Єл-фараби атындаѓЫ



бет1/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Б.М.Мұхамедиев, Р.Т.Дуламбаева, Д.Ж.Рахматуллаева


Экономикалық мамандықтары студенттеріне арналған


оқу құралы


Алматы
˝Қазақ университеті˝
2006
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті

экономика және бизнес факультетінің Ғылыми кеңесі және
Редакциялық баспа кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:

экономика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Я. Аубакирова,


экономика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Темирбекова
Мұхамедиев Б.М., Дуламбаева Р.Т, Рахматуллаева Д.Ж.
Макроэкономика дәрістерінің курсы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 160 б.



ISBN
Оқу құралға экономикалық мамандықтары студенттеріне арналған, «Макроэкономика» курсы бойынша емтиханға дайындалуға көмектесетін теориялық материал, негізгі терминдер, өзін-өзі бақылау сұрақтары және тестер кіреді.

Оқу-әдістемелік құралдың материалы ҚР БҒМ 2005 жылы бекіткен «Макроэкономика» курсының типтік бағдарламасына сәйкес.

© әл-Фараби атындағы


Қазақ ұлттық университеті

  1. МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ

Макроэкономика дегеніміз экономикадағы агрегатталған қызметті зерттейтін ғылым. Ол микроэкономикаға қарағанда экономиканы тұтасында қарастырады. Макроэкономиканың ғылым ретінде пайда болып дамуы ағылшын экономисі Джон М. Кейнстің зерттеулерімен және оның 1936 жылы жарық көрген “Жұмыстылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы” атты кітабымен байланысты.



    1. Кіріспе

Макроэкономика Ұлы депрессия кезеңінде ғылым болып қалыптасты. Яғни, ағылшын экономисі Джон М.Кейнстің зерттеулерімен және оның 1936 жылы жарық көрген «жұмысбастылық, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабымен байланысты. Кейнс макраэкономикалық анализдерді енгізді.
Әдетте экономика өзара әрекеттесетін төрт сектордан құрылады: үй шаруашылықтары, фирмлар, мемлекет және шетелдік.
Үй шаруашылықтары жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге сұраныс білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар арасында бөледі. Өз әрекеттерімен үй шаруашылықтары әл-ауқатын жақсартуға тырысады.
Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды. Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға сұраныс тұдырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады, инвестициялар жасайды. Әдетте фирмалардың мақсаты пайданы барынша арттыру болып табылады.
Мемлекеттік секторға, ең бастысы, қоғамдық игіліктерді өндіріп шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Ол мысалыға қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және білім аясындағы жетістіктер. Мемлекет елдің тиімді экономикалық дамуына қолайлы шарттар құруға ұмтылады. Ол салық жинау, трансферт төлеу, тауарлар мен қызметтерді өндіру және сатып алу, ақша ұсынысын және сыртқы экономикалық қызмет ету шарттарын белгілеу арқылы экономикалық саясатты құрып жүзеге асырады.
Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектердің жиынтығы, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар. Олар елдің экономикасына халықаралық сауда, капиталмен және ұлттық валюталармен өзара тиімді айырбастау арқылы әсер етеді.
Макроэкономикада экономиканы бір тұтас жүйе ретінде сипаттайтын агрегатталған көрсеткіштер қолданылады: жалпы ішкі өнім, бағалар деңгейі, инфляция қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, нарықтық пайыз мөлшерлемесі және басқа көрсеткіштер.
Макроэкономикалық деңгейде әрбір елдің қызмет етуінің негізгі экономикалақ мақсаттары анықталады:

  • Тұрақты экономикалық өсу;

  • Ресурстардың толық жұмыстылығы;

  • Инфляция деңгейін барынша төмендету;

  • Төлем балансының тепе-теңдікке жетуі.

Экономикалық өсу мақсатына жету үшін макроэкономикалық саясаттың негізгі 2 құралы қолданылады:

  • Бюджет салық саясаты немесе фискалдық саясат. Мемлекет тарапынан жүзеге асырылады;

  • Ақша-несие саясаты немесе монетарлық саясат. Оны орталық банк жүзеге асырады.

Фискалды саясатты, көбінесе кейнсиандық мектеп қолдайды. Ал, монетарлық саясатты классикалық немесе неоклассикалық мектеп колдайды.
Инфляция - ел ішіндегі тауарлардаң бағасының өсуі.
Ресурстардың толық жұмыстылығы. Ресурстардың түрлері: материалдық, табиғи, адам және т.б. Ресуртар толығымен қолданылмауы мүмкін. Барлық табиғи ресурстардың тиімді қолданылуы потенциалды деп аталады. Әрбір ел осы потенциалдыққа ұмтылады.
Төлем балансының негізгі 2 шоты бар:
1-шісі. Капитал қозғалысының шоты – ел ішіндегі инвестициялар мен жинақтардың ағымдары кіреді.
2-шісі. Ағымдағы операциялар шоты – елдергі экспорт пен импорт қадағаланады.
Макроэкономикада агрегатталған әдісі қолданылады. Яғни, барлық көрсеткіштер жинақталған көрсеткіштер боп табылады. Мысалы: ЖҰӨ, жалпы бағалар деңгейі, жалпы капитал қоры, жалпы инвестициялар көлемі және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет