3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Қазақтың белгілі паремиолог – ғалымы Ә.Қайдар



бет46/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Қазақтың белгілі паремиолог – ғалымы Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: ‟Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан – ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді”. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды шартты түрде ‟Адам”, ‟Қоғам” және ‟Табиғат” деп атауды ұсынады. Бұлай үш салаға бөліп қараудың ұстанған принципі – барлық құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз.
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді ‟аталар сөзі”, ‟даналық сөздер”, ‟нақыл сөздер”, ‟асыл сөздер” деп атап, ‟Ақылың бар ма – ақылға ер, ақылың жоқ па – нақылға ер”, ‟Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара”, ‟Мақал-мәтел мардан сөз” деуі – халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады.
Ақын М.Әлімбаев: «Мақал дегеніміз –өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немес жалпылау байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы. «Мәтел дегеніміз- халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама- қарсы шендестіруі жоқ ықшам да кестелі халық халық сөзі» Көркем әдебиетте, соның ішінде поэтикалық туындыларға тән көркемдегіш құралдардың баршасы дерлік мақал-мәтелдерге тән болып келеді. Мақал-мәтелдер сол себепті де әсерлі, тартымды, сол себепті де сезімді селт еткізіп, ақыл-ойға сәуле шашады. Сап алтындай таза, қоспасыз асыл сөздер. Ықшамдығы мен өткірлігі , көркемдік пен идеялық тұтастығы арқасында тез жатталады, адамның жадында ұмытылмай сақталады. Бұл барша халықтардың шынайы мақал-мәтелдерінің тозбас қасиеті.
Афоризмді мақалдан айыру қиын. Өйткені, көптеген афоризмдер мақал – мәтелдердің қатарына қосылып, халық аузында айтылып кетеді. Шынында, афоризм дегеніміз де халық мақалы. Бірақ бір – біріне қаншама ұқсас болса да, олардың өзара кейбір айырмашылығы барлығы байқалады.
Афоризм мақал мен мәтелдерге қарағанда, белгілі бір автордың атынан айтылады. Сонымен қатар, афоризм, көбіне, жазба әдебиет тұсында пайда болатын категория. Ал мақал-мәтелдер, әрқашан, ауыз әдебиеті негізінде жасалып, ауызша пайда болатындықтан, оның авторы болмай, халық қазынасы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет