1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар


Жүйке талшықтарының кейбір қассиеттері. Парабиоз



бет5/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
лаборатория

2.4 Жүйке талшықтарының кейбір қассиеттері. Парабиоз


Жүйке талшықтарының ең негізгі қасиеті – қозу өткізгіштігі. Әрбір жүйке талшығы қозуды жеке өткізеді. Жүйкенің тітіркенуі (механикалық, жылулық, электірлік) зат алмасудың өзгеруін, спецификалық реакциялардың пайда болуын әкеледі. Ағзаның белсенді жұмыс қалпын айқындайтын қалып қозу деп аталады. Жүйкенің тітіркенуі кезінде пайда болған жүйке-бұлшық ет препаратындағы қозу бұлшық етке таралып, оның жиырылуын тудырады.
Ұлпалы жүйке талшығының екі жақты өткізгіш қасиеті бар. Қозуды өткізу үшін жүйке талшығы морфофункционалдық зақымсыз болу керек. Ағзада жүйке талшықтары жүйке орталығында синапстар болғандықтан қозуды тек бір бағытта ғана өткізеді.
Әлсіреу, қалжырау – шамадан тыс ұзақ еңбектен кейін жұмыс қабілетінің уақытша төмендеп, әлсіреуі. Заттар алмасуы деңгейі төмен болғандықтан жүйке талшықтары ұзақ уақыт шаршамайды.
Дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Жүйке талшықтарының құрылысы мен физиологиялық қасиеттері?
2. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарындағы қозу импульстерінің таралу ерекшеліктері қандай?
3. Ұлпалардың лабильділік қасиеті?
4. Парабиоз дегеніміз не және оның даму кезеңдері қандай?
5. Тежелу табиғатын қалай түсіндіруге болады?
6. Шаршау деген не және оның қасиеттері?
7. Жүйке талшықтарының шаршамайтындығын қалай түсіндіруге болады?
Сабақтың мақсаты:
1) жүйке талшықтарының кейбір қасиеттерін зерттеу;
2) парабиоздың кезеңдерін анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бақа, кимограф, электродтар, препаральдық сайман, Рингер ерітінідісі, электростимулятор, лигатура – жіп, новокаин немесе мұз, мақта.
1 зертханалық жұмыс. Жүйке талшығының қозуды жеке өткізуін анықтау

Жұмыстың барысы: бақаны қимылсыздандырып, ішкі мүшелерін тегіс алып тастайды да, кеуде омыртқасынан төмеңірек екіге бөліп кеседі. Артқы аяқтарының терісін сыпырып тастағаннан соң омыртқаның екі жағында орналасқан жүйке будаларын құрайтын жүйке талшықтарын жіңішке иненің көмегімен бір-бірінен ажыратады. Әрбір жүйке талшығын жекелеп, лигатураға (жіпке) тізеді, бірақ жіпті байламайды. Жекелеген жүйке талшықтарын әлсіз электр тогымен тітіркендіреді де, еттердің жиырылуын бақылайды. Әр жүйке белгілі бір еттер тобына әсер етеді.
2 зертханалық жұмыс. Жекелеген жүйке талшығының қозуды екі жақты өткізуі

Жұмыстың барысы: реаскоптық препарат жасалынады. Ахиллов сіңірін тіліп, балтыр бұлшық еттерін бөлек ашады, арасындағы жүйкені ортасынан бөледі. Осы жүйкені электр тогымен тітіркендіргенде балтыр еті де, бақаның бақайлары да жиырылады. Демек, тітіркенген жердегі жүйке импульсі екі бағытта өтеді.
3 зертханалық жұмыс. Введенский тәжірибесі бойынша нерв талшықтарының аз шаршамайтындығын талдау

Жұмыстын барысы: жүйке-бұлшық ет препаратын дайындап, миографқа тіркейді. Бұлшық етке жақын орналасқан жүйке аймағына жүйке блок пайда болу үшін мұз салынады. Блок пайда болғаннан соң токты қосып, нервті 10 мин тітіркендіреді. 10 минут өткеннен кейін блокты алып тастайды. Жүйкеге оқшауланған тітіркендіргіш әсер еткенде бұлшық ет жиырылады – бұл жүйке шаршамайтындығын көрсетеді.
<5>4 зертханалық жұмыс. Введенскийдің парабиозы
Жұмыстың барысы: бұлшық ет-жүйке препаратын дайындап миографқа тіркейміз де, жүйкені электродтардың үстіне саламыз. Тікелей емес тітіркендірумен бұлшық еттің тітіркену табалдырығын табамыз. Кимографта бұлшық еттің жүйке арқылы тетаникалық жиырылуын жазамыз. Токтың әсері күшті немесе әлсіз болуы керек.
Жүйкенің үстіне эфирді немесе 0,8 % ерітіндідегі ылғалданған мақта саламыз. Бұлардың әсерінен бұл жердің лабильділігі біртіндеп төмендейді де, жүйкенің жоғарғы жағын тітіркендірген кезде еттің жиырылу күші өзгереді. 5– 10 мин кейін бұл құбылыстың І-ші кезеңін көруге болады.
Кимографта жазу болады:
а) тепе-теңдік (теңестіру) кезеңі. Бұлшық ет әлсіз (табалдырықты) және күшті (табалдырықтан жоғары) тітіркендіруге бірдей күшпен жиырылады;
б) парабиоздың парадоксикалық кезеңі. Лабильділіктің одан әрі төмендеу кезінде ет әлсіз тітіркендіруде күшті, ал күшті тітіркендіруде әлсіз жиырылып жауап береді;
в) тежелу – парабиоздың кезеңі. Бұл кезеңдерде әлсіз және күшті тітіркендіргіштерге ұлпа ешқандай жауап бермейді. Тежелу одан әрі жалғасса, онда тіршілік нышаны жоғалады да, бұл құбылысты парабиоз (пара-жуық, биос-тіршілік) деп атайды;
Тежелу кезеңі анық болғанда мақтаны жүйке талшықтарынан алып тастағанда, жүйкені физиологиялық ерітіндімен жуғанда бұлшық еттің алғашқы жиырылуының қалпына келуін зерттеуге болады.
Шығармашылық тапсырмалар:
1) тәжірибелердің нәтижесін дәлелдеп, жүйке талшықтарының қасиеттерін түсіндіру және қорытынды шығару;
2) парабиоздың пайда болу кезеңдерін түсіндіріп, сурет салып, қорытынды шығару.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) тақырыптары:
1) жүйкеден қозу өтудің заңдары;
2) жүйке талшықтарының қасиеттері;
3) жүйкеден бұлшық етке қозудын өту механизмі.
Қоздыру физиологиясы тарауы бойынша коллоквиум сұрақтары
1. Физиология ғылымы, оның биологиялық пәндердің ішіндегі орыны?
2. Гемостаз дегеніміз не?
3. Жүйкелік-гуморальдік реттелу принциптері?
4. Физиологиялық әдістер?
5. Тітіркендіру, тітіркену деген не?
6. Тітіркендіргіш деген не, оның классификациясы қандай?
7. Қозу деген не?
8. Қозғыштық деген не? Оны анықтау әдісі?
9. Қозғыштық табалдырығы деген не?
10. Бұлшық еттің жиырылу мөлшері мен тітіркендіргіш күшінің байланысы қандай?
11. Бұлшық еттің жиырылуының түрлері, тетаникалық жиырылудың табиғаты?
12. Оптимум, пессимум деген не?
13. Оқшауланған жиырылу. Бұлшық етті қоздыру кезінде қозғыштың өзгеруі?
14. Бұлшық ет ұлпасының қасиеттері. Тегіс бұлшық еттерінің функциональдық ерекшеліктері?
15. Е. М. Введенскийдің лабильдік туралы ілімі, жүйке талшықтарының, бұлшық еттің лабильдігі?
16. Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеті?
17. Бұлшық еттің жиырылуы мен химизмі?
18. Бұлшық еттің шаршауы, оның себебі, байқалуы?
19. Бұлшық ет пен жүйкедегі электрлік құбылыстар. Оның пайда болу механизмі?
20. Жүйке талшықтарының құрылысы мен физиологиялық қасиеттері?
21. Парабиоз дегеніміз не және оның даму кезеңдері қандай? Шаршау деген не, оның қасиеттері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет