Түркі халықтары тіршілігі мен мәдениетінің көне (V-VIII ғ.) дәуірінен кейінгі ортағасырлық кезеңінде, оның ішінде X-XII ғасырларда қараханидтер мемлекеті өмір сүрді



бет9/10
Дата16.12.2022
өлшемі78,11 Kb.
#57658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мухаббатнама» – Алтын Орда дәуіріндегі XIV ғасырдың ескерткіші (1353 ж. жазылған). Ол Орта Азияда көп тараған. Авторының лақап аты – Хорезми. Дастанды АН.Самойлович, А.М.Щербак, Ә.Нәжіп және өзбек ғалымдары С.Касимов, Н.Маллаевтар зерттеді. Ә.Нәжіп транскрипциялап тексін жариялады, орыс тіліне аударды.
Поэма тілінің негізі – Алтын Орда қыпшақтарының тілі. Қазақ әдебиетшісі Б.Кенжебаев бұл дастанды Орта Азия мен Қазақстандағы түркі тілдес халықтарға ортақ мұра деп таниды.
Дастан атының өзі айтып тұрғандай, ғашық жастардың сезімдерін, ойларын, айтар сөздерін баяндайды. Бұл поэма қазақ лиро-эпостарымен үндес түседі. Дастанның 11 буынды, екі тармақты өлең тәсілімен берілуі де қазақтың 11 буынды өлеңдеріне ұқсайды. Мұндағы көптеген элементтердің (қылдай бел, толған ай, татлы сөз), теңеулердің, антитезалардың қа- зақтың көркемсөзінде де орын алатындығы әдеби тіл дәстүріміздің бастау көздерінің бірін танытады.
Сейф Сараидың «Гүлстан» поэмасы да – ХIV ғасыр ескерт- кіштерінің бірі. Өзге түркі тілдері сияқты, қазақ әдеби тілінің де арналарын тануда орны айрықша туынды. Тілі жағынан «Мухаббатнамеге» жақындайды. Мұнда «Хосрау уа Ширинға» қарағанда, архаизмдер аз кездеседі. Бұл ескерткішті терең зерттеген ғалым Ә.Нәжіп оның тілінің негізгі қабаты қып- шақтық, сонымен қатар мұнда оғыз-түрікмен элементтері де орын алған деп түйеді. Бұл ғалымның осы поэманың тілі бой- ынша салыстырмалы-тарихи жүйеде жасаған сөздігіне көз салсақ, дастанның лексика қазынасындағы мағынасы әрі тұл- ғасы жағынан қазақ тілінен табылатын көптеген эквивалент- тері бар екенін көреміз: аш қарынға, арымақ, артынша, азғунлық, асырамақ, есірүк, қашұқ, шөмүш т.б. Ә.Нәжіптің зерттеуіне қарағанда, қыпшақ тілінде жазылып, оғыз тілдерінің әсеріне ұшыраған ескерткіштердің және біреуі Әли деген автордың «Жүсіп-Злиха» поэмасы. Ал Дүрбектің «ЖүсіпЗлихасын» өзбек зерттеушілері өзбек тілінің ескерткіші деп танығанымен, мұның да қыпшақ тілдеріне ұштастығын өзге зерттеушілер баса көрсетеді.
Қазақ тіліне біршама қатысы (жақындығы) бар деп танылып жүрген жазбалардың және бірі – «

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет