ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ТҮРКIСТАНҒА
ТАҒЗЫМ
Аласапыран жылдарды,
басыңнан талай кешiрдiң,
Қаншама шаңды жорықты,
санадан сызып өшiрдiң.
Түркiстан ием, бiз үшiн,
Тәңiрмен бiрдей есiмiң,
Алаштың алтын бесiгi-ай,
мұңдасы жетiм-жесiрдiң.
Куәсi болған көнем-ай,
керуен де керуен көшiмнiң,
Орыста қалған қалалар,
борышта қалған далалар.
Бейжiнге тартар күрең жол,
шолтиып қалай кесiлдiң.
Еңiреп туған талай ер,
елеусiз ғана қап қойды-ау,
Қасқа жолында Қасымның,
eскi жолында Есiмнiң,
Сынығы едi-ау олар да,
тектiден туған асылдың.
Қазақтың қайғы-мұңдарын,
топырағыңда жасырдың,
Қайран бiздiң төрт қақпалы Түркiстан,
Қасиетiңе аяулым,
еңсегей бойлы Есiмдей,
Еңкейiп келiп бас ұрдым...
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
124
Асылдан да асыл Алашым,
Ақтабан болған аңырап,
Сығанақ, Сауран,
Құмкент,
құлазып қалған қаңырап.
Көк бөрiдейiн көп Түрiк,
бөлiнген кезде жан-жаққа,
Қазаққа қалған киелi,
қастерлi қара шаңырақ.
Нұрға шомылмай бабалар,
жайнамаздарын жаймаған,
Көне бiр тарих айналам,
қараймын-дағы ойланам.
Қазақтарымның Намысы,
ғасырлар бойы сақылдап,
Тайқазанымда қайнаған.
Көрген ол қасапханадай,
Отырарымның ойранын,
Баһадүрлерiм өткiзген,
байрақты алтын тойларын.
Көне кiтаптар қастерлi,
заманалардан ап қашқан,
Құл Қожа Ахметтiң,
сәулелi сұлу ойларын.
Алақаныңда Тұранды аялап ұстап уыспен,
Қазағым үшiн кетiскен,
жатырлас туған-туыспен.
Бал татып тұрған зәмзамдай,
суы бар сырлы құдықтан,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
125
Атынан түсiп аңыздай,
Абылай хан да су iшкен.
Ағаларым-ай ардақты,
екi дүниеде сатпаған,
Опасыз дос бар тар жерге,
жебесiн сипап сақтаған.
Ағайын аз ба маңымда,
бәйгеге жабы баптаған?
Айналам толы нелiктен,
қуыршақ академик пен
жасанды әулие қаптаған.
Солардың бiрi жарты күн,
жиренiп жалған дүниеден,
Қылуетке түсiп жатпаған.
Тартылды қанша айдындар,
үйректер ұшып, қаз қонар,
Арын да сатқан азғынға,
бәрiбiр бәрi аз болар.
Қарайды бiздiң өмiрге,
Әзiрет Сұлтан iшiнен,
Жәдiгер көне жазбалар.
Өзектi жанды бұл өмiр,
өлiмiмен жасқайды,
Өзгеше туған асыл ер,
елiмдi алға бастайды.
Өркениетке жетсек те,
бабалар жаққан бояулар,
Әлi күн бiзге, бауырым,
құпия-сырын ашпайды.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
126
Бодан ғып келген кешегi ел,
бiр ойын iшке сақтады,
Қап-қара жылан алдыңда,
ысылдап жатыр шаққалы.
Өзгесiн қойшы, қайтейiн,
археологтар да аң-таң боп,
Киелi қалам, жасыңды,
анықтап әлi таппады.
Жетесiз туған жетiм ұл,
жауаптан қашып сырғақтар,
Базарға кетiп аналар,
азайды сәби құндақтар.
Қақтырмай кiрпiк мазалап,
түнiмен ұйқы бермейдi,
Жанымды жеген жегiдей,
осынау мұңлы жұмбақтар.
Көктоғай қайда кешегi,
ғашықтар жетiп алқынған,
Тоғайды қойшы, тәйiрi-ай,
артық па ол да халқымнан.
Тереңге тартқан тарихты,
отырып түбi талдармын,
Етекте қалған қазақты,
тағы да тағы алдармын.
Қап қойған арғы жағыңда,
шекара дейтiн сызықтың,
Моласы ғана болмаса,
кешегi өткен шалдардың.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
127
Еңсесiн имей ешкiмге,
ерлерiм өткен төсiнен,
Түркiстанымның Мысырыңнан несi кем?
Қан тартып келген көп дұшпан,
қара қойдай шулаған,
Садақтағы жебесiн,
сары алтынға булаған.
Дулығалы батырлар,
тебiнгiлерiн тепсiнген.
Түркiстан үшiн өртенген,
қасқайып тұрып тозақта,
Шүлдiрлеген талай жұрт,
бiр ата боп бiржолата кеп сiңген.
Алшайтып тұрып арғымақ мiнген қазаққа!
Сайтан боп түбi кетпесем,
күндер де бiр күн өлермiн,
Шалқамнан түсiп алдыңа,
ақ кебiнменен келермiн.
Жатармын мәңгi ұйқыда,
топырағыңа оранып,
Әр көктем сайын ән болып,
құстармен қайта оралып.
Күмбездерiңдi қырандай,
айналып ұшар талмастан,
Дәуiрге дәуiр ұласып,
шайырға шайыр жалғасқан.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
128
Өмiрге келер жаңа ұрпақ,
осы Рухпенен көктейдi,
Қайда жүрсем де көкейден,
киелi атың кетпейдi.
Бiр рет сүрген бұл өмiр,
жырлауға сенi жетпейдi...
Мен жылар болсам, аяулым,
өзiң деп қана жылармын,
Мен құлар болсам, аяулым,
өзiң деп қана құлармын.
Мен сұрар болсам, аяулым,
өзiң деп қана сұрармын.
Аман тұр мәңгi қасқайып,
рухы қайран Тұранның.
Азиядағы Отаны, қастерлi ұлы Құранның.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
129
* * *
Түркiстан ием,
тарихы түпсiз тереңiм,
Айдындарыңа аққулар қонған ел едiң.
Он сегiздерге
қанат бiтiрер ертеңгi,
Өзiңде алғаш өрiлiп едi өлеңiм.
Тұрысың ғажап,
көз салып өткен-кеткенге,
Сәлем де бiзден бiз көре
алмайтын көктемге.
Алыстан арып ақ ниетiменен
Аллалап,
Ат мiнгiзесiң ақ таяқ ұстап жеткенге.
Ғазалдарыммен тербесем деумен ғаламды,
Асқақ рухың сиқырлап алған санамды.
Киесi ғажап,
иесi қазақ,
Түркiстан,
Топырағыңа тапсырғам ғазиз анамды.
Заңдары қатал өтпелi мынау өмiрдiң,
Уақыт сен де
көне шаһардан жеңiлдiң.
Хақназар ханның
ұрпағы түгiл кешегi,
Ғаламатым ғой көзiндей Ақсақ Темiрдiң.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
130
Оқыдық құран тiзерлеп
мұңлы молаға,
Жасаурап жанар қарадық Ұлы Далаға.
Керiле түсiп алдымнан қашты қара жол,
Хан Кене кiрген Наурызбайды ертiп қалаға.
Қаруды бiлген ұсталар
соққан затынан,
Аруды бiлген ақ кептер
берген хатынан.
Әз Тәуке ханның
Жетi Жарғысы сөйлейдi,
Келмеске кеткен заманалардың атынан.
Алашым менiң,
айбарым,
сұстым,
асқағым,
Бал дәурен заман...
өттi де кеттi, қас қағым...
Шiркiндер қалай сезiмдерменен ойнайды,
Тұран даламның сөйлетiп асыл тастарын.
Сап түзеп тұрып,
Саураннан кiрпiш алдырған,
Далалық ұлы махаббатпенен салдырған.
Көктасты қашап,
аспан астында Алашқа,
Бабалар бiздiң шежiре жазып қалдырған.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
131
* * *
О, Түркiстан,
шапағат бер,
cабыр бер,
Сары даладан бақыт iздеп сабылды ел.
Сағым басқан қырда жатқан елеусiз,
Менi мұңға батырады қабiрлер.
Қабiрлерiм,
өткен ғасыр,
өткен күн,
Тарихы ол кеше өмiрден өткеннiң.
Мен қайғысын болмысыммен сезiнем,
Иесiнiң сандықтағы шекпеннiң.
Қандай ойға бастамайды мына қыр,
Қабiрлерге бәйiт арна, дұға қыл.
Еркектерге жылау қылмыс болса да,
Айдалада ағыл-тегiл жыла бiр.
Бәйiт арна,
құрбандық шал,
дұға қыл,
Дұға қыл да, жүрегiңмен жыла бiр.
Қабiрлерге қамқор Ана секiлдi,
Аруағымды қымтап жатқан мына қыр.
О, Ата жұрт,
шапағат бер,
сабыр бер,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
132
Сахарадан бақыт iздеп сабылды ел.
Сағым басқан қырда жатқан елеусiз,
Менi мұңға батырады қабiрлер.
* * *
Иесi қазақ,
Киесi ғажап!
Даналардың данасы!
Адамы алтын,
Қадамы жарқын,
Түркiстанның қаласы.
Астанам едiң,
Асқақ ән едiң.
Сүйген түркi баласы
Аруағым сенсiң,
Байрағым сенсiң
Түркiстанның қаласы!
Қастерлi салты,
Ақ пейiл халқы–
Көзiмнiң ақ-қарасы!
Даңқымды көкке,
Көтерген Меккем –
Түркiстанның қаласы!
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
133
* * *
Мен өзiмнен бөле алмадым Тұранды,
Дос екен деп жақын тарттым жыланды.
Сұлу құштым,
шарап та iштiм,
ат мiндiм,
Ессiз сүйдiм Мұхаммедтi, Құранды.
Жер қалмады,
ел қалмады баспаған,
Алға қарай жетеледi асқақ ән.
Кiрпiктерiм iлiнгенде көрдiм мен,
Суретiңдi отқа жағып тастаған.
Көк бөрiлер ауыл торып ұлиды,
Әкем байғұс қимай отыр жылы үйдi.
Сол суретiң жаңа
жана бастаған,
Күл боп барып топырақта iридi.
Бөрi кетiп,
боран ертең ашылар,
Суретiңнiң күлi желмен шашылар.
Жер бетiне жаңбыр
жауса бiр күнi,
Арасында көздерiмнiң жасы бар.
Бұл жылдары сенi ойлаймын, сағынам,
Туған жұрттың дәстүрiне бағынам.
Есiмнен бiр шықпай қойдың, сонда да,
Құран менен Мұхаммедке табынам.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
134
Шарап iшiп шайырларға сыйлаппын,
Қызып қалып қиратпасты қираттым.
Өкси-өкси әпкем
жатқан сонан соң,
Отырамын басына кеп зираттың.
Бұл жалғанның қызығынан тұл зират,
Айналасы жусан менен гүл зират.
Өткен-кеткен жолаушыға зарығып,
Әлдене деп тiл қатқандай бұл зират.
Көк бөрiлер
көкке қарап ұлыған,
Қара түнде елден жалғыз құрығам.
Маған бақыт жоғын сездiм сол түнi,
Жұлдыздардың сұп-сұр болған сұрынан.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
135
ҚОС КӨКЕМ
Анау, әлде мынау маған дос па екен,
Осыларға кімдер мені қосты екен?
Кезек өтіп,
бұл дүниеден баз кештім,
Қадыр менен Тұманбайдай қос көкем.
Көңілімде күңіренген қобыз бар,
Қиялымда сол баяғы со қыз бар.
Қоңыр күздер
сыздатқанмен жүректі,
Көктем сайын оралады абыздар.
Ұстазыңды іздегенге бар ма айып,
Асылдардан тағы айырылып қалмайық.
Қайтқан қаздың
қаңқылынан іздедім,
Екі ағамды сағынғанда сарғайып.
Қос көкемнің жыры маған ұнаған,
Елі сүйген, жері сүйген ғұламам.
Кездесуде
қойылады сұрақтар,
Қадекең мен Тұмағамды сұраған.
Маң даланың сүйген тауын, құлынын,
Шетін сездік тереңдегі сырының.
Ақындарда арман бар ма,
шіркін-ай,
Жырларымен жазып кеткен ғұмырын.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
136
* * *
Сыймай аққан арнаға түбi
өзендей толармын,
Үзiлетiн жанардан бiр тамшы жас болармын.
Мән бердiм де бiр күнi
жауларымның сөзiне,
Өзiм шығып өзiмнен қарап көрдiм өзiме.
Денем менiң дене емес,
көрмесi екен сырқаттың,
От кешiп кеп көктеген сынығы едiм ұрпақтың.
Жоқтық пенен ақындық
жағаласып туады,
Күзгi тамшы жүзiңдi қайта-қайта жуады.
Кеудемдегi лаулаған
сөндiредi өрттi кiм,
Қаршадайдан қазақ деп келе жатқан дерттiмiн.
Сағынышпен өттi айлар,
сағынышпен өттi түн,
Бұлың-бұлың бұл күнге жетпедi кiм, жеттi кiм?
Шалқып жатқан арнасы түбi
өзендей толармын,
Үзiлетiн көзiңнен бiр тамшы жас болармын.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
137
ЖАҢА ЕРТЕГI
(Әзiл - шыны аралас өлең)
Жайсаңы көп қауым мынау зиялы,
Маған ертең бiр биiктi қияды.
Күлiмсiреп
бас изейдi барлығы,
Тұлпар ғой деп мұқалмаған тұяғы.
Нұрғиса ағам
күй арнайды сарнаған,
Қадыр көкем
дастан оқыр арнаған.
Менiң осы
жыр кешiме айтпай-ақ,
Бұл қазақта бiр адам жоқ бармаған.
Ақалтеке ат мiнгiзiп
Атырау,
Астана жақ шапан жауып жатыр-ау.
Ел ағасын
үйiме мен шақырып,
Ұлы адамдар бiрге келдi апыр-ау.
Күн көзiнен ерiп кеттi тас бүгiн,
Өтер кезi елу емес жас күнiм.
Өз орныңа
қайтып кел деп қайтадан,
Жалынады Ақ үйдегi бастығым.
Ауыл болып бөлiнбестен жарасып,
Бiр-бiрiне iлтипатпен қарасып,
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
138
Мен туралы
мақалалар жазады,
Мағауин мен Әбiш ағам таласып.
Ертеңiне басталады ақ сапар,
Нан, тұзымен қарсы алады көп шаһар.
Қос ат жегiп
хор қызымен баратам,
Көз алдымда қылаулайды ақша қар.
Содан кейiн мұхит асып шет кеттiм,
Ғарыш кезiп,
айды айналып, көкке өттiм.
Париждегi
он бес қабат ғаламат,
Ауласында ең атақты мектептiң.
Гүл ұсынған ортасынан топырдың,
Әрең шығып жанына кеп шопырдың.
Естi жисам...
әйелiм тұр ашулы,
Үйiмде мен жалғыз iшiп отырмын.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
139
ДҮНИЕ
Дүние қызыл-жасылды,
Сан ұрпақ саған бас ұрды.
Толқын да толқын қазақтың,
Топырақ жүзiн жасырды.
Өткiзiп қилы ғасырды,
Ырысым жатқа шашылды.
Тау менен тасқа соқтым мен,
Халқым деп ғазиз басымды.
Ноғайлы болып аңырадым,
Отырар болып қаңырадым.
Ақтабан болып шұбырып,
Далада қалды саңлағым.
Семей де болып сенделдiм,
Ертiс те болып емделдiм.
Қасiретiңмен қайысып,
Қызығыңды кем көрдiм.
Нарын да болып ұлыдым,
Арал да болып құрыдым.
Желтоқсан болып борадым,
Лақтырып тағдыр құрығын.
Төрiме деп жұмақтың,
Дүние сенi ұнаттым.
Асан қайғыны зарлатып,
Йасауиды жылаттың.
Кесiле жаздап тiлiмде
Үзiле жаздап дiлiмде.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
140
Қиямет-қайым жолдармен,
Тұралап жеттiм бүгiнге.
Тағдырдың шәлкес сұрағы,
Көңiлде күй боп тұр әлi.
Бөлiнiп қалған даламнан,
Бейiттер үнсiз жылады.
Дүние-ай, сенi нетермiн,
Мендағы бiр күн өтермiн.
Керуен де керуен ұзаған,
Бабаларыма жетермiн.
Дүние-ай, сенi нетермiн,
Көз жұмар мәңгi жетер күн.
Сайын да сайын даламды,
Кiмдерге тастап кетермiн.
Жүрегiн жаудың қақ тiлген,
Алшайтып тұрып ат мiнген.
Қазақ деп мұңға баттым мен,
Қазақ деп жылап жаттым мен.
Көзiмде мұңның табы бар,
Ернiмде шөлдiң зары бар.
Жетiм ботадай боздадым.
Сөз ұғар бiреу табылар.
Алдыма түстi-ау жабылар,
Жабылардан да жалығар.
«Қазақтың зарын айтты-ау» – деп,
Менi де жоқтар, сағынар.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
141
* * *
Шеттегi көше,
жүретiн ойнап бiр бала,
Шалқаңнан жатып
қараушы ең ұшқан тырнаға.
Кешiр сен, досым,
жасы емес көздiң, басқа емес,
Көтерiп сенi тұрғызып алар жыр ғана.
Еске алу ауыр,
еске алу ауыр,
еске алу ауыр, сол түнi,
Өзiңдi түгел Оңтүстiк еске ап толқыды.
Шығарып сенi баратты соңғы сапарға,
Машиналар мен адамның шексiз толқыны.
Желбiреп желмен
қап-қара сенiң шаштарың,
Қара жер жұтты
қара көздердiң жастарын.
Қаралы хабар кернедi, досым, сол түнi,
Тұнжырап тұрған қаланың мұңлы аспанын.
Қайғысыз,
қамсыз осындай әсем шат күнде,
Өмiр аспаннан
жұлдыз боп мәңгi ақтым де.
Қаралы әуен ойнады туған көшеңде,
Жаттың сен қарап жарқырап тұрған ақ күнге.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
142
Елжiрей сүйген сезiмтал жүрек соқпайды,
Тiрлiкте мына осыдан өткен жоқ қайғы.
Кiрiп келер деп есiкке қарап елеңдеп,
Аяулы анаң, сүйкiмдi жарың жоқтайды.
Әкесiз күнiн сәбилер қалай батырсын,
Арманың сенiң ұлыңды алға шақырсын.
Шуылын естiп машиналардың сен бүгiн,
Биiктен туған қалаңа қарап жатырсың.
* * *
Таң атады,
күн батады,
Қара жерде айналар.
Қатал тағдыр тiл қатады,
Көкiректi қайғы алар.
Бақыт сенiң қолдарыңда,
Күндер келер арайлы.
Жүрiп өткен жолдарыңда,
Өсек қардай борайды.
Қанаттылар барады ұшып,
Уақыт шiркiн зырлайды.
Қара түнде қара мысық,
Көкiректi тырнайды.
Iштен тынды-ау талай дана,
Қос iшектей септесер.
Жер басарсың қалай ғана,
Қадiрiңе жетпесе ел.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
143
* * *
Пана болмай кеңселер,
Қалды сонау жолымда.
Бес-алты ауыз ел сенер,
Сөз қалсын деп соңымда.
Мен де жүрмiн мұрат қып,
Ойшылдайын толғанып.
Жазықсызды жылаттық,
Жетесiзден қорғанып.
Адамның жоқ жаманы,
Басқың келсе дауды егер.
Жүрiп тұрған заманы,
Алшаңдайды саудагер.
Жолатпады қасына,
Балға батқан бармағы.
Iс түскенде басыма,
Бiр досым да қалмады.
Әурелеме босқа елес,
Құдай менi қысқанға.
Опасыз сол досқа емес,
Ыразымын дұшпанға.
Құлын байлап, қозы алған,
Бұрынғы ауыл... ойланам.
Жаратылдым тозаңнан,
Топыраққа айналам.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
144
* * *
Өткiзе алмай
қор ғып жүрген өмiрiн,
Бiреулерге жiбiмейдi көңiлiм.
Бес-алты ауыз сөз қалсын деп соңымда,
Мұңаятын, түсiнеді менi кiм.
Бұрынғылар бiр күнi өтсе жылаған,
Аспан жақтан тек шапағат сұраған.
Мына жұрттың пиғылдарын ұға алмай,
Қалқаманда сандалып жүр бұл ағаң.
Тәуекел деп кеше дастан бастап ем,
Бүгiн мұңлы мазалады басқа өлең,
Алматы жақ абыр-сабыр нелiктен,
Жаутаңдайды аң-таң болып Қаскелең.
Әр уақытта бергендер аз,
алған көп,
Соның көбi,
ел есiнде қалған жоқ.
Кешегi өткен туған дала қарттары,
Неге айтты екен бұл өмiрдi жалған деп.
Бүгiнгiлер...
тiрлiк қамы,
бас қамы,
Асқақ-асқақ армандарды тастады.
Театрдың жәудiрейдi жанары,
Туған жердiң түнерiп тұр аспаны.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
145
* * *
Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым,
Атқан таңмен қырда гүл боп ашылдым.
Жүрегiмдi ауыртады мұңдары,
Қалып бара жатқан ата ғасырдың.
Мен кеткенде қалар екен жар кiммен,
Қалар екен таңғы шықтай ар кiммен?
Аналардың көздерiнде бармын мен,
Ағалардың сөздерiнде бармын мен.
Теңiз қаңсып,
жоғалғанмен тоғандар,
Халық қалар,
өзгергенмен қоғамдар.
Бұрын өмiр
сүрiп көрген жоқ ем мен,
Өкпелетсем кешiрiңдер, Адамдар!
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
146
* * *
Бейiттерге қонды тағы кептерлер,
Кептерлерiм,
алысқа ұшып кетпеңдер.
Төмпешiктер деп қарама жай ғана,
Бұның бәрi кеше өмiрден өткендер,
Айналайын кептерлер.
Мәңгiлiкке осында орын тепкендер,
Тылсым сырды сезгендей ме кептерлер.
Кептерлерге мұң шаққандай көрiндi,
Алуан адам талай келiп кеткен жер.
Бейiттердi аяқ асты етпеңдер,
Моншақ көздi үрiкпейдi кептерлер.
Дәм-тұз бiтсе бiз де барар орын ғой,
Бал өмiрдi қимай-қимай өткендер.
Сан айналар, шыр айналар көк пен жер,
Бiздер әлi кездесемiз,
кетпеңдер.
Бұл бейiтте жатыр жақсы адамдар,
Қоштасайық, қош болыңдар, кептерлер.
Қоштастым мен жанарымнан жас парлап,
Дүние-дәурен,
басымыздан қашқан бақ.
Бейiт қорып жүрген нәзiк құстарым,
Бiрте-бiрте бара жатты аспандап.
Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
147
Достарыңызбен бөлісу: |