Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам ауыс. Өтірік айтатын адам өтірігін жасырып, қанша бұлтарса да, түлкібұлаңға салып, құтылуға әрекеттенсе де, ол көпке бармай «ұсталады», яғни оның, өтірігі ашылып әшкереленеді, масқара болады[«Халық даналығы», 462 бет].
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады»( «Жапандағы жалғыз үй», 321 бет).
Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер 1. Жүйріктік қасиет негізінен малда, әсіресе жылқыда; бірақ олардың өзінде де жүйріктік қасиет әр түрлі: аламан бәйгенің алдын бермей, алысқа шабатындары да бар, ұшқыр құстай жалт етіп, жақын жерге жүгіретін тыз етпелері де болады. Оны бағалаудың да өзіндік өлшемі мен қалыптасқан халықтық дәстүрі болады; 2. Ауыс. Жылқының қас жүйрігімен адамның табиғи дарындылығы, таланттылығы арасында да, әр тұрғыдан көрінеді: біреу ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін шешендік, ділмәрлік, көсемдік өнеге-өнерімен озық болса, енді біреу іскер-шеберлігімен, құйқылжытқан әнімен, күмбірлеткен күйімен көпшілікке аян. Халық арасында әр алуан дарын бар, дарындылықты сынар өнер мен өнеге бар дегенді аңғартады[«Халық даналығы», 199 бет].
22. Әйтсе де қазақта мақал бар, «бір биеден ала да туады, құла да туады» дейді(«Жапандағы жалғыз үй», 315 бет).
Бір биеден ала да туады, құла да туады 1. Бір биеден туылған құлындардың түр-түсі бірдей болуы міндетті емес, өйткені ол әртүрлі айғырға тоқтауына байланысты; 2. Ауыс. Бұл –бір ата –анадан туған балалар да бірдей болмайды деген сөз: олардың әрқайсысының өзіндік түр-түсі, бой-тұрқы, мінез-құлқы, ақыл-есі т.б. қасиеттері болуы ықтимал; бұл олардың ата тегіне, нағашылырына ұқсауына да, байланысты[«Халық даналығы», 263 бет].
1. Бұрын жігіттің қанаты ат деп небір жүйрік жылқыларды ұстаушы ек(«Жапандағы жалғыз үй», 44 бет).
2. –Ойбай –ау, о не дегеніңіз, құда мың жылдық емес пе(«Жапандағы жалғыз үй», 45 бет).
3. Он үште отау иесі(«Жапандағы жалғыз үй», 140 бет).
4. Жатырға тартқан жігіт оңбас(«Жапандағы жалғыз үй», 140 бет).
5. «Жалғыздың аты шықпас, жаяудың шаңы шықпас» -мұндайда ақыл қосар қасыңда біреу болғанға не жетсін(«Жапандағы жалғыз үй», 306 бет).
6. «Ауылдағының аузы сасық» дегендей, біреулердің пәле-жаласынан талай азапты тарттың-ау, құлыным(«Жапандағы жалғыз үй», 226 бет).
7. –Өлетін бала молаға қарай қашады демекші, тұзшының итіндей ілесіп, бір машинаға таласып, жабысып жүрсің(«Жапандағы жалғыз үй», 175 бет).
8. Ім, иә, «бык сам стареет, но морда не стареет», -деп Қарасай «өгіздің өзі қартайса да, мұрны қартаймайды» дегенді долбарлай аударды(«Жапандағы жалғыз үй», 197 бет).
9. Соқыр атқа қотыр ат үйір(«Жапандағы жалғыз үй», 146 бет).
10. Көп қорқытады, терең батырады(«Жапандағы жалғыз үй», 213 бет).
11. Қолда барда алтынның қадірі жоқ(«Жапандағы жалғыз үй», 50 бет).
12. Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығады дегендей, құдай оңдап, дәл келе қалуыңды көрмейсің бе(«Жапандағы жалғыз үй», 46 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |