Алшинбаева жулдыз куанышевна


Қорғауға ұсынылған тұжырымдар



бет8/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
alshinbaeva-zh-k-phd-s-sp-povtorno

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
1. Фразеологиялық бірліктердің басым бөлігі олардың мағынасын қалыптастыратын бейне (образ) негізінде пайда болып, дамиды. Басқаша айтқанда, фразеологизмнің мағынасындағы «тасаланған бейне» – оның ішкі формасы, ал ономасиологиялық аспектіде ішкі форма фразеологизм семантикасының ең негізгі компоненті ретінде қарастырылады. Ішкі форма фразеологизм мағынасының тірегі қызметін атқарады. Фразеологизмнің этномәдени семантикасы оның ішкі формасымен тығыз байланысты. Демек, фразеологизмнің этномәдени семантикасын түсіну үшін оның ішкі формасына басты назар аударылуы қажет.
2. Фразеологизмнің астарындағы бір ішкі форма бірнеше мағынаның қалыптасуына негіз бола алады және фразеологизмнің мағынасы оның астарындағы бейнені атайтын, сипаттайтын сөз тіркесін метафоралық тұрғыда қолдану нәтижесінде пайда болады.
3. Аударманың форенизация және доместикация стратегиялары – көркем мәтіндегі этномәдени семантикалы фразеологизмдерді аударуда сапалы аудармаға қол жеткізудің бірден-бір жолы. Дегенмен, зерттеу нәтижесінде форенизация немесе доместикация стратегиясымен ғана шектелу аударма сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін екендігі анықталды, сондықтан кей жағдайда екі стратегияны қатар қолдану тиімді.
4. Аударма барысында мәтіннің реципиентке түсініктірек болғаны көзделсе, онда доместикация стратегиясы таңдалады. Бұл жағдайда этномәдени семантикаға ие фразеологизмдер балама тіркес не жеке сөздер арқылы аударылады, яғни аударма мүмкіндігінше қабылдаушы ел мәдениетінің нормаларына бейімделеді. Ал аударма мәтінде ұлттық реңкті сақтау мақсаты көзделсе, форенизация стратегиясы таңдалып, түпнұсқадағы этномәдени бірліктер калькалау және түсіндірме әдістері арқылы аударылады.
5. Зерттеу нәтижесінде фразеологизмдерді аудару барысында орын алатын сәйкессіздіктерді тіларалық (лингвистикалық) асимметрия аспектісінен ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық асимметрия аспектісі тарапынан да қарастыру қажет деген тұжырым жасалды. Себебі, бір тілдегі көркем мәтінді басқа тілге аудару үдерісі барысында аудармаға екі тіл ғана емес, сонымен қатар екі мәдениет те қатысады, яғни, көркем аудармада жоғарыда аталған асимметрия түрлері бір-бірінен оқшау, дербес қарастырылмайды. Зерттеу жұмысында тіларалық асимметрия мен мәдениетаралық асимметрияны бөлмей, біртұтас ұғым ретінде, яғни этнолингвомәдени асимметрия деп қарастыру ұсынылады.
6. Сонымен этнолингвомәдени асимметрия деп белгілі бір тіл және мәдениеттің кейбір элементтерінің өзге тіл мен мәдениетке жат болуы (лакуна) айтылады. Этнолингвомәдени асимметрия өзара қарама-қарсы екіжақты нәтижеге, яғни, бір жағынан үйлесімділікке, ал екінші жағынан аударма мәтінде сәйкессіздіктер мен қателердің орын алуына әкелуі мүмкін. Аударма барысында осындай олқылықтардың орын алмауы аудармашының біліміне, тәжірибесіне, құзіреттілігіне, аялық білімі мен шеберлігіне тікелей байланысты.
7. Аударма барысында қазақ тіліндегі дінге, салт-дәстүрге, ұлттық тағам, уақыт, қашықтық және төрт түлік тақырыптық топтарындағы фразеологизмдердің этномәдени семантикасына қатысты сәйкессіздіктердің орын алатындығы анықталды. Осыған орай аударма барысында транслитерация және сипаттама әдістерін қолдану арқылы бұл мәселені шешуге болады деген тұжырым жасалды және тілдік материалдар негізінде дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет