«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет90/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125
58. Пікірсайыс
Оқытушы «Толығымен келісемін», «Келісемін», «Келіспеймін» деп жазылған 
карточкаларды оқушылар жанына тұра алатындай етіп жапсырып қояды. 
Оқытушы келесі мақұлдауларды оқиды, ал оқушылар өздерінің пікірінше қайсысымен 
келісетінін таңдап, содан кейін өзінің шешіміне сай пікірдің жанына барып тұрады: 

Мүшеқаптар кез келген жастағы жасөспірімдерге қолжетімді болу керек 

Некеге дейін секске түсуге болады 

Сексуалды қарым-қатынас туралы білім, ерте жастағы секске немесе тәртіпсіз 
жыныстық байланыстарға әкеліп соғуы мүмкін 

Некеден тыс жыныстық байланыс ұлдарға қарағанда қыздарда жаман 

Мүшеқаптар – жастар үшін тууды бақылаудың тамаша әдісі және олар ЖЖБЖ-дан 
қорғайды 

Жас адам репродуктивті денсаулық аясындағы қызметтерді қолданбайды, тіпті 
оған ұсынса да 

Сексуалды және репродуктивті денсаулық саласындағы көрсетілген қызметтер
оларды ерте жыныстық байланыс пен сексуалды азғындыққа әкелуі мүмкін 


100 
Барлығы таңдауын жасап болғаннан кейін, әр топтан бір еріктінің сөйлеуін өтініңіз. Дәл 
осылай әрбір таңдалған мақұлдауларды жалғастырып шығыңыз. Оқушылар өз пікірлерін 
айтып, келісетінін немесе қарсы екенін аргументтеп шығуы керек. 
Оқытушы барлық мақұлдауларды қайталап шығып, мынадай сұрақ қояды: 
Қай мақұлдауға пікір білдіру қиын болды? Неге? 
59. Сабақтардың қорытындысын шығару. 
Соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан сабақтың қай бөлігі қызығырақ 
болғаны туралы сұрайды. Қайсысын түсіну қиын болды? 
Содан кейін оқытушы оқушылардан алынған жауаптарды түйіндей келіп, жалпы 
қорытынды шығарады: 
Жыныстық жетілу кезең жас адам үшін қиын сәттер болуы мүмкін. Адамдар 
сексуалдылықты қоғамдағы өз білетін дүниелеріменн ғана беруге әдеттенген, бірақ 
сексуалдылықтың мәні әлдеқайда кеңірек және көптеген факторлардың әмерінде болады: 
мәдениет, жас ерекшелігі, отбасылық құндылықтар. Бұл факторлардың көбісі жасөспірім 
кезеңде қалыптасып қойылған. Сонымен, жасөспірімдер – сексуалдылыққа ие болған 
адамдар екенін ұмытпайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет