Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы


Ақанның ақындық жолының қалыптасуы



бет5/19
Дата07.01.2022
өлшемі106,46 Kb.
#19444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ақан сері қаз

Ақанның ақындық жолының қалыптасуы

Серінің ақындық жолы басқа халық ақындары сияқты дəстүрлі жолмен қалыптасады. Ақан өз шығармаларын жазып та шығарады. Сонымен бірге жатқа айтып, ауызекі де таратады.

Ақын еңбектеріндегі көп жырланған тақырып — жастық, достық, махаббат, əйел тақырыбы. Ол қалдырған мұраның бəрі — жүрек отының жалынындай, терең толғаныстардың туындылары. Оның поэзиясы — адамның сезім сырнайын тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия. Əрбір сөзі азамат басына төнген қалың қара бұлттың тыныс тарылтар қапырығы ғана емес, нөсер жауын алдындағы жан жадыратар аспанның ақша бұлттары. Мұндай қасиеттер ең алдымен ақынның ғашықтық лирикаларына тəн.

Ақан серінің ғашықтық лирикаларының бір тобы аттары аталып, түстері түстелетін өзінің ғашықтары. Олар Ақтоқты, Ұрқия, Жамал, Балқадиша, Мақпал сияқты белгілі адамдарға арналған.

Ақынның ғашықтық жырларының енді бір тобы белгілі адамдарға немесе өзі ғашық болған қыздарға емес, жалпы қазақтың сұлуларына арналған.

Бұл еңбектерінде Ақан сөз құдіретімен сұлу бейнелерін бірінен-бірін асыра мүсіндеп бере алды. Жалпы саны 40 шақты өлеңді қатар қойып оқығанда бəрі де қыз сұлулығына арналған шығарма бола тұра, бірін екіншісі қайталамайды. Əрқайсысы өзіне ғана тəн өзгеше туынды болып қабылданады.

Мəселен, «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы» өлеңі арқылы сері аңсаған арулардың бейнесін жасауға болады:

 Сен болсаң алқызыл гүл, асыл еркем,

 Мен бұлбұл сайрап тұрған иран бағы.

Құрбыңа назарыңды бір салмайсың,

Кер тағы сияқтанып құландағы,

Қалқыған дариядағы сен бір кеме

Ішінде бір шамшырақ бұрандалы.

Қайратпен қаһарманша бекінсең де,

Тəуекел майданында тұрам дағы.

Жайықтың сіз қоңыр қаз қырындағы,

Біз сұңқар, сізге тиген ұрымдағы.

Барып ем ілейін деп, суға түсті,

Қаз екен дарияның Сырындағы.

Болмаса ақ тұйғынның балапаны,

Қай құстар іле алмаған бұрындағы.

Сен болсаң адамзаттың асылысың,

Біз қанжар алтындаған қыныңдағы.

Ұнаса көңіліңе, перизатым,

Жүре бер беліңе алып буындағы.

 Ақынның «Əйелдер сипаты» жырындағы болаттан құйылған, қиыннан қиысты- рылған мынадай жолдар серпінді ойларымен, мінсіз сымбатымен ерекшеленеді:

 Əйелдің ақылдысы қолға түссе,

Адамның барып тұрған ақ маңдайы.

 Бұлттан шыққан күндей көрсең жүзін,



Сөйлесер əрбір түрлі күймен сөзін.

Толғанып оқ жыландай толықсыса,

Ешкімге білдірмейді басқан ізін.

 Ал сонда түгел болар ажар, көрік,



Мінезі ажарына болар серік.

Алыстан мекеніне лебі тартып,

Боп кетер қызыққандар оған жерік.

 Əйелді сыйлау керек ескеріп біз,



Оларға айту керек орынды сөз.

Жақсы əйелге көз салып бір қарасаң,

Алып кете жаздайды қиғаштап көз.

 Ішпей, жемей тойғызып түріменен,



Көрінгенді бəстес қып өзіменен,

Шығып кете жаздайды денеңнен жан,

Көзінің қойса қарап қырыменен.

 Танимыз осылайша əйел жүзін,



Мінезін, ақыл, көрік, бал мінезін.

 Жалпы алғанда, Ақан «Балқадиша», «Сырымбет», «Əйелдер сипаты», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы» деген өлеңдерінде сұлулықты, əдемілікті жырлайды. Əйелді жер дүниенің ең бір сұлу, əдемі жаратылыстарына балайды. Азаттықты, еркін махаббатты аңсайды.

Сері шығармаларында сұлу қыздардың мінез-көркі қаншалықты əдемі жырланса, сондай-ақ қазақ жігіттерінің бейнелері де айтарлықтай дəрежеде суреттеледі.

Ақан қазақ жігіттеріне, жас замандастарына қаратып жазған арнауларында ақыл айтып, жақсылық жолға үндеп, өнерге баулиды. «Адамның біліміне ақыл серік» деген шығармасында жастарды «бос селтеңнен», мəнсіздіктен, жағымсыз мінез-құлықтан сақтандырады:

 Тірлікте тырбанып қал сайран етіп,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет