Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Тұздықтар: қызанақ, сүтті, қаймақты – шектеулі түрде. Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар



Pdf көрінісі
бет135/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   174
Тұздықтар: қызанақ, сүтті, қаймақты – шектеулі түрде.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар: қышқыл және қышқылтым-
тәтті жемістер мен жидектер табиғи және компот, желе, мусс түрінде 
ксилитте немесе сорбитте не болмаса қант алмастырғышсыз.
Сусындар: шай, сүтпен шай, сүтсіз кофе және сүтті кофе, ксилитпен 
немесе сорбитпен, томат шырыны, қышқыл сұрыптардан жеміс-жидекті 
шырындар.
14.2.7.
№9 диета
 
Жалпы сипаттама. Қант диабетінде көмірсу алмасуын қалыпқа келтіру 
және май алмасудың бұзылуын ескерту үшін тағайындалады. Бұл диета 
келесідегідей сипатқа ие:
жеңіл сіңірілетін көмірсулар едәуір, майлар және ет пен балықтың азотты 
сығып алынған заттектері орынды шектеледі;
қант пен тәттілерге шектеу қойылады, тәтті тағамдар мен сусындарға 
ксилит немесе сорбит пайдаланылады, не болмаса тағамдарды тәтті емес етіп 
әзірлейді;
липотропты заттектер, дәрумендер (сүзбе, майсыз балық, теңіз өнімдері, 
көкөністер, жемістер, бүтін дәндерден жармалар, ірі ұнтақталған ұннан 
пісірілген нан) мөлшері ұлғаяды;
өнімді қайнату мен пісіру тиімдірек, қуыру (қайнатылғаннан кейін) мен 
бұқтыру – сирегірек; ұн мен көкөністерді шала қуыру тиімсіздеу.
Құрамындағы қантты алу үшін сәбіз, шалқан және тарнаны алдын ала 
туралған күйде қайнатып немесе сулайды.
Ыстық тағамдардың температурасы 75°С-тан жоғары, салқын тағам-
дардың температурасы 15°С-тан төмен болмауы тиіс.
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды дайындаудың тәсілдері. 
Нан және ұн өнімдері: корта есеппен күніне 300 г-нан қарабидай, ақуызды-
бөлектелген, ақуызды-бидайлы 2-сұрыптан дайындалған нанға кеңес 
беріледі. Майқоспасыз ұнды өнімдерді нан мөлшерін азайту арқылы 
пайдалануға болады.
Салқын тағамдар: винегреттер, балғын көкөністерден салаттар, кәді 
немесе көкөніс қоспаларынан икра дайындайды; докторлық және диеталық 
шұжықтар, сорпа құйылып ұйыған балық, майсыз сиыр етінен істелген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет