Мендель заңдары. Белгілердің моногендік тұқым қуалау типтері.
Моногибридті будандастыру заңдылықтары 1865 жылы бекітілді. Мендель белгілердің тұқым қуалауын қарапайым математикалық пропорция арқылы сипаттауға болатынын көрсетті. Моногибридті будандастыру. Тұқымы сары түсті дараларды тұқымы жасыл түсті даралармен будандастырғанда алынған будандардың бірінші ұрпағында тұқымы сары түсті өсімдік қана алынды. Ал олар өзара будандастырғанда сары және жасыл тұқымнан тұратын ұрпақтарды берді. Сары түсті тұқымның жасылға қатынасы 3:1. Тәжірибелерді қорытындылау нәтижесінде Менделдің негізгі заңдылықтары қалыптасты.
Моногенді тұқым қуалау. Анықтамасы. Классификациясы.
Тұқым қуалайтын белгі бір ғана генмен бақыланса бұл моногенді тұқым қуалау типі деп аталады Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т.б. дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.
Полигенді тұқым қуалау. Анықтамасы. Классификациясы.
Полигенді тұқым қуалау - бұл көптеген гендердің әсерінен болатын белгілердің тұқым қуалау түрі, олардың әрқайсысы тек әлсіз әсер етеді. Фенотиптік тұрғыдан полигендік белгілердің көрінісі беруі қоршаған орта жағдайларына байланысты