Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы


Ақан сері əншілік-композиторлық өнерімен танылған дарын иесі ретінде



бет7/19
Дата07.01.2022
өлшемі106,46 Kb.
#19444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Ақан сері əншілік-композиторлық өнерімен танылған дарын иесі ретінде

Ақан сері Қорамсаұлы — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, əншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ-даңқының шартарапқа жетуі — əншілік-композиторлық өнерінің жемісі.

Ақиық ақын Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, əсерлі музыка үніне бөлейді. Осы əншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына əнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, əнші, серілердің бəрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-əншілер Ақанның ең жақын достары болған. Олардың бəрі Серінің əншілік өнеріне игі əсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дəстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Қазақ мəдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық музыкалық-поэтикалық мұрасы енді.

Қорыта айтқанда, ақынның шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл- күй жəне махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нəзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістік — кең тыныстылық, əн иірімдерінің нəзіктігі, əуен əсемдігі, интонациялық суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет