Алшинбаева жулдыз куанышевна


АНЫҚТАМАЛАР Диссертациялық жұмыста төмендегі анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылды: Асимметрия



бет3/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
alshinbaeva-zh-k-phd-s-sp-povtorno

АНЫҚТАМАЛАР

Диссертациялық жұмыста төмендегі анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылды:


Асимметриябөліктердің бір-біріне сай болмауы, симметриясыздық.
Аударма нормасы – аударма сапасына қойылатын талаптар.
Аударма стратегиясыаударма барысында жүйелі түрде жүзеге асырылатын іс-қимылдардың жалпы жоспары.
Аударма үлгісі – аударма барысында қолданылатын шартты іс-әрекеттер сипаттамасы.
Балама аударматүпнұсқадағы белгілі бір тілдік бірлікті тәржімалағанда онымен ұғымдас, мәндес келетін күрделі балама, жәй балама, макробалама, микробалама, гипербаламалардың сөйлем құрылысына қарай сайма-сай берілуі.
Барабар аударма – түпнұсқа мәтіннің мазмұнын дұрыс, дәл және толық жеткізу.
Дәнекер тіл – бір тілден екінші тілге тікелей аударма жасау мүмкіндігі болмағанда қолданылатын үшінші тіл.
Доместикация стратегиясыаударманы қабылдаушы ел мәдениетіне, әдеби, тілдік нормаларына бейімдеу.
Калькалаусөзбе-сөз аударма.
Концепткогнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Жеке тұлғаның ойлау бірліктері мен психикалық ресурстары, жинақталған білімі мен тәжірибесінің біртұтас көрсеткішін құрайды.
Лексикалық симметриятүпнұсқа және аударма мәтіндерде эквивалентті лексикалық бірліктердің қолданылуы.
Сипаттама аудармақабылдаушы мәдениетте жоқ ұғымды сипаттау арқылы аудару.
Транслитерациябір тілдің әліпбиіндегі жазуды басқа тілдің әліпбиіне ауыстыру.
Түсіріп тастау тәсілібелгілі бір лексикалық бірлікті аудармай, қалдырып кету.
Форенизация стратегиясыаударманы түпнұсқа ел мәдениетінен алшақтатпай, тілдік бірліктердің этномәдени нақышын сақтау.
Фразеологизмнің ішкі формасы – фразеологиялық бірліктердің жалпы семантикалық құрылымының ең маңызды құрамдас бөлігі, фразеологизмнің мағынасындағы тасаланған бейне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет