Таланттар



Pdf көрінісі
бет160/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   256
ШИРАҚ БАТЫР 
 
–  Балам,  Кир  патша  сақ  даласын  басып  ала  алмады.  Оның 
арманын  іске  асырғысы  келіп,  тағы  бір  Дарий  деген  патша 
сақтарға  қарсы  соғыс  ашады.  Ел  күтпеген  жерден  тиіскен  жау 
әскеріне қарсы тұра алмайды. Бет-бетіне қашады. Сонда Ширақ 
деген бір батыр жігіт:  
–  Бәріміз  қырылмайық.  Одан  да  біріміз  құрбан  болайық. 
Сендер алға озыңдар. Мен жауды жалғыз қарсы аламын! – дейді. 
Елі-жұрты онымен жылап қоштасады.  
Ширақ  батыр  өзінің  құлақ-мұрнын  қылышпен  шауып 
тастайды.  Әйтпесе  оған  жау  сенбейтін  еді.  Күтіп  тұрады.  Сол 
кезде артынан жау әскері келіп жетеді. Әскербасы:  
–  Сен  неғылған  адамсың?  –  дейді  Ширақ  батырға.    Ширақ 
батыр:  
– Мен сендерді сақтарға апарамын. Оларда кегім бар, – дейді. 
Жаудың  әскербасы  Ширақ  батырдың  сөзіне  сеніп  қалады. 
Ширақ жау әскерін бастап жүріп кетеді. Бір күн жүреді. Бір апта 
жүреді.  Он  күн  жүреді.  Ақыр  аяғында,  шегі  жоқ  қалың  құмға 
әкеледі.  
Жаздың  қайнаған  ыстық  күні  болатын.  Ыстық  құмның 
үстінен  ұшқан  құстың  қанаты  күйіп  қалатын.  Жаудың  әскері 
шаршап  құлайды.  Астындағы  аттары  шөлдеп  өледі.  Ширақ 
батырдың мақсатын енді түсінген жаудың әскербасы:  
– Айт шыныңды, сен кімсің ? – дейді Шираққа.  


294 
 
Сонда Ширақ батыр:  
– Мен мақсатыма жеттім. Елімді жаудан құтқардым. Енді өзің 
біл! – дейді.  
Ашуланған  жау  Ширақ  батырдың  басын  шауып  түсіреді. 
Бірақ  өздері  қырылып,  еліне  жете  алмайды.  Әскербасы  қолын 
жайып, Жаратушыға жалбарынады:  
–  О,  Жаратушым!  Осы  жолы  құтқар!  Енді  қайтып  сақ 
даласына келмеспін! – дейді.  
Сол кезде аспаннан жаңбыр жауады. Жаудың азғантай тобы 
аман  қалады.  Еліне  қашады.  Енді  қайтып  сақ  даласына  аяқ 
баспайтын болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет