Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



жүктеу 2.6 Mb.
Pdf просмотр
бет21/24
Дата15.03.2017
өлшемі2.6 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

 Список литературы: 
1.  Глоссарий  современного  образования  (терминологический  словарь)  //  Народное 
образование, 1997, № 3. 
2. Ожегов С.И.  Словарь русского языка. - М., Русский Язык,1988. 
3.  Ребрин  О.Д.,  Шолина  И.С.,  Сыздыков  Б.А.  Смешанное  обучение  //  Высшее 
образование в Казахстане, 2005, № 8. 
4. ТрушпаеваИ.Б.  Гуманитарные технологии в образовании // Высшее образование в 
Казахстане, 2006, № 3. 
5. Шагеева Ф.Я. Современные образовательные технологии // Высшее образование в 
России, 2006, № 4. 
 
Аннотация. Берілген мақалада қазіргі заманауи жоғарғы оқу орындарындағы 
технологиялық оқыту процессі қарастырылады. 
Annotation.In this article examined about собенности of educationaltechnologies in the pr
ocess of teaching in modern institutionof higher learning. 
 
 
 
УДК 512 
С 58 
 
БЕСКОНЕЧНЫЕ ДРОБИ И ЕЕ ПРАКТИЧЕСКИЕ  
ПРИМЕНЕНИЯ. 
 
Сманов К.Ж 
Таразский государственный педагогический институт, Тараз қ. 
        
Понятие бесконечной конечной дроби всегда была актуальной темой в теории чисел. 
Свое время великие ученные математики в своих работах применяли бесконечные дроби 
решении задач. 
В частности при раскрытие тайны архимедова числа, решение проблемы календаря
Тайна  Григория  XIII  и  др.  Во  всех  работах  была  применено  принцип:  если  хочешь  с 
большой точностью аппроксимировать действительное число  несложной дробью-заменой 
его  подходящими  дробями.  Этот  принцип  легло  в  основу  разгадки  тайны  Архимеда  и 
решение проблемы календаря. 
I.Тайна архимедова числа. 
Для  аппроксимации  числа  разложим  его  в  ценную  дробь.  Можно  взять  десятичное 
приближение П с большим запасом точности, П=
 и применим алгоритм Евклида: 

177 
 
П=[3,7,15,1,288,1,…] . 
Тогда подходящие дроби вычислим по схеме: 
      n 
    0 
    1 
    2 
    3 
    4 
… 
     
 
    3 
    7 
    15 
    1 
    288 
… 
     
 
    3 
    22 
    333 
    355 
    102595 
… 
     
 
    1 
    7 
    106 
    113 
    32657 
… 
C помощью этой можно легко раскрыть секрет Архимеда, и заодно и Меция. 
Из таблицы можно получить: 
Приближение 
     Подходящие дроби      
    0-е 
    1-е 
    2-е 
    3-е 
      =3 (с недостатком) 
      =3,1424 (с избытком) 
     
=3,1415 (с недостатком) 
     
=3,1416 (с избытком) 
Архимед в своих рассуждениях использовал  подходящую дробь   ,  а Меций   . 
Следующим  применением  ценных  дробей-  решение    проблемы  календаря.  Сперва 
рассматривается решение проблемы чередования високосных лет. Тогда длину года в виде 
ценной дроби можно представить  
1 год=365 суток 5 часов 48 минут 46 секунд = [365,4,7,1,3,5,64] суток , т.е.  
=
=

 
 
43200=4*10463+1348 
10463=7*1348+1027 
1348=1*1027+321 
1027=3*321+64 
321=5*64+1. 
64=64*1 
Теперь найдем несколько первых подходящих дробей: 
    
 
       4 
       7 
       1 
       3 
        5 
    
 
       1 
       7 
       8 
       31 
       163 
    
 
       4 
       29 
       33 
       128 
       673 
Каждый столбец дает решение проблемы календаря. Например : первый столбец дает 
длину  года  приближенное  значения  365  суток,  значит  високосный    1  год  из  4.  Третья 
строка-величина цикла (периода) ;  вторая – число високосных лет в цикле. 
Теперь рассмотрим как выбрать календарь. При решении проблемы календаря есть 
всего  четыре  варианта.  Первый  вариант-  это  юлианский  календарь.  Второй  вариант-  не 
целесообразен. По сложности он равноценен третьему, но уступает по точности. Третий 
вариант-  (8  из  33)  был  предложен  таджикским  ученым  и  поэтом  Омаром  Хайямом.  А 
четвертый  вариант    (31  високосных  год  из  128)  исключительно  точен,  поскольку 
погрешность  в  1  секунд  не  имеет  практического  значения.  Поэтому  было  предложена 
использовать этот календарь. 
Как  видно  из  четырех  вариантов  нет  григорианского  календаря.  Каковы  были 
соображения Григория  XIII ? 
Очень  соблазнительная  следующая  гипотеза:    Григорий    XIII  исходил  из 
соотношения 31:128, но, желая заменить период 128 лет на более удобный, выбрал период 
400  лет.  Чтобы  определить  сколько  приходится  високосных  год  на  400  лет  ,  составим 
пропорцию: 

178 
 
 =
=> x≈96,875≈97 
Таким  образом:  97  високосных  лет  из  400.  По  грегорианскому  календарю  средняя 
продолжительность  года  равна  356  суток  5  часов  49  минут  12  секунд,  т.е.  она  больше 
истинной  на  27  секунд.  Григорий    XIII  считал  ,  что  его  год  меньше  истинного  на  4 
секунды.  Поэтому  ,  решение  Григория    XIII  вполне  было  удовлетворена  достигнутой 
точностью.  Обобщая  все  сказанное  ,  можно  сказать  ,  что  ценные  дроби  на  практике 
применились чисто и получились достаточно точные результаты. 
 
Литература: 
1.  А.Г.Курош. Курс высшей алгебры. М.,1971. 
2.  А.А.Бухштаб. Теория чисел. М.,1966. 
3.  И.С.Соменский, Сборник  задач  по высшей алгебре. М., 1977. 
4.  А.У.Нурымбетов.,М.К.Кадырбеков. Алгебра  и  теория чисел. Т., 2001. 
 
Аннотация.  Шектеусіз  үздіксіз  бӛлшектердің  қолданылуы,  тек  математикада  ғана 
емес,  басқа  дасалада  жақсы  пайдаланады.  Танымал  күнтізбені,  Архимед  санын  ашудва 
үздіксіз бӛлшектерді қолданылуы қарастырылады. 
Annotation. That you limit continuous divide, is used, last name not on only mathematics, 
on дасалада except uses well. To Apply that continuous parts, examines acquaintance calendar, 
number of Archimedes. 
 
 

179 
 
ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ, 
ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ 
 
 
ӘӚЖ 372.857 
  С31 
 
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҦРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНЫП САБАҚ ӚТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Абжапарова А.С., Сейдыбаева Ә. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, ӛмір сүріңдер  - бүгінгі мектеп 
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан 
ұстазға жүктелген міндет ауыр деген болатын. 
Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, Қазақстандық 
білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика 
теориясы  мен  оқу  –  тәрбие  процесіндегі  елеулі  ӛзгерістерге  тікелей  байланысты  болып 
отыр: білім беру парадигмасы ӛзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа кӛзқарас, 
жаңаша  қарым-қатынас  пайда  болды.  Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту 
процесін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейд і. Білім 
мазмұны  жаңа  процестік  біліктермен,  ақпаратты  қабылдау  қабілеттерінің  дамуымен, 
ғылымдағы  шығармашылық  және  нарық  жағдайындағы  білім  беру  бағдарламаларының 
нақтылануымен байи түсуде. 
Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының,  оның  ішінде  биологияны  оқыту 
әдістемесінің  бір  ерекшелігі  –  жеке  тұлғаның  шығармашылығының  қалыптастыруға 
бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  шығаруға  және  оларды  білім  беруде  тиімді 
пайдалану. Осы орайда білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселе 
– әлеуметтік және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына  жаңалық енгізудің тиімді 
жаңа әдістерін іздестіру, оны ӛмірде пайдалану. 
Дәл  қазір  адамның  ақыл-ой,  шығармашылық  мүмкіндіктеріне  қойылатын  талаптар 
артуда.  Мұндай  күрделі  міндеттерді  шешудегі  орта  мектептің  алар  орны  ерекше.  Қазір 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиялары  кеңінен 
қолданылуда. 
"Сын тұрғысынан ойлау‖ ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге 
қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, 
сол  идеяларға  қарсы  кӛзқарастармен  тепе  -  теңдікте  ұстап  зерттеу,  оларға  сеніммен 
қарау[1]. 
Сын  тұрғысынан  ойлдау  технологиясы  -барлық  жастағы  балаларды  кез  келген 
мазмұнға  сын  тұрғысынан  қарауға  үйрету.  Кез  келген  қиыншылықтарды  жеңуге,  ӛз 
мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің 
біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға дағдыландырады.  
   Технология  –  бұл  ерекше  белгі,  мазмұн  жӛнінде,  құрам  жӛнінде  және  әрекетті 
жүзеге асыру жӛніндегі іс-қимылдың нұсқауы. Сондықтан оқыту технологиясы да мақсат 
және  болжам  түрінде  түпкі  ойды,  әрекетті  жоспарлауды  беретін  оқу-тәрбие  жұмысын 
және олардың жүйесін нобайлау мен оны жүзеге асыруды қарастырады[5]. 
Мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі  және басты формасы осы күнге 
дейін  сабақ  екендігі  айтылды.  Бірақ  дидактикалық  талаптарға  сай  ұйымдастырылған 
оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше 

180 
 
ықылас тудырып, ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді. Сабақ 
45 минут қана емес, ол – берілген шығармашылық еңбек кӛлемі. 
Қазіргі  таңдағы  мұғалімдерге  кездесіп  жүрген  оқушының  таным  белсенділігінің, 
қызығушылығының, тіпті  оқуға құлқының тӛмендеу проблемалары себептерінің негізі  – 
сабақтардың  бірсараңдылығы.  Ұстаз  еңбегіндегі  күнделікті  ізденістің  болмауынан 
оқытудағы  бірізділік  пайда  болады,  ол  –  бірте-бірте  балалардың  сабаққа  деген 
қызығушылығын жояды. Қазіргі сабақ тек қана шығармашыл болуы керек[1]. 
Оқытудағы  классикалық  әдістеме  ғылым  мен  техника  дамуы  деңгейіндегі  «жеңіл» 
мен «қиын» ұғымдары ғана меңгертуге жарап келеді. Ал осы күндері оқушылар алатын 
ақпарат жан-жақты кӛп (теледидар, электронды почта, интернет, т.б), сондықтан, олар кӛп 
нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде ӛмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан ӛте 
кӛп  кӛлемде  хабарлар,  деректер  шығаруға  қабілетті.  Ендеше,  ол  сол  ӛзін  қызықтырған 
мәселе жӛнінде ӛте жоғары кӛрсеткіш кӛрсете алады. Ұстаз осындай жағдайда оқушымен 
байланыста шексіз шығармашылық ӛнермен биікте болуы керек. Ұстаздық мәдениет театр 
мәдениетімен  айырылмастай  байланыста.  Оқу  үрдісі  кезінде  балалардың  ӛзін 
шығармашылық  жағдайда  сезінулеріне  тек  оқытушының  «үстемділігінен»  және 
«мұғалімдік  мундирінен»  шығып,  оқушы  тұлғасын  сыйлап,  түсіну  кезінде  жеткізуге 
болады.  
Ұстаз  тұлғасы  –  баланың  жаны  мен  ойына  әсер  ететін  негізгі  тәрбиелеуші  күш, 
сондықтан оның кәсіби шеберлігі бірден-бір маңызды мәселе. Биология пәні мұғалімінің 
тұлғасы,  эрудициясы,  ӛз  ісіне  берілгендігі  мен  дарыны  шәкірттеріне  бір  із  қалдырады, 
ӛмір  жолдарына  әсер  етеді.  Ұстаздың  шығармашылық  даралығы,  шығармашылық 
белсенділігі ӛз еңбегінің жемісінің нәтижесінің мәнділігінен туындайды. Даралық барлық 
адамдарға  тән,  бірақ  ол  әркімде  негізгі  қасиет  бола  бермейді,  кез  келген  адамды  айқын 
кӛрінетін дара деп айта алмайсың. Даралық, біріншіден, тек жекелеген адамның ӛзіне ғана 
тән,  қайталанбас  бірегей  ерекше  қасиет,  екіншіден,  тұлғаның  жалпы  ӛзіндік  дамуын 
кӛрсететін жинақы қасиет[2]. 
Мектептегі оқытуда соңғы кездегі ғылым-әдістемелік басылымдар беттерінде кӛптен 
беріліп  жүрген  сабақ  түрлері  заман  талабының  кӛріністері.  Толық  мәнді  жаңаша  білім 
беру –бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық 
білім беру міндеті – бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу.Ұстаз бен оқушының субъект-
субъектілік  қатынасыны  негізінендегі  оқу  тәрбие  үрдісінде  бірін-бірі  толықтыру,  бір-
біріне қолдау жағдайында ӛтеді[1]. 
Оқытуға  қойылатын  талаптардың  бірі  –  білім  беру  мен  тәрбиенің  біртұтас  үрдіс 
ретінде  іске  асырылуы.  Білім  бере  отырып  тәрбиелеу  дегенді  екінші  сӛзбен  айтқанда, 
оқушының  ой  белсенділігін,  жұмыс  істеу  дағдысын  шығармашылық  қабілетін  дамыту 
деген сӛз. Қабілеттің дамуы, дағдының  қалыптасуы оқушының нақты  іс-әрекеті  арқылы 
орындалады[3]. 
Заман талабына сай биологиядан оқу –тәрбие үрдісін жетілдіруде негізгі нысана етіп 
мына  принциптерді  ұсынған  дұрыс:  білім  беруді  оқушыларда  ақпараттар  қорын 
толтырумен  шектемей,  бала  белсенділігі  дамуының  тәсілі  ретінде  қарастыру.  Себебі 
белсенділікті  дамыту  шығармашылыққа  жеткізеді,  ендеше  ол  межеге  жетуді  белсенді 
оқыту  арқылы  жүзеге  асыруға  болады.  Осы  тұрғысында  негіздейтін  болсақ, 
шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет[1].  
Мектеп  білім  беру  жүйесіндегі  оқу-тәрбие  жұмысын  жетілдіруде  дәстүрлі  оқыту 
үрдісімен қатар білім берудің басқа талаптарын іске асыратын жаңа технологиялар пайда 
болып,  олар  әртүрлі  жолдармен  жүзеге  асырылуда.  Алыс-жақын  шет  елдерде  қазіргі 
кезеңде әлемдік білім беру кеңістігінде ӛту бағытында жаңа оқыту жүйесі қарастырылуда 
[3]. 
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын 
қамтамасыз ететін 50 -ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. 

181 
 
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту 
технологиясының  орны  ерекше.  Бұл  технологияны  жарыққа  шығарған  американдық 
педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч.  Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті 
түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге 
құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады[4]. 
Білім  берудің  негізгі  мақсатына  қатысты  қазіргі  қоғамда  жаңа  ұғым  пайда  болды. 
Мұғалім ең алдымен оқушыда ӛзін-ӛзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. 
Ӛйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл 
дүние  жүзіндегі  болып  жатқан  осындай  құндылықтардың  ӛзгеруі  жаңа  ғасырға  жас 
ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап 
қана  қоймай,  оны  ойлана  отырып,  сыни  талқылап,  ой  елегінен  ӛткізе  білетін  оқушылар 
керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды ӛз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы 
алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі 
кӛзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын 
анықтай  алулары  қажет.  Жиырма  бірінші  ғасырға  аяқ  басқан  жас  ұрпақты  жарқын 
болашақта  лайықты  ӛмір  сүруге  жақсылап  дайындау  білім  беру  саласында  қызмет 
атқарып  жүрген  кез-келген  маман  үшін  кезек  күттірмейтін  мәселе.  Осыған  байланысты 
«Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту»  жобасы  арқылы  оқушылардың  құзіреттілігін 
қалыптастыру жолдары пайда болды. 
 
Кесте  –  1.  Дәстүрлі  және  сын  тұрғысынан  оқыту  жүйелерінің  негізгі  белгілерінің 
салыстырмалы сипаттамасы 
Педагогикалық 
процестің 
компоненттері 
Дәстүрлі жүйе 
Сын 
тұрғысынан 
ойлау 
технологиясы 
Мақсат  
Оқушыларда  білім,  білік, 
дағдыны қалыптастыру 
Байқампаздық 
ойлауы, 
практикалық 
әрекетті 
дамыту 
Бастапқы мазмұн 
Факты, 
мысалдар, 
тақырыптарды дәлелдеу 
Заңдылық,  теория,  ұғым, 
ережелерді қорыту 
Оқытудың формалары 
Жеке, топтық, фронтальды 
Жеке, ұжымдық іс-әрекет 
Оқыту әдістері 
Ауызша 
түсіндіру, 
кӛрнекілік, практикалық 
Проблемалық 
баяндау, 
ізденушілік, зерттеушілк 
Бақылау, бағалау 
Оқытудың 
нәтижесін 
мұғалімнің 
бақылауы, 
бағалауы 
Ӛзін-ӛзі  бақылау,  ӛзін-ӛзі 
бағалау, рефлексия 
 
 Сыни  ойлау  деген  –әр  жеке  тұлғаның  кез  –келген  жағдайдағы  мәселені  ойлап, 
зерттеп қорытып, ӛз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, ӛзіндік, жеке 
ойлау болып табылады. Ол  – ӛз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап  іздеу, 
шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты ӛз пікірін айту, 
оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол 
дәлелдемелердің  қисынын  зерттеу  дегенді  білдіреді.  Нағыз  сабақ  –  ол  әрқашан  диалог, 
іздене, дайындала, үйрене,  шәкірттер болашағын ойлай жасалған  еңбек пен тәжірибенің 
бірлігі. 
   Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға 
кез  келген  құбылыс  пен  заттарға,  әрекет  пен  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  кӛптеген 
пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету[5]. 
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын 
түсініп  алуымыз  керек.  Кӛптеген  зерттеуші  ғалымдар  «сын  тұрғысынан  ойлау»  ұғымын 
белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл 
септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы кӛзқарастармен 
тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-

182 
 
дамытудың  негізі  әрбір  тұлғаның  терең  білімділігі  мен  тәжірибесінде.  Сын  тұрғысынан 
ойлауды  кӛптеген  мұғалімдер  мен  зерттеушілер  «сынау»  деген  ұғыммен  шатастырады. 
Сондықтан да жұмыстарының нәтижесін кӛре алмайды. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі 
анықтамалар  береді.  Солардың  ішінде  психолог  ғалым  В.Г.  Крутецкийдің  берген 
анықтамасы  бойынша:  «ойдың  сыншылдығы  –  бұл  адамның  ӛзінің  және  басқалардың 
ойларын  белсенді  бағалау  дағдысы,  барлық  ұсынылған  ережелер  мен  қорытындыларды 
нақты және жан-жақты тексеру» дейді. Сыни тұрғыдан ойлау  – шыңдалған ойлау.  Бірақ 
бұл  деңгейдегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға,  жоғары  сынып  оқушыларына  ғана  тән  деп 
ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда ӛз 
даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сӛзсіз[5]. 
Сыни  ойлауға  апаратын  қатаң  реттелген  қадамдар  тізімі  жоқ.  Дегенмен  сыни 
ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек. Олар тӛмендегідей: 
оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; әр түрлі идеялар мен 
пікірлерді  қабылдау;  оқушылардың  оқу  үрдісіндегі  белсенділіктерін  мадақтау; 
оқушыларға  мысқылсыз  еркін  атмосферада  жұмыс  істейтіндеріне  кепілдік  беру;  сыни 
ойлау  тәжірибесі  үшін  уақыт  пен  мүмкіндіктер  қамтамасыз  ету;  кез  келген  оқушының 
сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру; сыни ойлауды бағалау; тиімді 
сыни  ойлауға  қатысу  үшін  оқушылар  ӛздеріне  деген  сенімдерін  және  ӛз  пікірлері  мен 
идеяларының  құндылықтарын  түсінуін  арттыруға,  оқыту  үрдісіне  белсенді  қатысуға, 
басқалардың  пікірлерін  сыйлауға,  пікірді  қолдауға  және  құрастыруға  дайын  болулары 
керек[6]. 
Жеке  тұлғаны  сын  тұрғысынан  ойлауды  меңгеру  үшін  мынадай  қасиеттері  болуы 
шарт:  жоспарлауға  дайын  болуы;  бейімделгіштігі  (басқалардың  идеяларын  қабылдай 
алуы); қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы); жете  түсінуі (ӛзінің және 
басқа адамдардың пікірін қадағалау); ымыралы келісімді іздеуі; коммуникативтілігі. 
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары: сын тұрғысынан ойлауда 
тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру; оқушылардың ойлауына жағдай туғызу; 
әртүрлі  идеялар  мен  пікірлердің  тууына  мүмкіндік  жасау;  оқыту  үрдісінде  оқушының 
белсенділігін  қолдау;  әрбір  оқушы  сын  тұрғысынан  ойлауға  қабілетті;  оқушының  ӛз 
пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау. 
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясы арқылы биология 
сабақтарында қолдану барысында тӛмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады. 
1.Сабақты белсенді ӛткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. 
2.Сенімділікке тәрбиелеу. 
3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау. 
4.Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау. 
5.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы ӛз еркінсіз, қинап сұрамау. 
6.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани ӛсуіне, әр сабақта жағдай жасау. 
7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рӛлін кӛтеру, ӛз пікірін қалыптастыру. 
Сын тұрғысынан ойлау – оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, 
ауызша және жазбаша тілдің барлық түрлерін меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын 
дамытуға бағдарланған педагогикалық технология[5]. 
Сабақ  3  кезеңнен  тұрады:  қызығушылықты  ояту  –  түйсіну  немесе  мағынаны 
ажырату  – ой-толғаныс. Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын ӛздері анықтауға 
және  ақпаратты  белсенді  іздеу  мен  ӛздері  нені  білгені  (үйренгені)  жӛнінде  ойтолғаныс 
жасауларын береді. 
Оқыту  үрдісі  –  жаңаны  бұрыннан  белгілімен  байланыстыру  үрдісі.  Сондықтан 
қызығушылықты  ояту  кезеңінде  оқушылардың  есінде  бар  білімдері  мен  оқытылатын 
материал  жӛніндегі  ұғымдары  ӛзектіленеді.  Бұл  кезең  аса  маңызды,  себебі.  Білім  сол 
уақытта  берік  болады,  егер  ол  адам  соған  дейін  білетіні  және  түсінетінінің  контексті 
негізінде игерілсе. Ал, ақпарат оқушылардың білімімен байланыссыз берілсе ол  жылдам 
жоғалады, пайдасыз болады[4]. 

183 
 
Түйсіну  немесе  мағынаны  ажырату  кезеңінде  оқушылар  жаңа  ақпаратпен 
байланысқа  түседі.  Осы  екінші  мағыналық  кезеңнің  міндеті  –  қызығушылықты  ояту 
кезеңіндегі жеткен оқушылар белсенділігінің, қызыушылығын және қозғалыс инерциясын 
қолдау. Екінші кезеңде оқушы ӛз бетімен белсенді жұмыс істейді, сондықтан мұғалім оған 
мүмкіндігінше аз әсер етуі керек [5]. 
Ой-толғаныс кезеңінде – оқушылардың ішкі күйі олардың жаңа білімді бекіту және 
ӛз түсініктеріне жаңа ұғымдарды қосу үшін ӛз ұғымдарын белсенді түрде қайта құрумен 
сипатталады.  Сонымен  жаңа  білімді  «меншіктеу»  (игеру)  жүріп,  соның  негізінде 
оқылатын  материал  жӛнінде  негізделген  ӛзіндік  ұғым  қалыптастырады.Осы 
технологияның  мақсаты  оқушы  ӛзі  үйренеді,  біледі  және  қолданады  деген  ұғымдарға 
негізделеді. Сонымен қоса оқушылардың сыни ойлауын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді 
қолданады. Оқушы ӛзіне сыни тұрғыда баға беруге қалыптастырады. Оқылған ақпаратты 
талдау, түсіндіру, шығарманы ӛңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі[7]. 
Күнделікті  оқыту  процесінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру,  ӛзіне,  басқаға 
сын  кӛзбен  қарап,  баға  беруге  үйретеді.  Оқушылар  ӛз  ойларын,  ӛздері  байқаған 
ақпараттарды ӛз сӛздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой 
алмастыру,  ой  түйістіру,  ӛз  үйрену  жолын,  кестесін  жасау  мақсатында  басқалардың  әр 
түрлі  кестесін  біліп  үйренеді.  Бұл  үйрену  сатысы  –  ойды  қайта  түйіп,  жаңа  ӛзгерістер 
жасайтын  кезең  болып  табылады.  Әр  түрлі  шығармашылықпен  ой  түйістіру  болашақта 
қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді[7]. Осы  кезеңді тиімді етуге лайықталған 
―Бес жолды ӛлең‖, ―Венн диаграммасы‖, ―Еркін жазу‖, ―Семантикалық карта‖, ―Т кестесі‖ 
сияқты  стратегиялар  әр  сабақтың  ерекшелігіне,  ауыр-жеңілдігіне  қарай  лайықтала 
қолданылады. 
Венн  диаграммасы  –  екі  затты  алып,  олардың  ерекшеліктері  мен  ұқсастықтарын 
салыстыру[8]. 
«Синквейн»  тәсілі.  Мұны  бес  жолдан  тұратын  ӛлең  деп  те  атайды.  Бұл  әрбір  ой 
толғау кезеңінде қолданылады. 
Синквейн  жазу  ережесі:1)  Бірінші  қатарға  бір  сӛзбен  тақырып  жазылады  (зат  есім 
түрінде) 
2)  Екінші  қатарға  тақырыпты  екі  сӛзбен  келтіруі  (екі  сын  есім  түрінде).3)  Үшінші 
қатарға  үш  сӛзбен  осы  тақырып  бойынша  іс  -  әрекет  жазылады  (етістік,  кӛсемше).4) 
Тӛртінші  қатарға  тӛрт  сӛзден  тұратын  осы  тақырыпқа  қатысты  сӛйлем  немесе  сӛз 
тіркесі.5)  Соңғы  қатарға  тақырып  мәнін  сипаттайтын  бір  сӛзден  тұратын  синоним 
(метафора) жазылады. 
Эссе  стратегиясын  ой  толғау  кезеңінде  қолданған  тиімді.  Мұнда  оқушылар 
тақырыптық  ішкі  сырын  терең  түсініп,  ӛз  пікірін,  ӛз  ойын  дұрыс  жеткізіп,  оқу 
материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды ӛмірмен байланысын жазады. 
«Кубизм»  стратегиясы  да  оқыту  стратегиясына  жатады.  Кубизм  ӛтілетін 
тақырыптың  түрлі  қырынан  қарастыруға  кӛмегін  тигізеді.  «Кубизм»  стратегиясында 
ойлау,  оқу,  жазу  әрекеттері  қатар  жүреді.  Шаршының  кӛлемі  –  15-20см.  Шаршының  әр 
бетінің аты, сұрағы болады[7]. 
Топтастыру  –  оқыту  стратегиясы,  бұл  стратегия  оқушылардың  еркін  және  ашық 
ойлауға  үйретеді.  Ол  ойлауды  шыңдайтын  идеяларды  байланыстыратын  бірнеше 
құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынандай: кілтті  сӛзді ортаға жазу. 
Ол  тақырып  болуы  да  мүмкін.  Берілген  уақыт  ӛткеннен  кейін  жазылған  пікірлерді 
топтастыру. Қателеріне кӛңіл бӛлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды. 
«Еркін  жазу»  стратегиясы  да  қызығушылықты  ояту  кезеңінде  қолданылады.  Бұл 
стратегия  бойынша  5  минуттың  ішінде  оқушылар  тоқтамай  үйге  берілген  тапсырма 
бойынша  ойларына  келген  пікірлерін  жазады.  Жұптар  бір-біріне  оқиды.  Тыңдаушылар 
сұрақ қояды[9]. 
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің 
профессоры  Донна  Огл  шығарған.  Оның  мақсаты  –  таным  үрдісінде  рефлексивтілікті 

184 
 
дамыту.Топтың  мүшелерін  дамыту  мақсатында  уақытты  үнемдеу  арқылы  оқушылардың 
барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа 
ойлар қосуға болады[8]. 
 «Оқытудың  нұсқауы»  стратиегиясы  мағынаны  ажырату  кезеңінде  қолданады.  Бұл 
стратегия  сыныпта  мұғалім  жоқ  болса  да  білім  алуына  кӛмектеседі.  Ол  үшін  мұғалім 
алдын  ала  дайындаған  тезистері  бар  парақтағы  тақырыпты  басынан  аяғына  дейін 
меңгеруін  нұсқайды.  Тақырыпты  жұпта  бір  –  біріне  оқиды,  топта  талқылайды. 
Стратегияның  құндылығының  артуы  мұғалімнің  терең  ойлы  нұсқауларына  байланысты 
болады[9]. 
«Болжам»  стратегиясы.  Оқиға  мазмұны  арқылы  баланы  қиялдату,  ойын,  сыни 
кӛзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу. 
 «Пікір  алысу»  стратегиясы.  Оқушылар  бір  қорытындыға  келетін  мәселеге 
байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді.  
«Әңгіме» стратегиясы.  Ӛзіне  – ӛзі  есеп беру, кӛзқарасты дамыту, білімін анықтау, 
бағалау. 
Оқыту  барысында  сабақтарда  қолданып  жүрген  технологиялар  ішіндегі  «Сын 
тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы»  стратегиялары  биология  пәніне  арнап  құрастырылған 
десем,  артық  айтқаным  болмас.  Сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  оқумен  жазуды  дамыту 
технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадық: 
жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды ӛзі таңдап, іздеп тауып, белсене 
орындауға;  білім  мен  мәдени  құндылықтарды  игеру  ісін  топтасып  және  ұжымдасып 
мұғалім кӛмегінсіз атқаруы;  құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында ӛз пікірін 
ашық  айтып,  сұхбат  жүргізуге;  ой  -  ӛрісі  ғана  емес,  рухани  және  әлеуметтік  жағынан 
ӛздерін - ӛздері дамытып, тәрбиелеуге. 
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде 
қолдану барысында тӛмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады: Сабақты белсенді 
ӛткізіп,  әр  баладан  еркін  жауап  алуға  жағдай  жасау,  сенімділікке  тәрбиелеу,  қиялын 
дамыту  «  менің  ойымша»  деген  жауапқа  алуға  жағдай  жасау,  әр  түрлі  жауапты  соңына 
дейін тыңдау, жауап беруге тілек білдірмеген баланы ӛз еркінсіз, қинап сұрамау, баланың 
дүниетанымының кеңіп, рухани ӛсуіне, әр сабақта жағдай жасау, жеке тұлға ретінде «мен» 
деген рӛлін кӛтеру, ӛз пікірін қалыптастыру. 
Сын  тұрғысынан  ойлаудың  әдістемелік  тәсілдерін  оқу  үрдісінде  қолданғандағы 
маңыздылығы  зор.  Сабақта  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясында  қолданатын  әдіс 
тәсілдердің  кӛмегімен    дербес  іс  -  әрекеттің  артуына,  ойлаудың  белсенді  болуына, 
оқушылардың  білігі  мен  біліктілігінің  жан  -  жақты  дамуына,  логикалық  ойлаудың 
жүйелілігін  меңгеруіне  маңызды  роль  атқарады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын 
қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі. 
 
Каталог: journals -> 1425
journals -> №3(63)/2011 Серия филология
journals -> №4(56)/2009 Серия история. Философия. Право
journals -> Казахский национальный
journals -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015
journals -> Рецензируемый медицинский научно-практический журнал
journals -> Редакционная коллегия: В. В. Тулупов — главный редактор
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
1425 -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет