Аллергиялық реакциялардың даму механизмінде эозинофильдер мен Ig e нің маңызы


І тип аллергиялық реакцияның патогенезі және осы типке жататын аллергиялық аурулар



бет6/21
Дата31.05.2022
өлшемі91,6 Kb.
#36003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
І тип аллергиялық реакцияның патогенезі және осы типке жататын аллергиялық аурулар

Аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық ( реагиндік) I-түрі
Бұл серпілістер бактериялық емес аз мөлшердегі аллергендерге (шөп тозаңдарына, тұрмыстық шаңдарга, дәрі-дәрмектерге, тағамдық заттарға) дамиды. 
Иммундық серпілістер сатысында аллерген мен макрофагтардың әсерленуінен Тх2 жасушалары интерлейкин-4 өндіріп, В-жасушаларын әсерлендіреді. Осыдан олар плазмалық жасушаларға айналып, ІgЕ немесе ІgG4 өндіріп шығарады. Бұл иммундық глобулиндерді аллергиялық антиденелер немесе реагиндер (аллергияға жауапты антиденелер) дейді. Олар Fс бөлшегімен лаброциттердің (тіндік базофилдердің немесе мес жасушаларының) және қан базофилдерінің сыртына жабысады. Адамда лаброциттер теріде, шырышты қабықтарда, тегіс салалы ет жасушаларында (бронхиолаларда, ішектерде т. б.) көптеп орналасады. Сондықтан ІgЕ осы тіндерге жақсы жабысады. Организмге аллерген қайталап түскенде ол иммундық Е-глобулиннің Ғав-бөлшегімен байланысып, лаброциттердің түйіршіктерін сыртына шығаруына әкеледі (10-сурет). ІgЕ мен аллерген байланысуынан лаброциттердің ішіне Са2+ иондары түседі. Осыдан жасуша ішіндегі майда талшықтардың жиырылуларынан лаброциттердің түйіршіксізденуі (дегрануляциясы) болады.
Патохимиялық өзгерістер сатысында лаброциттердің түйіршіктерінен аллергияның дәнекерлері (медиаторлары) босайды. Оларға гистамин, гепарин, эозинофилдер мен нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары жатады. Артынан лаброциттердің қабықтарында фосфолипаза ферменті әсерленуінен фосфолипидтер ыдырап, арахидон қышқылынан простагландиндер мен лейкотриендер түзіледі.
Патофизиологиялық бұзылыстар немесе клиникалық көріністер сатысында гистамин мен простагландин F2 тегіс салалы еттердің (бронхиолалардың, ішектердің) тез қатты жиырылуын туындатады, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан бронхоспазм, ісіну, есекжем, терідегі нүктелі бөртпелер, қышыну т. б. байқалады.
Лейкотриендер ағзалардың тегіс салалы еттерінің баяу және ұзақ жиырылуын туындатады. Содан бронхиолалардың спазмы туындайды және оның әсері антигистаминдік дәрілермен емделмейді.
Эозинофилдердің хемотаксистік факторы олардың тамыр сыртына шығуын күшейтеді. Оларда лейкотриендерді және гистаминді ыдырататын арилсульфатаза, гистаминаза ферменттері бар.
Аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық I-түрінің мысалы болып анафилаксиялық сілейме есептеледі.
Осы келтірілген аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық (реагиндік) түрімен атопиялық (грек. atopia – оғаш) ауруларда дамиды. Бұл ауруларға 
поллиноз, атопиялық бронхиалық демікпе, есекжем, Квинке ісінуі т.с.с жатады. Олардың аллергендері болып эпидермис жасушаларының антигендері, өсімдік тозаңдары, дәрілер, тағамдық т. б. заттар есептеледі. Бұл аллергендер организмге тыныс алу, ас қорыту жолдары, тері арқылы түседі.
Поллиноз(грек. pollen - өсімдіктер тозаңы) - өсімдіктер гүлдеп тұрғанда олардың тозаңдары тыныс жолдарына және көзге түсуіне байланысты мезгіл-мезгіл пайда болатын ауру. Өсімдік тозаңдарына сезімтал организмге олардың қайталап түсуі мұрынның шырышты қабығын, көзді қоздырып, ринит, коньюнктивит дамытады. Содан мұрыннан көп шырыш, көзден жас бөлінеді, көз қабағының қышуы, түшкіру болады.
Бронхиалық демікпе кенеттен ұсақ кеңірдекшелердің саңылаулары тарылудан демді сыртқа шығару қиындап, тұншығу ұстамалары пайда болуымен сипатталады. Олардың саңылаулары тарылуы мына себептермен байланысты:
● тегіс салалы еттердің жиырылуынан бронхоспазм дамиды;
● қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылауынан майда кеңірдекшелердің шырышты қабығы ісінеді;
● тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларының сөлденістік қызметі көтерілуінен тұтқыр қақырықпен майда кеңірдекшелердің саңылаулары бітеледі.
Есекжем мен Квинке ісінуі. Организмге аллерген енуіне байланысты тері мен шырышты қабықтардың, кейде ішкі ағзалардың өткінші ісінуі болады. Олар көптеген аллергендерге, дәрілерге дамиды. Бұл серпілістердің дамуында тектік ерекшеліктердің маңызы зор. Есекжем мен Квинке ісінуі даму тетіктерінде гастаминнің т. б. биологиялық белсенді заттардың босап шығуы үлкен маңызды орын алады. Олар прекапиллярларды, қылтамырларды және ұсақ көктамырларды кеңітіп, олардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан қан сұйығының тамыр сыртына шығуынан теріде, шырышты қабықтарда күлдіреу пайда болады. Есекжем кезінде қанбайтын қышыну сезімі терідегі сезімтал жүйке аяқшаларының қозуынан болады. Ал, Квинке ісінуі кезінде бұл өзгерістер тері астындагы қабатта болатындықтан қышыну сезімі байқалмайды.
Атопиялық аурулар аллергиялық серпілістердің I-ші анафилаксиялық түрінің патогенездік жолдарымен дамитынына қарамай, олардан біршама ерекшеленеді.
Атопиялық аурулар дамуының ерекшеліктері:
● бұл аурулардың дамуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы өте зор. Олар ұрпаққа дайын күйінде берілмей, тек оларға қолайлы жағдай ғана беріледі. Қоршаған ортаның ықпалдарынан атопия дамуына бейімділік нағыз дертке айналады. Бұндай ықпалдар болып әр адамның өзіне ғана әсер ететін аллергендер есептеледі. Атопия дамуында, анафилаксиялық серпілістерге сәйкес арнайы тетік болып, аллергенге жауап ретінде организмнің IgE – антиденелерді артық өндірілуі маңызды орын алады. Атопиялық ауруларға бейімділігі бар адамдарда Тх0 жасушаларының нақтылануы Тх2 жасушалар жағына басым болады. Тх2 жасушалары интерлейкин 4,5,10 т.б. медиаторлар шығарады. Бұлар, әсіресе интерлейкин-4, В-лимфоциттерінде G-иммундық глобулиндердің орнына IgE өндірілуін арттырады. Дені сау адамдарда IgE 0-ден 40-60 халықаралық өлшем/мл-ге (1 халықаралық өлшем -2,4 нг) дейін ғана болады. Ал, атопиялық аурулар кездерінде оның мөлшері 100-120 өлшемнен бірнеше мың өлшемге дейін көтеріліп кетеді. Кейде бұл аурулар кездерінде IgE-нің орнына IgG4 көбейеді. 
Оларда лаброциттер мен базофилдерге жабысып, аллергиялық антиденелердің міндетін атқарады.
Бүгінгі күні 20 шақты гендердің атопия дамуындағы мүмкіншіліктері қаралып жатыр. Атопиялардың көріністеріне қарай олардың көпшілігінің орналасу орындары анықталған. Бұл гендер 4,5,6,7,11,13,14 хромосомаларда орналасқан. Оларды шартты түрде В. Куксон (W.Cookson,1996) төрт топқа:
√ жалпылама IgE өндірілуі көбеюіне бейімдейтін гендер;
√ арнайыланған IgE жауабына әсер ететін гендер;
√ атопияға байланысты болмай бронхиолалардың қатты жауап қайтаруына әсер ететін гендер;
√ IgE-жауаппен байланысты емес қабыну дамуын анықтайтын гендер – деп ажыратты.
Сайып келгенде, атопиялық аурулардың дамуында гендердің ауытқуларынан IgE өндірілуінің артуы, аденилатциклаза ферментінің белсенділігі төмендеуі, сөлденістік IgA өндірілуі азаюы т.с.с. маңызды болуы ықтимал.
● бұл аурулардың даму жолдарында, арнайыланған иммундық серпілістермен қатар, арнайыланбаған бейспецификалық тетіктер елеулі орын алады. Оларға мыналарды:
√ организмнің дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің өзара қатынасы бұзылуын; осыдан парасимпатыкалық жүйке жүйесінің межеқуаты көтеріліп, β2-адренергиялық жауап қайтарудың төмендеп кетуі байқалады;
√ лаброциттер мен базофилдердің өз беттерінше ешбір себепсіз немесе әртүрлі иммундық емес түрткілерге жауап ретінде көптеп іштеріндегі түйіршіктерін, солармен бірге медиаторларын, сыртқа босатып шығару қабілетінің артып кетуін;
√ қанда эозинофилдер көбейіп, олардың шырышты қабықтарда шоғырлануын;
√ тыныс алу жолдары мен ішек-қарын жолдарынан көптеп шырыш шығарылуын - жатқызуға болады;
● бұл аурулар кездерінде, белгілі бір ағзаның бүліністеріне ғана әкелетін анафилаксиялық серпілістерге қарағанда, кезкелген ағза мен тіндердің бүліністері байқалады. Былайша айтқанда, белгіл бір «сілеймелік (шоктық) ағза» болмайды.


  1. ІІ тип аллергиялық реакцияның патогенезі және осы типке жататын аллергиялық аурулар



Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі
Аллергияның бұл түрінде аллерген болып организмнің өзінің сау немесе өзгерген меншік жасушалары мен тіректік мембраналары есептеледі. Олар мына жағдайларда:
● жарақат, қабыну, қанайналымының бұзылысгары т.с.с. жағдайларда кейбір тіндерде (ми құрылымдары, қалқанша без, көз бұршағы, атабез) биологиялық тосқауылдардың бұзылыстарынан табиғи аутоантигендер қанға түскенде;
● ыстық немесе суық темпуратуралардың, химиялық заттардың, дәрі-дәрмектердің, микробтар мен олардың уыттарының, вирустардың т. б. ықпалдардың әсерлерінен бүлінген жасушалар мен тіндер - аутоаллерген болуы ықтимал.



Иммундық серпілістер сатысындааутоаллергеннің танылуы макрофагтардың қатысуымен болады да, Т- және В-лимфоциттерінің өзара әрекетесулерінен, В-лимфоциттері плазмалық жасушаларға айналып, IgG1 - 3 және IgM өндіреді. Бұл антиденелер аутоаллергендері бар жасушаларға Fab- бөлшектерімен барып жабысады. Содан патохимиялық өзгерістер сатысыдамиды, аллергияның дәнекерлері пайда болады.Бұл дәнекерлерге комплементтің құрамбөлшектері (С3а, С3в, С5-9), лизосомалық ферменттер (катепсиндер, ДНКаза, РНКаза, эластаза т.б.), оттегінің бос радикалдары (супероксиданионрадикал, гидроксил тобы, сутегінің асқын тотығы), калликреин - кинин жүйесінің өнімдері жатады.
Патофизиологиялық бұзылыстар сатысында аллергені бар жасушалардың ыдырауы байқалады. Ол комплементке-тәуелді және комплементке-тәуелсіз делінетін екі түрлі жолмен болады. Комплементке-тәуелді жолында комплементтің С3а құрамбөлшегі қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, С3в құрамбөлшегі фагоцитозды әсерлендіреді, С5а нейтрофилдерге хемотаксистік әсер етеді, С5-9 құрамбөлшектері жасушалардың қабықтарының өткізгіштігін арттырып, оларда су мен электролиттер алмасуын бұзады.
Комплементке-тәуелсіз цитолизаллергені бар жасушаларға Fab бөлшегімен жабысқан IgG-ніңFc бөлшегіне табиғи жендет жасушалары және макрофагтар жабысуынан болады. Бұл жасушалардың сыртқы беттерінде IgG-дің Fc – бөлшегін байланыстыратын рецепторлары бар. Осыдан табиғи жендет жасушалары аллергені бар жасушаларда апоптоз дамуын арттырып, макрофагтар лизосомалық ферменттерімен, оттегінің бос радикалдарымен және басқа цитокиндерін енгізіп, оларды ерітіп жібереді. Осындай жағдайды антиденеге-тәуелді жасушаға уыттылық дейді.
Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-түрімен гемолиздік анемиялар, тромбоцитопениялар, аутиммундық тиреоидит, миокардит, гепатит т.б. аутоиммундық аурулар дамиды.



  1. ІІІ тип аллергиялық реакцияның патогенезі және осы типке жататын аллергиялық аурулар

Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік III-түрі
Иммундық серпілістер сатысы.Аллерген болып еріген нәруыздар, дәрі-дәрмектер, емдік қан сарысуы, тағамдық заттар, саңырауқұлақ т.с.с. есептеледі. Бұл аллергенге организмнің иммундық жүйесінде макрофагтар мен Т- және В-лимфоциттерінің өзара әрекеттесулері болып, соңғысының плазмалық жасушаларына айналуынан IgG1, IgG3, IgM түзіледі. Бұл антиденелер аллергенмен биологиялық сұйықтарда (қанда, лимфада, жасуша аралық сұйықтарда) байланысады да, аллерген - антидене иммундық кешенін құрады. Егер бұл кешен антигеннің шамалы артықшылығымен болса, онда ол майда тамыр қабырғаларына жабысады.
Патохимиялық өзгерістер сатысы. Аллерген – антидене кешені құрылудан бірнеше аллергияның медиаторлары босап шығады. Оларға:
● комплемент жүйесінің әсерленуінен оның белсенді құрамбөлшектері С3а, С5а т.б.түзілуі;
● хемотасистік және тромбоциттердің белсенділігін көтеретін факторлар;
● лизосомалық ферменттер, оттегінің бос радикалдары (О‾, ОН•, Н2О2), нитроксид;
● гистамин, гепарин, серотонин, 
простагландиндер мен лейкотриендер;
● калликреин-кинин, қан ұю, ұюға қарсы және фибринолиздік жүйелердің өнімдері –жатады.
Патофизиологиялық бұзылыстар немесе клиникалық көріністер сатысы.Комплементтің С3а құрамбөлшектері қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, С5а құрамбөлшектері нейтрофилдерге және макрофагтарға хемотаксистік әсер етеді. Осыдан нейтрофилдер аллерген - антидене кешенін фагоциттейді және коллагеннен тұратын серпімді талшықтарын ыдырататын, қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылататын лизосомалық ферменттерді, оттегінің бос радикалдарын бөліп шығарады. Бұлар тіндердің ыдырауына, жасуша аралық сұйықта К+ және Са2+ иондарының мөлшері көбеюіне әкеледі. Осыдан тіндердің жүйкелік-еттік қозымдылығы көтеріледі. Протеолиздік ферменттердің әсерленуіне байланысты тіндердің және тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, ісіну пайда болады (-сурет).
Иммундық кешендер (преципитаттар) тромбоциттердің сыртына жабысып, оларды ыдыратады; қан ұюына қажетті тромбоциттік, фосфолипидтік фактор 3 босайды, тамыр ішінде қан ұюы болады, тромб құрылады, кейде қан кетулер болады.
Аллергиялық серпілістердің бұл түрі сарысулық ауру, анафилаксиялық сілейме (шок), құздама, гломерулонефрит, қанағыш васкулит, жүйелі қызыл жегі аурулары кездерінде байқалады.
Сарысулық ауру адамға жылқының емдік сарысуын қайталап, кейде көп мөлшерде бір рет, енгізгенде байқалады. Дерт жіберілген бөтен антигенге қарсы антиденелер түзілгеннен кейін біртіндеп дамиды. Сондықтан емдік сарысуды бірінші жібергеннен кейін 7-12 күн өткен соң сырқат адамның лимфалық түйіндері ұлғаяды, есекжем, теріде қышитын бөртпелер пайда болады, көз қабағы, бет және буындар ісінеді. Кейде олар ауырып, дене қызуы көтеріледі. Бұл белгілердің пайда болуы организмде жылқының қан сарысуына арнайы антиденелер өндірілуімен байланысты. Өндірілген антиденелер қанда бос күйінде айналып жүрген жылқының қан сарысуымен (аллергенмен) байланысып, иммундық кешен құрады. Олар қылтамырлардың эндотелий жасушаларына, тері, бүйрек т. б. тіндердің жасушаларына, лимфоциттерге жабысады. Осыдан қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлайды, ісіну, есекжем, лимфалық түйіндердің шошуы, бүйрек шумақтарының, жүректің қабынулары т.с.с. бұзылыстар дамиды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет