3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Ғалым Қарсыбекова Шолпан Пернеқұлқызының «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолигвистикалық принциптері»2004ж



бет48/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ғалым Қарсыбекова Шолпан Пернеқұлқызының «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді топтастырудың этнолигвистикалық принциптері»2004ж атты диссертациясының авторефератында «Мақал-мәтел дегеніміз-халықтың нақыл сөздері, белгілі бір ойды ықшам түрде ұғымды қткір етіп айтып беретін кестелі сөз»-дей келіп, мақал-мәтелдердің айырмашылығы ол: «Мақал толық тұлғалы болады, ойы тұтас келеді, әдетте, ол бір немесе бірнеше толық сөйлемнен құралады. Ал, мәтел, мақал сияқты толық түрінде құрылмай, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады»
Ғалым Кенжемұратова Сәлима Кенжемұратқызының «Мақал-мәтелдердің синтаксисі» атты диссертацияның авторефератында мақал мәтелдерге анықтама береді.Халықтың тұтас бітім –болмысын ұлттық психологияға етене жақын, ұғымдармен, ұлттық нақыш-бояумен шебер көрсететін және әдеби тілді дамытудағы орны айрықша даналық иірімдердің бірі- мақал-мәтелдер.Қазақ мақал- мәтелдерінің күні бүгінге дейін зерттеушілері әдебиетші ғалымдар боып саналады. Оның себебін мақал-мәтелдердің ауыз әдебиетінің бір үлгісі-кіші жанрға жатуына байланысты.
Мақалдар халықтың қуанышы мен күйінішін, даналығы мен өмірден алған тәжірибесін жарыққа шығарудың бұқара арасында неғұрлым көп қолданылатын формаларының бірі болып қана қойған жоқ, оның үстіне моральдық заңдар жинағы сияқты болып кетті. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі, ол ғасырлар бойы халықтың ұқыптап сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір- тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан, тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы- деп анықталады. Қазақ халқы да, өзге халықтар сияқты, атам заманнан сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен фольклоры бар халық. Халықтың өмір тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген бағасы, белгілі бір құбылыстардың қорытындысын, тобықтай түйінін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп айтатын ғибрат сөздер- мақал-мәтелдің ауыз әдебиетінде алатын орны бірегей.
Қазақтың өткен тарихынан сыр шертер мол мұраларының бірі саналатын мақал-мәтелдерді жинап, оның баспа бетінен шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Бұлардың ең алғашқы жанашырлары Ш.Уәлиханов пен Радлов болып есептеледі. Ш.Ибрагимов қазақтың мақал-мәтелдерін 1874 жылы, А.Васильев 1892 жылы, В.Катаринский «Қазақтың мақалдар жинағын» 1899 жылы Орынборда, Ф.Плотников Омбыда, Мелиоранский 1893 жылы жинаған мақал-мәтелдерін археология қоғамының Шығыс бөлімінің еңбектерінде жариялайды. М.Исаков жинаған мақал-мәтелдер 1914 жылы Қазан қаласында басылған, Ә.Диваев жинаған мақал-мәтелдер «Туркестанские ведомоства» газетінде жиі жарияланып тұр.
Мақал-мәтелдердің пайда болып, қалыптасуы үлкен екі түрлі объективті факторға байланысты. Оның біреуі және негізгісі – ішкі фактор, екіншісі - сыртқы фактор. Мақал-мәтелдер - халықтың атам заманнан өткен өмір-тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын "алтын арқау"; олар - рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуынын бірден-бір кепілі. Мақал-мәтелдердің табиғаты барлық тілдерде бір-біріне ұқсас. Сондықтан да олардын алғаш пайда болуына байланысты айтылып жүрген пікірлермен санасу да қажет. Мәселен, көптеген зерттеушілер ММ-дер алдымен міндетті түрде жеке-дара адамдардың, көбіне-көп ділмәр-шешен, айтқыш-ақылмандардың дуалы аузынан шығып, халык арасына сіңіп, ел жадында сақталу арқылы калыптасады деп топшыласа, кейбір зерттеушілер мұны керісінше қарастырады.
Тілімізде қордаланған мыңдаған мақал-мәтелдердің мән-мағынасына зерделі көзбен құрған адам ең алдымен өз халкының басынан кешірген барша өмірін, салт-санасы қалыптаскан дәстүр, дүниетанымын елестете алады. ММ-дер, әрине. ресми тарих пен өткен уакыттын табын бойында сақтаған рухани шежіре.
Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» ромынында кездесетін мақал-мәтелдер:


  1. «Өлмегенге өлі балық» дегендей, ендігі ойым –екі кішкентай бөбектің қамы(«Жапандағы жалғыз үй», 31 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет