1 зертханалық-ТӘжірибелік сабақтарды өткізуге арналған жалпы нұСҚаулар


Тірі ұлпалардың электірлік құбылыстары



бет3/37
Дата06.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#80078
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
лаборатория

2.2 Тірі ұлпалардың электірлік құбылыстары


Тірі ұлпаларда электрлі құбылыстар пайда болады. Электрлі құбылыстарды ұлпаларда қозу болған кезде «ықпал тогы» деп атайды. Ықпал токтың пайда болу себебінен қоздырған және тыныштық ұлпалардың арасында шама айырмашылығы болғандықтан ықпал ток пайда болады. Ал қозу болмаған кезде ішкі және сыртқы жасушаның мембраналарында өзіндік электр потенциалы бар. Оны «дамыл тогы» деп атайды. Осы ұғым пайда болғанша Гальвани екі тәжірибе жасап, дүние жүзінде бірінші болып (1791) организмнің қозғыш ұлпаларындағы биоэлектрлі құбылыстарды ашқан болатын.
Дайындалуға арналған сұрақтар
1. Тірі ұлпаларда қандай ток пайда болады?
2. Гальванидің тәжірибелерінің маңызы қандай?
3. Маттеучи тәжірибелерінің маңызы қандай?
4. Ұлпаларда биопотенциалдардың пайда болу механизміне қазіргі кездегі көзқарас (теориялар)?
Сабақтың мақсаты: тірі ұлпалардағы биоэлектрлі тогының бар екендігін және ықпал мен дамыл тогының болатынын анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: бақа, электростимулятор, алюминий-мыс балкон, гальванометр, шыны үстел, шыны ілгек, Рингер ерітіндісі, хирургиялық құралдар, таблицалар.
1 зертханалық жұмыс. Гальванидың І-ші тәжірибесі (металдармен)

Жұмыстын барысы: бақаның жұлынын зақымдандырып, жамбас сүйегіне 1,5 см жетпей ұлпаларды кеседі де, алдыңғы жағын алып тастайды. Артқы қалған сирақтарының терісін сыпырып алады.
Құймышақ жүйкелерінің астына балконның алюминий ілгегін өткізіп, препаратты көтереміз. Ақырын бірте-бірте еңкейтумен препаратты мыс пластинкаға тигізеді, бұлшық ет тітіркеніп жиырылады .
2 зертханалық жұмыс. Гальванидің ІІ-ші тәжірибесі (металсыз)

Жұмыстын барысы: жүйке-ет препаратын дайындап, балтыр етінің сіңірге жақын жерін аздап кеседі. Шонданай жүйкесін шыны ілгішпен көтеріп, бұлшық еттің зақымдалған және зақымдалмаған жеріне тастайды.
Жүйке-еттің зақымдалған және зақымдалмаған жеріне тиген кезде бұлшық ет биотоктың әсерінен жиырылады (сурет).

3 зертханалық жұмыс. Маттеучидің І–ші тәжірибесі. Гальванометр мен дамыл токты және жасушалардың мембран зарядтарын (теріс, оң) анықтау

Жұмыстын барысы: бұлшық ет-жүйке препаратын, балтырын зақымдайды да, гальванометрдің поляризацияланбаған электродтарын зақымдаған және зақымданбаған жеріне орнықтырады. Гальванометр көрсеткіші зақымдалған жаққа ауады да, дамыл токты (зақымдалу немесе жарақатталынған мүше тогын қосымша тетанус) көрсетеді.
4 зертханалық жұмыс. Маттеучидің 2-ші тәжірибесі. Ықпал тогын анықтау

Жұмыстын барысы: екі бұлшық ет-жүйке препаратын шыны үстелге орналастырамыз. Бірінші препараттың жүйке талшығын екінші препараттың балтыр бұлшық етіне саламыз. Бұның жүйке талшығын стимулятормен тітіркендіреміз. Екі препараттың бұлшық еттері жиырылады. Сонда бірінші жүйке талшығы ықпал токпен тітіркенеді. Ықпал ток – екінші бұлшық ет препаратын қоздырғанда пайда болған. Ұлпаның қоздырылған аймағы теріс электрлі заряд, ал қоздырылмаған аймағы (дамыл) оң заряд алған (3-сурет).
Шығармашылық тапсырмалар:
1) ұлпалардағы дамыл және ықпал тогының пайда болу механизмдерін түсіндіру және қорытынды шығару;
2) зақымданған ет пен биотоктың бақаның жүйке-ет препаратына берілуін бейнелейтін сызбаны салу.
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ ) тақырыптары:
1) тыныштық потенциалының пайда болуы механизмі;
2) әрекет потенциалының пайда болуы механизмі;
3) биоэлектрік құбылыстарды түсіндіретиң теориялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет