3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Араб тілінен енген кірме сөздер



бет57/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Араб тілінен енген кірме сөздер:

  1. Бүкіл Омбы ішіндегі ақшаның көзін табатын әйгілі саудагерден айырылған соң, Қарасайдың шаруашылығынан да мән кеткеніне шәк жоқ(«Жапандағы жалғыз үй», 35 бет).

  2. Бұрын мектепте жүрген кезінен спортпен шұғылданған Федор Академия қабырғасында жүргенде гимнаст-акробат болып, спорт мастері атағын алған(«Жапандағы жалғыз үй», 56 бет).

Қорыта айтқанда, С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» шығармасын талдау барысында 46 кірме сөз теріліп, мағынасына қарай топтарға бөлінді. Соның ішінде 44-і орыс тілінен енген, 2-і араб тілінен енген кірме сөздер.


Көнерген сөздер

Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, ондағы болып жататын неше алуан өзгерістер сөздік құрамның дамуына да түрлі- түрлі әсер етіп отырады. Көп жағдайда тілдің лексикасы жаңа сөздердің есебінен кемелденіп, үнемі толығып отырса, енді бір ретте кейбір сөздердің тозығы жетіа көнеруіне әкеп соғады. Көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс емес. Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай көнерген сөздер архаизмдер және историзмдер болып екі салаға бөлінеді.Көнерген сөздер сөздердің көнелену процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс емес, әуелі қолдану жиелігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілеріне емін – еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмытыла бастайды. Бара – бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып та кетуі мүмкін. Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай көнерген сөздер архаиздер мен историзмдер болып екі салаға бөлінеді.


Белгілі ғалым А.Айғабылұлы өзінің «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде көнерген сөздерге тоқталап өткен:«Тілдегі сөздің көнеруі немесе біржолата жоғалуы – күрделі құбылыс, ол өте ұзақ уақытты қажет етеді. Белгілі ұғымның көнеленуіне байланысты оны аңғартатын сөздің де қолданысы сирей бастады. Мысалы, әулет сөзі бұрын «бір атаға жататын үрім – бұтақ, тұқым, зәузат» деген мағына беріп, рулық дәуірде актив қабатқа жатса, Қазан ревалюциясынан кейін сирек қолданылатын, тек өткен дәуірді суреттейтін шығармаларда кездесетін сөзге айналып еді. Қазір шахтерлер әулеті, қойшылар әулеті сияқты тіркестерде жиі қолданылып жүр».
Көнерген сөздерді түсінікті, түсініксіздігіне қарай көне сөз, көнерген сөз деп бөлуге болады.

  • Көне сөздердің мағынасы түсініксіз, олардың мағынасын тек этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болады. Ондай сөздер сөз тіркестерінде жиі кездеседі. Мысалы: түмен басы (он мың), сазайын тарту (жаза)

  • көнерген сөздердің қолданудан қалғанмен мағынасы аздап түсінікті болып тұрады. Мысалы: сауға (араша), сауыт, жебе т.б.

Көнерген сөздер екіге бөлінеді: архаизмдер мен тарихи сөздер.
Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт – сана, тұрмысына, әдет – ғұрпына, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отыратын немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер. Қазақ тілінде архаизмдердің мынадай түрлері бар:
1.Мата – кездеме атауларымен байланысты архаизмдер: торқа, мақпал, шайы, борлат, берен, жібек, пайы, дүрия, манат т.б.
2.Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер: сауын айту, ас беру, ұрын бару, жылу жинау, жарыс қазан, тоқым қағар, барымта т.б.
3.Киім-кешек, ыдыс-аяқ атауларына қатысты архаизмдер: шидем, шекпен, күпі, кебіс, сәукеле, кісе, жаулық, жағлан, көнек т.б.
4.Діни ұғымға қатысты архаизмдер: қиямет қайым, қазірет, зекет, қалпе, құшыр, періште, айт, ораза, аян беру, дем салу, пітір, ұшықтау т.б.
5.Ай аттарына қатысты архаизмдер: наурыз –март, көкек –апрель, мамыр –май, маусым –июнь, шілде –июль т.б.
6.Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: лашық, итарқа, жаппа, шошала, шопан ата (қой), қамбар ата (жылқы), ойсыл қара (түйе) т.б.
7.Әр түрлі ұғымға қатысты архаизмдер: аламан, алапа, алаш, аластау, ақсарбас, дат, керуен, жаушы, жоралғы т.б.
8.Жалпы түрік тілдеріне тән архаизмдер: будун, ұлық, ұлыс, жұрт, тәңрі, адақ, бек, мешін т.б.

Жазушы С.жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін көне сөздер:



  1. Қара санынан келетін саптама етік, сыртынан кеңірек қара барқытпен тыстаған түлкі тымақ киген адамның бетіндегі жалпақ қал анадайдан көрінеді(«Жапандағы жалғыз үй», 9 бет).

Тымақ Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім[ҚТТС, 837 бет].

  1. Үстінде желбегей қысқа қара көк плащ, аяғында күрең былғары етік, басында бұрын-соңды көрмеген, тігісі бөлек жұпыны құндыз бөрік киген, қырықтардың ішіндегі денесі кесек, ұзын бойлы мосқал әйелді Қарасай анадайдан таныған жоқ(«Жапандағы жалғыз үй», 10 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет