Тақырыбы: Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар



бет1/4
Дата01.11.2022
өлшемі30,53 Kb.
#46827
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
СӨЖ

Тақырыбы:
Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар.
Орындаған: Матайбаева Бағдагүл
Қабылдаған: Қожабекова А.Д

Алматы 2022 ж



Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар

Бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта Қазақстан территориясында жаңа табиғат өзгерiстерi басталады. Өйткенi жоғары деңгейдегi ылғалдану бүкiл аймақты қамтыған едi. Сонау қола дәуiрiнде мал және егiн шаруашылығы кешендерi қалыптасып, экономикалық, әлеуметтiк-тұрмыстық базаға айналған жайлауларды су басып, ылғалдану мөлшерi артты. Ылғал тартқан аймақтарда мал шаруашылығы жайлауларының ауқымы кеңейдi. Мұның барлығы Қазақстанды қоныстанған тұрғындарды көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданып, яғни олардың жартылай көшпелi мал-егiн шаруашылығымен айналысып, оны өркендетуiне едәуiр септiгiн тигiздi. Тұрғындардың көпшiлiгi малмен бiрге маусымдық жайлауларға көшсе, ал қалғандары қыстауларда егiн шаруашылығымен айналысты. Осынау көшпелi мал шаруашылығы өндiрiстiк күштердi арттырып, артық өнiмнiң өсуiне, жергiлiктi тұрғындардың жағдайының жақсаруына ықпал еттi. 


Қазақстан тұрғындарының тыныс-тiршiлiгiндегi осынау өзгерiстер бiрiншiден, көшпелi қауымдастықтар арасында жайылымдар мен су қойнауларын бөлiске салып, өздерiнiң көшi-қон орындарын белгiлеп, нығайтуға итермелесе, екiншiден, қосымша байлықтың артуы мүлiк теңсiздiгiн тудырып, мол мал байлығына ие адамдарды қалыптастырды. Сөйтiп, әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлары әр түрлi қауымдастықтар пайда болды. Бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықтың басында адамдар көшпендiлiкпен бiрге темiрдi игерiп, оны тұрмыс-тiршiлiктегi әр салада пайдаланды, бұл өз кезегiнде әскери iстiң дамуына жол ашты. Қорыта айтқанда, әрбiр қауымдастық мүшесi өзiн мықты жауынгер сезiнетiн дәрежеге дейiн көтерiлдi. Сөйтiп, бұған дейiнгi үш қоғамдық-әлеуметтiк топтан (сословие) тұратын адамдар бiрлестiгi (қауымдар-әскерилер-абыздар) күйреп, жаңа көшпелi шаруашылыққа тән қоғамдық-әлеуметтiк топ пайда бола бастады. Сонымен, бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта қауымдастықтар мен әлеуметтiк топтар арасындағы қатынастарды реттейтiн мемлекет негiзi қаланды. Ол қоғамды тұтастай саяси бiрiктiретiн және сол өзi иелiк еткен ел мен жерде өз билiгiн жүргiзетiн дәрежеге жеттi. Сондай-ақ онда арнаулы әкiмшiлiк жүйе арқылы тұрғындарға билiк жүргiзетiн жүйе құрылып, тәуелсiздiкке қол жеткiздi.
Мемлекеттiлiктiң алғашқы белгiсi-ол қоғамнан тiкелей бөлiнген әкiмшiлiк билiк пен басқару жүйесiнiң болуы. Екiншiден, белгiлi бiр территория мен оның тұрғындарының болатыны, ал олар болса әртүрлi әкiмшiлiктерге бөлiнедi. Үшiншiден, халықаралық аренада, сондай-ақ өздерiнiң iшкi iстерiнде егемендiк пен тәуелсiздiкке иелiк етуi. Төртiншiден, мемлекеттiк әкiмшiлiктi қамтамасыз ететiн әртүрлi салық жүйелерiнiң барлығы. Бiрақ б.з.д. I мыңжылдықта Қазақстанда құрылған ежелгi мемлекеттiң қалыптасуы өте әлсiз де баяу түрде жүрдi. Сондықтан да оны тарихшылар алғашқы мемлекеттiлiк (протогосударство) деп атайды. (“Прото”— гректiң бiрiншi деген сөзiнен шыққан.)
Қазақстан территориясын бiздiң заманымызға дейiнгi бiрiншi мыңжылдықта Андронов және Дәндiбай-Беғазы тайпаларының ұрпақтары қоныстанды. Олар грек жазбалары бойынша “скиф” аталса, парсы жазбалары бойынша “сақ” атанды. Скиф-сақ тайпалары бiрнеше бiрлестiктерге бөлiнiп, алғашқы мемлекеттi құрады. Олар тиграхауда-сақтар (шошқа бөрiк киетiн сақтар), хаомаварга-сақтар (хаома сусынын дайындайтын сақтар), парадарайа-сақтар (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), массагеттер, исседондар және басқалар. Алғашқы екi топты Геродот амнюргия-сақтар және ортакарибантия сақтар деп атайды.
Ал ендi, сол кездегi 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет