Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет346/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   446
тыру. Белгілі бір грамматикалық материалды 
меңгеруге көмектеседі. 
 Сөйлемдерді анықтауыш және толық-
тауыштар арқылы толықтырыңыздар.
3.
 
Қазақ тілін кәсіби мәтін арқылы мең-
герту жолдары. Студенттерді болашақ ма-
мандығына байланысты кәсіби тілде сөйлеуге 
‰йретудің тиімді жолы – мәтінмен жұмыс.
Кәсіби мәтінмен жұмыстың мақсаты: мә-
тін ішіндегі мамандыққа қатысты терминдер-
дің мағынасын т‰сіндіріп, меңгерту арқылы 
студенттердің кәсіби сөз қорларын молайту,
мәтін мазмұнын дұрыс т‰сінуге машықтан-
дыру. 
Кәсіби мәтінмен жұмыстың тиімділігі: 
студенттер мамандығына сәйкес терминдер-
мен, кәсіби ұғымдармен жұмыс істеуге ‰йре-
неді, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтуға 
дағдыланады, мамандыққа байланысты ой-пі-
кірін қазақша еркін жеткізуге ‰йренеді.
«Қазақ тілін оқыту туралы принцип – осы 
саладағы заңдылықтарға, оқытудың мақсаты 
мен маңызына, міндеттің орындалу қажетті-
лігіне, оқытудың басты бағытына, тағы сол 
сияқты негізгі белгілердің барлығына с‰йе-
нетін ең тиімді, сұрыпталған ерекшелік» дей 
келе, орыс аудиториясында қазақ тілін қаты-
сымдық тұрғыдан оқытуда мынадай принцип-
терге с‰йену керектігіне тоқталады: «Тұтас-
тық (комплекстік); сөйлесімге қатысты басты 
ережелерді меңгеру; грамматикалық заңды-
лықтарды есте сақтауға, жазуға ‰йрену; сөйле-
сімнің т‰рлерін меңгеру; ынталандыру; тақы-
рыпты игеру; сөйлеуге қатысты ішкі к‰шті 
пайдалану; орта мен жағдайды ескеру» [2;131]. 
Мұнда тыңдалым тұрғысында негізгі мақсат 
студенттердің кәсіби мәтіннің мазмұнын т‰-
сінікпен тыңдау, тыңдалған мәтін бойынша 
қойылған ауызша сұрақ пен айтылғандарды 
т‰сіну дағдыларын қалыптастырдан тұрады.
Оқылым тұрғысынан мәтінмен жұмыс сту-
денттің оқу техникасын одан әрі жетілдіруге, 
мәтінді т‰сініп оқу, талдау дағдылары же-
тілдіруге, мәтінмен өз бетімен жұмыс жасау 
іскерлігіне машықтандыруға бағытталды.
Айтылым тұрғысында негізгі мақсат сту-
денттердің кәсіби мәтін мазмұнын өз сөзімен 
жеткізу дағдысы мен іскерлігіне машықтан-
дырудан тұрады.
Жазылым тұрғысында студенттердің жа-
зылым техникасын жақсарту, орфография- 
ның негізгі ережелерін меңгерту; сөйлемдерді 
дұрыс құру, қарапайым мәтін құрастыру іс-
керлігін қалыптастыру жұмыстары ж‰ргізі-
леді.
Тілдесім бойынша студенттер мәтін маз-
мұны бойынша ұсынылған жағдаяттардың 
біріне мамандығы жайында әңгемелеу, сұхбат 
құру дағдысын қалыптастыруға бағытталған 
жұмыстарды орындайды. 
Мәтін студентке білім береді, тілін, сөздік 
қорын дамытады, қазақша сөйлеуге ‰йретеді, - 
дейді оқытушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет