«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015 тіл және қОҒам №3 (41) / 2015 альманах



жүктеу 2.58 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата15.03.2017
өлшемі2.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
36
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
бейнесі 
мифтік
  аңыздарда  ғана  қалды.  Бара-бара  ол  жалпы  атпен 
жағымсыз кейіпкер сипатын алды» деген пікірде ғылыми негіз бар.
Қорыта  айтқанда,  мыстан  –  сыртқы  кейпі  ұсқынсыз,  ұзақ 
өмір  сүрген,  аузы  опырайған,  шашы  жалбыраған,  мүсәпір  кемпір 
бейнелі  озбыр,  бойында  тылсым  күші  жоқ,  бірақ  айла-амалы  мен 
қулық-сұмдығы  мол,  қарапайым  жолмен-ақ  өлтіруге  болатын,  көп 
шығармаларда таз баласы бар, өзінен басқаға жақсылық ойламайтын, 
дүниеқоңыз кейіпкер. Мыстан кемпір кейде дәудің шешесі ретінде де 
бейнеленеді.
Енді  шығарманың  бас  қаһарманына  қарсы  адам  сипатынан  гөрі 
құбыжықтығы басым, қаскөй күш -  Жалмауыз образына тоқталайық. 
Жалмауыз  –  ашкөз,  тойымсыз  тажал.  Мыстан  адам  сипаттағы 
ұнамсыз кейіпкер болса, жалмауыздың адам сипатынан гөрі тылсым 
күші  басым.  Ол  адамның  бойында  болмайтын  жойқын  күштің  иесі. 
Оны өлтіру оңай емес. Мәселен, «Құламерген-Жоямерген» эпосында 
жалмауызды  былай суреттейді: 
Бір денеде малғұнның,
Жеті басын көріңдер.
Әр басында кемпірдің 
Жүз кісінің күші бар, - делінеді.
Барлық  пәлені  бастап  жүретін  жеті  басы  бар  жалмауызды  өлтіру 
өте қиын. Оны алты ай қуып, ұстауға айналады. Осындай қиын сәтте 
Құламергеннің  екінші  әйелі  Баллумаржанның  ақыл-ұсынысымен 
артында қалған баласы Жоямерген көмекке келеді. Мыстан кемпірді 
қуып  жетіп,  алтын  оқпен  маңдайдағы  жалғыз  көзінен  атып  өлтіреді. 
Айласы өте көп Мыстанды осылай жеңеді.
Жеті  басты  жалмауыз  бейнесі  «Аю  дәу»  ертегісінде  де  кездеседі. 
Ертегіде:
...Келсе,  айдалада,  құла  түзде  қырық  құлақты  бір  қазанда  май 
қайнатып жатыр, қасында аузында бір тісі жоқ, құйрығында қыртысы 
жоқ  бір  жалмауыз  адамдарды  қабат-қабатынан  көгендеп  қойып, 
жаңағы  қайнап  жатқан  майға  бір-бірден  таңдап  әкеліп,  түсіріп-
түсіріп, сүзіп алып, жаңадан тамақтанайын деп, алдына алып отырған 
үстінен кез болды,
 делінеді. Мыстан адамды қулығымен арбап, торға 
түсіргенімен,  оны  жемейді.  Ол  бас  қаһарманға  зұлымдық  жасау 
арқылы  байлыққа  қолжеткізбекші  болады.  Ал  жалмауыздың  басты 
мақсаты – адамды жеу. Адам жалмауыз үшін қорек қана. 
Мыстанды  батыр  көбіне  бір-ақ  ұрып  сеспей  қатырады.  Ал  жал- 
мауызды өлтіру үшін бас  қаһарман біраз күш жұмсайды. Мәселен:

ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
37
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
... Сол кезде кемпірдің бұрым шашынан ұстап тұрып қайнап жатқан 
майға  пісіп-пісіп  алды.  Сол  кезде  баланың  жан-жағынан  қаптаған  
жалмауыздар  толып  кетті.  Бала  қылышын  суырып  алып,  келгенін 
келгендей  басын  қағып  алып  тұрды.  Сонда  ақырғы  қалған  жетінші 
кемпір жоқ болып кетіп, құр бір бас домалай қашты,
 - делінеді.
Ал, «Аламан мен Жоламан» ертегісінде:
Кемпір баланы көріп, артына қарап сұрланып, ақырған кезде, бала 
қақ маңдайынан жалғыз көзден басып қалады. Кемпір өкіре құлайды. 
Құлап  жатып:  «Батыр  болсаң,  тағы  ат!»  дейді.  Бала  атпайды.  Себебі, 
егер екі рет атса, жалмауыз кемпір қайтадан тіріліп кетеді екен,
 - деп, 
жалмауыздың ерекше жаралғандығын баса көрсетеді. 
«Ер  Төстік»  ертегісіндегі  жалмауыз  кемпір  де  асқан  қайраттың, 
долы күштің иесі. Ол ертегіде былайша сипатталады:
 Ерназар ат ерттеп мініп, Құба інгенді айнала қарап жүрсе, анадай 
жерде тұрған Құба інген көрінеді. Қасына келсе, бұйдасы бір көкпекке 
оралып  қалған  екен.  Жанында  бір  тал  бар  екен,  талдың  түбінде  бір 
жарбиған жаман кемпір отыр.
–  Шеше,  шеше!  Ана  түйенің  бұйдасына  қол  жалғап  жіберші?  – 
дейді Ерназар.
Кемпір сонда:
– Тұрсам   отыра   алмаймын,   отырсам  тұра   алмаймын, шырағым! 
Әперуге әлім жоқ, нашар адаммын! – деп мүләйімсиді.
Кемпірдің сөзіне нанып, бұйданы іліп алайын деп еңкейе бергенде, 
Ерназарды  кемпірекең  шап  беріп  жағадан  ала  кетеді.  Ерназарда 
тапжылуға  шама  жоқ.  Олай-бұлай  жұлқынып  байқап  еді,  болатын 
көрінбейді,  кемпір  қысып  әкетіп  барады,  Ерназардың  мойны  үзіліп, 
буынып барады, шыбын жаны шығып барады.
Ерназардың «қоя бер» дегеніне кемпір қоя беруші болмады, өлетін 
болған соң Ерназар жалына бастады:
– Ағарған сақал, шашым бар! Қартайып келген жасым бар! Тоғыз 
келінімді жаңа ғана түсіріп, жаңа ғана қызығын көрейін деп отырмын. 
Қоя бер мені, шешежан, – дейді.
Жоқ,  –  деп  кемпір  қысып  қояды,  Ерназардың  жаны  шығып  барады. 
Көріп  отырғанымыздай,  алпамсадай  еркекті  алқымынан  алып,  жанын 
мұрнының  ұшына  келтіру  алып  күш  иесінің  ғана  қолынан  келетін  іс. 
Кемпірдің күшінің алдында Ерназар қауқарсыз. Ертегіні ары қарай оқысақ:
Сонда кемпір: «Сен бе едің, Төстік, алдаған? Сені ме, Төстік, қап, 
бәлем!» – деп тамағы қырылдап, өкпесі сырылдап, шашы жалпылдап, 
көзі жарқылдап, тістері сартылдап, қатты сасып, етегін басып, Төстікті 

ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
38
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
қуа жөнеледі. Төстік қашып келеді. Кемпір қуып келеді. Бір мезгілде тау 
қаңбақтай ұшады, тас бұршақтай жауады. Шалқұйрықтың құйрығына 
қазандай  қара  тас  орала  кетеді.  Шалқұйрықтың  шапқан  салмағына 
шыдамай, қара жер қақ айырылады,
 деген үзіндіге жолығамыз. Жабы 
емес,  Қазанат,  ер  серігі,  қолғанат  –  Шалқұйрықтың  шабысынан 
қалмай, ілесе қуып келе жатқан жалмауыз кемпір де осал жау емес. 
 «Алтын сақа» ертегісіндегі жалмауыз кемпір де сиқырлы күш иесі. 
Ол байға алдымен су бетінде қалқып жүрген өкпе түрінде кездеседі. 
Өкпеге  алаңсыз  жақын  келіп,  ешбір  қауіп-қатерді  ойламай  тұрған 
байды  шап  беріп  қылқындырып,  жанын  мұрнының  ұшына  әкеледі. 
Бұдан жалмауыздың қайратты екені байқалады. 
Мыстанда  құбылушылық  қасиет  жоқ.  Ал  жалмауызда  құбылу- 
шылық  қасиет  бар.  Ол  «Керқұла  атты  Кендебай»  ертегісінде  сұлу 
қыз түрінде құбылса, «Алтын сақа», «Алтын топай» ертегілерінде су 
бетінде қалқып жүрген шикі өкпе болып көрінеді.
Бұл көрініс «Алтын топай» ертегісінде былайша беріледі:
– Өткен уақытта бір бай болыпты. Мұның перзент дегенде жалғыз 
ұлы болады. Бай бір күндері жылқыларын суаруға көлге келсе, көлдің 
ішінде бір қып-қызыл шикі өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген 
жылқылары  көлдегі  жүзіп  жүрген  өкпеден  үркіп,  суға  түспей  қояды. 
Әлгі жерде бай жылқыларын иіріп, құдыққа қанша айдаса да суға түсіре 
алмайды.    Сол  арада  бай  құрығын  қолына  алып  суда  жүзіп  жүрген 
өкпені түрткен екен, өкпе суға батып кетеді де әлден уақытта жалмауыз 
кемпір болып судан шыға келіп, байдың жағасынан ала кетеді.
Жалмауыздың сиқыры тісінде. Тісін жұлып алып, лақтырғанда тісі 
шауып  келе  жатқан  тайдың  аяғын  жұлып  түседі.  Алып  бәйтеректің 
түбін  қазуға  да  кемпір  тісін  пайдаланады.  Ол  тісін  жұлып  алып, 
күрекке айналдырады.
Белгілі  ғалым  С.Қондыбай:  «Ертегілерде  жалмауыз  кемпір  бәрін 
істей біледі, оның қолынан келмейтіні жоқ: ауру, жарымжан адамдарды 
емдейді,  өліні  тірілтеді.  Мысалы,  бірталай  ертегілерде  жалмауыз  кемпір 
ақсақ,  соқыр,  қолы  жоқ  кейіпкерлерді  жұтады  да,  оларды  сап-сау 
қылып қайтадан құсады («Жеті басты жалмауыз кемпір», «Үш ағайын», 
«Кедейдің  үш  баласы»,  «Құланайжарқын»  т.б.),    кейіпкерлерге  ақыл, 
кеңес  беріп  отырады  («Екі  жетім»,  «Жүсіп  мерген»  т.б.)»  -  дей  келіп, 
«Осы  салада  көп  еңбек  сіңірген  ағамыз  С.Қасқабасов  өз  еңбегінде 
«Мыстан кемпір сол арғы тегі алып қарақұстың кейінгі атауы», – дейді. 
Шынымен  де,  «жұтқыш,  адам  жегіш»  мыстан  кемпір  мен  «жұтқыш» 
алып қарақұстың функцияларының бірдей екендігін көруге болады, яғни 

ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
39
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
мыстан кемпір мен алып қарақұс – бір ғана бастапқы мифтік тұрпаттың 
кейінгі ертегілік кейіпкері болып табылады, - деп талдау жасайды.
Қорыта айтқанда, жалмауыздың өзіне тән мынадай қырлары бар:
1. Құбылушылық қасиет, яғни ол бір түрден екінші түрге сиқырдың 
күшімен ауысып отырады.
2. Жойқын күштің иесі.
3.  Адамның  етін  жейді.  Жерасты  патшалығында  тұрып,  қолға 
түскен тұтқындармен қоректенеді.
4. Дәудің ұлдарымен бірге өлілер мен тірілер әлемінің шекарасын, 
жерасты патшалығының есігін күзетеді.
5. Оны өлтіру оңай емес. 
Аталған қырларына қарай «жалмауыз – кейпі ұсқынсыз, аузында 
өте  сирек,  ақсиған  тістері,  бойында  жойқын  күші  бар,  адамнан  гөрі 
айуандық  сипаты  басым  ұнамсыз  кейіпкер»  деген  анықтама  бере 
аламыз. 
Мыстан бейнесі де, жалмауыз бейнесі де ғалымдардың назарынан 
тыс қалмаған, зерттеліп жүрген бейнелер. Филология ғылымдарының 
докторы,  профессор  Зұфар  Сейітжанұлы  фольклорлық  шығарма- 
лардағы мыстан бейнесі туралы: «Көне эпостарда жан-жақты көрінетін 
жауыздық  бейне  –  Мыстан  кемпір.  Мыстан  образы  түркі-моңғол 
халықтарының эпосы мен ертегілерінде жиі ұшырасатын кейіпкер. Ол 
бірде айлакер, барлық жағдайды күні бұрын болжап отыратын, сөйтіп 
батырдың жолына алдын ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде 
суреттелсе,  бірде  жеті  басты  жалмауыз,  нағыз  дүлей  күштің  иесі 
ретінде бейнеленеді. Бірде Мыстан, бірде жалмауыз деп аталатын бұл 
кейіпкердің адам баласына ешқандай қайыры жоқ, нағыз зұлымдық 
иесі екенін байқауға болады», - деп қорытады.
Ал,  фольклортанушы  ғалым  Ш.Ыбыраев:  «Мифтік  ұғымдардан 
қазақтың  көне  эпостарында  көптеген  белгілер  сақталған.  Жалпы, 
көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне 
–  мыстан  кемпір.  Ол  бірде  айлакер,  барлық  жағдайды  күні  бұрын 
болжап отыратын, сөйтіп, батырдың  жолына  алдын ала тор құратын 
жауыз  кемпірдің  кейпінде  суреттелсе,  бірде  жеті  басты  жалмауыз, 
нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі», - деп түйіндейді. 
Десек  те,  біз  мыстан  мен  жалмауыз  кемпір  екі  бөлек  бейнелер 
деген пікірді ұстанамыз. Мыстан – адам сипатты, айла-амалы, қулық 
сұмдығы мол кейіпкер болса, жалмауыз – құбыжық сипатты, адамды 
қорек  ететін,  сиқырлы  күш  иесі.  Біріншісінде  –  пендешілік,  ал 
екіншісінде  –  демондық  қасиет  басым.  Бұл  екі  бейнені  біріктіретін 
бір  мақсат  бар.  Ол  –  бас  қаһарманға  мейлінше  кедергі  келтіру,  бас 
қаһарманның жолына тосқауыл болу, оның мақсат-мұратына жетуіне 
бөгет  жасау.  Осы  мақсатқа  жету  жолында  біріншісі  –  айланы,  ал 
екіншісі – сиқырды пайдаланады.   

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
40
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
М
емлекеттік тіл – маңызы Қазақстан Республикасының рәміз- 
дері  –  Мемлекеттік  Туымен,  Мемлекеттік  Елтаңбасымен, 
Мемлекеттік  Әнұранымен  бірдей  саналатын  қастерлі  нышан. 
Сондықтан  еліміздің  әрбір  азаматы  мемлекеттік  тілді  меңгеріп, 
осы  тілде  ауызекі  қарым-қатынас  жасап  қана  қоймай,  мемлекеттік 
басқарудың  барлық  деңгейінде  ресми  қарым-қатынас  жасауды 
қамтамасыз  етуге,  яғни  оның  барлық  салада  өз  дәрежесінде  қызмет 
етуіне атсалысуы қажет. 
Қазіргі  кезде  қазақ  тілінің  қоғам  салаларындағы  қолданысының 
кеңеюіне  байланысты  қазақ  ресми-іскери  стилінің  функционалдық 
стильдер қатарындағы жеке стильдік тармақ ретіндегі орны мен рөлі 
күн санап артып келеді.
Қазақ  тілінің  функционалды  стильдерінің  тарихы  Р.Сыздық, 
М.Балақаев,  Е.Жанпейісов,  Б.Әбілқасымов  және  т.б.  сияқты 
қазақ  ғалымдарының  еңбектерінде  қарастырылды.  Ғалымдардың 
зерттеулерінде  қазақ  ресми  тілінің  тарихы  «жазба  кітаби  тіл» 
материалдарынан  басталады  [1].  Біздің  ойымызша,  біріншіден, 
қазақ  ісқағаздарының  тарихын  руна  жазбаларынан  бастаған  жөн 
Сәрсенбай ҚҰЛМАНОВ
А.Байтұрсынұлы атындағы  
Тіл білімі институты терминология 
бөлімінің басшысы, филология 
ғылымдарының кандидаты
Ісқағаздарын 
қалыптастырудағы 
аударманың рөлі

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
41
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
сияқты.  Өйткені,  онда  жазылған  ақпараттың  иесі  (адресат)  белгілі, 
қандай  да  тарихи  мәлімет  берілген,  кімге  арналғаны  (адресант)  да 
айқын  жазылған.  Екіншіден,  би-шешендеріміздің  ауызша  ресми  тілі 
қалыптасқаны  да  ісқағаздарының  дамуына  үлкен  ықпалын  тигізді 
деп  ойлаймыз.  Қазақ  ісқағаздарының  келесі  бір  үлгісі  –  қазақ 
хандарының  өзара  немесе  басқа  мемлекеттердің  басшыларымен 
жазысқан  хаттары.  Ал  қазақ  ісқағаздарының  даму  тарихындағы 
қазіргі кең таралып отырған үрдіс – орыс тіліндегі құжаттарды аудару 
екендігі баршаға мәлім. Сондықтан бұл үрдісті қазақ ісқағаздарының 
төртінші қалыптасу көзі деп санаймыз.
Ғалымдар ісқағаздарын жанрлық жағынан түрліше топтастырады. 
Мысалы,  бір  оқу  құралында  ісқағаз  үлгілері  мақсат-мазмұнына 
қарай  үшке  бөлінсе:  1)  кеңселік  ісқағаз  үлгілері  (
өмірбаян,  өтініш, 
арыз,  бұрыштама,  сенімхат,  қолхат,  түсініктеме
);  2)  іскерлік  ісқағаз 
үлгілері  (
түйіндеме,  мінездеме
);  3)  қызметтік  хаттар  үлгілері  (
өтініш 
хат,  ресми  хат,  ұсыныс  хат,  сұраныс  хат,  жолдама  хат,  баяндау  хат, 
ақпарат хат, циркуляр хат, жеделхат, телефонхат, анықтама, бұйрық, 
бұйрықтан  көшірме,  хаттама,  хаттамадан  көшірме,  келісімшарт
)  
[2, 5-8], екінші бір еңбекте іс құжаттары былайша жіктеледі: 1) мазмұ- 
ны  бойынша: 
әкімшілік  мәселелер;  материалдық-техникалық  жаб- 
дықтау  мәселелері;  жоспарлау;  бухгалтерлік  есеп;  кадрлау  даяр- 
лау;  сыртқы  сауда  қызметі
  және  т.б.;  2)  шығарылуына  қарай: 
ресми 
және 
жеке  құжаттар
;  3)  атауы  бойынша: 
актілер,  сауалнамалар, 
ведомостер, хаттамалар, нұсқаулықтар, есептер, бұйрықтар 
және т.б. 
[3, 20-21].
Қазақ тіл білімінде ісқағаздар жанрын терең зерттеген профессор 
Л.Дүйсембекова  оларды  түрлеріне  байланысты  төмендегіше  топтас- 
тырады:
1)  мазмұны  мен  қызметіне  қарай: 
жеке  адамға  қатысты
  және 
қызметтік ісқағаздары
. Жеке адамға қатысты ісқағаздарына мыналар 
жатады: 
өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, хат, төлқұжат, куәлік, білімі 
туралы  куәлік
  т.б. 
Төлқұжат,  куәлік,  білімі  туралы  куәлік
  сияқты 
құжаттарды  мекемелер  азаматтардың  өз  қолына  береді.  Қызметтік 
ісқағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан, 
ал  жеке  ісқағаздары  жеке  азаматтар  атынан  жазылады.  Қызметтік 
ісқағаздарына  мекемелер  мен  ұйымдардың  іс  жүргізу  барысында 
дайындайтын  барлық  құжаттарын  жатқызуға  болады.  Мысалы, 
қызметтік хаттардың барлығы, бұйрық, хаттама
 т.б.;
2) жасалу орнына қарай: 
мекеменің ішкі ісқағаздары және сырттан 
келіп түсетін ісқағаздары;
3)  формасына  қарай 
типтік,  трафареттік
  және 
еркін  мәтінді

Типтік  ісқағаздарына  қалыптасқан  мәтін-үлгі  бойынша  жазылатын 
ісқағаздары  жатады.  Мысалы, 
арыз,  өтініш
  т.б.  Трафареттік 
ісқағаздары деп мәтінінің белгілі бір бөлігі алдын ала типографиялық 
әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз. Мәтінінің алдын 
ала  дайындалған  бөлігінде  өзгермейтін  ақпарат  жазылады.  Еркін 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
42
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
мәтінді ісқағаздарына белгілі бір мәселе, ғылыми немесе әдеби еңбек, 
өнер туындысы т.б. туралы ресми түрде жазылатын құжаттар жатады;
4)  шығу,  жасалу  сатысына  қарай: 
түпнұсқалық
  және 
көшірмелік

Түпнұсқалық  ісқағаздарына  кез  келген  құжаттың  бірінші  рет 
жасалған  нұсқасы  (оригинал)  жатады.  Ал  көшірмелік  ісқағаздарына 
түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық 
нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Көшірмелік ісқағаздарына 
кез  келген  құжаттың  көшірмесін  (диплом  көшірмесі,  бұйрықтың 
көшірмесі  т.б.),  дубликатын  жатқызуға  болады.  Үзінді  –  құжаттың 
қажетті  бөлігінің  мәтіні  өзгертілмей  жазылған,  қолға  берілетін 
нұсқасы.  Дубликат  –  құжат  жоғалған  кезде  берілетін  құжаттың 
түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі;
5)  мазмұнына  қарай: 
ұйымдық,  өкілеттік
  және 
анықтамалық-
ақпараттық
.  Ұйымдық  құжаттарға  мекеменің  ұйымдастырылуына, 
құрылуына  қатысты  құжаттар,  мысалы, 
штат  кестесі,  ішкі  тәртіп 
ережесі, жарғы, қызметтік нұсқау
 т.б. жатады. Өкілеттік құжаттарға 
мекеменің  қызметтік  іс-әрекеттеріне  және  қызметкерлеріне 
байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар, ал анықтамалық-
ақпараттық  құжаттарға 
хат,  жеделхат,  телефонхат,  түсініктеме, 
мәлімхат, акт, анықтама
 және т.б. қызметтік хаттар жатады.
6) қолдану орнына қарай:
 мекемеішілік, мекемеаралық, мемлекеттік 
және 
халықаралық
 [4, 15-19].
Іс  құжаттары  мемлекетаралық  қатынастарда,  мемлекеттің  өз  аза- 
маттарымен және олардың бірлестіктерімен, сондай-ақ мекемелер мен 
кәсіпорын  ішіндегі  азаматтар  арасындағы  ресми  қатынастарда  және 
шаруашылық субъектілерінің арасындағы қатынастарда қолданылуына 
орай  іс  жүргізу  құжаттары  стилі 
дипломатиялық,  заң  шығарушылық
 
және 
күнделікті іс жүргізу
 сияқты түрлерге жіктеледі  [5, 5].
«Ісқағаздарын  жүргізу»  атты  В.Салагаев  пен  Б.Шалабайдың 
еңбегінде  ісқағаздары  былайша  топтастырылады:  белгілеу  тәсілі- 
не  қарай  – 
жазба,  графикалық,  акустикалық
  (фото,  кино,  бейне- 
құжаттар); мазмұнына қарай – 
ұйымдық-өкімдік, қаржы есеп, жаб- 
дықтау-өткізу
  құжаттары;  атауына  қарай:  е
режелер,  бұйрықтар, 
хаттамалар,  жарғылар,  арыздар,  хаттар
  т.б.;  түріне  қарай  – 
типтік, 
үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей
; толтыру орнына қарай – 
ішкі
 және 
сыртқы
 (
кіріс, шығыс
); орындалу мерзімі бойынша – 
жедел 
және жедел емес
 (жай); шығу тегіне қарай – 
қызметтік
 және 
ресми-
жекелік
  (атаулы);  қолданылу  қолжетімділігіне  қарай  – 
күнделікті 
қызметте қолдану үшін
 және 
құпия
; заңдылық күшіне қарай – 
шын
 
және 
жалған
;  жасалу  сатысына  қарай  – 
түпнұсқа
  (бірінші  данасы) 
және 
көшірме
; сақталу мерзіміне қарай – 10 жылдан жоғары тұрақты 
мерзімге  сақталатын  және  10  жылға  дейін  уақытша  сақталатын 
құжаттар [2, 10]. 
Біз  бұл  мақаламызда  қазақ  ісқағаздарының  түрлеріне  сипаттама 
бере отырып, бұл саланың қалыптасуы мен дамуына аударма үдерісінің 
тигізетін әсері туралы аз-кем сөз етпекпіз.

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
43
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Аударманың кез келген түрінде, соның ішінде ресми ісқағаздарын 
аударуда  құрылымдық  ерекшеліктерді  сақтаумен  қатар,  түпнұсқа 
мәтіннің  мазмұнын  (ойды)  дәл  беру  талап  етіледі.  Сондықтан 
ісқағаздары аудармасы, негізінен белгілі бір саладағы білімге сүйену- 
мен  жасалады:  түпнұсқа  мәтінді  тепе-тең  дәрежеде  ұғына  білу 
және  түпнұсқа  мәтіні  мен  аударма  мәтінінде  жүзеге  асырылатын 
терминологиялық жүйені білу. Мұндағы жоғары өлшем – түпнұсқа 
және  аударма  мәтіндерінің  баламалығы.  Ресми-іскери  аудармада  екі 
түрлі  тілдегі  мәтін  шектеулі  қатаң  заңдылыққа  негізделеді,  олардың 
әртүрлі оқылуы мен түсінілуіне жол берілмейді. Сондықтан жазбаша 
ресми  аударманың  құжаттық,  заңдық-құқықтық  түпнұсқасы  қатаң 
сақталады.
Ісқағаздарын аудару кезінде қолданылатын жекелеген лексикалық 
бірліктің,  сөз  тіркесінің,  грамматикалық  тұлғалардың  белгілі  бір 
стильге,  яғни  ресми  стильге  бағындырыла  қолданылуы  қажет.  Бұл 
әрекет ісқағаздар тілін стандарттау үдерісіне алып келеді. Сондықтан 
ісқағаздар  тіліндегі  стандарттау  процесі  тілдің  барлық  деңгейін 
–  лексикасын,  морфологиясын,  синтаксисін  қамтиды.  Осының 
нәтижесінде  тұрақты    тілдік  стереотип  қалыптасып,  тілдің  нормаға 
түскен мәтіндерден тұратын ерекше типін жасайды. Стандарт тілдік 
бірліктердің негізгі қасиеті – олардың құрылымы мен семантикасы- 
ның  тұрақтылығы,  өзгермеген,  дайын  күйінде  қолданылуы  болып 
табылады. Әдеби тілдің басқа стильдік тармақтарымен салыстырғанда 
ресми-ісқағаздар  стилінде  стандарт  тілдік  бірліктердің  кеңінен 
қолданылуы бұл стильдердің ойды анық жеткізу, мазмұнды дәл беру, 
барынша  қысқа,  барынша  нақты  тұжырымды  талап  ететін  негізгі 
ерекшеліктерінен туындайды.
Қазіргі  кезде  қазақ  тілінде  ресми-іскери  стильдің  қарапайым 
үлгілерінен  (
өтініш,  арыз,  мінездеме
  және  т.б.)  бастап,  нормативтік-
құқықтық құжаттарға (
жарғы, жарлық, ереже, келісім, заң
 және т.б.) 
дейінгі  нысандары  болғанымен,  олар  түгелге  жуық  аударма  процесі 
(кейбір  құжаттардың  ағылшын  тілінен  тікелей  аударылатынын 
қоспағанда, негізінен орыс тілінен аудару) арқылы жүзеге асырылады. 
«Әділет 
министрлігінің 
Республикалық 
құқықтық 
ақпарат 
орталығының  дерегіне  сүйенсек,  әр  жыл  сайын  бір  мыңға  жуық 
нормативтік-құқықтық  актілер  қабылданады  екен.  Қазірдің  өзінде 
мыңға жуық заң, жиырма мыңға жуық нормативтік заң актілері бар. 
Осының бәрі орыс тілінде жазылып, содан соң барып мемлекеттік тілге 
аударылады…» [6]. Бұл ертеректе келтірілген дерек болғанымен, бұдан 
кейінгі  жағдай  оң  сипатта  өзгерді  деп  айта  алмаймыз.  Қабылданып 
жатқан нормативтік-құқықтық құжаттарды, стандарттарды және т.б. 
орыс тілінде әзірлеп, қазақ тіліне аудару жалғасып келеді. Түпнұсқасы 
қазақ тілінде жазылып, қабылданған заңнамалық құжаттар саусақпен 
санарлық.  Сондықтан  қазақ  ісқағаздарын  қалыптастырудағы 
аударманың  рөлін  зерттей  түсу  лингвистикалық  тұрғыдан  өзекті 
мәселенің бірі ретінде қалып отыр.

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
44
«Тіл және қоғам» №3 (41) / 2015
Бұл  мәселе  турасында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
2001  жылғы  7  ақпандағы  №550  Жарлығымен  бекітілген  «Тілдерді 
қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында»: «Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың 
орнына  оларды  ресми  қолданылатын  тілден  аударудың  кең  тараған 
тәжірибесінің  мемлекеттік  органдар  жұмысында  одан  әрі  беки 
түскен  процесі  белең  алып  барады.  Соған  қарамай,  ол  тек  уақытша 
шара  ретінде  қарастырылуға  тиіс.  Сондықтан  мемлекеттік  тілде 
жасауға  кезең-кезеңімен  көшуді  жүзеге  асыру  керек»,  –делінген 
[7,  89].  Бұдан  кейінгі  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2011 
жылғы  29  маусымдағы  №110  Жарлығымен  бекітілген  «Қазақстан 
Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында»  аталған:  «Қазақ 
тілі  толыққанды  күнделікті  қызметтік  және  кәсіптік  қарым-қатынас 
тіліне айналуға тиіс. ... Халықаралық кездесулер өткізіп, шарттарды, 
келісімдерді  және  өзге  де  халықаралық  актілерді  ресімдеу  кезінде 
мемлекеттік  тіл  негізгі  тіл  болуға  тиіс»   деген  міндеттер  қойылды  [8]. 
Осы  мақсатта  атқарылып  жатқан  жұмыстар  да  аз  емес.  Десек  те, 
қазақ  ісқағаздарын,  ғылым  тілін  қалыптастыруда  аударма  оң  әсер 
ететін  (әрине,  біліксіздік  пен  немқұрайдылықтан  туындайтын  теріс 
әсерді есептемегенде) құбылыс ретінде саналады.
Сондықтан  тәржімаланған  ресми  құжаттардың  барлық  түрлері 
тілде  жүріп  жатқан  қарқынды  үдерістердің  барлығын  да  қамтыды: 
жалпы қолданыстағы лексиканың термин ретінде актуалдануы, әдеби 
тілге ене қоймаған лексикалық бірліктердің терминдік мағына иеленуі, 
синонимдік  қатарлардың  мәнмәтіндік,  стильдік  қызметінің  артуы, 
сөзжасам жүйесіндегі  сапалық-сандық өзгерістер тәрізді лексикалық 
парадигмалардың жаңалықтары ресми-іскери тілде айқын байқалады 
[9, 94].
Қазіргі  кезде  ісқағаздарын  орыс  тілінен  аударудың  себептерін 
профессор  Л.С.Дүйсембекова  былайша  түсіндіреді:  «Бұған  бірінші 
себеп – біздің мамандарымыз бен ісқағаздарын жүргізушілеріміздің 
бірден  қазақ  тілінде  ісқағаздарын  жүргізуге  дайын  еместігі,  екінші 
себеп  –  ісқағаздарын  қазақша  жүргізуде  белгілі  бір  тәжірибенің, 
қалыптасқан  жүйенің  болмауы.  Осыған  байланысты  бүгінгі  таңда 
ісқағаз  мәтіндерін  түгелдей  орыс  тілінен  аударып,  бір  сөзін,  бір 
тіркесін  мүлт  жібермей  тізіп  отыру,  ісқағаздарының  мәтіндерін 
орыс тілінің заңдылығына орай қалыптастыру құбылысы белең алып 
отыр» [10, 112]. Ғалым қазіргі қазақ ісқағаздар тілін қалыптастыруда 
аудармаға  қатысты  қалыптастыра  алмай,  ретке  келтіре  алмай 
жатқан  тұстарымызға  мысалдар  келтіреді.  Мәселен,  «жоғары  оқу 
орындарында  «
Введение  в  политическую  науку
»  деген  пән  бар, 
оны  диплом  қосымшасында  «
Саяси  ғылымға  кіріспе
»  деп  жазып 
жүрміз. «
Саясаттану ғылымына кіріспе
» немесе қысқа да нұсқа етіп 
«
Саясаттануға  кіріспе
»  деп  алсақ  дұрыс  болар  еді.  Сондай-ақ  «О 
переводе  студентов  на  последующий  курс  обучения»  деген  бұйрық 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет