Тақырыбы: Теңге- тәуелсіздік келбеті Тәрбие сағатының мақсаты



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі22,42 Kb.
#107122
  1   2   3

Тақырыбы: Теңге- тәуелсіздік келбеті
Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру,төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы іс- әрекеттерді реттеуге үйрету; экономикалық терминдермен таныстыру,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқушылардың бойына елімізге ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту, үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету, тілді құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Компьютер, сөзжұмбақ, күннің көзі, теңгелер, доллорлар, рубльдер, буклеттер, шарлар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы
Ел ырысы- тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазанымыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Ел тірегі - төл теңге!»
Деп құрметтер оны жұрт
ІІ. Оқушыларды 3 топқа бөлу (теңге, доллор, рубль)
ІІІ. Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру.
Сұрақтары: 1. Теңгені жасаушы дизайнердің есімі?
2. Ұлттық валюта күні?
3. Тиында не бейнеленген?
4. Теңгенің алғашқы нұсқасы қай елде шықты?
5. ҚР- ның тәуелсіздігіне неше жыл?
ІV. Әр топ постер құрап, топтан бір адам ортаға шығып қорғайды.
1- топ: Теңге дегеніміз не?
2- топ: Ұлттық валютаның қызметі?
3- топ: Теңге не үшін қажет?***
VІ. Джигсо әдісі бойынша оқушыларға теңге туралы қысқа- қысқа мәтіндер беріледі.
Оқушылардың әрекеті: оқиды, талдайды, талқылайды, бір- біріне сұрақтар қояды, өз ойларын айтады.
Мәтіндер:
Топ:
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына , халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.

Теңге өмңірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді. Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып , ішіндегі « мықтылары »Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп , елдің қолына тиіп , ел мәре – сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Биыл теңгеміздің айналымға шыққанына 23 жыл болды. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Теңгенің 16 – ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар.Ұлттық валютамыздың дизайның жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Төл теңгеміз тек өз еліміздің экономикасын ғана емес, көрші жатқан елдің экономикасына да үлесін қосты. Одан түскен пайда елге оралып экономикамыздың дамуына , халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуда. Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.

Топ:
Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.Енді теңге туралы әңгімелейік.
Алдыңғы шыққан Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою – өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы (Абай, Сүйінбай, Құрманғазы, Әл- Фараби, Әбілхайыр хан, Шоқан Уалиханов т.б.) тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.

Одан кейін жаңа айналысқа шыққан ақша мынадай болып өзгерді.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана – Байтерек» монументі бейнеленген . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбсы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанда Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

Топ:
1- 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.
Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет