Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 141
тен қолы босап, т‰нгі аспанға қарап жатқан
кейбір сәттерде оның ой-санасы, алдымен
анау жұмбақ әлемнің тұңғиығын шарлап ке-
теді (Ш. Айтматов). Шарықтап шар тараптан
көңіл сорлы, таппаған бір тиянақ не өткен
қуыс? (Абай).
Тұрақты тіркестерге шылау сөздерінің де
тіркесіп келіп, бастауыш болуына себебін ти-
гізеді. Мысалы: Ауыл адамдары
тайлы-тая-
ғына дейін осылай қарай ж‰гіріп келеді
(Т.Дәуренбеков).
Қол ұстатар, шаш сипар,
қыз көрсетер, к‰йеу көрсетер сияқтылар –
ежелден келе жатқан қазақтың атақты ырым-
дары (М.Әуезов).
Тұрақты тіркесті бастауыштардың жаса-
луына сондай-ақ
кебі, көрі көмекші есімдердің
де қатысы болатын мына мысалдардан көрі-
неді: Әйтпесе,
жау жағадан алғанда, бөрі
етектен кебі боп ж‰рер (Ә.Әлімжанов).
Сыр-
дың суы сирағынан келмейдінің кері көрініп
тұр (Газ.).
Іш қазандай қайнайды, к‰ресуге
дәрмен жоқтың кері келіп тұр (Қ.Аманов).
Де көмекші етістігі есімше тұлғасында
тұрақты тіркестермен тіркесте бастауыш бо-
лады. Ондайда көбінесе сөйлемнің баяндауышы
осы, рас, бар, қиын
деген сияқты сөздер бо-
лады. Мысалы
: Өлмегенге өлі балық деген осы
(Қ.Аманов). Қарай гөріңдер,
жаман иттің
атын бөрібасар қояды деген рас екен-ау
(Қазақ ертегілері).
«Тас т‰скен жеріне ауыр»
деген бар ғой. Демеймін менің қайғым саған
батар (С.Торайғыров).
Қорыта айтқанда, тұрақты тіркестерден
болған сөйлем м‰шелерінің құрылымдық ерек-
шеліктеріне арнайы тоқталуымыздың басты
себебі осы мәселенің т‰п төркіні проф. М.Ба-
лақаев пен проф. Т.Сайрамбаев тұрады.Қазақ
тіліндегі т‰йдекті тіркестер мен олардың ма-
ғыналық, құрылымдық сипаты М.Балақаев ар-
қылы зерттеуін тапса, тұрақты тіркестер сөй-
лем м‰шелердің жасалуының бір жолы екен-
дігін баса көрсеткен ғалым – Т.Сайрамбаев.
Яғни жалпы қазақ тілінің синтаксисі ғылы-
мының басында М.Балақаев тұрса, Т.Сайрам-
баевтың қазіргі қазақ тілі синтаксисінің қа-
лыптасуындағы еңбегі ерекше.
_____________
1. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері.
Алматы, 1991.
2. Болатов Ж. Синтаксистің кейбір мәселелері. //
Қазақ тілі мен әдебиеті, 1959,N4.
3.
С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматика-
лық ұғымдар. Алматы, 1992.
Достарыңызбен бөлісу: