
ККП + ИПВ4+пневмо
RV АбКДС + RV Hib
RV БЦЖ + RV АДС+ RV ККП
Әйел 27 жаста, жалпы тәжірбиелік дәрігерге оң иығының ауруына,ісінуіне, осы аймақтың қызаруына, әлсіздікке, селсоқтыққа, дене қызуының 38 С дейін жоғарлауына шағымданып келді. Төрт тәулік бұрын оң иығының сыртқы бетін жырып алған. Қарап тексергенде оң иығының сыртқы бетінде гиперемия мен гипертермиямен және ісінумен тығыз инфильтрат анықталады. Пальпациялағанда инфильтратта айқын ауру сезімі анықталады. Флюктуация симптомы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?
оң иықтағы флегмона
оң иық сүйегінің жабық сынығы
оң иық сүйегінің ашық сынығы
білезік буынының шығуы
шынтақ буынының шығуы
Әйел 65 жаста, үнемі шөлдеуге, аузының құрғауына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен: 2 жыл бұрын жедел панкреатитке байланыста ота жасалған. Қарап тексергенде іші жұмсақ. ауру сезімінсіз. Құрсақ қуысының УДЗ көкбауыр өлшемі қалыпты, патологиялық түзіліс жоқ. Жедел панкреатиттің асқынуын анықтауға қандай лабораторлық зерттеу мүмкіндік береді?
қандағы глюкозны анықтау
зәрдегі диастазаны анықтау
қандағы диастазаны анықтау
нәжісті жасырын қанға зерттеу
қан ұйығыштықты анықтау
Ер кісі 64жаста, денесінің оң жақ бүйір беткейінде түзілімнің пайда болуына шағымданады. Анамнезінде түзілімнің 4 ай бұрын байқаған. Дәрігер қарап тексергенде жұмсақ-эластикалық консистенциялы,қозғалмалы,өлшемі 2,5х3,0 см, тері асты шелінің деңгейінде анық шекарасмен түзілім анықтады. Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тактикаңыз?
Алып тастау және гистологияға жолдау
Динамикада бақылауды ұсыну
Түзілімге пункция жасау
сорып алу терапиясын тағайындау
Қыздыратын компресс ұсыну
Жасөспірім 14 жаста. Достарымен кездесуден кейін ерекше жағдайда үйге оралды.Қарашығы кеңейген,көзі жылтырап тұр, склерасы гиперемияланаған. Анасынан тама беруін өтінген, тамақ дайындауды тездетуді сұраған, тоңазтқыштан өзіне сорпа алып ашқарақтана тамақтанды. Оны ішіп болғаннан соң, табақтан бұқтырманы салып алып жеді. Осыдан соң бөлмесіне барып ұйықтап қалды. Анасы баласының киімінен тәтті иісті аңғарды. Соңғы 4-күн бойы кобалжуда болған, әлсіздікке шағымданған. Жасөспірім төменде аталған қандай наркотиктерді кабылдаған болуы мүмкін?
Марихуана
Героин
Эфедрон
«Экстази»
ЛСД
Ер кісі 30 жаста, дене қызуының -41 С көтерілуімен жедел ауырды. Кешкі уақытта қобалжуы, қорқыныш сезімі күшейіп, бөлмеде «сары тумбочка ұшып жүр» деп айтады және ол әуен естиді. Ұйықтамайды, қобалжыған. Дәл қазір басылған, бірақ кешкісін қайтадан мазасызданады. Ұйықтамайды, мазасыз. Төменде аталған синдромдарың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
Делириозды
Кандинский-Клерамбо
Депрессивті
Психоорганикалық
Корсаков синдромы
Әйел 28 жаста.Жүктіліктің 14-15 аптасы. Бір апта бұрын ауырды- дене температурасы 37.5°С дейін жоғарлады, ринорея, құрғақ жөтел пайда болды. Екі күн бұрын жағдайы нашарлай түсті - ентігу пайда болып, жөтелі күшейді, температурасы - 38,5°С. Объективтң - қатаң тыныс фонында сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жалпы жағдайы бұзылған. Госпитализациядан бас тартты. Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША маңызды?
азитромицин
гентамицин т/і
левофлоксацин
ампициллин
метронидазол
5-жасар балада дене қызуының 40оС-қа көтерлуі, көп реттік құсу, бас ауру, аурудың басталуынан 10 сағаттан кейін денесінде, басымырақ жамбас, сан, балтыр аймақтарында жұлдызшалы, геморрагиялық бөртпе пайда болды. Қандай қоздырғыш аурудың ең алдымен себебі болып табылады ?
менингококковая инфекция
стрептококковая инфекция
геморрагический васкулит
тромбоцитопеническая пурпура
иерсиниозная инфекция
Ер кісі 40 жаста, әлеуметтік жағдайы жақсы, бүйректік коликаны еске түсіретін, көп уақыт болған ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Бел аймағындағы ауру сезімі 4-аптаға жуық созылған. Қарап тексеру кезінде, УДЗ және рентгенографияны қосқанда бүйрек жағынан патология анықталған жоқ. Тағайындаған спазмолитиктерден эффект болған жоқ. Науқас өзінің болашағына алаңдаулы,ұйқысы нашар,таңертең өзін нашар сезінеді, кешке ештеңе мазаламайды.Дәрігерлер оның ауруына көңіл бөлмейді деп есептейді. Төменде аталған қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?
Маскалық депрессия
Фобиялық синдром
Шизофрения
Неврастения
Анықталмаған мүше патологиясы
Емханаға 3 айлық бала біріншілік қарауға келді, санның тері қатпарларының ассиметриясы және сол жақ санның әкетуі шектелу симптомы анықталды. Басқа өзгерістер анықталмады. Осы баланы жүргізуде қандай тактика БАРЫНШЫ дұрыс?
жамбас сан буынынң рентгенографиясын тағайындау
3 айдан кейін қайталап қараумен бақылау
невропатолог кеңесін тағайындау
жамбас сан буынынң КТ тағайындау
ЕФК және жалпы массаж тағайындау
Әйел 25 жаста, жүктіліктің 12-13 аптасы. Шағымдары: кіші дәреттің ауру сезіммен және жиі болуы, қасағадағы ауру сезімі, жиі императивті жалған шақырулар. Бұл шағымдар суық тиген соң 2-3 күнде пайда болды. ЖҚА қарағанда өзгеріссіз, ЖЗА – лейкоциттер 20-30 к/а, бактерия+++.Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал?
Зәр шығару жолдарының инфекциясы
Жедел пиелонефрит
Қуық тас ауруы
Симптомсыз бактериурия
Тубулоинтерстициальды нефрит
Әйел 29 жаста, екінші жүктілігі, 9-10 апта.Соңғы екі аптда таңертеңгілік жүрек айну мен құсуға 10 ретке дейін тәулігіне шағымданып келді. Тіркеуге тұру үшін жүктіліктің 6-7 аптасында келген, сол кезде дене салмағы - 74 кг. Қазірге салмағы - 68 кг. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, терісі құрғақ, қарау кезінде екі рет лоқсу болды. Қандай тактика БАРЫНША бағытталған ?
Жедел госпитализациялау
амбулаторлы емдеу, тұзды ерітіндісін пероральді беру
күндізгі стационар жағдайында емдеу, кристаллоидты ерітіндіні инфузионды
Жедел тудырып алу туралы сұрақты шешу
Инфекционисттің консультациясы
47 әйел валидоппен немесе тыныштандыратын микстура қабылдағаннан кейін жүрек аймағындағы күйдіретін ауру сезіміне шағымданады. Жиі бетінің гиперемиясымен, тершеңдікпен бірге жүретін қызу сезімі мазалайды. Әйелде 6 ай бойы аменорея. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, гиперемирленген. ЖСЖ-102 рет мин., АҚҚ-145/85 мм сн.бағ. Анаприлиндік сынама оң. Қынаптық жабынды атрофиялық. Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
Патологиялық климакс
ЖИА. Принцметал стенокардиясы
НЦД гипертониялық тип бойынша
Артериальді гипертензия
ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III
24 жастағы жүктілік мерзімі 30 аптадағы әйелде емханада алғаш рет АҚ 150\90 мм.с.б.б дейін көтерілді. Шағымдары жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Ісінулер жоқ. Ең негізделген қағида:
Артериялық қысымды қайтадан өлшеу
Ішке допегит таблеткасын беру
Ішке нифедипин таблеткасын беру
Күкірт қышқылды магнезияның бастапқы мөлшерін енгізу
Босану үйіне жатқызу
Әйел 30 жаста. Жүктіліктің 19-20 аптасы. "Д" учетта Бронхиальды демікпе, гормон тәуелді диагнозымен бақылауда тұрады. Соңы аптада қызба 38,4°С дейін, ентігу,құрғақ ысқырықты сырылдар пайда болды және сальбутамолға тәуелділік күніне 5-6 ретке дейін артты.Госпитализацияланды, мұрын жұтқыншақтан ПЦР-5а материал алынды, 6 -шы күні нәтижесі - вирус H3N1. Госпитализацияның 6 -шы күні жағдайы нашарлады, тексеру кезінде ұрықтың өлгені тіркелді. Сепсис және септикалық шоктың көрінісі дамыды. Өміріне қауіп төнуіне байланысты гистерэктомия жасалды, массивті антибактериальды терапия жүргізілді. Осы патологиялық жағдайдың дамуын қандай шаралар алдын алатын еді ?
триместрде тұмауға қарсы субъединицалық вакцина
эпидемиялық кезеңнің басталар алдында тұмауға қарсы сплит -вакцина
бірінші триместрде тұмауға қарсы тірі вакцина
осельтамавирді профилактикалық тағайындау
занамивирді профилактикалық тағайындау
24 жаста Әйел вирусты В гепатитпен ауырады, жүктілік 32 апта. Биохимия: АЛТ – 0,64 ммоль/л. АСТ – 0,47 ммоль/л. Билирубин – 22,25 мкмоль/л. HBsAg – оң, anti HBs – теріс, antiHBc IgM – оң, antiHBc IgG –оң, HBeAg – оң, anti HBe – теріс. ПТР HBV ДНК – 106 көшірме/мл. Балаға вирустың перинатальды өту қаупін төмендету үшін қандай терапия тиімді?
Ламивудин 100 мг\тәул босанғанға дейін
Адеметионин+урсодезоксихоль қышқылы
Қысқа әсерлі интерферон
Интерферон тік ішектік шам түрінде, босанғанға дейін
Эссенциальды фосфолипидтер 38-39 аптаға дейін
36 апта жүктілік мерзімі бар 27 жастағы әйелде артериальды қысымның 170/100 мм сб.б. дейін көтерілуі, бір аптада дене салмағының 4 кг қосылуы, аяғында ісіктің пайда болуы, тәуліктік диурездің 400мл дейін төмендеуі байқалады. Қанда: тромбоциттер – 90 мың., альбуминдер – 16 г/л. Зәрде: белок – 2,9 г/л. УЗИ: Ұрық дамуының 4 аптаға кем қалуы. Жүкті әйелді жүргізуде қандай тактика БАРЫНША тиімді?
Уақыттан бұрын босандыру
Антигипертензивті терапиямен бірге жүктілікті үзу
Өздігінен босану болғанша дейін жүктілікті ұзарту
Антигипертензивті терапиямен бірге жүктілікі ұзарту
Антигипертензивті терапия
Артериальді гипертензиямен ауыратын 36 жастағы әйел ұзақ уақыт антигипертензивті дәрілерді қабылдады. Кардиолог 3-4 апталық жүктіліктің анықталуына байланысты препараттың тератогендік әсерін ескеріп қабылдауын тоқтатты. Аталған дәрілердің қайсысы БАРЫНША мүмкін тератогенді әсері бар?
Периндоприл
Клонидин
Метилдопа
Нифедипин
Метопролол
Жасөспірім-қыз, 16 жаста, себореямен зардап шегеді, акне, аяқтарында,қолдарында, ішінің алдыңғы бетінде түктенуі жоғары. АҚҚ-111/74 мм.с.б., салмағы 45 кг, бойы 152 см, ДСИ-19,5. Осы жағдайға гормональды контрацептің құрамындағы қандай гестагенды компонент БАРЫНША бейімдейді?
Дроспиренон
Левоноргестрел
Дезогестрел
Гестоден
Норгестимат
Ер кісі 72 жаста. Бірнеше күн бойы іш қату мазалайды. Соңғы 3 айда 5 кг арықтаған. Қанда - панцитопения және ЭТЖ 65 мм/сағ.Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?
прицельды биопсиямен колоноскопия
Ирригоскопия
тік ішекті пальпаторлы тексеру
Альфа-фетопротеин
құрсақ қуысы мүшелерінің КТ
17 жастағы қызда жоғары температурамен тұмау. Қарап тексергенде мазасыз, қозған, назары басқа жақта. Қоршаған ортаға ориентацтясы өзгерген, өзін қайда отырғанын білмейді. Жиі орнынан ыршып тұрып жастықтың астынан, кереуеттің астынан бір затты іздейді, төсек орынды ақтарып,қолымен керегені ұстап жәндіктерді ұстап алуға тырысады. Кей уақытта қорқып айналасына қарайды, өлімен өзі сөлейді.Қандай тактика БАРЫНША маңызды?
инфекциялық ауруханаға госпитализациялау
осельтамавирмен емді бастау
детоксикационды терапия бастау
транквилизаторлрды бастау
психдиспансерге госпитализациялау
Зерттеуде жүкті науқаста қарапайым адам герпес вирусы-1, ЦМВ және ЭБВ (ИФАда үлгілер оптикалық тығыздығы критикалық оптикалық тығыздықтан екі есе жоғары) антиденелер анықталды. Герпестік бөртпелерді терістейді, шағымдары жоқ, лимфаденопатиялар анықталмайды. Берілген жағдайда қандай тактика барынша тиімді?
Бақылау
Ацикловирдің превентивті курсына кеңес беру
Интерферон индукторы курсын жүргізу
Ганцикловир курсын жүргізу
Арбидол тағайындау
59 жастағы әйел ұстамалы жөтелге және 1 ай бойы ентігу шағымданады. Жөтелі өнімсіз, түнгі уақытта және баспалдақпен көтерілгенде күшейеді. 8 апта бұрын температура, тамағында ауырсыну мен мұрынының бітелуі болған. 10 жыл бойы артериялық гипертензия. 16 жыл бойы күнделікті жарты қорап темекі шегеді. ПС 78\мин, ТЖ 18\мин, АҚ 145\95 мм . с.б.б. Пульсоксиметрия 96. Дем шығарудың диффузды сырылдар. Спирометрия: ФВС 65 және ФЕВ 60. Қай диагнозы болуы мүмкін?
Бронх демікпесі
Ауруханадан тыс пневмрния
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
Альфа 1-антитрипсин жеткіліксіздігі
Гастроэзофагиальды ауру
46 жастағы ер адам соңғы 3жылда диета бұзғанда пайда болатын оң қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне, ауыздағы ащы дәмге шағымданады. Кезеңді түрде – іш қату болады.Қарап тексергенде: ЖҚА: гемоглобин – 138 г/л, лейкоциттер – 6,5х109/л, ЭТЖ- 18 мм/сағ. БҚА:жалпы билирубин - 14 ммоль/л, АСТ - 32 ЕД/л, АЛТ - 28 ЕД/л, амилаза - 87 ЕД/л, СФ - 56 ЕД/л. Құрсақ қуысының УДЗ:Жалпы от жолдары көрінбейді. Өт қапшығы: тонусы төмендеген,өлшемі ұлғайған, өт қапшығының қабырғалары қалыңдаған (6 мм), конкременттер жоқ. Емдеу тактикаңыз қандай?
урсодезоксихолевая кислота
Мезим-форте
креон
дротаверин
лансопразол
Ер адам 78 жаста. Соңғы уақытта күні бойы кіші дәртке шығуы жиілеген және түнде 2-3 рет кіші дәретке шығу үшін тұрады. Зәрдің струясы әлсіз және үзіліп шығады. Қуықтың толық босамағанын сезеді. Саусақпен тексергенде простата көлемді ұлғайған , тығыз консистенциялы. Қандай зерттеу диагнозды нақтылайды?
Простато-спецификалық антиген
Альфа-фетопротеин
ракоты-эмбриональды антиген
СА 125
СА19-9
Ер адам, 54 жаста, аздаған іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтелге, жүктемеде ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде 16 жастан бері темекі шегеді. Қарауда еріндері цианозданған, кеуде клеткасы бөшке тәріздес, бұғанаүсті кеңістігі үрленген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Аускультацияда әлсіреген везикулярлы тыныс аясында құрғақ сырылдар, форсирленген тыныс шығаруда күшейеді. Сыртқы тыныс қызметін тексеруде ФВД: ОФВ1- 65%, ПСВ - 70%. Бронхолитиктерге тест теріс. Сіздің болжасды диагнозыңыз?
өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
Бронхтық демікпе
Бронхоэктатикалық ауру
Идиопатиялық альвиолит
Облитерациялық бронхиолит
Әйел 39 жаста. Іштің төменгі жағындағы, өршитін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі таңертең пайда болған, төсектен тұру кезінде есен жоғалтқан. Пальпацияда оң жақ төменгі квадратта ауру сезімі анықталады. ЖСЖ 95 рет/мин, АҚҚ 90/60 мм.с.б. Температурасы – 36,4°С. ЭКГ – патологиясыз. Гематокрит – 36%. Орнынан тұру кезінде – есін жоғалтқан. Ары қарай қандай тактика БАРЫНША маңызды ?
Кіші жамбас қуысының мүшелерін УДЗ жасау
Құрсақ қуысының КТ
24 сағатқа бақылауға қалдыру
Электроэнцефалограмма түсіру
Эхокардиограмма түсіру
3 жастағы балада бірнеше апта ішінде құсу, кейде құрысу ұстамалар , жоғары дене қызуы, сопор. Анамнезінен: туберкулезбен байланыс -тәтесімен, фтизиатр бақылауында болмаған. Емдеуге байланысты БЦЖ-мен вакцинацияланбаған. Диагнозды нақтылау үшін дәрігер бірінші кезекте келесі тексерулердің қайсысын жүргізуі керек?
Жұлын ми пункциясы
Жалпы қан және зәр анализі
Өкпе рентгенографиясы
Нәжіс копрограммасы және бакпосеві
Тері ішілік Манту сынамасы және Диаскинтест
Науқас 17 жаста, күндізгі стационарлық ем қабылдауда цефазолин б/е енгізді. 5 минуттан кейін науқаста айқын ентігу,ауыз қуысының шырышты қабатының және тілінің ісінуі,бозару, тершеңдік пайда болды. Пульсі әлсәз, жіп тәрізді. Науқасқа жедел көмек көрсетуде бірінші кезекте қандай препаратты енгізу БАРЫНША маңызды ?
Адреналин
Супрастин
Димедрол
Триамциналон
Допамин
1 жасар бала, перзентханасында БЦЖ вакцинацияланған, сол жақ иығында тыртық жоқ. Mанту сынамасы жасалған - 13 мм папула. Туберкулиндік сезімталдық сипатын анықтаңыз?
МБТ-мен біріншілік инфицирлену
Туберкулинге аллергиялық реакция
Вакцинадан кейінгі аллергия
туберкулезбен ауруы
латентті микробизм
Сізге 2 ай аралығында болған қызбаға және осы уақыт аралығында дене салмағының 6 кг-ға төмендегеніне, анық байқалатын шаршағыштыққа, түнгі уақытта тершеңдіктің болуына (тексеру көрген кезде бұғана асты мен бұлшықет асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады) шағымданып келген болса ең алдымен төменде көрсетілген аурулардың қайсысы болжамнан шығарып тасталады ?
АИТ-жұқпа
Бруцеллез
Туберкулез
Сепсис
Лимфогрануломатоз
70 жастағы еркек соңғы 6 айда аяқтарының шаншуына, тырысуға және ауырсынуға байланысты дәрігерге келді. Симптомдар 500 м артық жүрген кезде үдейді, тыныштықта басылады. Анамнезінде 2 типті қант диабеті. 50 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Алкоголь ішпейді. Метформин қабылдайды. Балтыр аймағында дене температурасының төмендеуі. Осы науқасты емдеуде қандай шара ұтымды?
Антиагреганттар тағайындау
Компрессиялық шұлықтар кию
Эндарэктомия
Шунттау операциясы
Эндокөктамырлық термиялық абляция
4 жастағы баланың анасы баласының мазасыздығына, субфебрильді дене қызуына, жиі ЖРВИ ауратынына шағымданып келді. Анамнезінен: белсенді туберкулезбен науқас ағасымен бір реттік байланыс орнатылған. Объективті: орташа ауырлық дәрежесі, уыттанудың әлсіз белгілері, дене қызуы- 37,5 0. Тері жамылғылары бозғылт, аз тамақтанады. Физикалық деректер - өзгеріссіз. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің үстіңгі жоғарғы бөлігінде гомогенді емес күңгірттену, кеңейтілген трахеобрончиялық лимфа түйіні жолмен байланысты. Төмендегі зерттеулердің қайсысын диагнозды айқындау үшін дәрігер бірінші кезекте жасайды?
Манту сынамасы және Диаскинтест
Қақырық микроскопиясы және бакпосев МБТ-ға
Өкпе компьютерлік томографиясы
Жалпы қан анализі, зәр анализі, биохимиялық қан анализі
ИФА және ПЦР диагностика
20 жастағы студентте, алдын-ала флюорографиялық тексеру кезінде оң жақ өкпенің С1-де жиектері анық емес кіші және орта қарқындылықтағы ошақтар анықталған. Қиын қақырықпен жиі жөтелу мазалайды. Анамнезінен: 5 жыл бойы темекі шегеді. Өткен жылғы өткен флюорографиялық тексеруі патологиялық өзгеріссіз. Қақырықта ешқандай МБТ табылмады.Қандай болжам диагноз БАРЫНША ықтимал?
Ошақты өкпе туберкулезі
Ошақты пневмония
Созылмалы бронхит
Перифериялық өкпе рагі
Бронхолобулярлы инфильтрат
25 жастағы қыз бала айқын ентігуге,әлсіздікке,аз физикалық жүктемеде болатын ентігуге,тобықтың ісінуіне,жүрек қағуына шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті:бозарған, тобығында ісіну. Аускультацияда: өкпесінде – төменгі бөлігінде крепитация,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында басқа жерге таралмайтын систолалық шум естіледі. ЖСЖ 110рет мин, АҚҚ 100/70 мм.с.б. ЭКГ (фото). Қан анализінде – ЭТЖ – 25 мм/сағ. Қандай диагноз?
жедел миокардит, ҚЖ2А
ЖРЛ (ОРЛ), ревмокардит, ҚЖ 1
дилятационды кардиомиопатия, ҚЖ2А
жүйелі кардит
созылмалы миокардит,асқынуы
Әйел 56 жаста. Эпигастрии аймағындағы дискомфортқа , тамақтанғаннан кейін толу сезіміне,ауамен кекіру,кейде сасық иіспен болады. Анамнезінде - аутоиммунды тиреоидит. ФЭГДС: (фото). Сонымен қоса әлсіздік, тіліндегі күйу сезімі, парестезия мазалайды. Қарап тексеру кезінде терісі бозғылт сарғаюмен. Қанда қандай өзгерістің анықталуы БАРЫНША мүмкін?
гиперхромды анемия
Лейкоцитоз
Лейкопения
гипохромды анемия
нормохромды анемия
Ер кісі 42 жаста, соңғы аптада сальбутамолға қажеттілік күніне - 3-4 рет болатын, күніне 3 рет тыныс алудың қиындау ұстамасына, 2 ретке дейінгі түнгі ұстамаларға, аздаған қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге шағымданады. Аускультацияда өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Пикфлоуметрия - 350-360-380-400-375-320 л/мин. Пульмикорт 500 мкг күніне 2 рет қабылдайды. Қандай тактика БАРЫНША тиімді ?
аллергологтың кеңесіне жолдау
пульмонология бөлімшесіне жатқызу
пульмонолгтың кеңесіне жолдау
аллергосынамаға жолдау
рентгенологиялық зерттеуге жолдау
42жастағы ер кісіні 2 жыл көлемінде тез жүргенде пайда болатын, сол қол мен жауырынға берілетін, тыныштықта басылатын төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды. Жағдайының нашарлауын түнгі кезекшілік пен шаршаумен байланыстырады. Об-но: АҚҚ 140/80 мм.с.б. Жүрек тондары анық,ритмді. ЖСД-72 ретмин. Велоэргометриялық сынама физикалық жүктемеге төзімділіктің жоғары екенін көрсетті. Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
Тұрақты күштемелі стенокардия ФК I
Тұрақты күштемелі стенокардия ФК II
Тұрақты күштемелі стенокардия ФК III
Алғаш пайда болған стенокардия
Үдемелі стенокардия
63жастағы әйел ентігуге, дене қызуының 38.0º дейін жоғарлауына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып түсті. 2 күн бұрын ЖРВИ фонында ауырған. Объективті: терісі ылғалды,бозғылт, тырнақтары барабан таяқшасы тәрізді.АҚҚ 130/90 мм.с.б., ЖСЖ – 88 рет мин, ТЖ – 18 рет мин. Әлсіз тыныз фонында сол жақтың төменгі бөлігінде ылғалды майды көпіршікті сырылдар естіледі. Пульсоксиметрия – 88%. Рентгенограммада: қабырғалары горизонтальды орналасқан, қабырға аралықтары кеңіген, өкпе түбірі кеңейген, фиброзды және қантамырлық компоненттердің есебінен өкпе суреті күшейген, сол өкпенің төменгі бөлігінде инфильтратты қосылған көлеңкелер бар.
Қандай тактика БАРЫНША тиімді?
РИТБ (ОРИТ) жедел госпитализациялау
ципрофлоксацинмен амбулаторлы емдеу
левофлоксацинмен стационар жағдайында үйде емдеу
күндізгі стационар жағдайында цефтриаксонмен емдеу
терапевтік бөлімге жоспарлы түрде госпитализациялау, ровамицин
48 жастағы ер адам дәрігердің қабылдауына келді. Күйзелістен кейін, 4 сағат бұрын жіті бас ауруы күшейіп, құлағында шу пайда болды. Қарап тексергенде: беті гиперемияланған,ошақтық неврологиялық симптомдар жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. АҚҚ 160/100 мм.с.б., жүрек тондары анық,ритімді.ЖСЖ-70 рет мин. Аортада 2 тонгың акценті. Жедел көмек көрсетуде қандай препаратты тағайындау БАРЫНША маңызы ?
Каптоприл
|
|