Орыс тілінен енген кірме сөздер: Екінші Оспан –маңайдағы колхоздардың тері-терсек жинайтын агент («Жапандағы жалғыз үй», 18 бет).
Машина дейтіні Оспан жүргізетін колхоздың полутаркасы(«Жапандағы жалғыз үй», 19 бет).
...Біздің ауданның бір өзінде 14 совхоз ашылмақшы(«Жапандағы жалғыз үй», 20 бет).
Оспан болған соң, газет, радиодан хабары аз түкпірде жатқан ауыл шалдары жаңалық жөнінен ештеме қосып айта алмады(«Жапандағы жалғыз үй», 20 бет).
Өз семьясындағы адамдардың қымс еткенін қас-қабағынан аңғаратын Қарасай да отау үйдегі салқындықты бірден сезген(«Жапандағы жалғыз үй», 31 бет).
Ал Халел болса жазғы каникулының қалай зымырап өте шыққан да аңғармай қалады(«Жапандағы жалғыз үй», 34 бет).
7. Қапыш күзенмен астарланған қаракөл жағалы пальтоның өңірін айқара түсіп жайғасты(«жапандағы жалғыз үй», 43 бет).
8. Мясокомбинаттың қоры азайыңқыраса керек(«Жапандағы жалғыз үй», 43 бет).
9. Содан болар, мясокомбинаттың еті асханаға, ресторанға түседі де, дүкендердің сөрелеріне жайылған азын-аулақ ет қала халқына шақ келмейді(«Жапандағы жалғыз үй», 43 бет).
10. Сізге үлкен бір қолқа сала келдім, -деп қалтасынан алтын жалатқан жалтыраған жұқа портсигарын алып, шылым тұтатты(«Жапандағы жалғыз үй», 44 бет).
11. Былтыр Куломзинодағы Жұмабай інішек екеуіміз өшіретке жазылып ек, қазір жетіппіз(«Жапандағы жалғыз үй», 45 бет).
12. Шаналардың үстіне жасыл вагондар орнатылған(«Жапандағы жалғыз үй», 53 бет).
13. Бұдан он шақты жыл бұрын Тимирязев атындағы Академияны бітірісімен Украина жерінде агроном болып істеді де, кейінгі уақытта сырттан аспирантурада оқып, Киев қаласындағы ауыл шаруашылық минстрлігінде жүрген жерінен Қазақстан тыңына аттанады(«жапандағы жалғы үй», 56 бет).
14. Кеше ғана Киев ауыл шаруашылық Академиясында аспирант болып жүргенде, өз елінің тарихын, географиясын бес саусақтай білетін сияқты еді. Сөйтсе, ол –мектеп, институт қабырғасында оқыған көне тарих қана екен(«Жапандағы жалғыз үй», 57 бет).
15. Класс қабырғасында ілулі тұрған совет жерінің картасынан он алты республиканың шекарасын оқушы Федя көз жұмып тұрып айырып беретін(«Жапандағы жалғыз үй», 57 бет).
16. Бас инженердің тағы бір қасиеті бұл өлкенің сай-саласын, өзен-көлін, ой-шұқырын жатқа білетіндігі өз алдына, жер қыртысына, топырағына дейін бес саусақтай айырады(«Жапандағы жалғыз үй», 57 бет).
17. Колхоз аралары жырақ та, қыстау аралары жақын(«Жапандағы жалғыз үй», 58 бет).
18. Жолаушылар қаумалай кеп, биік темір кереуетке көтеріп салды да, жан дәрменде бетіне су бүркіп, ауылдағы фельдшерге шофер баланы жіберді(«Жапандағы жалғыз үй», 63 бет).
19. Бес жылдан бері Қарағанды қаласындағы аяқ киім фабрикасы менің заказыммен арнайы тігіп жібереді(«жапандағы жалғыз үй», 65 бет).
20. Тегі кәмпит болуы керек, «Петушок, петушок» деп жетімектер у-шу болды(«Жапандағы жалғыз», 76 бет).
21. Қазақ даласында 1905 жылғы революция туралы әңгіме таратып, үгіт жүргізген деп, Омбыдан полиция адамдары келіп әкейді ұстап әкеткелі екінші жылға айналып барады екен(«Жапандағы жалғыз үй», 77 бет).
22. Аяғына жайпақ табан туфли киген, балтыры оқтаудай сымбатты қыздың қою ақ сары шашы толқынданып иығын жауып тұр(«жапандағы жалғыз үй», 79 бет).
23. Комбинизонын шынтағына дейін түрініп алған қоңырқай білек дір етіп, қалтырап кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 93 бет).
24. Қазір жаңадан үлкен кітап дүкені ашылды да, бұл үйдің маңдайшасына екі тілде «Шашлықхана», «Шашлычная» деген бадырайған жарнама ілінді(«Жапандағы жалғыз үй», 123 бет).
25. Ал, осы жолы бұлай отырып қалуды лайықсыз көріп, қолындағы шарапты сыздықтата жұтып, бүйірлі бокалды бір-ақ төңкерді(«Жапандағы жалғыз үй», 124 бет).
26. Бар қойын жарты бағасына тастап, Халел көшеде ыңырсып өлең айтып, өмірінде тұңғыш рет қисалаңдай басып аудандық клубқа беттеді(«Жапандағы жалғыз үй», 125 бет).
27. Жасында екі көзі бірдей қарығып шала көретін Тұрсынды военкомат та керек етпеді(«Жапандағы жалғыз үй», 131 бет).
28. Қазір мына қағазды Морозов деген завгарға апар(«Жапандағы жалғыз үй», 149 бет).
29. Қазір Дерягин екеуі рульге алма-кезек отырып, бірі жүргізсе, екіншісі жол бойы мызғып алады(«жапандағы жалғыз үй», 163 бет).
30. Ұлы кәнпеске болатын жылдың басы еді(«Жапандағы жалғыз үй», 182 бет).
31. Кешқұрым бір қораның астында тұратын Япишкинаның үйіне қаға берісте жылт ете қалған Қарасай жасаулы столдың үстінен шыққан(«жапандағы жалғыз үй», 198 бет).
32. Көйлек-көншегін кішкентай қол чемоданға, бір асым сүр етті қоржынға салып, енді шығайын деп жатқанда Қарасай келген(«Жапандағы жалғыз үй», 200 бет).
33. Қарабет сол кезде аудандық ақша бөлімінде налоговой агент болып істейтін(«Жапандағы жалғыз үй», 210 бет).
34. Халел егін орар алдында аудан орталығында шоферлік курсқа емтихан тапсырып, право алған(«Жапандағы жалғыз үй», 217 бет).
35. Оның үстіне тар қоймаға үйілген дәу жәшіктер, құрсаулы бөшкелер жарық өткізер емес(«Жапандағы жалғыз үй», 221 бет).
36. Бурыл, сұйық шашын желкесіне түйген, үстінде желбегей кеудеше, аяғында жайпақ табанды жұпыны бәтеңке, қоңыр шұлық, қабағы кірбің көзім отты мосқал әйелдің алдына Дерягин бұрын жеткен(«Жапандағы жалғыз үй», 222 бет).
37. Қызыл ала автобус –дүкен(«жапандағы жалғыз үй», 229 бет).
38. Бүгін екі көзім төрт боп сенің жолыңа қараумен болдым, -деп кебісін босағаға асығыс шеше салып, сүрініп-қабынып кеп Райханның маңдайынан сүйді(«Жапандағы жалғыз үй», 232 бет).
39. Төргі үйде колхоздың бригадирі, есепші, ферма бастықтары –өңкей активтер жиналған(«Жапандағы жалғыз үй», 242 бет).
40. Дәл бұрышта биік айна –жұпыны болса да, жүзі жарқыраған биік, су жаңа трюмо(«Жапандағы жалғыз үй», 260 бет).
41. Екінші қабырғада шағын шифоньер(«Жапандағы жалғыз үй», 260 бет).
42. Үстіне жаңа көрпе-жастық салынған жалтыраған никельді кереует(«Жапандағы жалғыз үй», 260 бет).
43. Бірақ осы аз күнде совхоз өмірінің календары қарша борап, дала реңі тез өзгеріп кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 274 бет).
44. Үстінде жағасы алтайы қара түлкі, қиылған мықынмен мықын пальто(«Жапандағы жалғыз үй», 277 бет).