Алшинбаева жулдыз куанышевна



бет12/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
alshinbaeva-zh-k-phd-s-sp-povtorno

Толық құрылымдық-семантикалық балама. Бұл топқа салғастырылып отырған тілдердегі құрамы мен құрылымы және мағынасы толықтай сәйкес келетін фразеологизмдер жатады. Мысалы: «жылтырағанның бәрі алтын емес», «не все золото, что блестит», «all is not gold that glitters» т.б.
Тіларалық ішінара құрылымдық-семантикалық балама. Яғни, ортақ мағынаға ие, алайда азын-аулақ немесе айтарлықтай лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар фразеологизмдер тобы. Мысалы, «ат кекілін [құйрығын] кесісу»; «сжечь все корабли (мосты)»; «to burn one's bridges» т.б.
Фразеологиядағы семантикалық корреляттар (сәйкестіктер). Құрылымы әртүрлі, бірақ мағынасы бір фразеологизмдер тобы. Фразеологиялық семантикалық корреляттар ішкі формасымен, мағына реңктерімен, этномәдени көрінісімен ерекшеленеді. Мысалы, «түймедейден түйедей қылу»; «делать из мухи слона»; «make mountain out of a molehill» т.б.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің ерекше тобы – баламасыз фразеологизмдер (1-сурет). Бұндай фразеологизмдерді аудару барысында аудармашының сипаттамалы аудармаға жүгінуіне тура келеді. Баламасыз фразеологизмдерге ерекше этномәдени сипат тән болғандықтан, қазақ тілінің өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтау мақсатында бұндай тұрақты орамдар сөзбе-сөз аударылып, кейін аудармашы тарапынан түсініктеме берілгені дұрыс деп есептейміз.



Сурет 1 – Тіларалық фразеологиялық баламалар жүйесі

Демек, қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне көркем аударма жасау барысында фразеологизмнің этномәдени семантикасы жоғарыда аталған баламалар және түсініктеме беру арқылы жеткізіледі. Әртиптес тілдердің (қазақ, орыс, ағылшын) фразеологизмдерін салғастыра зерттеу нәтижесінде сол тілдер арасында орын алатын көркем аударма сапасын арттыра аламыз. Ең бастысы аударма барысында фразеологизмнің ішкі формасы мен этномәдени семантикасына ерекше көңіл бөлінуі шарт, сондықтан да келесі бөлімде фразеологизмнің ішкі формасы және этномәдени семантикасы мәселесі қарастырылады.


Қорыта айтқанда, әлем халықтары мәдениетін тілдік бірліктері негізінде салғастыра зерттеу олардың дүниетанымына, тіліне тән ерекшеліктерді анықтауға және халықаралық, мәдениетаралық қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді. Ал көркем аударма өзге ел мәдениетін, ұстанымдары мен заңдылықтарын, тұрмыс-тіршілігін танып-білуге мүмкіндік береді. Тілдің бейнелі, астарлы, тұлғасы ықшам мағынасы кең фразеологизмдерін зерттеу де белгілі бір халық болмысына тән ерекшеліктерді, оның тарихына, мәдениетіне т.б. қатысты беймәлім мәліметтерді анықтауға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет